Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уəзірлігі əжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі357,45 Kb.
#6458
  1   2   3   4

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УƏЗІРЛІГІ 

 

ƏЖІНИЯЗ АТЫНДАҒЫ НӨКІС МЕМЛЕКЕТТІК 



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ 



 

 

5141300 –  Қазақ тілі жəне əдебиеті мамандығы бойынша 



4 курс бітірушісі 

 

Бекниязова Ферузаның 

 

«Абай лирикасы жəне оны оқыту»

  

тақырыбындағы  



 

 

БІТІРУ



 МАМАНДЫҚ ЖҰМЫСЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



Нөкіс- 2011 ж 

 

 



 

   Бітіру  мамандық  жұмысы  Қазақ  тілі  жəне  əдебиеті  кафедрасының 

2011-жыл  «_30_» ___04____ дағы  №_9_ протоколымен қорғауға ұсынылды. 

 

 



Филология факультетінің деканы:                 ф.ғ.к. К.Ташанов  

Кафедра меңгерушісі:                                     ф.ғ.к. Ш.Кудьярова 

Ғылыми жетекші:                                            ф.ғ.к. ф.ғ.к. Қ.Аралбаев. 

 

 



 

 

 



Бекниязова  Ферузаның  «Абай  лирикасы  жəне  оны  оқыту» 

тақырыбындағы  бітіру  мамандық  жұмысына  мемлекеттік  аттестация 

комиссиясы қарарымен   «____» балл ( « ____» %) қойылсын. 

 

 



                        «______»________ 2011-жыл 

 

 



 

МАК хаткері:               Ы.Құттымұратова 

 

                                   



 

 

 



 

 

 



 

Жоспары 


 

Автордың аннотациясы 

І  Кіріспе   

   


І   тарау 

Абай шығармаларының тəрбиелік үлгісі 

1  Абай шығармаларын оқытудың педагогикалық жəне психологиялық 

негіздері 

2  Өнер, білім, ғылым тақырыбындағы Абай өлеңдерін оқыту. 

ІІ тарау 

Абайдың  табиғат  лирикасын  оқыту 

1 Абайдың «Күз» өлеңін əңгіме-сұхбат түрінде оқыту. 

2 Абайдың «Күз» жəне «Қыс» өлеңдерін оқытуда Веен диаграммасынан 

пайдалану. 

   

III. Қорытынды 



 

IV Пайдаланылған  əдебиеттер 

 

 

 



 

                         



 

 



 

         



АВТОРДЫҢ АННОТАЦИЯСЫ 

 

Тақырыптың  актуальдығы:  Қазiргi  кезде  мектептерде  əдебиет 

пəнiн  оқытуды  түбегейлi  жақсарту,  жетiлдiру  жəне  жаңа  педагогикалық 

технологияларды сабақ процесiнде қолдану мəселесiне ерекше  көңiл бөлiнiп 

отыр.  Осыған  байланысты  əдебиет  сабақтарында    көркем  шығармаларды 

жанрлық  ерекшелiктерi  бойынша  оқытудың  танымдық  та,  эстетикалық  та 

маңызы зор екендiгi ақиқат. 

Бұл  мамандық  жұмысы  –  «Абай  лирикасы  жəне  оны  оқыту» 

тақырыбына  арналады.  Абай  лирикасы  мектеп  оқушыларына  ең  көп 

оқытылатын  жəне  оқушылардың  көркем  əдебиеттен  нəр  алуына,  олардың 

сана  сезімі,  дүниетанымының  қалыптасуына  ерекше  əсер  ететін 

болғандықтан,  ол  өлеңдердің  ерекшеліктерін,  тақырыптық,  идеялық,  сюжет 

пен композициялық тараптарын таныту iсi əдiстемеден  жетекшi орын алады. 

Мiне,  мамандық  жұмысы  орта  мектепте,  атап  айтқанда  5-8  сыныптарда 

өтiлетiн Абай лирикасының жанрын, көремдік-идеялық ерекшелiктерiн қалай 

таныту  мəселесiн  жан-жақты  қарастыруы  –  оның  маңыздылығынан, 

қажеттiлiгiнен дерек бередi.  



Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Мамандық жұмысының басты 

мақсаты –  5-8 сыныптарда бағдарламаға енген Абайдың лирикалық өлеңдерін 

оқыту процесiнде оларды оқушыларға тереңiрек таныстыру, əдебиеттi сүюге, 

оны дұрыс түсiнуге баулу болып табылады. 

Жұмыста  ақын  лирикасының  жанрлық  ерекшелiктерi,  оның  көркемдік 

бітімі, эстетикалық мəні т.б. тараптарын оқушыларға таныту арқылы, оларды 

Абай шығармаларына қызықтыру,  қөркем əдебиеттi сүйетiн, əрi түсiне бiлетiн 

азаматтар етiп тəрбиелеу болып есептеледi. 



 

 



 

Лириканы  өтуде,  түсіндіруде  –  ол  өлеңнің  қандай  заман  шындығына 

арналғанын  анықтап  алып,  түсiндiру  аса  қажет.  Жұмыста  бұл  жағынан  жiтi  

қөңiл бөлiнген. 

Абай лирикасының тақырыптары, олардағы замана шындығы т.б. дұрыс 

та,  нақты  түсiнуi  мəселесiнде  əр  алуан  əдiстемелiк  тəсiлдердi  қолданудың 

тиiмдiлiгi  қөрсетiлген.  

  Зерттеудің  обьектісі  мен  предметі:  Зерттеу  обьектісі  –  «Абай 

лирикасы  жəне  оны  оқыту».  Жұмыста  əрбiр  сыныпта  бағдарлама  бойынша 

Абайдың  қайсы  өлеңі  өтiлетiндiгi,  оларды  түсiндiруде  қандай  əдiс-тəсiлдер 

қолдану тиiмдiлiгi жан-жақты баяндалады. 

Негiзгi  нысан  –    көбiнесе  классик  ақынымыз  ұлы  Абайдың  лирикалық 

туындыларын оқытудың əдiстемесi. Себебi – поэзиямызды мазмұн, идея жəне 

көркемдік тұрғыдан биікке көтерген ақын лирикасы оқушыларға танымдық та, 

тəрбиелiк те, эстетикалық жақтан да жақсы бiлiм болады. Сондай-ақ  

5 - сыныпқа қарағанда 8 - сыныпта оқыту процесiнiң күрделі ерекшелiктерi де  

қөрсетiледi. 



Зерттеу  əдістері:  Бұл  салада    Өзбекстан  Республикасының  мəдениет 

жəне  əдебиеттi  дамыту  саласындағы  қаулы-қарарлары,  Президентiмiз 

И.А.Каримовтың  сөйлеген  сөздерi,  «Юксак  маьнавият  –  енгилмас  куч»  атты 

еңбектерi  басшылыққа  алынды.  Ұлттық  идеологияны  қалыптастырудағы 

жүргiзiлiп  жатқан  жұмыстар,  «Миллий  ғарезсизлик»  идеясы»    курсы 

материалдары ескерiлдi. 



Зерттеу  нəтижелерінің  практикалық  маңызы,  ұсыныстар:  Жұмыста 

5-8  сыныптарда  Абайдың  лирикалық  өлеңдерінің  жанрлық  ерекшелiктерiн 

(сатиралық,  табиғат,  қоғамдық,  көңіл-күй  т.б.)    оқыту  практикалық  та, 

теориялық  та  маңызға  ие.  Мектеп  бағдарламасында  лириканың  жанрлық 

ерекшелiктерiн,  тақырыптық,  идеялық-қөркемдiгiн  оқытудың    əдiстерi  сан 

алуан. Жұмыста осылардың бiрнешеуiне арнайы тоқталған. 



 

 



 

Жұмысты зерттеу нəтижесінде төмендегілер ұсыныс ретiнде көрсетілді: 

 –  Абай  лирикасының  сипаты  жағынан  өзінен  бұрынғы  ақындар 

өлеңдерінен  өзгешелігі,  ақынның  шыншылдығы  мен  шеберлігі,  лирикалық 

шығармалардың  нақты  реалистiк белгiлерiн  түсiндiруде  əдебиет  теориясынан 

тиiмдi пайдалану; 

 –  лирикалық  өлеңдердегі  дəуір  қайшылығын  таныту,  эстетикалық 

талғамын,  танымдық  өзгешелiктерiн  танытуда    көрнекiлiктерден  тиiмдi 

пайдалану; 

 –  Абай  өлеңдерін  өткенде  кiрiспе  əңгіменің  қажеттігі,  яғни  оқушының 

өлеңдерінің айтпақ ойды, оның идеясын түсінуде қызығушылығын оятуға жете  

көңiл бөлу;    

                   

Жұмысты  орта  жəне  жоғарғы  оқу  орындары  студенттерi  теориялық 

жəне  практикалық  бiлiм  алуда,  оқу  процесiнде,  курс  жұмыстарын  жазуда 

пайдалануына жарайды. 



     Жұмыстың  құрылысы,  ізбе-ізділігі:  Аталған  жұмыс  кіріспе, 

қорытынды жəне үлкен екi тараудан тұрады. 

Кіріспеде  тақырыптың  мақсаты,  міндеттері,  бұл  тақырып  бойынша 

жазылған еңбектер, жұмыстың актуальдығы жөнінде сөз болады.  

Негізгі  тарауларда  «Абай  өлеңдерінің  тəрбиелік,  танымдық  сипаттары 

туралы» жəне «Ақынның өнер, білім, табиғат т.б. тақырыптардағы лирикасын 

оқыту» мəселелерi сөз етiледi. Бұларда қазіргі заман талабына сай интерактив  

əдiс-тəсiлдердiң  қайсысын  қалай  қолдану  керектiгi  де  айтылған.      Сыныптан 

тыс оқуға берiлген ақын өлеңдерінің əдiстемелерi туралы пiкiрлер берiлген.  

 Жұмыстың 

қорытындысында  негiзгi  бөлiмдерде  қарастырылған 

мəселелерге нақты тұжырымдар жасалады 

Ғылыми басшы:                               доцент, ф.ғ.к. Аралбаев Қайыржан. 

                    Студент:                               Бекниязова Феруза. 



 

 



 

КІРІСПЕ 


 

Еліміз  өз  тəуелсіздігіне  ие  болып,  ұлттық  санада  үлкен  өзгерістер 

байқалып  жатқан  шақта  əдебиет  пəнінің  танымдық  та,  тəрбиелік  те  мəніне 

ерекше көңіл бөлінуде. Себебі, қашаннан жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру 

ісінде олардың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, сана-сезімін дамытатын 

пəндер  арасында  əдебиет  пəніне  ешбірі  тең  түсе  алмайды.  Бұл  қашаннан 

белгілі ақиқат. 

Біздің  Отанымыздағы  оқу  яғни,  халыққа  білім  беру  жүйесінің  жаңадан 

реформалануы  да  –  осы  қамқорлықтың  негізі.  Орта  білім  жүйесінде 

мектептің  алатын  орны  ерекше.  Мектептер  –  бастауыш,  орталау  яғни  5-8 

сынып, толық орта мектеп яғни 9-11 сынып болып жұмыс жүргізуде. Қазіргі 

мектеп  тоғыз  жылдық  дəрежеде  қалып,  одан  соң  колледж,  лицейлерде  оқу 

жоспарланған,  бұлар  басқыш  бойынша  қазір  іске  асырылмақта.  Ал  əдебиет 

пəні  орта  мектептерде  де,  лицейлер  мен  колледждерде  де  оқытылады. 

Сондықтан  оның  əдістемесі  мен  бағдарламаларын  күнделікті  үздіксіз  түрде 

жетілдіріп отыру ауадай қажет. 

Президентіміз  И.А.Каримов:  айтқанындай:  «Буюк  маданиятимизни 

тиклаш  ва  янада  юксалтириш,  миллий  таьлим  тизимини  такомиллаштириш, 

ўнинг  миллий  заминини  мустахкамлаш,  замон  талаблари  билан 

ўйғунлаштириш  асосида  жахон  андазалари  ва  куникмалари  даражасига 

чиқариш мақсадига катта ахамият бериб келинмоқда

1

».



 

Енді  республикамыздағы  қазақ  тілінде  білім  беретін  мектептердің 

бағдарламалары  мен  оқыту  əдістемелері  де  жаңа  ДТС  (давлат  таьлим 

стандарти)  бойынша  жүзеге  асады.  Олай  болса,  еліміздегі  қазақ  тілінде 

оқытатын  мектептердегі  қазақ  əдебиеті  пəнінің  де  əдістемесі  жаңарып, 

толығып, жаңа заман талабына жауап берерлік дəрежеде жасалуы шарт. 

                                                 

1.И.А.Каримов. Баркамол авлод – Ўзбекистон тараққиетининг пойдевори. Т. 1997. 5 б. 



 

 



 

Біз  мамандық  жұмысымыздың  басты  зерттеу  нысаны  етіп  «Абай 

лирикасы жəне оны оқыту» атты тақырыпты алып отырмыз.  

 Егеменді    ел    мүддесі    тұрғысына    сай    жаңа    адамды   қалыптастыруға   

жалпы  бастау  болар  тəрбиенің  көзі  Абайдан  табылады. Абай  мұрасын  

оқытуда    өркениетке    бет    бұрған    қазақ  тілі  жəне  əдебиеті  оқытушылары    

осы  заман    талабымен    жаңаша    пайымдап,    қайта  ой    сарасынан    өткізуді  

талап    етеді.  Абайдың    адам    тұлғасын    қалыптастыруға    негіз    боларлық  

ғибрат    сөздері    ұрпақ    тəрбиесіне    ат    салысам    дегендердің    тілегімен  

тікелей  қабысып  жатыр.   

Солай    бола    тұра,    мектепте    қазіргі    оқылып    жүрген    Абай  

шығармалары  өзінің  көлемі  мен  баланың  жас  жəне  дара  ерекшелігіне,  

білім-білік    дəрежесіне    лайықтылығы    жағынан    талапқа    сай  

алынбағандығы    байқалады.    Дəл    осы    айтылғандардың    салдарынан    əр 

өлеңдегі    мазмұнды    оқушыға    меңгертуге    керекті    əдістемелік    негіз  

жоқтығы,  əдістемелік  ізденістердің  тапшылығы  Абай  шығармашылығын  

оқытуда  көп  қиындық  тудырады. 

Ал  бүгінгі  қазақ  елі  өзінің  ұлттық  мəдениетін  жандандырамыз  деген  

егемендіктен    келген    құлшыныс    тұсында,    əсіресе,    Абайды    танытудағы  

олқылықтың    есесін    толтыруға    дереу    кірісу    қажеттілігі    ешбір    дау  

туғызбаса  керек.  Бүгінгі  ұрпақ  тəрбиесіне  жауаптылардың  көпіртіп  айтар  

уағыздан  арылған  тұста  олқылықтың  орнын  толтырар  асыл  сөз  бен  ақыл  

сөз    де      Абайда    екені    анық.  Абайдың    тұлға    қалыптастыруға    қатысты  

айтқан    сөздері  –  бүгінгіге    де,    болашаққа    да    бағдарлама.    Олай    болса,  

Абай  ғибратын  ұрпақ  бойына  сіңіру,  оның  шығармаларындағы  мазмұнды  

оқушы  өміріне  азық  етерлік  деңгейге  көтеру – өзекті  мəселе.   

Мектепте  білім  беру  дегеніміз – арнайы  жəне  мақсатты  түрде тəрбие  

де    беру.    Қазіргі    қоғам      құрылысы,    оның    саясаты    мен    экономикасы  

өзгеріп    отырған    кезде    ұрпақ    тəрбиесінің    мазмұны    да    үлкен    өзгеріске  


 

 



 

ұшырады.  Өйткені  жаңа  қоғамдық  құрылыс  адам  атаулының  бұрынғы  

белсенділігі,    жауаптылығы,    шығармашылық    қабілеті    деген    сияқты  

қасиеттерінің    мазмұндық    ұғымын    өзгертті.    Бұрынғы    игіліктің    түгелге  

таяуы  көптікі,  қоғам  мен  үкіметтікі,  сондықтан  да  бəрімізге  ортақ  деген  

ұғымға  саятын.  Енді  игіліктің  жекеменшіктік  түрі  өмірге  еніп,  күн  өткен  

сайын    өрістеуі    артып    келеді.    Адамның    əлеуметтік    белсенділігі,    оның  

қоғамдық    қатынасы    күрделеніп,  оның    қоғамдағы    əлеуметтік    мəні    де  

өзгеруде.  Мұның  бəрі  ұрпақ  тəрбиесінің  мазмұны  жəне  əдісі  жағынан  да  

өзгеруін  қалайды.  

 Өз    алдына    егемендік    алған    қазақ    елі    өз  ұрпағының,    ұлтының  

азаматын,  жаңа  адамын  тəрбиелеп  шығу  үшін  осы  жаңа  бағытқа  сəйкес  

тəрбие  мазмұнындағы  өзгеріс  пен  оның  іске  асырылуына  керекті  əдістің  

қолданылуын  қамтамасыз  ететін  ақыл-кеңеске,  əдістемелік  ізденіске,  осы  

бағытта  жазылған  оқу  құралдарына  зəру  екені  анық.  Осы  мұқтаждықтың  

өтелу    жолының    бірі    есебінде    Абай    шығармаларын  орта    буын  

оқушыларына    оқыту    арқылы    жаңа    қоғамның    жаңа    адамына    керекті  

қасиет  қалыптастыру  жолы,  оны  мектептегі  сабақ  жүйесінде  іске  асыру  

əдістемесі  көрсетіледі. Орта  буын  оқушыларына  ұсынылатын  материалдар  

негізінен    адамгершілік    тақырып    болғандықтан    жəне    олардың  барлығы  

жаңа    қоғамның    жаңа    адамына    керекті    қасиетті    тəрбиелеу    мақсатына  

бағытталады.  

 Ал  оқу-тəрбие  процесінде  Абай  шығармаларын  нəтижелі  өтудің  бір  

кепілі  –  мұғалімнің    əдебиеттану,    педагогика,  психология    ғылымдарын  

терең  меңгеріп,  əр  сабақта  ұтымды  əдіс-тəсілдерді  аталған  негіздермен  

бірлікте  қатар  өре  білуі.  Сондықтан  оқу  құралында  Абай  шығармаларын  

орта    буында          оқытудың    педагогикалық,  психологиялық    негіздері,  

тəрбиелік    маңызы,    тиімді    əдіс-тəсілдері    ұсынылып    отыр.  Оқушыларды  

Абай    шығармаларына    қызықтыру    жолдарын    іздеу,  оларға    керекті  


 

10 


 

 

практикалық  жұмыстар  жүргізу,  тиімді  əдіс-тəсілдерді  пайдалана  отырып, 



жүргізген    оң    нəтижелерді    ұстаздар    қауымына,    сондай-ақ    мұғалімдік  

мамандыққа  даярланушы  жастарға  ұсыну  уақыт  күттірмейтін  іс-шараның  

бірі  болып  есептеледі.     

Абай шығармалары орта мектепте екі жүйеде оқып үйренілетінін айтпай 

кетуге  болмайды.  Ең  алдымен  əдебиеттік  оқу  сабақтарында  яғни  5-8 

сыныптардағы  Абайдың  əр  алуан  тақырыптардағы  өлеңдері,  ақын  өмірінен 

берілетін мəлімет.  

Екіншісі  –  жоғарғы  кластардағы  əдебиет  тарихы  курсы  бойынша 

үйренілетін  Абайдың  шығармашылығын  монографиялық  түрде  оқыту. 

Əдебиет сабақтарының бұл екі жүйесі өзара тығыз байланысты дей тұрсақ та, 

олардың оқытылуы мен мақсаты тұрғысынан елеулі айырмашылықтары бар. 

Сондықтан  да,  бұл  екі  жүйенің  əдістемелік  жағы  екі  басқа,  яғни  екеуі  екі 

мақсатқа қаратылған. 

Бұл  туралы  белгілі  əдебиетші  ғалым,  методист  Б.Тухлиев  былай  деп 

көрсетеді: «Таьлимнинг турли босқичларида боланинг еш хусусиятларигина 

эмас,  ҳатто  асарнинг  жанри,  услуби  ҳам  уни  ўқитиш,  ўрганишда  ўзига  ҳос 

ёндашувлар  бўлишини  тақоза  этади.  Дейликки,  кадимги  туркий  адабиётини 

ўрганиш  билан  Яссавий  ижодини  ўрганишда  бир  ҳил  усулни  қуллаб 

бўлмаганидай, Хорезмийнинг «Мухабботномаси» билан Эркин Вахидовнинг 

«Ўзбегимнинг» таҳлили хам бошқа-бошқа нуқтай назарларидан ўрганилиши 

керак. Рубойини ўрганиш учун танланган усулни романни ўрганишга татбиқ 

этиш  қанчалик  мумкин  бўлмаса,  мумтоз  адибларимизнинг  асарларини 

ўрганиш  билан  хорижий  мамлакатлар  адибларининг  асарларини  ўрганиш 

орасига  ҳам  тенглик  аломатини  қуйиш  шунчали  хатодир

2

».  Бұл  пікірдің 



                                                 

Бохижон Тухлиев. Адабиет уқитиш методикаси. Тошкент. 2006. 9 б. 



 

 

 



 

11 


 

 

əсіресе, қазақ əдебиетін, оның ішінде Абай шығармашылығын оқытуда əрбір 



мұғалімге жол-жоба болып отыруы шарт. 

Біздің мамандық жұмысымыз негізінен екі тараудан тұрады.  

Бірінші  тарау  көлемі  жағынан  шағындау  болып,  онда  5-8  сыныптар 

бағдарламасы  бойынша  оқулық-хрестоматияға  енгізілген    ақынның 

өлеңдерін  оқыту.  Бұл  бөлім  «Абай  шығармаларын  5-8  сыныптарда  оқытуда 

қолданылатын  əдіс-тəсілдер»  деп  аталып,  мұнда  оқытудағы  жаңаша  əдіс-

тəсілдер  туралы,  оларды  Абай  шығармаларын,  өзге  де  ақын-жазушылардың 

туындылдарын оқып үйренуде пайдалану  мəселесі қарастырылады.  

Бұл  жүйе  –  əдебиеттік  оқу  сабақтарында  жүзеге  асатын  болғандықтан, 

біз  Абай  өлеңдерінен,  туындыларынан  берілген  бірнеше  шығармаларды 

оқыту жайындағы пікірлеріміз ортаға салынады. 

Жұмысымыздың екінші  тарауы  –  «Абайдың  табиғат  лирикасын оқыту» 

деп аталып, бұл тарауда 5-8 сыныптардың бағдарламасы мен оқулықтарына 

енген Абай туындыларын əсіресе, табиғат туралы яғни пейзаждық өлеңдерін 

үйренудің  əдіс-тəсілдері  туралы  сөз  жүргізіледі.  Мұнда  автордың  өмірі, 

шығармасының  тақырыбы  мен  идеясы,  əдебиет  тарихындағы  орыны,  бұл 

шығарманы үйренудің мəні мен маңызы т.с.с. қамтылады.  

Сонымен  бір  қатарда,  жұмыстың  кіріспесіндегі  айтылып  көрсетілген-

мақсат  пен  міндеттер,тақырып  бойынша  зерттеулерге  шолу  жасап  өту, 

жұмыстың құрылысы т.с.с. өзге, мамандық ісіміздің қорытындысында жалпы 

мамандық  жұмысында  анықталған  мəселелер,  келген  тұжырымдарымыз 

санамалап берілді. 

Жұмыстың  соңында  қысқаша  библиография  яғни  пайдаланылған 

əдебиеттер тізімі көрсетілді. 



   

 

 



 

12 


 

 

 ТАРАУ 



АБАЙ  ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТƏРБИЕЛІК  ҮЛГІСІ   

1 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

  

Абай    Құнанбаев    шығармаларын    оқыту    мектепте    əдебиетті    оқыту  

принциптерімен  тығыз  байланысты. Абай  шығармалары  сөз  өнерінің  биік  

үлгісі  ретінде  əдебиетті  оқытудың  мақсат-мүддесіне  толық  жауап  береді. 

Мектепте    оқытылатын    пəндер    қатарында    əдебиеттің  де  пəн    ретіндегі  

оқытылу    мақсаты      оқушының    білім    алуына,    білік    дағдысын,    таным,  

түсінігін    қалыптастыруға,    тəрбиелуге    бағытталады.    Əдебиет    басқа    оқу  

пəндері    сияқты    осы    мақсат,    міндеттерді    арқалай    отырып,    басқа  

қырларымен  де  ерекшеленеді.  Ол –  əдебиеттің  қоғамдық  сана  тудырған  

көркем  өнердің  бір  саласы  ретіндегі  айырмашылығы.  Əдебиет – адамтану,  

əлемтану  ғылымы.   

Əдебиет    адам    табиғатының    алуан    сипаттарын,    сондай-ақ    өмірдің  

қат-қабат    құбылыстарын    сұрыптап    бере    отырып,    қоршаған    ортаны, 

болмысты    дұрыс    қабылдауға    жағдай    жасайды,    адамның    логикалық  

ойлауын    жетілдіріп,    сана-сезіміне    əсер    етеді.    Жинақталған    көркем  

образдар  арқылы  адамгершіліктің  биік  үлгісін  танытады. 

Көркем    əдебиетті    мектеп    қабырғасында    оқыту    көптеген    маңызды  

мəселелерге    баса    назар    аударуды    қажет    етеді.    Мектептерде    басқа  

пəндердің  қатарында  əдебиеттің  оқытылуында  да  білім  деңгейін  берілген  

материалдың  көлемімен  өлшеу,  тек  ақпарат  құралына  айналдыру  жағы  

жиі    аңғарылады.  Белгілі    бір    мəтінді,    өлеңді    оқытуда    оқушы    автор  

туралы  не  біледі,  шығарма  мазмұны  не  туралы  дегенмен  шектелушілік  

басым.   


 

13 


 

 

Ал оқушының  сол  мазмұнды  қабылдауы  қандай  болды,  қандай  əсер



-

 

күй    қалыптасты    немесе    оқушы    өз    тарапынан    шығарманың    ішкі  



мазмұнын  қабылдай  алды  ма,  сол  шығармаға  баға  беруге  талаптана  ала  

ма деген  мəселелер  көмескі  қала  береді.   

Оқушы    оқылатын    шығарманы    дайын    күйінде    басқа    авторлардың  

берген    бағасы,    түсіндіруі    арқылы    ұғынбай,    өздігінен    түсінетін,  

мұғалімнің    жүргізетін    жұмысы    барысында    талдай    алатын,    қорытынды  

жасай  алатын  дəрежеге  жеткізу,  оқушыға  шығармашылық  жағдай  жасау,  

еркіндік  беру  əдебиетті  оқытудағы  басты  міндет  болса  керек. 

Аталған    бағытта    жұмыс    істеу    үшін    əр    мұғалім    оқытудың  

педагогикалық,  психологиялық  негіздерін  жете  білуі,  теориялық  біліммен  

қаруланған,    тиімді    əдіс-тəсілдерді    орнымен    қолдана    алатын    дəрежеде  

болғаны    абзал.    Ол    үшін    Абай    шығармаларын    оқытуда    оқушы    мен  

мұғалімнің    іс-əрекеті    мақсатты    түрде    қалыптасқан    жүйеде  

ұйымдастырылуы    керек.    Осыған    орай,    Абай    шығармаларын    5-8  

сыныптарда  меңгертуге  арналған  модельді  ұсынуға  болады.   

Модель    мұғалімдердің    оқу-тəрбие    процесінде    Абай    шығармаларын  

қазақ    мектептерінің    орта    буынында    оқыту    үшін    нені    басшылыққа  

алатынын    жəне    оны    жүзеге    асыруда    қандай    негізге    қол    салатыны,  

қандай    əдіс-  тəсілдерді    қолдануға    болатынын,    одан    оқушының    қандай  

білім,    білік    дағдысын    қалыптастыруға    болатынын    көрсетеді.    Яғни  

мұғалімнің  жоспарлы  жұмыс  кешеніне  жол  нұсқайды. 

Абайдың   жыл  мезгіліне  арналған  өлеңдерінде жыл  мезгілдеріне  тəн  

белгілерді    суреттеп,    табиғат    көрінісін    елестете    отырып,    əлеуметтік  

жағдайды  көрсету,  соны  айқындау  ниеті  басым  жатыр.  Автордың  қай  

сөзінің  қатыңқы  да,  шытынап  шығуы,  қаһарлы  қысқа,  не  суық  күзге  

ызаланудан    гөрі    жыртық-тесік,    кем-кетік,    жұпыны    өмірге,    ондағы  

бейқамдыққа,  қырсыздыққа  ызалануы  көбірек  көрініп  тұрады.  Оған  қоса  



 

14 


 

 

ақынның    ызалануында    сол    жыртық-тесік,    жамау-жасқаумен    жүргендер  



мен  бүрсеңдеген  балаларға  жаны  ашу,  аяу  белгісі  де  байқалады.  

 Күз    туралы    көңілсіздеу    ой    мен    ақын    суреттеуіндегі    көрініс    көз  

алдыңа    екінші  бір  сиықсыз  көріністі  алып  келеді.  Ол – жыртық  киім,  

жамау-жасқаумен    жүрген    ауыл    əйелдері,    бəрінің    қабағы    жабырқаңқы, 

бүрсеңдеген  бала,  от  жақпаған,  суықтан  құты  қашқан  үй.   

Бұл    көрініс    біріншіден,    автордың    оларға    деген    аянышы    мен    жан  

ашуын  туғызып,  екіншіден,  одан туған  көңіл-күйдің  кейіске  айналғаны  

байқалады.    Берілген    эмпатиялық    əңгіме-сұхбат    арқылы    ақынның    осы  

көңіл-күйін  оқушыға  сезіндіру  мақсаты  көзделуі  керек.       

Олай  болса,  орта  буын  сыныптарда  Абай  шығармаларын  оқытуда  

басшылыққа    алар    бірден-бір  тиімді  əдіс-тəсіл  сабақты    эмпатиялық  

диалогқа  негіздей  құру. Бұл  тектес  əдіс-тəсілді  аталған  5-8  сыныптарға  

лайықтау да  негізсіз  емес.   

Өмірде  жай  суретші  аңғара  қоймайтын  сəл  нəрселерді  Абай  аңғарып  

көре    білген.    Сондықтан    оның    өлеңдері    –    шындық    бейнесі    болып  

шығады.    Абай    «Күз»    өлеңінде    жыл    мезгілінің    бір    кезеңі  –  табиғат  

көрінісін  суреттеуде  қазақ  халқының  бұрынғы  өміріне  тəн  адамдардың  

іс-əрекеті    мен    күнделікті    тұрмысында    бар  болмысты    екі-үш    сөз  

тіркестерімен  нақ  шындықтың  бетін  ашып  көрсетеді.  

 Мəселен,  «иін  илеу»,  «кемік  сүйек,  сорпа-су  тимеген  соң»,  «енесіне  

иіртіп  шуда  жібін»  сияқты  сөз  тіркестері  жай  ғана  сыртқы  көріністі  сөз  

еткенімен,  əр  қайсысында  көп  мағына   жатыр. 

Өмірде  не  бір  айтулы  оқиға,  қандай  болмасын  бір  қажеттілігімен  

өзіне  əлем  ынтасын  аударған  үлкен  істің  тындырылуы  немесе  қандай  да  

бір  үлкеннің  əуелі  бір  кішкентай  бір  болымсыздан,  тіпті  бір  елеусізден  

басталғанын    көптің    талай    рет    естіп,    білгені    бар.    Сол    сияқты,    өмірде  



 

15 


 

 

жай   ғана   бір    кішкентай   нəрсенің    телегей   теңіз   үлкен,   даңқы    əлемге  



əйгілі  ұлылық  туғызар  бастау  болатындығы  да  кездеседі.   

Кейде    тұтас    тұрған      үлкен    мəтіннің    өзіне    жаңаша    көзқарас  

жасағанда,    оның    сəл    ғана    бір    бөлігі    үлкен    бір    тұтастықтың    тиегі  

екендігін    байқатады.    Абайдың    ерекшелігі    осы    айтылғандай    оңай  

аңғарыла    бермейтінді    аңғарып    көре    алатындығында    жəне    бір    үлкен  

тұтастықты  тиек  етіп  көрсете  алатындығында. 

Өз  заманының  суретшісі,  ақын  Абай   сол  кездегі  халық  тағдырына,  

олардың    ауыр    халіне    қабырғасы    қайысады.    Елдің    жүдеу    тұрмысы,  

əлеуметтік    жағдайы    ақын    шығармаларында    ерекше    көңіл-күйімен  

суреттеледі. 

Абай  жыл  мезгілдерін  суреттеген  өлеңдерінде  обьектив  жағдай  мен  

субьектив    жағдайды    тұтастыра    айтып,    ондағы    құбылысты,    əлеуметтік  

жəйіт    пен    дүниенің,    табиғат    болмысының    көрінісін    қосып,    біріктіре  

суреттейді.  Сол  арқылы  өз  жан  дүниесінің   тебіренісі  мен  толғанысын  

көрсетеді.  Осындай  ақын  толғанысын  сезіндіруде  оқушы  мен  мұғалімнің  

қатар    əрекет    етуі  –  эмпатикалық    диалог    құруы    шығарма    құндылығын  

асыра  түседі. 

Оқушы  əрекетінсіз  дайын  күйінде  алынған  білім  өміршең  болмайды.  

Сондықтан    оқушының    болмысты    тұтас    күйінде    қабылдауына    əрі    осы  

білімге  оқушы  бірте-бірте  өз  ұғым-түсініктерімен  жетуіне  бұндай  əдіс- 

тəсіл жағымды  жағдай  жасайды. 

Эмпатикалық    диалог    жүргізуде    «Өлеңді    оқып    шыққанда    қандай  

көңіл-күй    пайда    болды?»    немесе    «Абай    заманға    неліктен    ренжиді?  

Ренжуі    неден    туып    тұр?»  –  деген    сияқты    сұрақтар    арқылы    Абай  

өлеңдеріндегі    шытыңқы    қабақ,    ақын    жанына    жайсыз    тиіп    тұрған    

жағымсыздықты  бірден ақ  көрсетіп,  байқатуға  болады.  Олай  болса,  оны  

сыдыртып  оқып  шығып,  оқулықтағы  адам  жанын  жанап  өтпейтін  құрғақ  


 

16 


 

 

сұрақтармен,    көңілге    қонымсыз    тапсырмалармен    («Күз    болғанда»  



тақырыбына    шығарма    жазып    келіңдер,    Өлеңді    жаттап    алыңдар  т.с.с)  

шектелу    не    жүрекке,    не    миға    ықпал    етпесі    анық.    Не    нəрсенің  

қабылдауында  болсын,  сезім  органдарына  тікелей  əсер  еткенде  ғана  іске  

асатындығын  қайталап  айтқымыз  келеді.  Сезім  органдары – көз,  құлақ,  

иіс  органы,  сондай-ақ,   қолмен,  саусақпен  де  сыртқы  құбылысты,  затты 

сол нақты тұрқымен  қабылдайды.  

 Осы    түсінікпен    қоса    қабылдаудың    ерекшеліктері    туралы    да  

психологтар  былай  түсіндіреді: «Қабылдайтын  көз  емес,  құлақ  емес,  адам  

ғой.  Ол  бейтаныс  бөлмеге  кірді  дейік,  ол  көптеген  ірілі-уақты  заттарды  

көрді.    Тіпті,  самаладай  жарық  бөлмеде  біраз  уақыт  болғанның  өзінде  адам 

ондағы  заттардың  бəрін  бірдей  қабылдамайды.    Біреу  бұрышта  тұрған  

ерекше рояльді, ноталар  тұрған  этажерканы  бірден  көргенімен қабырғада  

ілулі  тұрған  сағаттар  мен  картаны  байқамайды.  Енді біреу қабырғадағы  

картаны  аңғарғанымен,  одан  гөрі  ірілеу  заттарды  мүлде  байқамайды.  

Қабылдаудың  мұндай  талғамдылығы  бұрын  жинақтаған  тəжірибесіне,  оның  

бағыттылығына, мүдделеріне, əзірлігіне  байланысты  болады.  

Адамның    бұл    «бағыты»    оның    белсенділігінің    бағытын    да  

айқындайды.    Ол    айналасындағының    бəрін    байқамайды,    бірақ    өзінің  

тəжірибесі мен  мүдделеріне  сай  «көз  тігеді»,  «құлақ  түреді» –  деп  атап  

көрсеткен  алдыңғы   қатарлы  психолог - педагог  А.А Любинская.  

Абай    көптеген    ғылым    салаларынан    хабардар    болғанын,    олардың  

көбінің    тереңіне    үңіліп,    асыл    маржанын    тергенін,    өмірден    көрген  - 

білгенімен    сабақтастыра  өлеңге  айналдырғанын    шығармалары    арқылы  

айқын  аңғартады.  Бұл  мəселе  туралы  Абай: 

 

Базарға   қарап  тұрсам,  əркім  барар 



Іздегені  не  болса,  сол  табылар… 

Əркімнің  өз  іздеген  нəрсесі  бар, 



 

17 


 

 

                                     Сомалап  ақшасына  сонан алар. 



   Біреу  ұқпас,  бұл  сөзді  біреу  ұғар, 

 

                              Бағасын    пайым    қылмай    аң-таң    қалар,  –  дейді.  



Мұғалім    əрбір    оқытқан    жаңа    материалды        оқушыға    қабылдау,  

меңгертуде,    біріншіден    дидактикалық    принципті    сақтауы    керек    болса,  

екіншіден,    оның    бұрыннан    бар    тəжірибесін    пайдалану    керек    дегенді  

үнемі  есте  тұту  қажет.   

 

Оның    үстіне    «қабылдау    баланың    шындық    болмысты    одан    əрі  



тануының  қуатты  құралы  болуы    үшін  оның  дамуы  жалғасуға  тиіс».  

Оның    қуатты    құрал    болуы    үшін    қажетті    жағдай    жасау  –  мұғалімнің  

міндеті  болып  табылады. 

Аталған    əдіс-тəсіл    мектеп    бағдарламасындағы    Абайдың    табиғат  

лирикасынан    басқа    шығармаларына    да    қатаң    қолданылады.    «Құлақтан  

кіріп  бойды  алар»,  «Шоқпардай  кекілі  бар,  қамыс  құлақ»,  «Қансонарда  

бүркітші  шығады  аңға»  сияқты  шығармалары  арқылы  оқушы  бойында  

əсемдікке    құштарлық,    көркемдік    талғам    қалыптастыру    мүмкіндігін  

арттыра  түседі. 

Баланың  оқылған  материалды  логикалық  ой  жүйесін  сақтай  отырып, 

оқуға    ұмтылысы    оның    жетілу    барысына    тиімді.    Сондықтан    мұғалім  

барлық    уақытта    баланың    логикалық    ой-жүйесін    ұғуға    жетектеп,    əдейі  

үйретуі  тиіс.   

 

Оқығанынан  ештеңе  қалдырмай,  түгелдей  жаттап  алу,  немесе  қандай  



болмасын    оқыған    мазмұнын    айтып    беру    көптеген    мұғалім    тарапынан  

өздерін    қанағаттандыратын    талап    деп    есептейді.    Бұл  –  баланың    тілін  

дамытуға,    қандай    бір    ойды    өз    сөзімен    айтуға    үлкен    залал    келтіреді.  

Осындай    талаптың    етек    жаюынан  (əрине,    бұл    айтып    отырғанымыз  

себептің  біреуі)  сауатты  əдеби  тілмен  сөйлеу  үнемі  кездесе  бермейді.  


 

18 


 

 

Жаттанды  сөз  бала  бойына  жұқпай,  оның  тіл  байлығына  сіңбей  қала  



береді. 

Бүгінде    əрбір    жеке    ғылым    саласының    екінші    бір    ғылыммен  

байланыстылығы  артып  отырған  тұста  мектепте  жүргізілетін  əрбір  оқу  

пəнінің    мазмұны    мен    құрылысындағы    кірігіп    кеткен    (интеграциялық) 

байланыстардың  маңызы  өте  зор.  Ол  дəл  бүгін  ерекше  мəнге  ие  болып  

отыр.    

Пəнаралық    байланыстың    іске    асырылуында    белгілі    бір    мақсат  

көзделетіні    анық.    Мысалы    гуманитарлық    циклге    жататын    пəндерден  

білім  беруде  оқушыларға  идеялық-адамгершілік  жəне  эстетикалық  тəрбие  

беру    бағыты    көзделеді;    олардың    барлығының    ортақ    обьектісі  –  адам,  

оның  іс-əрекеті  мен  қоғамдағы  қызметі;  яғни  оқушылар  өздері  оқитын  

гуманитарлық  пəндердің  мазмұны  арқылы  адамдардың  іс-əрекеті,  қызметі  

мен  мінез-құлқы,  дүниетанымы,  тілі,  дінімен  танысады.   

Олардың  көркем  шығармашылығы,  өнерпаздығы  туралы  біліп,  оны  

зерттеуге    ұмтылады.    Мұғалім    осындай    пəнаралық    байланыс    арқылы  

олардың    бəріне    бірдей    ортақ    нəрсенің    не    екенін    оқушы    санасына  

жеткізуге    тиіс.    Оған    қоса,    жалпы    ғылымның    мазмұны    мен    əдісіндегі  

ерекшелік    əрбір    оқылатын    пəнде    негіз    болып    саналатынын    білдіру  

керек. 

Пəнаралық    байланыста    бір    пəннің    мазмұны    екінші    пəнмен  



байланысты    екені    жəне    оның    қалай    байланысып    тұрғаны    туралы  

айтылады.    Ал    интеграциялық    байланыс    өтіліп    отырған    пəн    бойынша  

белгілі  жүйе  құрып,  сол  жүйенің  құрамындағы  пəндердің   мүлде  кірігіп  

кеткен  тұтастықтағы  көрінісі.  

 Мəселен,    Абайдың    «Күз»,    «Қыс»    сияқты    өлеңдерін    оқығанда,    

бастауыш    сыныптардағыдай    жыл    мезгілдерінің    əр    түрлі    белгілерін,  

табиғат  көріністерін  айту  үстірт  түсінік  тудырмаса  керек.  Абайдың  өзі  


 

19 


 

 

табиғат  көрінісі  жəне  жер  бетіндегі  тіршілік  атаулының  (адам, өсімдік,  



оның  əлеуметтік  халі т.б)  бəрін  де  тұтастық  қалпында  сипаттап  тұр.  Ол  

тұтастықты  даралап  ыдыратқанда  əрбір   жеке  ғылым  саласының  үлесінен  

(өсімдіктану,    жаратылыстану,    тəнтану,    əлеуметтану,    саясаттану,  

география,  тарих,  сурет  т.б.)  екені  байқалады.  

Сондықтан  кейбір  материалдың  мазмұнындағы  бірден  көзге  түсетін    

бөлікті    екінші    пəннің    үлесіндегі    жеңіл    бір    ұғым,    мазмұнмен  

байланыстырып,  интеграциялық  сабақ  өткіздім  деу  қисынсыздау  болады.  

Бұл  түрдегі   байланыстың  іске  асырылуы  мұғалімнен  үлкен  міндет  пен  

жауапкершілік,  сабаққа  мүлтіксіз  дайындықпен  келуді  талап  етеді.   

Мектепте  оқылатын  оқу  пəндеріндегі  бай  мазмұнмен  оның  күрделі  

құрылысы    оқу    ісінің    аса    жауапты,    қат-қабат    қиын    екенін    көрсетеді.  

Сондықтан    да    мұғалімнің    мамандық    дайындығының    жан-жақты,    биік  

дəрежелі  болуы  өте  қажет.   

Абай    шығармаларының    табиғаты    кешегіні    айта    отырып,    бүгінгі  

күннің   барысына  жөн    сілтейді.    Кешегі    айтылған   Абай    сөзі     бүгін   өз  

құнын    жоғалтпақ    түгіл,  ол    құндылық    пен    оған    деген    мұқтаждықты   

еселеп  арттырғандай  болады.  Сондықтан  да  бұл  жердегі  интеграциялық  

байланыс  мұғалімнің  білімдік-əдістемелік  дайындығын  қалайды.  

 Абай 

өлеңдерінің 



терең 

мазмұнына 

бойлау 

үшін 


сабақты  

интеграциялық байланыста жүргізу бірден-бір  тиімді  əдіс болып табылады.   

Мəселен,  «Интернатта  оқып  жүр»  өлеңін  оқытқанда  оқушылардың   5 

сыныпта  оқыған  «Интернат  наны»  (Ш. Мұртаза)  мəтінімен  байланыстыру  

арқылы  кең  ұғым  беруге  болады.  Осы  тұста  тарихи  жағдай  ықпалын  да  

сөз    ету    керек.  Əсіресе,    Абай    өлеңдерін    оқытқанда,        тарихи    жағдайға  

соқпай  өтуге  болмайды.   

Ақын  өлеңдері  өз  заманының   шындығын  бейнелейді.  Оны  жалаң  

күйде  бүгінгі  ұғым,  түсінікпен  айту  өлеңнің  ішкі  мазмұнын  жоғалтады.  


 

20 


 

 

«Интерната    оқып    жүр»    өлеңіндегі    «Ойында    жоқ    олардың    шариғатқа  



шаласы»»  –    деген    жолдар    Абай    заманындағы    ел    арасының  

бүліншілігінен      хабар    береді.    Сол    тұстағы    білім    алудағы    тар    ұғым,  

түсініктің  қалыптасқанын  аңғартады.  

Оқудағы    мақсат    арыз,    шағым    жаздыру,    сот    ісінде    бедел    көтеру,  

біреуден  есе  қайтару  дегендерге  саяды.  Мұның  өзі  отаршылдық  алып  

келген    саясат    салдарынан    қазақ    елінің    ішкі    жағдайының    өзгеруін  

көрсететінін  ашып  айту  керек.   

Абай  білім  алудың  мақсаты  бұлардан  əлдеқайда  жоғары  екендігін  

айтатынын  ұғындыра  отырып,  əңгімені  бүгінгі  жағдайға  бұрған  орынды.  

«Нан  таппаймыз  демейді, 

  Бүлінсе  елдің  арасы» –  деген   сөз  бүгінгі    қоғам  құрылысы  бір  

түрден  екінші  түрге  ауысып,  жер  жүзінде  идеялық  түсініктерге  өзгеріс  

еніп    жатқанда    халық    көріп    отырған    қиындықты    жеңу    жолы  –  ел  

арасының  бірлігі  деген  ұғымды  биіктету  жəне  ел  бірлігі  деген  түпкі  тек    

сонау  түркі  қағанаты  болып  құрылғаннан  бері  келе  жатқан    мызғымас  

тұрақты  ұғым  екендігін    ұрпақ  көзқарасы  мен  дүниетанымына  негіз  етіп  

қолдану    керек.    Ол    үшін    өлеңнің    негізгі    ой-түйіні    ретінде    көрінетін  

тұсын  анықтап,  ол  бойынша  түрлі-түрлі  жұмыстар  жүргізу  қажет.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет