Оқушылардың сенсорлық жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы.
Сұрақнама
1.Талдағыштар туралы жалпы түсінік.
Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (
көне грекше
: ἀνάλυσις -
жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден
басталып,
ми
орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол
дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен
байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш
бөлімнен тұрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2)
жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау
жасалынатын
ми
жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық
бөлім. Анализаторлардың көмегімен
адам
мен
жануарлар
организмдері
мен
қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар
организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің
қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы
ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.
[1]
Анализатор (Analyzer) - берілген
алгоритмге
сәйкес объектінің басты
элементтеріне сипаттама беретін
анализ
жасау құрылғысы немесе бағдарлама.
Желілік құрылғының жағдайын тексеретін, дестенің мазмұнына анализ
жасайтын тәсіл.
[2][3]
Анализатор- 1)зат қоспада қайсібір заттың бар жоғын анықтайтын аспап;
2)
радио
және электротехникада әр түрлі үрдістерді зерттейтін аспап
.
2.Талдағыштардың ортақ қасиеттері.
1. Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Он
дай
тітіркендіргіштерді адекватты тітіркендіргіш деп атайды. Көру талдағышы үшін жарық сәуле
лері, есту
талдағышына дыбыс толқындары т.с.с сай келеді.
2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштердің
жаңа
күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық бөлмеден қараңғыға кіргенде, алғашқы кезде е
штеңе
көрінбегенімен біраздан соң заттар көріне бастайды. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенд
е әтірдің иісі
сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді.
3. Талдағыштар бір-
бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде,
екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше.
Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып,
кітап оқып
отырған оқушы маңайындағы бөгде дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін бөліседі. Мысалы, соқыр
адам
көзі көрмегенімен басқа сезім мүшелері жақсы дамиды.
5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп,
не
төмендетуге болады.
Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байлан
ысты
оларды екі топқа бөледі: дистантты, яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан
заттардың
әсерін сезу (көру, есту, иіс сезу талдағыштары) және контакты, яғни сезім мүшесіне жа
насқан затты
сезетін (дәм сезу, тері талдағыштары) талдағыштар.
3.Көру талдағышының құрылысы және жас ерекшеліктері мен қызметі