Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту



Дата15.12.2023
өлшемі16,33 Kb.
#138414

Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту
«Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де-инженерлер, экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлкет қайраткерлері меңгеруге тиіс» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін ескере отырып, адам өзінің қазіргі даму табиғаты мен ойлау жүйесінің шексіздігіне ұмтылуы қажет деп ойлаймын. Қазіргі таңда жедел қарқынмен жүріп жатқан жаһандану процесі әлем елдерінің бәсекелестігін күшейте түсуде. Осыған орай оқушылардың білім деңгейін көтеру кең ауқымды мәселеге айналып отыр. Әлемдік математикалық білім беру тарихы жүйелі түрде дербес 3 салаға бөлінеді:
1.Кәсіби математикалық білім беру;
2.Жалпы математикалық білім беру;
3.Математикалық сауаттандыру.
Математикалық білім беудегі әрбір реформа осы 3 бөлім аясында туындайды. Сондай-ақ математикалық білім беру математикалық сауаттылықты талап етеді. Математикалық сауаттылық дегеніміз-оқушылардың математиканың түрлі нысандарын тұжырымдау, қолдану, талдап түсіну қабілеті.Ол, өз ішінде алдын-ала болжанатын математикалық ұғымдар мен процедуралар және математикалық ойлауды қамтиды. Математикалық сауаттылық ұғымына оқушылардың төмендегідей қабілеттерін жатқызамыз:
-Қоршаған ортадағы математика арқылы шешімін табуға болатын мәселелерді тани білу және оларды математикалық тілде құрастыру;
-Аталған мәселелерді математикалық дәлелдемелер мен амалдарды қолдана отырып шешу;
-Проблемаларды шешуде пайдаланылған әдістерді талдау;
-Көтерілген проблемаларды есепке ала отырып, шешімін түсіндіру;
-Шешу жолдарының нәтижелерін құрастыру.
Математика ғылымының басты мақсаты-оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту. Логикалық ойлауды арттыруда есеп маңызды рөл атақарады. Себебі, есеп-мидың жұмысын жақсартудағы негізгі құрал. Математика басқа пәндерге қарағанда күрделі, оны жеткілікті деңгейде түсіну-тынымсыз еңбек пен терең ойды қажет етеді. Мұғалім оқушыларға жаңа математикалық ұғымдарды түсіндіру барысында оларды басқа пәндермен және өмірмен байланыстыра отырып көрсетуі қажет. Американдық педагог-математик Д.Пойа «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың сауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару» деп дәлелді түрде дәйекті тұжырымдама жасады. Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін төмендегідей заңдылықтарға жүгінеміз:
-Теорияны жоғары деңгейде білу, оны логикамен ұштастыру;
-Есепті шығарудың тиімді жолдарын ұсыну;
-Әр апта соңында тест тапсырмаларын орындату;
-Ғаламтордағы қажетті материалдарды қолдану;
-Түрлі тест орталықтарындағы мамандармен тәжірибе алмасу;
-Математикалық жарыс сабақтарын, пән кеші мен апталықтарды ұймдастыру.
Әрбір математика сабағында оқушылардың логикалық білімін жетілдіретін математикалық сауаттылық тапсырмаларын беріп отырған жөн. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру үшін түрлі форматта сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырып,олардың қызығушылықтарын оята білу керек. Мәселен,сабақтан тыс уақыттарда математика пәнінен үйірме сабақтарын ұйымдастырып,сол бойынша оқушылардың математикалық ұғымдарды дұрыс қолдануын, оларды бір-бірінен ажарата алуын, есептерді оңтайлы жолмен шеше білуін басты назарда ұстау керек. Оқушының пәнге деген көзқарасы әртүрлі факторлармен де сараланатынын ескерген жөн. Мұғалім оқушыларды математиканың қыр-сырын меңгерту үшін күнделікті қатаң талаптар қойып, орындалуын мұқият қадағалау керек. Сонда ғана оқушылар түрлі математикалық өрнектерді оқуда, жазуда сауаттылық танытып, есептерді де белгілі бір алгоритм немесе логика бойынша тез шеше алады.Математика сабағында көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмаларды орындату оқушылардың білім деңгейлерін биікке көтеріп, сауаттылығын арттыра түседі.
Қорыта келгенде, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру-бүгінгі заманның басты талабы. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен сабақ өтудегі шеберлігі қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Өз мамандығын жоғары деңгейде меңгерген білгір маман алдынан шыққан шәкірт-өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады.Бұл ұстаз үшін асқақ абырой, үмітінің ақаталғаны. Әрбір ұстаз осыған ұмтылса,шәкірт алдындағы парызының ақталғаны.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет