Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі24,58 Kb.
#122869
1   2   3
Байланысты:
Мақала Мәтін туралы

Дауыстап оқу

Іштей оқу
1. Мақсат қою. Оқушы мәтінмен жұмыс істеу, тірек – конспектісін құру, бағдарланған сұрақтар құрау, сызбанұсқаны, суреттерді оқу, жаңа терминдермен жұмыс істеу, түсініктердің жүйелігін құру және алгоритімін анықтай білу.
2. Жоспарлау кезінде міндеттер қойып, проблемаларға талдау жасау. Ол үшін ақпарат көздерін таңдау қажет.
3. Шешім қабылдау үшін ақпараттарды пайдаланып, зерттеу жүргізу.
4. Орындалуы.Ол үшін білім беру обьектісімен жұмыс істей отыра орындау және оны өңдеу.
5. Нәтижелерді бағалау үшін жасалған жұмыстарға талдау жасау және егер қателіктер болса себептерін анықтау, өзіндік талдау, өзіндік бағалау жасау.
Мәтіннің көріктеуіш құралдары
Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз.
Метафора – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды өздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.
Инверсия сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құрау.
Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу.
Оқу барысында мақсатқа жету үшін әртүрлі тәсілдерді қолданып оқу керек:дауыстап оқу, іштей оқу, сын тұрғысынан оқу,түртіп алып оқу, егжей-тегжейлі оқу, тыңдап оқу, шолу жасап оқу.
Мәтіндегі сұрақтарды шеше алу үшін қажетті қабілеттерді нығайту керек
Зейін қою – барлығын бір жерге ысырып, тек бір нәрсенің соңынан еру. Айналамызда болып жатқан әртүрлі құбылыстардан арылып, соған ғана көңіл бөліп, ол зат туралы көптеген ақпаратқа қол жеткізіп, қорытынды жасауға мүмкндік болады.
Зейіннің үш түрі бар:
1. Ерікті зейін – саналы түрде белгілі бір затқа назар аудару. Тіпті ол затқа деген қызығушылық болмаса да, белгілі бір себептерге байланысты көңіл бөлу.
2. Еріксіз зейін – ойламаған жерден жаңа, көзге жарқ етіп көрінген немесе әдеттен тыс заттарға көңіл бөлу.
3. Үйреншікті зейін – арнайы көңіл бөлуді қажет етпейтін, әдетке айналған үйреншікті заттарға аударылған зейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет