Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы Кіріспе і-тарау. Бастауыш сатыда оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері


Халық қол өнері негізінде эстетикалық тәрбие беру



бет8/13
Дата20.04.2022
өлшемі132 Kb.
#31627
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2.1. Халық қол өнері негізінде эстетикалық тәрбие беру

Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайына табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын-ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с.

Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.

Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өндеудегі өнері әлемге әйгілі.

Қазақтың ұлттық қол өнерінің мағынасы өте үлкен. Әрі жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына, көркемдік шындалуына ықпалы мол.
Өнер түрлері сан-алуан. Әр өнердің адам санасына, сезіміне әсер етуі әртүрлі деңгейде болуы мүмкін.
Ұлт мәдениеті мен өнері және оның жеке тұлғаның қалыптасуына өзіндік үлес қосуының тәрбиелік мәні зор.
Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып олардың талғамын, ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен мақтаныш сезімін дамыту біздің басты мақсатымыз.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, оның көркемдік және материалдық мәдениетінде көрініс береді. Халықтың дәстүрлі төл өнері арқылы жеткіншек ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, қазіргі кезеңде жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу жөніндегі мәселе қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт-дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Ендеше Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты – білім. Ал шынайы білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында: «балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша дамыған, бағалы әрі мол мұра. Оқушылар үшін оның танымдық әрі тәрбиелік мәні зор. Сол себептен ықылым заманнан халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруда игі әсер еткен осы мұрамен танысу, оны кәдеге жарата білу, жас ұрпақ үшін теориялық әрі практикалық жағынан өте тиімді.
Халық өнерін білу жалпы өнердің әлеуметтік мәнін, оның қоғам өміріндегі алатын орнын түсінуге итермелейді. Сәндік-қолданбалы өнерді білу адамның жалпы өнер жайлы, оның сипаты мен өзіндік көркем тілі туралы түсінігін толықтырады.
Оқушылармен жұмыс үстінде ағаш шеберлерінің жұмысынан басқа да әр түрлі өнер түрлерімен таныстырып өткеннің зияны жоқ. Мәселен, металл өңдеу, сүйек пен мүйіз өңдеу, тері мен етікшілік, тас өңдеу, т.б.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде технология пәнінің мұғалімі теориялық, методикалық және практикалық жағынан сауатты болу керек. Яғни, халық өнерін тереңірек зерттей отырып, оны оқу-тәрбие жұмысына тиімді пайдалана білу керек.

«Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп, академик Әлкей Марғұлан айтқандай, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдерінде ата-бабаларымыздың тұрмыс-салт дәстүрі бейнеленгені шындық. Халықтың тарихын, шежіресін, географиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнек құдіретті өнер.Бұл өнер халықтың болмысымен бірге туып,бірге қайнасып келеді.


Мұғалімнің ою-өрнектерді өзінің оқу-тәрбие жұмыстарына пайдалануы бірнеше сатыдан құралуы тиіс.
Біріншіден, Қазақстанның ұлттық өнерін оқып-үйрену, зерттеу керек.
Екіншіден, барлық халықтардың өнерге тән ортақ үндестігін, ұқсастығын анықтау керек.
Үшіншіден, ою-өрнектер жасау әдісін еңбек арнасына бағыттап, оқушылардың ою-өрнектер сырын өз қолдарымен жасап түсінуіне мүмкіндік жасау керек. Қажетті құрал-саймандар мен эскиздік үлгілер жасау, бояулардың түрлі түстерін түсініп пайдалануына көмек көрсетіп отыру, ағаш түрлерінің жарамды, жарамсызын айыра білуге үйретудің үлкен маңызы бар. Кейбір өрнектер салу үшін ағаш токарь станогын пайдалану еңбек өнімділігіне көмектеседі. Қазақ халқының қолөнерінде өрнек ерекше орын алатыны белгілі. Біз өрнек өнерін көркем шығармашылық өнері ретінде қабылдаймыз.» Қазақтың ою және өрнек деген қоссөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа жапсырып, жымдастырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын: сырмақ, сандық, кебеже, киім-кешектерді, қабырғаларды безендіруге қолданылады. Осындай бағытта бір бұйым жасамас бұрын оқушыларға ою-өрнек түрлерін, оюдың мән-мағынасын, тарихын тереңірек түсіндіру қажет. Өйткені бала қандай оюды қолданатынын білу керек және оларды дұрыс таңдай білуі қажет. Халықтың өмір сүру ерекшелігі мен тұрмысын көп жағдайда кәсіпшілігінің дамуы айқындалып отырады. Жоғарыда айтылып кеткен тұрмыс бұйымдарының бәрі өте-мөте қажетті заттар болып қана қойған жоқ, сонымен қатар адамның өміріне де көрік беретін. Шебер оларды жасай отырып өзінің арманын, мүддесін әсемдікке деген түсінігін білдіруге талпынатын жасыратыны жоқ қазір жастарымыз ою-өрнек сырын жете білмейді. Атап айтқанда, қазақ оюының 3 түрге бөлінетінін, оның түсірілу тәсілін, сыры мен сипатын біле бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі, белгілі мақсаттан туған мағынасы бар. Оған жаңа мазмұн беріп байытып, халқымыздың мүддесіне жарата білсек қандай жақсы. Оқушы ою өнерін шын ынтамен үйренуге, түсінуге құштарланса үлкен жетістіктерге жетеді. Ойы ұшқыр, қиялы қанатты болады. Ою-өрнекті меңгеру үшін біріншіден, оюды қиып үйренген өте қолайлы әдіс. Қағаз бүктеп қаттауға аса қиындық туғызбайды. Сол себепті алдымен ою сырлары мен әдіс-тәсілдерін қағаздан үйренуге дағдыланған дұрыс және оларды қандай түстегі қағазға жапсыру екендігін білу де – үлкен талғаммен туатын өнер.
Оқушылардың ұлттық өнер туралы түсінігін қалыптастырмай, басқа халықтың өнерін түсіндіру мүмкін емес. Сондықтан ұлттық өнерді жан-жақты үңіле үйреніп жақсы меңгергеннен кейін басқа халықтың ұлттық өнерімен таныса бастау керек.
Оқушылардың жұмыс үстінде ұнамды қылығын немесе мінезін, пайдалы ісін көргенде, оны мадақтап ынталандыру қажет. Себебі, балаларда ересектермен бірден өзіне ыстық, ізгі ниет көрсеткенді ұнатады. Осы мақсатта еңбек сабағының үздіктері мен үйірме мен үйірме жұмыстарында көзге түскендерге кітаптай сыйлық, мектептің мақтау грамотасымен ынталандыру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Сол сияқты оқушылардың істеген жұмыс көлеміне қарай ақшалай ақы төлеу баланың өз еңбегінің жемісін іс жүзінде көріп, еңбектің өмірге қажеттілігіне көз жеткізуіне көмектеседі.
«Өнер түрлі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей өнер түрлері халықпен жасай береді қазіргі кезде де бай мұраларына жаңаша сипат беріп, оларды жасаудың технологиялық әдістерін ел арасында таратып жүрген шеберлер бар. Солардың бірі – 69 жастағы М.Әшірбайқызы. Ол жүннен жасалатын үй жиһаздарын жасауды жастар арасында насихаттап келеді. Сондай-ақ «Кестелі орамал» (1998 жыл), « Әлем әжелер көзімен» (2002 ж.) деген жарыстардың бірнеше лауреаты болып, дипломдармен марапатталған. Баланың тәрбиелі өнегелі болуы алдымен өзіне байланысты болса, содан кейін оған ықпал жасайтын ортаға байланысты екені белгілі. Қазақ елі шебер, ісмер адамдарға бай екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, оқушыларды олармен, олардың жасаған бұйымдармен таныстыру жақтары көңіл қуантарлық дәрежеде емес. Осы орайда халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлының мына ойы еске түседі. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді силамайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп, кілем тоқып, ұршық үйірумен айнылысып отыратын апалар, әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оны қызықтыру үшін ең алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызып, қазақ қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет.
Қазақтың ұлттық өнердегі эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде түсіндірудің маңызы зор. Ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті адамзат тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болсын адамзат алдында тұратын мұрат-міндеттердің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім- тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті талғай да, таңдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетін де, қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шебердің кейбір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырғаны белгілі. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп, Абай атамымыз айтқандай болашақтағы өнер адамдары мен ірі өндіріс адамдары осы оқушылардың ішінен шықпасына кім кепіл? Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі 1993 жылы ұлттық «Тәлім - тәрбие тұжырымдамасын» барша бұқара халыққа ұсынды. Онда мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім – тәрбие курстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыру және ұлт мәдениеті мен оқу-тәрбие жұмыстарын үнемі насихаттауды құрастыру екені ерекше атап көрсетілген еді. Бірақ, зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғанындай, қазақ мектептерінде ұлттық қолданбалы өнер түрлерін дамыту ойдағыдай емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет