Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері



Дата16.11.2022
өлшемі14,37 Kb.
#50621
Байланысты:
арылық бақылау физиол. писих


Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістері.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшықеттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы, барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру деген сияқты түрлері анық көріне бастайды.Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.
Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. 
Жас ерекшелік психолоиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы – даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы- педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.
Жас ерекшелік психолоиясы психологияның басқа да салаларымен ( еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т.б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т.б. байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет