Оқушының өзін-өзі бағалауы



Дата15.11.2023
өлшемі15,17 Kb.
#122715
Байланысты:
Оқушының өзін-өзі бағалауы


Оқушының өзін-өзі бағалауы
Оқушыға және оның ата – анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.
Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.
Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады. Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда және оның педагогикалық мәнін түсіну үшін оқушы мен қоршаған ортаның байланыс жүйесін ескеру қажет. Сонымен қатар, оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруды ғы-лыми-педагогикалық негіздеуде адамның бір-бірін түсінуі мен қабылдауының психологиялық механизмдерін зерделеу қажеттігі туындайды. Әсіресе, жеке тұлғаның интеллектуалдық, ақыл-ойы дамуына тығыз байланысты.
Оқушының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тұтас педагогикалық үрдісте, бала әрекетінің барлық түрінде: оқу, еңбек, қоғамдық, мәдени, ойын т.б. барысында жүзеге асырылады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда мұғалімнің бағыттаушы-лық, ұйымдастырушылық қызметінің маңызы ерекше. Мұғалімге мынадай талаптар қойылады:
- оқушыларды зерттеу;
- оқушыларға өзінің іс-әрекетіне, орындаған тапсырмалар нәтижелеріне т.б. бағалауға кеңес беру, міндеттерін белгілеу, нұсқау беру;
- оқушылармен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру;
- оқушылардың талдау іс-әрекетін бағалау; бағыттау;
- оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде шығармашылық қатынас жасау;
- жеке басының үлгісі, ықпалы;
- түрлі әдіс-тәсілдер мен оңтайлы жолдарды пайдалану, оқыту мен тәрбиені сабақтастыру;
педагогикалық реттеу, сын, рефлексия.
Оқушылардың өзін-өзі бағалау үрдісінде өзін-өзі анықтауды жүзеге асыру кезеңдер бойынша жүргізіледі:
● педагогикалық жағдайды ескеру, сынау үшін қолайлы жағдай табу, таңдап алу;
● істеген ісін талдау, оны себебін ашу;
● сынақ дәрежесін, түрін анықтау, хабарды, мәліметті беру, көрсету;
● сын нәтижесін талдау және ескеру.
Бұл үрдісте әдісті сапалы, тиімді пайдалану шарты ретінде: оқушылардың өз қатесі мен кемшілігін түсінуі; қателескен баланың жеке басын құрметтеу, сыйлау; оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейін ескере отырып, оған сүйену; әдептілік пен сыншылдық, ой-қорыту, тұжырымның ортақтығы; шектен тыс қаталдықтан аулақ болу; басқа да әдістерді тиімді қолдану.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет