ОҚушылардың танымдық ҚҰзыреттіліктерін дамыту г. С. Мұхтарова



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі172,52 Kb.
#9316

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ 

 

Г.С.Мұхтарова  

Орал қ. 

 

Білім сапасын арттыру, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу 

–  білім  беру  мазмұнын  жаңашаландырумен,  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  технологиясы  мен  нәтижесіне 

ерекше мән берумен тығыз байланысты. 

Қазақстан Республикасы 12 жылдық  білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби 

–  тұлғалық  құзіреттілігін  қалыптастыру  басты  мақсат  екендігін  айта  келе  12  жылдық  білім  беруде 

педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті. 

1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет. 

2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 

3.  Білім беру  құзіреттілігі  –  педагогикалық және  әлеуметтік  психологияның  негіздерін  қолдана 

білу қабілеті. 

Бұның  өзі  өз  кезегінде  қазіргі  ұстаздардан  шәкіртті  оқытуда,  білім  беруде,  тәрбиелеп  өсіруде 

белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл жайлы 12 

жылдық  білім  беру  тұжырымдамасында  оқушы  бойынан  табылуға  тиісті  құзырлылықтарды  нақты 

айқын көрсеткен. 

«Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірбиесіне 

ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылықтың  латын  тілінен  аудармасы 

«competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отыра, қандай да 

бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді  түрде  шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді»  десе,  бұл  жайлы 

Б.А.Тұрғынбаева  «Мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті  арттыру  жағдайында  дамыту» 

еңбегінде  «...өзінің  практикалық  әрекет  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік  мәселелерін  шешуде 

қолдана  алуын  –  құзырлылықтар  деп  атаймыз»  деп  анықтаса,  Ресей  ғалымы  Н.В.Кузминаның 

көзқарасы  бойынша  «Құзырлылық  дегеніміз  –  педагогтың  басқа  бір  адамның  дамуына  негіз  бола 

алатын білімділігі мен абыройлылығы» деді. 

Басты  мақсат  –  қоғамның  ақпараттану,  жаһандану  кезеңінде  қажет  ақпаратты  алып,  шапшаң 

өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты дамыған 

жеке тұлғаны тәрбиелеу. 

Танымдық  әрекет  –  шәкірттің  ізденіп,  білім  алуына  бағытталған  белсенді  ақыл-ой  қызметі. 

Оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекет  белсенділігі  оның  жеке  бас  ерекшелігіне  ғана  қатысты  емес, 

сонымен  қатар  мұғалімнің  теориялық  сауаттылығы  мен  шеберлігіне  байланысты.  Мектеп 

оқушыларының  танымдық  іс-әрекеттерін  жетілдіру  проблемасына  көптеген  педагогтардың, 

психологтардың  еңбектері  арналған.  Психологтардың  зерттеулеріне  қарасақ,  оқу-танымдық 

құзіреттіліктің  қалыптасуы  әлеуметтік  ортамен  және  жеке  тұлғаның  танымдық  қажеттілігін  оятуға 

ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ оның жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-

әрекет рөлімен, оның ұстанған мақсат-мүддесімен үндесе жүретін күрделі үрдіс. Ал, таным дегеніміз 

не?  Таным  –  бір-бірінен  ажырамас,  тығыз  байланыстағы  екі  компоненттің  қатынасын  көрсететін 

күрделі үрдіс. 

Танымдық  құзіреттілік  –  бұл  жеке  басына  маңызы  бар  және  әлеуметті  қажетті  танымдық 

мәселелерді шешудегі оқушының өзі басқара алатын, сол мәселені шешу барысында оқушы белгілі бір 

білім,  білік  дағдыларға  ие  болу.  Оқушы  оқу-танымдық  іс-әрекеттің  субьектісі  болады,  себебі  оқушы 

үшін  бұл  іс-әрекет  маңызды,  оның  қажеттілігін  және  әлеуметтік  маңызды  танымдық  мәселелерін 

шешеді. 


Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  байланысын,  қызметтік-тұлғалық  деп  айту  артық,  өйткені 

мұғалім  үшін  ең  бастысы  баланың  тұлғалық  қасиеттері,  тұлғаның  өзін-өзі  ұйымдастыруы  емес, 

олардың жетістігі  болып табылады.  Қазіргі білім берудегі  басты  мақсат жас  ұрпақтың  білім  деңгейін 

көтеру  және  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  қалыптастыру.Өз  тәжірибемде  оқыту  барысында  алға 

қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын 

жағдай  туғызу.  Оның  бастысы  оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  оқушылардың  оқудағы  іс  әрекеті 

арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үдеріснде бірлесе әрекет ету.  

Сөйтіп,  нәтижеге  бағдарланған  білімді  пәндік  компетенция  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ, 

«Қазақ тілі мен әдебиеті » пәні адамның ішкі сезімдері арқылы оның ойлау, пайымдау, тұжырымдау, 

тыңдау,  түсіну,  пікірлесу  сияқты  коммуникативтік  қатынастарды  жинақтағанбілімдері  негізінде 

өмірлік  қажеттілігіне  айналдыра  білуді  нысана  етеді.  Қазіргі  таңда  өзімнің  сабақ  өткізу  бағытында 

сабақтың      сапасын,  мазмұнын,  әдістерін  жаңа  деңгейге  көтеруге  мүмкіндігім  келгенше  тырысамын. 

Осы  мақсатқа  жету  үшін  өзімнің  ұстаздық  іс-тәжірбиемде  әр  түрлі  технологияларды  қолданамын. 


Мәселен:  СТО  технологиясының  элементтері,  топпен  деңгейлеп  оқыту,  Модульдік  оқыту 

технологиясы, ақпараттық технология, БИС технологиясы т.б. 

Мен сабақ беру үрдісінде мынадай негізгі факторларды басшылыққа аламын: 

-

 



оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру; 

-

 



білімді алуға жеетлейтін әдістер технологияларды қолдануға; 

-

 



жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу; 

-

 



ойлау қабілетін дамытатын әр түрлі тапсырмалар; 

-

 



қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру; 

-

 



шығармашылық жұмыстар беру; 

-

 



оқушының қиындықты өзі шешуіне құрылған ситуациялық тапсырмалар беру

-

 



өзін және өзгелерді бағалай білуге; 

-

 



сөзге тоқтауға. 

Осы технологиялардың тиімділігі сол, оқушының танымдық құзіреттіліктері қалыптасады. 

Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз 

бетімен  еңбектенуге,  ізденуге,  шығармашылыққа  баулып,  қорытынды  жасауға  машықтандырамын, 

оқушының  ақыл-ойын  дамытып,  өзіндік  дүниетанымын  қалыптастырып,  сабаққа  ынтасын  арттырып, 

тапсырманы  орындау  барысында  жіберілген  қателер  мен  кемшіліктерді  уақытында  анықтап  түзетуге 

мүмкіндік  беремін.  Сабақты  ұйымдастыру  барысында,  оларды  баурап  алу  үшін,  қазақ  халқының  бай 

мұраларынан сыр сандық жасап, «Ақ сандығым ашылды, ішінен шашу шашылды» немесе ситуациялық 

сұрақтар  тудыру  арқылы  оқушылардың  қызығушылықтарын,  танымдық  құзіреттіліктерін,  қиялдарын 

дамытамын.  Сабақ барысында  оқушыларды  біліммен  қаруландырып қоймай,  оларды қисынды  ойлау, 

есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту  үшін,орта  буында  қайталау  сабақтарын  «Бұл  неліктен»,  «Кім  көп 

біледі», «Көңілділер мен тапқырлар», «Сөз мергені», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Тапқыр достар» атты 

сайыстар,  ойындар  арқылы  танымдық  құзіреттіліктерін  арттыруға  тырысамын.  Тақырыпты  қайталау, 

қорытындылау кезінде «қайталау – оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа байланысты 

сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін, сабақты бекітемін 

Ал  шығармашылық  қасиетті  қалыптастыруда  сөз  өнерінің  маңызы  зор.  Бұл  ретте  ұлы  ұстаз 

А.Байтұрсынов:  «Сөз  өнері-өнердің  биік  шыңы.  Ол  адам  санасының  үш  негізіне  сүйенеді.  Бірінші- 

ақыл, екінші-қиял, үшінші-көңіл», - деп, балаға сөз өнерін меңгеру үшін осы үш істі бірлікте қарастыру 

керектігін  ұсынса,  жан  –  жақты  талант  иесі,  әдеби  әдіскер  –  ғалым  ретінде  М.Жұмабаев    «Баланы 

мектепке тоты бол деп бермейді, сөзінен ісі айрылмайтын іскер болсын деп береді» деп, мектептің әр 

жылы  тілін  дамыту  үшін  жүргізілетін  жаттығулар,  қалыптастыратын  дағдылар  шоғырын  топтап, 

сатылай  өсу  қалпында  қолданып  отырамын.Әдіскер-ғалым  М.Жұмабаев:  «Баланы  не  нәрсемен 

айналысса да ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімін ана тілін негіз қыла білгені, болмаса, тілі 

түзелмеген,  ойын  сөзбен  ұқтыра  білмейтін,  сөз  болып  жарыққа  шыққан  ойды  ұға  білмейтін  балаға 

ешбір білім берудің мүмкін еместігін» дәл аңғарған. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский «Өзінің ана 

тіліңнің мазмұнын, мағынасын жете түсінбеген, оны ауызша немесе жазбаша сөйлеу дағдысына дұрыс 

қолдана  алмаған  бала  басқа  да  пәндерді  дұрыс  түсінуіне  қабілеті  де  болмайды,  ол  баланың  бүкіл 

өміріне зиян келтіреді», - деген. Сондықтан ана тілін оқыту арқылы баланың жалпы ой-өрісін кеңейтіп, 

мәдениетін көтеру керектігін айтады. 

Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттырып,  ынталандыру  үшін  сабақтарды  мынадай 

жолдармен өткізуге болады: 

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану

2. Сабақты түрлендіріп өткізу; 

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану; 

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану; 

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету. 

6.Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет 

ұсыну; 


7.Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру; 

8.Ертегіні ұжым болып тыңдау; 

9.Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру; 

10.Қиялдау арқылы сурет салғазу, ролмен ойнату

11.Шығарма  кейіпкерлеріне хат жазғызу. 

12.Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру. 

Тағы да, орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Кімде – кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, 

алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс. Сөздің қасиеті ойды дұрыс беру арқылы бағаланады, ойдың 

дұрыс айтылуы сөз ішінен келіп шығады», -деген. 

Шынында, баланың айтайын дегені, ең бірінші, оның ойында пайда болады, тек содан кейін ол 

ойлар ауызша айтылады. 


Өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегін дұрыс, логикалық жолмен құрылуын 

қадағалау, сабақ үстінде белсенді ақыл – ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығына жол ашып отыру 

керек. 

Яғни бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгіліні 



белгісізбен  салыстыру,  салыстыра  ойлау  жүйесіне  сүйену  –  сөйлеудің  мазмұнды  болуына  нақты 

материалдың қорын жасап, бақылау, салыстыру арқылы өмір тәжірибесін арттыруға, бақылау, байқау 

құбылыстарын талдауға, қорытындылауға дағдыланады. 

Ал ойлай білу дағдыларын көрсететін белгі – ойлау операцияларын (әрекеттерін) іске асыра білу. 

«Ойлау  –  жанның  өте  бір  қиын,  терең  ісі»,  деп  М.Жұмабаев  айтқандай,  баланың  логикалық  ойлауы 

арқылы  тілін  дамыту  үшін,  мұғалімге  оның  теориясын  терең  білу  міндеті  жүктеледі.  Ана  тілінің 

музыкасын ұғындыру, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда дидактикалық, шығармашылық, сюжеттік, 

рөлді  ойындардың  маңызы  зор.Атап  айтсақ,  өзім  сабақ  беретін  5-6-сыныптарда  әдебиет  сабағында 

өткізетін  әдеби  ойындардың  оқушының  білім  білік  дағдыларын  қалыптастыруда  маңызы  зор. 

«Ғажайып  алма».Шарты:  «алма»  деген  сөзді  қатыстырып  фантастикалық  тіркестер  құра.  Сол 

фантастикалық тіркестерді құрастырып шағын ертегі шығар. 

«Сөз  соңындағы  ұйқас».  Шарты:  екі  команда  бір-біріне  кезекпен  дайын  ұйқас  ұсынады. 

Қарсыластар сол ұйқасты пайдаланып, табан астында өлең шумақтарын шығаруға тиіс.  

«Сұрақ-  жауап».  Шарты:  оқушыға  мақалдың  негізіне  құрылған  сұрақтар  ұсынады.  Ал  оқушы 

тиісті мақалмен жауап беруі керек.  

«Кездейсоқ  сөйлем».  Шарты:  газеттен, журналдан  алынған  басқы  тақырыптар  беріледі. Оқушы 

осы тақырыпшаларды сөйлемге біріктіреді.. Ол сөйлем жеңіл күлкі тудыратындай құрылуы керек. 

«Диалог  ертегі»  Шарты:  мұғалім  не  оқушы  ойдан  шығарып,  кез  келген  бір  әңгіме  –  ертегіні 

бастап кетеді. Ал қалған оқушылар ары қарай сөйлеммен жалғастыру керек.Мысалы: мұғалім: «Ертеде 

бір  байдың  еркетотай  бір  ұлы  болыпты...»  десе,  екінші  оқушы:  «Сол  көгалда  көбелек  қуып  жүріп 

адасып  кетіпті...»,  3-  оқушы:  «Қарны  ашып,  іші шұрқырап  келе  жатса  алдынан  бір  ешкі  кездесіпті..» 

осылай ертегі жалғаса береді, ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. 

«Композиция». Шарты: берілген әңгіменің композициялық құрылымы бұзылып, ондағы бөліктер 

жасанды  түрде  алмастырылады.  Оқушының  міндеті  –  композициялық  бөліктерді  орны  –  орнына 

қойып, әңгіменің желісін бұрынғы қалпына келтіру. 

Мұғалім әр сабақты жоспарлағанда оқушының өздігінен білім алу жолдарын ойластыруы шарт. 

Бұл  туралы  А.Байтұрсынов:  «»Бала  білімді  өздігінен  алу  керек.  Мұғалімнің  қызметі:  оқушының 

білімінің  шеберлігін  ұзақ  жолды  қысқарту  үшін,  ол  жолдан  қиналмай  оңай  өтуі  үшін,  керек  білімін 

кешікпей  ,  кезінде  алып  отыру  үшін,  жұмысты  балаға  әліне  қарай  шағындап  беру    мен  белгілеген 

мақсатқа  қарай  түзетіп  отыру  керек»  дейді.  Қазіргі  кезде  Қазақстан  мектептерінде  педагогикалық 

үрдістің сапасын көтеру жоғары орныға қойылып отыр. Тәжірибе жылдан жылға жинақталып, байып 

келеді.  Солардың  бірі  педагогикалық  үрдісте  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамытуда 

өзіндік  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыру.  Оқушының  өзіндік  жұмысы  –  мұғалімнің  қажетті  нұсқаулар 

бойынша  оқушының  жеке  дара  дәне  ұжымдық  түрі.  Ерекшелігі  –  оқушының  берілген  тапсырманы 

мұғалімнің  көмегінсіз  орындауы.Қазақ  тілінен  қолданылатын  өздік  жұмыстардың  саны  сан  алуан. 

Сөйлемді  толықтырып  жаз,  көп  нүктенің  орнына  тиісті  әріптерді  қой,  шығармашылық  шығармалар 

жазу,сөздің  әр  дыбысынан  сөз  тудыру,  өлең  құрастыру,  Сабақтың  барлық  кезеңіндед  де  өздік 

жұмыстар беріліп отырады. 

Алынған  өзекті  тақырыпты  басшылыққа  ала  отырып,  және  істелінген  жұмыстарды 

қорытындылай  келе,  өзін-өзі  бағалай  білетін,  шығармашылық  деңгейі  жоғары,  жан-жақты  тұлға 

қалыптастыра  отырып,  білім  сапасын  көтеремін,  алған  білімдерін  өмірмен  ұштастыруға  бағыт  бере 

отырып, оқушы құзырлығын дамытамын. 

Сөзімді: 

Құзырлылық – адамның ол рухани байлығы, 

Бәсекеге кез келген сайлылығы. 

Кәсіби қызметінің биігінен, 



Ұстаздың көрінер балаға жайлылығы. - деп аяқтағым келеді. 

 

Әдебиеттер 

1.

 

«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т.Акитбаев., 2006 ж. 

15 бет. 

2.

 

Компетентностно деятельностны подход общего образования №1 2003 ж., 44-45 бет. 

3.

 

Сабыров  Т.С.  «Оқыту  технологиясының  негіздері»  Алматы  Республикалық  баспа  кабинеті 

1993 ж, 14 бет. 

4.

 

«Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу» Қ.Жүнісханов. 2008 ж. 39 бет. 

5.

 

Г.Әтежанова  «Психологиялық-педагогикалық  құзырлықты  қалыптастырудағы  жаңа 

формация мұғалімінің ролі» Қазақ тілі, №4 2008 6 бет. 

6.

 

Н.Бақзыбекова.  «Саралап  деңгейлеп  оқыту  технологиясы  арқылы  оқушылардың  білім 

деңгейін арттыру.» Қазақ тілі, №4. 2007 ж. 16-бет. 

7.

 

Воровщиков  С.Г.  «Учебно-познавательная  компетентность  школьников» Завуч.  Управление 

современной школой №6 2007г. 81 стр. 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет