Өсімдік типтес ою-өрнек («жапырақ», «үшжапырақ», «шиыршықгүл», «ағаш» т. б.).
Зооморфтық ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері, «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары: «қосмүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», сондай-ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты» т. б.).
Космогониялық ою-өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз» т.б.).
Ағылшын ғалымы А. Хеддона қазақ ою-өрнек элементтерін «физикаморфтық» және «биоморфтық» деп екі топқа ғана бөледі. Ағылшын ғалымының ою-өрнектерді бұлай топтастыруы қазақ элементтері үшін өте тиімді, себебі бұл классификация элементтердің түрлерін, мазмұнын түгел қамтиды, екіншіден, біздің ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігіне сай келеді.
Қорытынды
Қазақ ою-өрнегінің тарихын ғалымдар қолға алып, ғалымдардың зерттей бастағандарына 100 жылдай уақыт болды. Төл өнерімізді зерттеуге Р. Карутц, С. Дудин, В. Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М. В. Рындин т. б. ғалымдар мен жиһанкездер елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымның бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда, қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов: «Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ, бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықгарға экеп соқтырды» — дейді.
Біздің заманымыздың XIX — XX ғғ. қазақ ою-өрнегі шын мәнінде биік өнер деңгейіне көтерілді. Ежелгі көшпенділердің қолөнер туындылары бүгінгі өнер адамдары үшін қайталанбас мәдени шежіре, сондықтан сол баға жетпес өнер туындылары өте жоғары бағаланды. Белгілі өнертанушы В Лепелов, В.В. Стасов, С.М. Дудин, Б.П. Денике, Т.А. Жданко, Л.И. Ремпель: «Казахи живут как бы в мире орнамента. Окружающая действительность своеобразно опоэтизирована в гамме узоров. Утварь посуда, оружие одежда-все любовно покрывается орнаментом» — деп зерттеушілер өз ғылыми еңбектерінде жазған еді. Шьшьшда да, қазақ тұрмысында ою-өрнектің кездеспейтін саласын табу қиын, ол ауыз әдебиетімізбен де етене байланысьш жатыр.
Қазақ халқынық ою-өрнек байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған саласы. Бұл — ұлтымыздың мәдени дамуьшьщ шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда ғылыми-танымдық еңбекте бізге бүрьшнан белгілі қазақтың ою-өрнек атауларының санын 397-ге дейін жеткізіліп, сондай-ақ 147 ою-өрнектің семантикасы жазылды. Қазақ ою-өрнегі түбегейлі жан-жақты толық қанды зерттелді деп айтуға болмайды. Ою-өрнек өнерін белгілі бір жүйеге келтіруге С. Қасиманов пен Т Бәсенов ою-өрнек туралы біраз деректер қалдырды. Садық Қасиманов 191 — ге жуық ою-өрнектің көне атауларын қағазға түсіріп, 57 — ге жуық ою-өрнектің мазмүнын ашып берді, сондай — ақ 14 -ке жуық ою-өрнектердің нобайын аньщтады, ал Төлеутай Бәсенов ою-өрнектердің даму тарихын сараптап, өсімдік элементтерінің жаңа үлгісін сынды. Этноэлементтердің бүгінгі көркемдік өнерге ықпалы зор. Ежелгі ою-өрнектердің түпнұсқасының қолдану салдарынан қолөнер шеберлерінің бүйымдарында этнонақыш ғасырлар бойы сақталып келеді.
Источник: Өмірбекова М.Ш. Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері. Ғылыми-танымдық басылым. — Алматы: РПБК «Дәуір», 2015 — 292 б.