Оқушылардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары



Дата24.12.2022
өлшемі17,31 Kb.
#59377
Байланысты:
анатомия2


Оқушылардың өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары.
1.Өсу мен дамудың көрсеткіштері.
Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар(өсу мен даму): 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.(бас шеңбері)
2. Дамудың түрлерін атаңыз.
Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Физикалық даму дегеніміз, адам ағзасының морфологиялық және функционалдық комплексін айтамыз (олар: дененің формасы, тығыздығы, пішіні және т.б.). Физикалық даму, келесі параметірлерді көрсетеді: антропометриялық (дене салмағы, дене ұзындығы және т.б.); соматоскопиялық (дене бітімі, тургор, аяқтардың пішіні, кеуденің пішіні және т.б.); физиометриялық (пульс, дем алу жиіліктері, өкпенің өмірлік сыймдылығы, артериалдық қысымының көрсеткіштері және т.б.). Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
3.Өсу мен дамудың акселерациясы туралы түсінік және белгілері.
Акселерация дегеніміз, балалар мен жасӛспірімдердің ӛсу мен даму қарқынының үдеуі. Бұл терминді алғаш ұсынған Е. Кох (1935). Қазіргі уақытта акселерацияның дәуірлік және топішілік түрлері бар. Қазіргі заманғыбалалардың, бұрынғы кездің балаларынан денелік дамуы алдыда болуы, дәуірлік акселерация деп аталады. Ол жатыр ішіндегі даму кезіде-ақ байқалады. Топішілік акселерация – жеке бір баланың өз құрбыларынан денелік артықшылығын білдіреді. Ол акселераттардың бойы ұзын, күші көп және тыныс алу жүйесі кӛрсеткіштері жоғары болады. Олардың жыныстық жетілуі жылдамырақ өтіп, өсу үдерісі ерте аяқталады. Физикалық-химиялық гипотеза. Ғалымдардың бірі қазіргі заманғы балаларға күн сәулесінің әсері көп деп санаса, екіншісі көптеген радиостациялардың жұмысынан туындайтын электрлік-магниттік толқындардың өсугедамуға әсері бар деп дәлелдейді. Алайда, зерттеушілердің көпшілігі өндірістік қалдықтардың ынталандырушы әсері бар деген гипотезаға көбірек сүйенеді. өндірістік қалдықтар ауа, су арқылы тамақ өнімдерімен аздаған мөлшермен ағзаға түсіп, онда өтетін үдерістерге ықпал етеді. Енді бір ғалымдардың пікірінше, акселерация әлеуметтік жағдайлармен пайда болады: тамақтану мен дәрігерлік қызметтердің жақсаруы, қалада ӛмір сүрудің ағзаның өсуіне әсер етуі. Үшінші топтың гипотезасы – акселерация, гетерозис және басқа да көріністердің биологиялық циклдерінің өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Гетерозистің әсері, қазіргі замандағы адамдардың кӛшіп-қонып жүруінің ұлғаюы мен нәсілдік аралас отбасылардың көбеюімен байланысты. балалардың, бұрынғы кездің балаларынан денелік дамуы алдыда болуы, дәуірлік акселерация деп аталады. Ол жатыр ішіндегі даму кезіде-ақ байқалады. Топішілік акселерация – жеке бір баланың өз құрбыларынан денелік артықшылығын білдіреді. Ол акселераттардың бойы ұзын, күші кӛп және тыныс алу жүйесі көрсеткіштері жоғары болады. Олардың жыныстық жетілуі жылдамырақ ӛтіп, өсу үдерісі ерте аяқталады. Физикалық-химиялық гипотеза. Ғалымдардың бірі қазіргі заманғы балаларға күн сәулесінің әсері көп деп санаса, екіншісі көптеген радиостациялардың жұмысынан туындайтын электрлік-магниттік толқындардың өсугедамуға әсері бар деп дәлелдейді. Алайда, зерттеушілердің көпшілігі өндірістік қалдықтардың ынталандырушы әсері бар деген гипотезаға көбірек сүйенеді. өндірістік қалдықтар ауа, су арқылы тамақ өнімдерімен аздаған мқлшермен ағзаға түсіп, онда өтетін үдерістерге ықпал етеді. Енді бір ғалымдардың пікірінше, акселерация әлеуметтік жағдайлармен пайда болады: тамақтану мен дәрігерлік қызметтердің жақсаруы, қалада өмір сүрудің ағзаның өсуіне әсер етуі. Үшінші топтың гипотезасы – акселерация, гетерозис және басқа да көріністердің биологиялық циклдерінің өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Гетерозистің әсері, қазіргі замандағы адамдардың көшіп-қонып жүруінің ұлғаюы мен нәсілдік аралас отбасылардың көбеюімен байланысты.

1.Баланың өсу қарқынның кезеңдерін және олардың сипаттамасын жазыңыз.

Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады. Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді. Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.
1.Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады
2.Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді.
3.Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
4.Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады
5. Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады
6.Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байкалады. Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты
7.Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді
8.Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, белгілі бір мақсатқа жетуге талпынады
9.Мосқалдық кезең (пожилой). Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі азаяды. Сүйектің құрамында бейағзалық заттардың мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды.
10.Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.
2.Өтпелі кезен деп нені айтады, оның ерекшеліктері.

Өтпелі кезең» – бұл 11 жастағы қыз бен 13 жастағы ұл баланың биологиялық бой жету кезеңі деуге болады. Ол белгілі бір жас арасында өтеді дегенмен, әр адамда әр түрлі байқалуы мүмкін. Сол сияқты қыздар мен ер балалар арасындағы «өт­пе­лі кезеңде» де өзіндік айырмашылық бар. Мә­селен, қыздарда жас­өспірімдік дағдарыс жұмсақ жағдайда өтеді, ұлдарға қарағанда ер­те басталады және тез аяқталады. Ал ұл балалар бұл кезде ашушаң, бұзықтау, тіл алмайтын, өзін-өзі ересек етіп көрсетуге талпынатын болып келеді. Психологтар жас­өс­пірімдік дағдарысты ата-ана мен бала арасындағы осы кезге де­йін созылып келген та­би­ғи байланыстың үзі­ліп, жаңа өмірге қа­дам басуы деп түсінді­реді.



3. Ретардация туралы түсінік және белгілері.
Ретардация ( лат . Retardatio - баяулау ) қарама - қарсы үдеу процесі болып табылады және балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынында , 1-2 жастағы құрдастарынан физиологиялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуындағы артта қалушылықты білдіреді . Акселерация сияқты , ол үйлесімді және үйлесімсіз болуы мүмкін . Көптеген қасиеттердің даму қарқыны мен соңғы деңгейі әрқашан өзара байланысты бола бермейді .
Реактивтілік латынша ( reactio ) - қарсы әсер деген сөзден шыққан . Реактивтілік – организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті ; ол да бүкіл тіршілік атаулының зат алмасу , өсу көбею т.бмаңызды қасиеттері секілді .Организмнің реактивтілігнің түрлеріі : түрлік , топтық , даралық болып ажыратылады.
Организмнің резистенттілігі – оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі , яғни қарсы тұру қабілеті . Екі термин де тірі организмнің негізгіқасиеттерін айқындайды , әрі бірімен бірі байланысты . Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда болуында дамуында , патологиялық процестердің өту барысында мәні бар . Сондықтан ауру патогенезін түсіну үшін организмнің осы қасиеттерін зерттеу қажет .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет