Өзбекстан Республикасы Жоғарғы жəне Орта арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6754
1   2   3   4   5   6   7   8

«Жанталас» романын қосуға болады. Роман автордың қазақ халқын XV-XІX 
ғасырлар  арасындағы  тарихи  өңiрдiң  шындығына  арналған  трилогиясының 
бiр  кiтабы.  Құрылыстық,  оқиғалық  кезегi  жағынан  алғанда  роман  «Алмас 
қылыш» пен «Қаһардың» аралығынан орын алады. Кейбiр қаһармандары да 
алғашқы романмен жалғастық байқатады. Сюжеттiк, композициялық бiтiмiне 
қарағанда «Жанталас», «Қаһардан» гөрi «Алмас қылышқа» жақын. Мұнда да 
аңыз,  шежiре,  жазба  тарих  əңгiмесi  əлеуметтiк,  психологиялық  талдаумен 
ұштасып жатады. Аталған екi кiтапта да ауыз əдебиетiнiң, эпостық бейнелеу 
тəсiлдерi  күрделi  орын  иелейдi,  айтушының  баяндаушының  қызметi  ерекше 
күштi.  Бiрақ  бұндай  сырт  ұқсастықтармен  қатар  бұларда  мықты 
айырмашылықтар  да  кездеседi.  Бiз  ендi «Жанталастың»  осындай  дара 
келбетiне тоқталуымыз керек. Романның өзiндiк идеялық, көркемдiк ажарын 
анықтауға  кiрiспестен  бұрын  мұндағы  оқиғалық  жүйелер  құрамын  қысқаша 
мазмұндап өтудiң қажеттiгi бар.  
Романның бiрiншi бөлiмiнде Жоңғар елiнiң жаушылық тарихынан, қазақ 
жерiне  шабуылды  қалай  əзiрлегенiнен,  ұрымтал  тұсты  пайдаланып,  жойқын 
соғыс  бастағандығынан  шежiре  шертiлiп,  қазақ  халқының  ауыр  қасiретке 
душар болғаны, бiрте-бiрте ес жиып, күш қосып, Бұланты өзенi мен Алакөл 
бойында алғашқы екi жеңiске жеткенi айтылады. «Жанталаста» автор қытай 

 46
боғдыхандары  ұйымдастырған  жоңғар  шапқыншылығы,  ал  кейнiнен 
«айдаһардың» - қыңқ етпей өлуге бар қытай жаяу əскерiнiң тiкелей шабуылы 
тек  үш  жүз  халқы  емес,  өзара  тiстесiп  келген  хандардың  бiрiгуiне,  қазақ 
мемлекетiнiң  тарихи-прогрессив  жолмен  Россияға  қосылуына  себеп 
болғанын сенiмдi түрде баяндайды. Роман публицистикалық шегiнiстерге де 
толы.  Мысалы: «Бiрақ  қазақ  даласы  мен  Орта  Азияға  Россияның  келуi – 
отаршылдық  саясатының  толып  жатқан  қиянатына  қарамай – бұл  елдердiң 
құрып кетпей, тарих бетiнде қалуына көмек бердi. Бұл қоғамдық əрекет тарих 
жүзiнде  өзiнiң  маңызды  орнын  алды».-  дейдi  автор.  Немесе: «Бiр  мың  жетi  
жүз  қырық  бесiншi  жылы  Қалдан  Церен  өлдi.Ұлы  қонтайшы  өлiсiмен  оның 
балалары  арасында  таққа  таласу  басталды.  Бұл  таласта  жеңiп,  бiр  мың  жетi 
жүз қырық жетiншi жылы таққа Қалдан Цереннiң ортаншы ұлы, нағашылары 
– Чорос ақ сүйектерiне арқа сүйеген – Церен Доржы сайланды». 
Қазақтарда  Шыңғыс  ханның  төл  ұрпағы,  халық  «қанды  Абылай»  атап 
кеткен  Абылай  атты  хан  болды.  Оның  Əбiлмансұр  атты  немересi 
жоңғарлармен  соғыста  қазақ  əскерлерiн  «Абылайлап»  жауға  бастады,  осы 
оқиғадан  кейiн  жас  жiгiтке  қанқұмар  атасының  есiмi  берiлдi.  Қанiшердiң 
есiмiн  алған  Абылай  саналы  өмiрiн  өзiн  ажалдан  құтқарған  Ораз  құлды 
өлтiруден бастады… 
Абылай  романда  тарихи  шындық  аясында  суреттелген.  Орта  жүздiң 
ханы  болысымен,  үш  жүздi  билеудi  көксеген  қатыгез  сұлтан,  тəжiрибелi 
қолбасшы,  алыстан  болжайтын  айлакер    саясатшы  ретiнде    көрсетiледi. 
Атақты  сұлтанның  айлалы  табиғатын  автор  дəл  бере  алған. «Хун  Ли  қанша 
қаһарын  төккенмен  де,  Абылай  Россиядан  қол  үзбедi.  Қол  үзудiң  орнына, 
қытай айдаһарын соңына ертiп, жұмсақ жастықтың үстiнде қанжар тырнақты 
аяқтарын  қойып,  мүлги  қалған  айбарлы  арыстанға  ұқсас  орыс  бекiнiстерiне 
жақындата бердi.». 
Ақылды,  айлалы,  көреген  Абылай  хан  арманы  мен  мақсаты  жолынан 
бiрсүйем  кейiн  шегiнбесе  де,  даланы  сырт  жаулардан  қорғап,  үш  жүздiң 

 47
билiгiне  ұйытқы  болып,  халықты  алып  Россияға  қосылуға  бастап,  көп 
жағдайда прогрессив роль атқарды. 
Мiне,  осынау  ұлы  iсте  ханның  үкiмi  мен  жыраудың  үнi  бiр  жерден 
шықты.  Алайда, I.Есенберлин  Бұхар  бейнесiнде  жалпы  жыраулардың 
келбетiн  жинақтай  көрсетiп,  оың  ханды  халықтан  алшақтағаны  үшiн, 
қатыгездiгi  үшiн  батыл  айыптаған  жырларынан,  əңгiмелерiнен  үзiндiлер 
келтiрiп отырады. 
Есенберлин  романындағы  жүз  жасаған  Бұхар  жыраудың  бiздiң 
заманымыздағы  жырау-жыршылармен  үндес  болуына  да  көңiл  бөлiнген. 
Жиенбет,Олжабай,  Тəтiқара,  Көтеш  сияқты  басқа  да  ақын,  жыраулар 
образдары жарқын бояумен, жағымды бейнеде берiледi. 
I.Есенберлиннiң  нағыз  творчестволық  табысы  деп  романдағы  жанымен 
де,тəнiмен  де  алып,  Отанына  шексiз  берiлген,  тегiмен  емес, iсiмен  қасиеттi 
халық  ұлдары – ағайынды  батырлар  Қияқ  пен  Тұяқ  бейнесiн  айтар  едiк. 
Оларды суреттегенде автор əсерлi бояуын да, таңқалысын да. махаббатын да 
аямайды.  Жоңғар  –қытай  шабуылы  тұсында  олардың  немересi  батыр-ұста 
Науан  да  ата  жолымен  ерлiк  үлгiсiн  көрсетiп,  соғысып  жатқан  қала  қамалы 
iргесiнде  қаза  табады.  Қарапайым  халықтың  сүйiктiсi – Науан  бейнесiнен 
аңызға  тəн  ерекше  леп  еседi.  Жоңғарлар  Сауранды  қоршап,  шабуылға 
шыққан  кез.  Қытайлар  берген  «қара  аждаһа»  шойын  тастарды  атқылап 
жатыр. Қолбасшы батыр Елшiбек бұйрық бередi: 
- Бəрiң де қорғанға. 
Мұнараға  алғаш  шығатын
 – 
бұлшық  еттерi  бұлтылдап,  көздерi  жайнап 
мейiрiм  төккен  ұста.  Оның  басынан  бiрiншi,  екiншi  тас  асып  түсiп  жатыр, 
бiрақ  ержүрек  Науан  өзi  туралы  ойламайды.  Қорғанға  шығып  жара  жатқан 
қарт жырауды көрiп: 
-Жырау,  сақтан,-  деп  айғай  салады…  Шабуыл  тойтарылды,  бiрақ 
Науанның  кеудесiнде  жоңғар  жебесiнiң  сынығы  қалды.  Бұхар  жырау 
келгенде Науан соңғы сөздерiн əрең сыбырлайды: 

 48
-  Жырауым…  Сөйтiп  əңгiмеңiздi  аяқтамадыңыз…  Менiң  бабаларым 
туралы…Қияқ… 
Мұндай  қанды  оқиғалар  «Жанталаста»  ондап  суреттеледi.  Романдағы 
көптеген  кейiпкерлер iшiнен аяқталған тұлға ретiнде Мəуке хан,  Əбiлқайыр 
хан,  Орынбор  губернаторы  Неплюев,  орыс  генералы  Тевкелев,  тiлмаш 
Құдабай,  Нұралы  сұлтан,  Жəнiбек  тархан  т.б.  адамдардың  бейнесi  есте 
қалады. 
Əйелдер бейнесi романда аз көрiнедi. Дегенмен, автор əйелдер бейнесiн 
де  жақсы  суреттей  алған.  Романшының  назары  негiзiнен  белгiлi  ақсүйек 
əйелдерге  көбiрек  түседi.  Мысалы – Абылайдың  əйелi  Құндыз  (Сұршақыз), 
қазақ  сұлтанының  зайыбы,  жоңғар  қызы – Қарақыз,  ханның  қызы – Жанат, 
Нұрбике  ханыша,  ханның  апасы  Сақыпжамал,  жоңғарлық  Қорен  батырдың 
қызы – Құралай… 
«Жанталастағы»  жапсырма  новеллалар  сюжеттi  дамытпағанымен, 
шығарма архитектоникасын  бұзбай уақыт рухын, дəуiр тынысын жеткiзедi. 
Ол – ағайынды  жастар  қатар  сүйген  тұтқындағы  сұлу  жоңғар  қызы  туралы 
новелла. Қызды олжаға түсiрген ағасы Баян Құралайдың Ноянды ұнатқанын 
бiлiп, iнiсiне  жол  бередi.  Қос  ғашық  жоңғар  жерiне  қашқанда,  батыр  Баян 
қуып  жетiп,  екеуiне  де  ажал  жебесiн  қадайды.  Қайғылы  қазадан  соң  өзi  де 
өлiм тiлеп, ойына жетiп тынады. 
Екiншi  жапсырма  новелла – қоңырат  руының  қызы – Сұршақыз  бен 
Абылай  туралы.  Бағынғысы  келмеген  қоңыраттарды  хан  жазалап,  таңдаған 
қызын  бiр түнге құшағына алады. Түнiмен жылап шыққан қыз таң ата ханша 
болуға  бекiнедi  де.  Ұрыстан  қайтқан  Абылайдың  ақ  арғымағының  жүгенiн 
өзi  ұстайды.  Ханды  да,  қарындасын  да  өлтiрмек  болған  қыздың  ағасы 
Сұршақызға оғын тигiзсе де, Абылайды сақтап қалады. 
Сонымен  қатар  Бұқар  жыраудың  əңгiмесi  арқылы  өткен  тарихтың-
Хақназар  хан  тұсындағы  ақуал  мен  қазақ  жұртының  Бұқар  ханы  Абдолла 
əскерiнен  Сауран  қаласын  қалай  сақтап  қалған  хикаясы  қозғалады.  Ал 
шығарманың  екiншi  бөлiмi  Əбiлқайыр,  Бөгенбай  бастаған  қазақ  қолының 

 49
Ордабасы  деген  жерде  жоңғарларға  күйрете  соққы  бергенiне,  Бұқардың 
Тəуекел  хан  заманынан  айтқан  əңгiмесiне,  Əбiлқайырдың  орыс 
патшалығының қол астына кiрiп, əрi елдiң тыныштығын сақтау, əрi өзi бүкiл 
қазаққа  хан  болмақ  əрекетiне,  ақырында  ол  арманына  толық  жете  алмай, 
патша  əкiмдерiнiң  ойыншығына  айналғанына,  саяси  аренаға  оның  ұлы 
Нұралының  шыққанына,  Барақ  сынды  бақталас  сұлтанның  Əбiлқайырды 
өлтiргенiне,  қысқасы,  жоңғар  шабуылының  нəтижесi  қазақ  қауымын  қандай 
да  бiр  бетбұрысқа  итермелегенiн  көрсетуге  арналған.  Романның  соңғы, 
үшiншi  бөлегiнде  Абылайдың  жəне  оның  батырларының  жоңғар  мен  Қоқан 
билеушiлерiнiң  қазақ  жерiн  азат  ету  жолындағы  ауыр,  даңқты  күрестерi 
Абылайдың  дербес  қазақ  хандығын  бүтiн,  тəуелсiз  етiп  ұстап  тұруға 
бағытталған  iстерi  тiзiлген.  Шығарма  ақыры  Абылайдың  дүниеден  қайтар 
алдындағы Бұқар жыраумен диалогы берiлумен бiтедi. Сонымен «Жанталас» 
романында қазақ халқының XVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы 
азаттық  күресiнiң  шешушi  кезеңдерi,  сол  күрестiң  негiзгi  күштерi  қазақ 
елiнiң саяси əлеуметтiк ақуалы, iшкi қайшылықтар, сыртқы жаулар, əсiресе, 
Қытай  боғдыхандарының  жыртқыштық,  арандатушылық  саясаты,  ар,  намыс 
өмiр  үшiн  кескiлескен  ұрыстарда  қазақ  халқының  өз  тəуелсiздiгiн  қорғауға 
қажыр,  қайрат  таба  бiлгендiгi,  осы  оқиғалар  тұсында  қол  бастайтын 
қаһармандар  өсiп  жетiлiп  шыққандығы  туралы  көп  мағлұмат  келтiрiлген. 
Оның  үстiне  Бұқар  жыраудың  төрт  дүркiн  əңгiмесi  арқылы  Хақназар, 
Тəуекел,  Есiм  хандар  кезiндегi  қазақ  елiнiң  ақуалы,  үздiксiз,  жанталас 
соғыстар,  сыртқы  жаулардың  талассыз  шабуылы,  халықтың  дұшпандарын 
жеңiп  отыратындығы  туралы  қыруар  дерек  берiлген.  Сонда  «Жанталас» 
романы тек XVIII ғасыр оқиғаларымен шегерiлмей, одан арғы екi ғасырдың 
да  басты  оқиғаларын  қамтыған  болып  шығады.  Мiне,  осындай  үш  ғасырға 
жуық  кезеңнiң  күрделi iстерiн  бiр  кiтап  көлемiнде  көрсету  дегеннiң 
қаншалық күрделi мiндет екенiн аңғару қиын емес. Романның өзiндiк жанры 
мен композициясын сөз еткенде есте болар жайдың бiрi осы. 

 50
«Жанталас»  романында  көп  кейiпкердiң  аты  аталады.  Солардың  негiзгi 
сюжеттiк желi үстiнде көрiнетiнi санаулы ғана. Ал басқалары түрлi оқиғалық 
баяндаулар  тұсында  қатарға  қосылып,  одан  кейiн  қара  үзiп  қалып  қойып 
отырады.  Əдеттегi,  əлеуметтiк-психологиялық  роман  шартымен  өлшесек, 
мұнда  көркем  тұлғаның  тарихы,  қалыптасу  жолы  дейтiндей  жүйелi 
суреттеулер,  мiнездердi  бiрте-бiрте  ашып  отыратын  сюжеттiк  жүрiстер  жиi 
кездесе бермейдi. Бұқар жырау аузымен айтылған əңгiмелерде ғана Хақназар, 
Тəуекел,  Есiм  хандар  тарихы  бiршама  толық  айтылады.  Ал  өзi 
қаһармандардан  молырақ,  нақтырақ  көрiнетiндерi  жоңғардың  алғашқы 
соққысынан  Түркiстанды  қорғауды  басқарған  Елшiбек,  жаудың  арам  ойын 
iске асыртпау үшiн өз басын қауiп-қатерге байлап, асқар ерлiк көрсеткен қыз 
Гауһар, белгiлi баһадырлар:` Қияқ, Бөгенбай, Баян, хан сұлтандар Əбiлқайыр, 
Абылай,  Барақ  т.б.  Бұл  тұлғалардың  iс-əрекетi,  мiнез-құлқы,  кейде  автор, 
кейде  жырау  атынан  айтылып,  едəуiр  қомақты  болып  көрiнедi.  Аталған 
қаһармандардың мiнезiндегi қат-қабат та сенiмдi аңғартылған. Бұған бiрнеше 
мысал  келтiрейiк.  Қазақ  қосындарының  қолбасшысы  боп  сайланып, 
жоңғарларға  қарсы  алғашқы  екi-үш  жеңiстi  шайқасқа  басшылық  еткен 
Əбiлқайыр  ханды  алып  көрейiк.  Оның  басындағы  бiрталай  ұнамды  қасиет-
ақылдылық,  əскери  дарындылық,  табандылық,  айлакерлiк  жан-жақты  елес 
бередi.  Əбiлқайыр  қарсы  келгендермен  күресе  бiлетiн,  ерлiктi  де,  ездiктi  де 
танитын  алғыр  адам  сыпатында  суреттеледi.  Əбiлқайырдың  дəл  осындай 
түрде көрiнуi обьективтiк шындыққа да, оның мiнез ерекшелiгiне де сəйкес. 
Талай  ұсақ  халықты  билеп-төстеп,  əбден  əккiленген  патшалық  ұлығына 
Əбiлқайырдың  тордағы  құстай  кiрiптарлығы  айдан  анық  едi.  Губернатор 
Неплюев  Əбiлқайырдың  əлгi  үш  тiлегiнiң  үшеуiн  де  орындамайтын  сыңай 
бiлдiредi.  Сонымен  қатар,  ол  ендiгi  жерде  Əбiлқайырға  қарсы  қояр  күштi 
қазақ  арасынан  iздей  бастайды.  Неплюев  қазақ  iшiндегi  жағдайды  Құдабай 
секiлдi  тыңшысы  арқылы  алақандағыдай  бiлiп  алған.  Оған  басқалар  былай 
тұрсын,  əкесiнiң  жасырын  iстерiн  жария  етiп  айтып,  Əбiлқайырдың  өз  ұлы 
Нұралы  да  тыңшылық  қызмет  атқарады.  Əлбетте  патшалық  Əбiлқайырдың 

 51
қазақ  атынан  Россияға  бағынамыз  деп  берген  антын,  еткен  еңбегiн  мүлде 
ұмытпайды. Тек оның ендiгi жерде керексiз, қызықсыз болып қалғанын ғана 
ұқтырады. Əбiлқайыр мiнезiнiң логикасы өте нəзiк нанымды ашылған деймiз. 
Шығармада  кейiпкердiң  характер  ашылар  ситуациясын,  тоқсан  ауыз  сөздiң 
тобықтай  түйiнiн  табу  деп  осындайды  айтсақ  керек.  Əбiлқайырдың  сырт 
көзден  жасырулы  түпкi  сыры  мен  ақиқат  пенделiк  келбетi  оның  Россияға 
қарағаннан кейiнгi кезеңдегi iстерiнен табиғи елес берген. 
Романда  неғұрлым  айқын  толық  көрiнген  тұлғаның  бiрi-Абылай. 
Жазушы  оның  мiнез  қырларын  аша  алатын  ұрымтал  мезеттердi 
байланыстыра талғап ала бiлген. Бiз Абылайды алғаш рет өзiнiң шын аты мен 
тегiн жасырып, Төле бидiң түйесiн бағып жүрген кезiнде көремiз. Оның өзiн 
ажалдан сақтап Хиуадан алып шыққан адамы-Ораз құлды «сырымды жария 
еттi»  деп  өлтiрiп  жiбергенi  мiнезiнiң  аса  қатал  қырын  қанықтырады.  Бұдан 
кейiн  Абылайдың  ақылы  мен  алғырлығын  сипаттайтын  бiрталай  асу- 
тосулардың куəсi боламыз. Оның кектенiп келе жатқан Арғын қолына қарсы 
келмей,  тасалап  жылысып  кетуi,  Ертiс  тұсынан  қазақты  шаппақ  болған 
жоңғарды  жеңудiң  жолын  iздестiруi,  Сыр  бойындағы  қалаларды  Қоқан 
үстемдiгiнен  азат  етуi,  қалың  қытай  əскерiн  iлгерi  жiбермеу  жолындағы 
тапқырлықтары  кесек  iстер.  Осы  оқиғалар  кезiнде  оның  бейнесi  жан-жақты 
мүсiнделген.  
Абылайдың есiмi қазақ халқын жоңғар басқыншылығынан азат етушiлер 
қатарында  эпикалық  биiкке  көтерiлгенi  тарихтан  белгiлi.  Халықтың 
ұғымында  оның  жасаған  қаталдықтары  мен  зорлықтары  ұмыт  болып,  ел 
қорғау  жөнiндегi  ересен  iстерi  ғана  сақталған.  Абылай  бастаған  жорықтар 
жайында  бiрталай  тарихи  жырлар  бар.  Ауызша  тараған  ақыз-əңгiмелер  де 
мол.  Мұның  бəрi  халықтың  сыртқы  жауларға  қарсы  күрестi  ұйымдастырған 
ерлерге  деген  көркемдiк  естелiгi  болатын. «Жанталас»  романында  Абылай 
жайындағы  шежiре,  аңыз  материалдары  кең  келтiрiлген.  Бiрақ  ауыз 
əдебиетiндегi Абылай тұлғасы романда анағұрлым шыншыл, нақты. Жазушы 
реалистiк  əдебиетке  тəн  тəсiлдердi  пайдалана  бiлген.  Абылайдың 

 52
монологтары  мен  оның  Бұқар  жыраумен  əңгiмелерi  заманның  да  адамның 
мол шындығын əйгiлейдi.  
Мұның  өзi  романның  суреттегiштiк,  талдағыштық  қасиетi  көп  екенiнен 
хабар  бергендей.  Абылайдың  ақиқат  келбетiн  бiлдiретiн  бiрнеше  мысалдар 
келтiрейiк. 
Жазушы Абылай бейнесiн тарихи шындыққа орайлас жасауға ыждағат, 
iлтипатын  төккенi  байқалады.  Қаһарманның  портретi  де  тұжырымды. 
Абылай қазiр қырықтан жаңа асып бара жатыр. Ол сұңғақ бойлы, ат жақты, 
қарасұр,  түсi  суық  адам.  Үлкен,  ойлы  көздерi  кiсiге  қарағанда  өңменнен 
өткендей ызғарлы... («Жанталас»). 
Кейiпкердiң  iшкi  сырын,  ой  түкпiрiн  айқындауда  диалогтың  қаншалық 
қажет  қызмет  атқаратыны  белгiлi.  Бiрақ  мiнез  қырларын  бүкпесiз  таныту 
үшiн диалогтың өте мəндi мəселеге арналуы лазым. Қаһарман шынын айтпай 
қала алмайтындай əңгiме кезегi тууы шарт. Бұқар мен Абылайдың диалогы, 
бiзiңше, дəл осындай, «ағынан жарылып» сөйлейтiн сирек сөздiң бiрi. 
Атап өтерлiк нəрсе сол-жазушы Абылайдың қазақ жерiн жаудан босату, 
жан-жақтан  анталаған  көп  дұшпанға  төтеп  беру  қамын  көздеуi, 
ұйымдастырушы  ғана  емес,  бəрiнен  бұрын  жеке  басының  абыройы  мен 
мансабын  ойлаған  жан  екенiн  де  қағыс  қалдырмайды.  Абылайдың 
басшылығы  сол  бiр  алмағайып,  аламан  тасыр  заманда  халық  бiрлiгi  мен 
бүтiндiгiне пайдалы болғанын көрсетумен қатар, оның озбыр, содыр, қиянет 
iстерiн  де  таңбалаған.  Осыдан  барып  көркем  тұлғаның  түрлi  қыры  тиiстi 
мiнездемесiн  алған. «Жанталас»  романында  тыңнан  табылған  типтiң  бiрi-
Əбiлқайыр  ханның  хатшысы  Құдабай.  Ол  туралы  шығармада  мынадай 
мiнездеме  келтiрiлген.` «Құдабайдың  Орынбор  губернаторының  тыңшысы 
екенiн  хан  бiлетiн.  Бiрақ  ол  Əбiлқайырға  Неплюев  не  сұраса  да  айтып 
беремiн деп уəдесiн берген. Оған қанша сенгенiмен де, кейбiр құпия сырын 
жасырып қалуға тырысатын. Одан тiптi қорқатын да. Хатшысын бiр жолатаға 
қуып  жiберуге  Құдабайсыз  тағы  бiле  алмайды» (171-б).  Романда  өз  қызмет 
бабымен  тыңшылықты  қатар  жүргiзiп,  қара  басына  пайда  таба  бiлетiн 

 53
айлалы,  екi  жүздi  адамның  нанымды  бейнесi  берiлген.  Сөз  болып  отырған 
романның  жанрлық  ерекшелiгi  бiтiмi  бар  дедiк.  Мол  оқиға  мен  көп 
кейiпкердi шетiнен толық суреттеу бiр шығарма көлемiнде мүмкiн еместейiн 
ескерген  автор  негiзгi  күштi  баяндаумен  айтуға  салады.  Бiрақ  бұл  құрғақ 
баяндау емес, бояулы, нағышты адам мiнезi мен əрекетiнiң түпкi сырын паш 
ете алатын күрделi, қызықты, ғибратты əңгiме.  
Қаһармандардың түр келбетi де, сөйлеген сөзi де, ойы да, тартыс, қайшылық жүрiсi де 
осынау «баяндаудың» ауқымына сиып кеткен. «Жанталас» романының бүкiл оқиғалық, 
сипаттамалық, талдау, көркемдеу жүгiн екi ғана айтушы-автор мен шежiресi қарт Бұқар 
жырау əңгiмесi арқалаған. Осыдан барып шығармада айтушы қызметi маңызды орынға 
шығады. Қандай көркем туындыда да айтушы- баяндаушының дəнекерлiгi елеулi орынға 
ие.  Дегенмен, «Жанталаста»  айтушы  мiндетi  мүлдем  ерекше.  Бұл  ретте  жазушы  ауыз 
əдебиетiнiң  өмiршең  дəстүрлерiнен  үйрене  бiлгендiгiн  атап  айтар  едiк.  Бұқар  жырау 
əңгiмесiнде  де  тарихи  құбылыстардың  бағасы  бүгiнгi  түсiнiгiмiзге  орайлас  берiледi. 
Сонымен, «Жанталас»  романында  тек XVII-XVIII ғасырлардың  тарихнамасы  берiлiп 
қоймай, олардың сыры мен шынына да талдау жасалады, тарихтың көркем пiшiнге түскен 
желiсi берiледi. Атап көрсетерлiк бiр мəселе сол-шығармада фактiлер мен қиялдап айтулар 
бiрлестiкке, көркемдiк шындық деңгейiне көтерiлген. Кейiпкерлердiң iс-əрекетiнiң нақтылы 
жүйесiн  емес,  сол  құбылыстардың  мəнiн  ашуға  көңiл  бөлiнген,  психологиялық 
талдаулардан гөрi тұжырымдап, шолып, шежiрелеп айту басым шыққан. «Жанталастың» 
жанрлық ерекшелiктерiн сөз еткенде есте боларлық жайлар осы. Шығарманың ұтымды 
жерiн де, кейбiр жетiспеушiлiгiн де оның жанрлық бiтiмiне қарап көрсеткен жөн.                          
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. I.Есенберлин. «Көшпендiлер» трилогиясы. 
2. М.Қаратаев. Ғылыми еңбектерi. Үш томдық. 
3. Ж.Дəдебаев. Тарихи шындық жəне көркемдiк шешiм. 
4. Р.Бердiбаев. Қазақ тарихи романы. 
 
 

 54
СОФЫ СМАТАЕВТЫҢ «ЕЛIМ-АЙ» ДИЛОГИЯСЫ 
Жоспары: 
1. С.Сматаевтың «Елiм-ай» романының тақырыбы. 
2. «Елiм-ай»  романындағы тарихи кезең жəне идеялық шешiм. 
3. Романдағы образдар. 
4. Романның тiлi, көркемдiк ерекшелiктерi. 
Қазақ  əдебиетiнде  соңғы  жылда  неғұрлым  кеңiрек  суреттеле  бастаған 
дəуiр XVIII ғасыр оқиғалары, халқымыздың тəуелсiздiк үшiн күреске шығып, 
сырт  жаулармен  айқасқа  түскен,  бүкiл  болашағының  мақсаты  айқындалған, 
шытырман  қайшылықтарға,  ерлiктерi,  арманға  толы  дəуiр.  Жоңғар 
басқыншылығының жойқын шабуылы, қаскөйлiк əрекеттерi, қазақ халқының 
тосын,  қиын  кезеңде  көп  шығынға,  азапқа  душар  болса  да,  ес  жиып,  елдiк 
мiнез  танытып,  қаражүрек  дұшпанды  өз  жерiнен  қуып  тастауға  қабiлетi 
жеткенi  бұған  дейiн I.Есенберлиннiң  «Жанталас»,  Ə.Əлiмжановтың 
«Жаушы»  романдарында,  Қ.Бекхожиннiң  «Ұлан  асу»  пьесаларында  тағы 
басқа  үлкендi-кiшiлi  шығармаларда  бейнеленгенi  белгiлi.  Бұл  шығармалар 
ауыз  əдебиетiнде XVIII ғасыр  оқиғаларын  сипаттаған  қаһармандық  эпос 
дəстүрiн  жаңа  жанрда  жалғастыра,  дамыта,  байыта  түскен  едi.  Мiне,  осы 
тақырып жазушы С.Сматаевтың «Елiм-ай» /1979/ романында да көтерiлгенiн 
көремiз.  Бұлай  болуы  барынша  табиғи  құбылыс.  Өйткенi XVIII ғасырдағы 
Жоңғар  басқыншылығының,  оған  қарсы  бүкiлхалықтық  күрестiң  себебi  мен 
салдары,  сондай  алмағайып,  қатал  жағдайда  елдiң  рухын  көтере  бiлген 
ерлердiң  жағдайы,  қасиеттi  ұмтылысы  мен  қаһармандығы  қандай  кең 
эпопеяларға  да  негiз  бола  алады.  Бұл  тақырып  əдебиет  қана  емес,  өнердiң 
барша  саласында  да  туындылар  болуын  керек  етедi.  Мəселен,  Жоңғар 
баскесерлерiнiң  адам  айтқысыз  айуандықтарына  төзбеген  қазақ  елiнiң  iшкi 
алауыздықтарды  тоқтатып,  бiрiгiп,  алғаш  рет  үлкен  жеңiске  жеткен 
жерлерiнiң  бiрi-Ордабасыда  халықтың  қайтпас  қаһармандығын  мəңгi  есте 
сақтарлық ескерткiш орнатуға əбден лайық.  

 55
«Елiм-ай»  романында  ел  iшiндегi  алауыздық,  бытыраңқылық  халық 
қамын  ойлайтын  қажырлы,  айбынды,  кемел  басшының  болмауы  үлкен  сор, 
бақытсыздық  екенi  терең  тебiренiстi  сөздермен  айтылып  отырады.  Жазушы 
XVIII  ғасырдың  бiрiншi  жартысында  қазақ  халқы  нелiктен  «Ақтабан 
шұбырындыға»  душар  болғанын  кең  де  дəлелдi  ұғындырады.  Шығарманың 
алдына  қойылған  негiзгi  мақсаты  осы  секiлденедi.  Ал,  ел  бiрлiгi  саналы 
ұйымшылдығы,  сол  елге  дарынды  көсем,  басшылардың  қажеттiгi  мəнiн 
жоймайтын түбiрлi мəселелер. 
Қазақ  халқы  бұл  шындықты өз  тəжiрибесiнде,  ғасырлар  бойында  талай 
рет  байқап  көрген,  рулардың  алтыбақан,  алауыздығынан,  болымсыз, 
парасатсыз  ұсақ  билеушiлердiң  кесiрiнен  сан  рет  опық  жеген.  Сондай 
өкiнiштiң  бiрi - Жоңғар  шапқыншылығы  болатын.  Өсiп-өркендеп  келе 
жатқан  қазақ  елiн  осы  шапқыншылық  тоз-тоз  еткен.  Көп  ауылдар,  рулар 
көршi  хандықтар  жерiне  босып,  солардың  құрамына  қосылып  кете  барған. 
Бiр  замандағы  айбарлы  жұрттың  əлсiреп,  тұтас  елдiң  селдiреп  қалуы 
нелiктен,  жер  бетiнде  нық  басып,  халық  санатында  жасау  үшiн,  қандай 
қасиеттер керек, неден жиренiп, неден үйрену қажет деген сауалдарға «Елiм-
ай»  романы  өз  тарапынан  бiрсыпыра  орнықты  жауап  айтқандай,  халық 
санасын тарихи тəжiрибесiмен байытқысы келгендей. 
Шығарманың  түпкiлiктi  осы  аңсары  кейiпкерлер  диалогтары  мен 
монологтарынан жиi аңғарылады.  
Тəуке  ханның  алдындағы  жиыннан  ел  бiрлiгiн  емес,  ұсақ 
мансапқорлықты,  өзара  үдеген  өштiктi  сезген  Жомарт  батыр  былайша 
ойлайды. «Сұлтандар  түрi  анау.  Аңдығаны-өз  iргесi.  Қарақан  басына  содан 
өзгенiң  керегi  жоқтай.  Бақ  қонған,  бата  дарыған  iрiлiгiн  айтады.  Бiрлiкте 
табылар емес». 
Арғын  мен  Найман  билерi  бiр  жесiр  дауына  бола  сонша  шалдығып, 
мəмiлеге  келмей  жатқан  тұста  Ошаған  би  де  терең  мəндi  төрелiк  сөз 
сөйлейдi` «Қауыңа өрт, дауыңа серт араласты. Өрттi өшiрiп, серттi жұмсарта 
алармысың,  өрттi  өршелендiрiп,  сертке  кек  жалғастырармысың.  Темiр 

 56
қазықтай  iргеңдi  шегелеп  жатқан  ақ  патша  бекiнiсi  ауылыңның  жанына 
келгенде,  зiркiлдеген  зеңбiрек  түйенiң  боздағанын,  атыңның  кiсiнегенiн 
жұтып  жатқанда,  соны  соқпақ  таба  алмай,  өздi  өздерiңдi  сойылға 
жыққандарың арылмас қырсығың». 
Қаз  дауысты  Қазыбек  бидiң  Ақтамбердi  жырауға  қарата  айтылған 
нақылды,  нақты,  астарлы  сөздерi  осы  ойлармен  үндес  шығады` «Бiрлiгi 
кеткен  ел  жаман,  ол  амандықты  да,  адалдықты  да  ұмытады».  Үш  жүз  өмiр 
бойы  бөлiнiп,  үш  жақ  боп  бас  бiрiктiрмей,  шетiнен  шытынап  жатқанда, 
жiлiктеп  Əбiлқайыр  жүр.  Барақ  пен  Тұрсын,  Қайып  пен  Əбiлмəмбет  Орта 
жүздi  бой-бой  етедi.  Бойлауық  аттай  бой  бермей,  əрқайсысы  əр  төбеден 
қылтияды. Əз Тəукеде мəздiк жоқ. Төбедегi төреңнен даладағы қараң артық. 
Түйiлсе екпiн, талпынса-дауыл. 
Өз халiне осынша талдау жасай бiлудiң өзi есейген ойдан, ұлы арманнан 
туса  керек.  Бiрақ  хандар  бөлшектеп  билеген  қазақ  елiн  бiрлестiруге  мұндай 
даналықтардың септiгi болмапты.  Халық өзiнiң «шешесiнен» жазған тағдыр 
бұйрығын  көрiп  тынады.  Жаудың  кенеттен  болған  күштi  соққысынан 
есеңгiреп,  көпке  дейiн  ес  жинай  алмайды.  Надан  хандардың  ел  басқаруға 
қабiлетсiздiгiн Жоңғармен соғыс түп-тамырына дейiн айқындап бередi. 
Қазақ  даласында  берiк  бiрлiктiң  болмауы,  көптеген  рулар  өз  мүддесiн 
ғана  биiк  санап  үйренгенiнiң  қырсығы,  бүкiл  қазақтың  мұратын  шындап 
ойлаушылардың  аздығы,  бұрыннан  ел  билеп  келген  аты  шулы  аруақты 
əулеттердiң  қазақ  қоғамын  берекелi  бағытқа  бастауға  дəрменсiздiгi,  осының 
нəтижесiнде  момын,  алғыр,  ақ  көңiл  сахара  халқының  адам  айтқысыз 
қорлыққа  кездесуi-мiне,  осы  жəне  басқа  мəселелер  «Елiм-ай»  романынң 
негiзгi  арқауы.  Жазушы  оқиғалардың  жүйесi  мен  кейiпкерлер  қатарын 
iрiктегенде,  осы  мақсатты  көздеген. «Елiм-ай»  деген  халық  əнiнiң  алғашқы 
тарауда  да,  соңғы  бөлiмде  де  құлақ  күйiндей  желi  тартып  жатуы  да  осыған 
байланысты.  Романға  идеялық  тұтастық,  тартымдылық,  мақсаттылық 
дарытып тұрған көркемдiк концепция мəндi екенiн осыдан көремiз. 

 57
Шығарманың  ақырында  жаудан  аман  қалған  жiгiттердiң  Сарыарқаның 
даласына  жиналып  жатқаны,  жаңа  күштердiң  Бөгенбай  батыр  маңына 
топтала  бастағаны  сездiрiлген.  Аталары  мен  ағалары  жаумен  айқаста  қаза 
тапқан  жас  буын  өкiлi-Жоламандар  халықтың  мойымаған  жiгерлерiнiң, 
сарқылмаған  қайратының  белгiсiндей.  Романның  iшкi  тұжырымы-басшысыз 
ел  тозар  деген  тұжырымға  сай  келсе,  соңғы  сөзi «елдi  ер  бастайды»  деген 
ойды меңзегендей. Аға батыр Бөгенбайдың жас жiгiттердi бауырына тартуы, 
қазақ  жерiнде  ерлiктiң  үзiлмегендiгiнiң,  күнi  жетсе  қалың  ел  қатуланып, 
қайта  көтерiлiп,  қандай  дұшпанды  болса  да  жермен  жексен  ете 
алатындығының символы тəрiздi нəрсе. Бөгенбай батыр алыстан iздеп келген 
Жоламанға` «Атаңның артынан көп ерiп едiм, сен ендi маған iлес, қуатыңды 
көрдiм,  қайратыңа  сəйкес  ерлiгiңдi  де  көрейiн.  Ол  күндер  де  алыс  емес. 
Азаматым деп ардақтар, ардагерiм деп аялар елiңнiң үмiтiн ақтар бол»,-дейдi. 
«Елiм-ай»  романының  оқиғалық  сонылықтарының  бiрi-Жоңғар  елiнiң 
iшiндегi бақталастық тарихына кең тоқталуы. Жоңғар билеушiлерiнiң қазаққа 
қарсы соғысқа көптеп əзiрленгенi, олардың түпкi мақсаты қазақ елiн жойып 
жiберiп, жерiн иемдену екенi көрсетiлген. Жазушының тарих материалдарын 
ыждағатты  парақтағаны,  қазақ  пен  қалмақ  арасының  ұзақ  қарым-қатынасы 
шежiресiн ұғынып алғаны аңғарылады. 
«Елiм-ай» романында айтушының қызметi күштi. Əн мен күйдiң халық 
өмiрiндегi  орны  мен  əсерi  жөнiндегi  кiрiспе  мен  қорытынды  тарауда 
келтiрiлген  жүрекжарды,  лептi  сөздердiң  молдығы  да  осы  айтқанымызды 
растайды. Роман бойында кездесетiн негiзгi қаһармандар сөзi мен ойлары да 
авторлық баяндаулардың табиғи жалғасындай, толықтырмасындай. 
Қазыбек  пен  Ақтамбердiнiң,  Тəуке  ханның,  Үмбетейдiң,  Бөгенбайдың 
сөздерi шешен, тартымды. Олар билерше, жырауларша толғайды. Бұлардың 
тiл кестесi түгел дерлiк ауыз əдебиетi үлгiсiнде. 
Шығарманың  орталық  қаһармандары  қатарына  қарапайым  халық  өкiлi 
Жомарт  батыр  жəне  оның  қайратты,  жаужүрек  балалары  алынуы  кездейсоқ 
емес.  Жоңғардың  селдей  қаптаған  қосындарына  алғаш  тегеурiндi  қарсылық 

 58
көрсеткен  де  осы  Жомарт  бастаған  қол  болды.  Талас  бойындағы  соғыста 
Сайрық  батырдың  жасағы  ерекше  ерлiк  көрсетедi.  Бұл  көрiнiстер  жаудың 
екпiнiн басуға жарарлық күш бұқара арасында жатқанын аңғартуға жарайды. 
Күрделi  тақырыпқа  жазылған  романның  бойынан  екi  түрлi  нұқсан 
көремiз.`  Соның  бiрi  шығарманың  құрылысындағы  шашырандылық.  Бұл 
кейiпкердiң бiрiнен соң бiрi жалт етiп көрiнiп, əр қырынан танылмай қалып 
қоя  беретiндiгiнен  байқалады.  Оқиғаларды  орналастырудың  жайылма 
екендiгi  соншалық,  романда  əр  жерден  елес  берiп  отыратын  Жомарт 
батырдың  өзi  де  ойдағыдай  iрiленiп  көрiнер  орын  табыла  бермейдi.  Қуат 
мергеннiң  де  есте  қалар  iс-əрекетiн  елестету  қиын.  Əдемi,  жалынды 
сөздерiмен  жалт  етiп  көрiнетiн  Қазыбек,  Ақтамбердiлер  де  барар  биiгiне 
шыға алған дей алмаймыз.  Мұның бəрi оқиғаларды, кейiпкерлердi iрiктеуде 
жазушы ескермеген, тəжiрибесiздiк жасаған кездер бар екенiн бiлдiрсе керек. 
Романда тоқсаннан астам кейiпкер болуы да тым көп.           

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет