Өзбекстан Республикасы Жоғарғы жəне Орта арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6754
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Ə.Кекiлбаев. «Үркер». «Елең-алаң». 
2. С.Жұмабеков. Сын пернесi. 
3. Т.Сыдықов. Мұрат пен мiндет. 
4. Р.Бердiбаев. Биiк парыз. 
 

 71
МҰХТАР МАҒАУИННIҢ «АЛАСАПЫРАН» РОМАНЫНДАҒЫ 
ДƏУIРЛIК МƏСЕЛЕЛЕР 
Жоспары: 
1. М.Мағауиннiң «Аласапыран» романында суреттелетiн тарихи кезең. 
2. «Аласапыран» романының тақырыбы мен идеясы. 
3. «Аласапыран» романындағы образдар. 
4. Романның тiлi мен көркемдiк ерекшелiктерi. 
 
М.Мағауин «Аласапыранды» жазбастан бұрын халық тарихына зерделей 
отырып, талай үңiлген едi. «Қобыз сарынын» жарыққа шығарып, «Алдаспан» 
жинағын  құрасырған,  талай  архивтi  ақтарған,  бiлiмдi, iзденiмпаз  ғалым 
болып танылған. 
«Аласапыран»  оқиғасы  қзақ  даласын, Iбiр-Сiбiр  жұртын,  Орыс  елiн 
қамтиды. Он алтыншы ғасырдың соңғы жылдарындағы осынша байтақ жердi 
жайлаған елдердiң тұрмыс-тiршiлiгiн, экономикалық жағдайы мен қоғамдық 
құрылысын  дұрыс  танытарлық  туынды  болып  шыққан.  Бұл  шақта  Қазан, 
Астрахан  хандықтары  бiржола  құлап,  Қырым  хандығы  əлсiреген.  Оның 
есесiне  Россия  айдарынан  жел  ескен  айбарлы  мемлекетке  айналды. 
Құрылғанына 140 жылдай  болған  қазақ  хандығына  қарасты  ру,  ұлыстардың 
шығыста –қытай, дүрбiт, ойрат, жағат-маңғұлмен, күнгейде –Көшiм, батыста 
ноғай-қалмақтармен  тынымсыз  қақтығыстары,  сондай-ақ  ақсақалдық-рулық 
заманның тiзгiнiн ұстаған Тəуекел ханға мүлде тосын ой салған болатын. 
Кемел ойлы ғалым, кең тынысты қаламгер М. Мағауин «Аласапыранға» 
«Бес  қаруын  асынып»  арнаулы  дайындықпен  келдi.  Оны  бiз  «Аласапыран» 
дилогиясының  алғашқы  кiтабынан-ақ  шамалағанбыз.  Онда  ол  Ораз-
Мұхамедтiң  тəрбие  алған  ортасы,  қазақ  хандықтарының  iшкi¸сыртқы 
шиеленген  түйiндерi,  Тəуекел  Баһадурдың  халықты  төңiрегiне  жинап,  ел 
тағдырын  ойлайтын  мұрагерлерiн  үлкен  iске  бағыттап,  сүрлеу  түспеген 
қатерлi де iзгi жолға салуы көрiнетiн-дi. Алғашқы кiтапта əлi «басының суы 
кеппеген», Орданың ерке оғланы асаудай шапшып, өмiрдiң долы толқынына 

 72
бiрде  қасарысып  қарсы  ұмтылып,  бiрде  шым  батып,  тiршiлiктiң  тезiне 
байыппен  қарап,  байқап  əрекет  жасауға  көндiге  бастайтын.  Қызбалықтан, 
қыңырлықтан  байсалдылыққа,  сыры  жұмбақ,  əзəзiл  дүниенiң  əр  сəтiнде 
оқыстан ұйпалап өтер құйыны мен бұрқасынына, жан кештiлiкке, сергектiкке 
бойын  үйретiп,  майысса  да  сынбайтын  шымыр  сымбатымен  тұлғалана 
түскен-дi.  Есебi,  бiрiншi  кiтапта  қазақ  халқының  бар  қасиет-қажырын, 
мiнезiн,  үлкен  ой-арманын,  кемел  парасатын  танытарлық  тұлға  көрiнбей 
жатса, екiншi кiтап сол олқылықтардың орнын толтыратын соны мiнезi мен 
ерекшеленедi 
Романдағы  образдар  жүйесiнен  эпикалық  шығармаға  тəн  ауқымдылық 
аңғарылады.  Əр  халықтың,  ұлттың,  əр  қилы  топтың,  əр  тапың  өкiлдерi  тек 
өзiне  ғана  жарасар,  өз  басына  ғана,  бiтiм-болмыс,  пошым-пiшiмiне  лайық 
мiнезбен  көрiнген.  Хан  Тəуекел,  Абалақ  сұлтан,  Сүтемген  билер  романға 
апарар  шағын  кiрiспе-  беташарда  бiр  көрiнiп  өткеннiң  өзiнде  есте  қалар 
болса, Томан би, Айшешек ару, Əзханым əже, Бесоба батыр, Төбет, Сейтек, 
воевода Данило Чулков, Петр Урусов – əрқайсысы романның əр тарауында, 
əр жағдайда бет пердесiн ашып, өздiгiмен танылады. 
Бiз  осылардың  iшiнен  Ораз-Мұхамедтiң  өз  басын  айрықша  бөлiп  атар 
едiк. Бұл қазақ, орыс елдерiнiң қарым-қатынасында тарихи қызмет атқарған 
iрi тұлға болған. 
Ораз Мұхамед – рухы күштiлерден. Ол – халқын сүйген, адамгершiлiктi 
жас. Он жетi жасында ел билiгiне араласқан кезден ақ, туған елiнiң мүддесiн 
ойлап,  перзенттiк  парызын  өтеудi  көздеген. «Бiз  –мұсылманбыз»  деген  Ай-
Шешектiң  сөзiн  бөлiп: «Бiз  қазақпыз»  дейтiнi  бар.  Жалындап,  оттай  лаулап 
тұрған  балаң  жiгiттiң: « Ешкiм  тоқтата  алмайды  бiздi.  Көппiз.  Күштiмiз!» 
деуiнде де, өз халқын мақтан тұтып, шексiз сүйген адал ұлдың анық бейнесiн 
көремiз.  Оның  Тоқта  батырға: «Сен  азат  қазақсың!  Үзеңгiден  аяғың  шықса 
да,  тiзеңдi  жерге  тигiзбе!  Түрегеп  тұрып  кестiр  басыңды!»  деуi  де  Ораз-
Мұхамедтiң  биiк  адамгершiлiгiн,  азаматтық  сезiмiн,  жанының  пəктiгiн 
танытса  керек.  Оның  өз  елiн  сүйiп  өскенi  əрбiр  сөзiнен,  барлық  тiрлiк-

 73
əрекетiнен  сезiлiп  тұрады. «Қазақтың  қасиеттi  тұлымына,  қастерлi 
сырмағына  тiл  тигiзгенi  үшiн  дүрелетiп  алу  керек  едi»  дейдi  тағы  бiрде. 
Аспандағы  бұлтты  «шынмашынның  ақ  торғын  жiбегiне»  теңеген  Ай-
Шешекке: «Ақ түйенiң шудасы» деп түзеу қосады. Соның өзiнде қазақ болып 
ойланып, қазақша ұғымды ғана мойындайды.. 
Оразмұхамед өз бойындағы бар асыл қасиет үшiн Əз-ханым атанған ел 
анасы - əжесiне  қарыздар.  Оның  бойына  ұлттық  мақтанышты,  елiн  сүюдi, 
халқы  үшiн  қалтқысыз  тiрлiк  кешудi  сол  ел  анасы  сүтпен  берiп,  сүйегiне 
сiңiрген. «Саған  дейiн  де  талай  арыстың  арсасы  шыққан.  Талай  қаблан  қан 
құсқан…» «Сен  би  мен  батырға  сүйенсең,  бек  атаулы  қара  бұқарадан  күш 
алады». «Алдымен бұқараға жақ». «Қайткенде де жұрт өзiңдiкi, жақсы көруге 
тырыс,  жақсы  көрiп  үйрен  Жұртқа  таныл.  Қарашы  халыққа  жақ.  Арғы 
аталарыңның  абыройын  асырған – көк  күйме  тартқан  көпшiлiк  болатын. 
Көрiн  көзiне»-  дейдi  тағы  бiрде.  Бұл – сол  заманның  философиясы,  əрi  сол 
философия ел анасы əженiң аузымен айтылып отыр. 
Оразмұхамедтiң  адамгершiл  болып  өсуiнде  осындай  сыр  бар.  Əже 
ақылымен  ел  аралағанда,  ол  кедей  жомарт  Төбеттiң  үйiнде  түнейдi.  Атақты 
Бесоба батырдың əңгiмесiн тыңдайды. 
Ескiнiң  көзi – қарт  батырдың  аузынан  ел  қорғаны  болған,  елiм  деп 
еңiреп  өткен  ерлердiң  жан  пида  шайқастарын  жадына  тұтады.  Бұның  бəрi 
Оразмұхамед  үшiн  үлкен  тəрбие,  қанға  сiңген  өнеге  болатын.  Кейiн  Iбiр-
Сiбiр жұртына сапар шеккенде, орыс елiмен тату көршi боп, жақын таныссам 
деп  iштей  мақсат  қойғанда  да,  сол  тəрбиелi  жастың,  жiгерлi,  жүректi,  ойлы 
жастың  мiнез-құлқын  аңғарасың.  Ойламаған  жерден  орыс  воеводасының 
тұтқыны  боп,  Мəскеуге  жол  шеккен  сапарда  да  оның  тəрбиелi  мiнезi 
таңдантады. Со тұста да өзi тəңiрдей табынған əже ақылы медеу болады. 
Өзге  кейiпкерлерден:  Ай-Шешек,  Данило  Чулков,  Томан  би,  Петр 
Урусов  т.б.  толыққанды  тұлғалар  дəрежесiне  жеткен.  Томан  би  ақыл  ойға 
жүйрiк,  көшпендiге  лайықты  көшелi  кiсi  болып  танылады.  Ол 
Оразмұхамедпен  бiр  тiлдескенде: « Мен  кiсiнiң  кəрiнен  қорқып  отырғаным 

 74
жоқ.  Жақын  түгiл  жаттан  жасқанып  көрген  емен.  Бозқасқаның  басында  ант 
бердiм. Тiрi жүрсек төсекте басымыз, төскейде малымыз бiрге. Ажал жетсе, 
қабiрiмiз  қатар болады. Бiрақ тiрi жүрген күннiң бəрi тiрлiк пе? Бiрге жүрген 
күннiң  бəрi  бiрлiк  пе?  Ыға  берсе,  елде  не  абырой  қалмақ»  дейдi.  Ел  қамын 
жеген адам ғана осылай айта алады. 
Оның  «ажал  жетсе,  қабiрiмiз  қатар  болады»  дегенi  де  сəуегейлiк  екен. 
Ақырында,  орыс  воеводасы  қапияда  Ескер  қаласын  шапқанда,  Ораз 
Мұхамедтiң  шешелерi  жанында  жағаласып  жүрiп  қаза  табады.  Тiрлiгiнде 
шəлкес  келiп  қала  беретiн  Томан  бидiң  кесiлген  басын  Ораз  Мұхамедтiң 
бауырына  басуы  тегiн  емес.  Томан  бидiң  айнымас,  əдiл,  туралығын  жан-
тəнiмен ұққаны, қадiрiне жеткенi. 
 Ай-Шешек  ару – ерге  серiк,  ақылды  жан. –Менде  əке  жоқ,-  дейдi  Ай-
Шешек күрсiнiп. Менде ел-жұрт қана бар. Сен… Сен де жақын адамның жан-
күйiнен гөрi жұртыңның жағдайын көбiрек ескер. Қолайы келсе, əйелге қоса 
құрсақтас  бауырыңды  құрбанға  шал.  Өйткенi…  өйткенi,  ел  бiреу  ақ,  бауыр 
көп, ал əйел… қаншасын алғың келсе, сонша болады… 
Бұл – замана  шындығы.  Ол  шындықтан  аттап  өтсе,Ай  Шешек  көп 
қарапайым  əйелдiң  бiрi  боп  қара  берер  едi.  Ол  шындықтан  аттап  өтсе – 
автордың да қия басқаны. 
Жан-жақты  талдау  тапқан  кейiпкерлердiң  бiрi – Данило  Чулков.  Ол – 
мынау  тiршiлiкте  талай  теперiш  көрген,  қара  емендей  қарысып  өскен  жан. 
Өзi  ойлаған  мақсатты  iндетпей, iркiлiп  қалмайды.  Ол  да  өз  елiн  сүйедi,  елi 
үшiн  құрбан  болуға  əзiр.  Бiрақ  шектен  тыс  қатыгез.  Қатыгездiгi  үшiн  өзiн 
кiнəлi деп есептемейдi. Кесек, iрi қимылдың адамы. 
 Орыс патшалығы қызметiндегi Мақметқұл да - осы Чулков тақылеттес 
кейiпкер.  Бiрақ  онда  белгiлi  Отан  жоқ.  Ол  өз  басының  мүддесi  үшiн  қай 
жерде де қарап қалмайды. 
Князь  Петр  Урусов  болса,  осылардан  мүлде  бөлек,  өзгеше  мiнез-
тiрлiктiң  адамы.  Оны  оқырман  бiрден  ұнатып,  оған  iш  тартады.  Оның 

 75
бойында  батылдық  та,  ерлiк  те,  мəрттiк,  əдiлдiк  те,  ақкөз,  адуын  қимыл  да 
жарасым тапқан. 
Бұл романда қазақ халқы мен орыс халқыың арасындағы достық қарым-
қатынастардың əдепкi басқыш-баспалдақтары түп қазық болып, осыдан төрт 
ғасыр  бұрынғы  тарихи  оқиғалар  iзiмен  қайта  тiрiлген.  Дилогияның  бiрiншi 
кiтабында  айтылғанындай: «Қазақ  халқы  орыс  халқымен  тату-тəттi  тұруды, 
əманда бейбiт болуды қалар едi. Бiрақ бұл аз: жақын дос қана емес, жанашыр 
аға  тұтпақ  ниетте.  Мəңгi  бақи !» Қазақ  елшiсi  Құл-Мұхамедтiң  аузымен 
айтылған осы сөз дилогияның арқауына айналған. 
«Аласапыранның  бiрiншi  кiтабы  осы  қазақ  елшiлiгiнiң  Москваға  келу 
сапарымен аяқталса, екiншi кiтапта сол елшiлiк тiрлiгi екi кiтаптың сюжеттiк 
желiсiне жымдасып, кiрiгiп кеткен. 
Екiншi  кiтап  ə  дегеннен  ақ 16 ғасырдың  аяқталар  тұсындағы  Россия 
жəне  Россиямен  жапсарлас  елдердiң  саяси-əлеуметтiк.,  халықаралық  хал-
жағдайына  сүңгiтiп  жiбередi.  Бұл  орайда  Құл-Мұхамед  бастаған  қазақ 
елшiлерiнiң  орыс  елшiлерiмен  кездесу,  жауаптасу  сəттерi  осы  екiншi 
кiтаптың бүкiл идеялық-көркемдiк мазмұнын ашарлық тұсы десе болғандай.  
Алдымен  «Орыс  елi»  аталған  алғашқы  тарау  Россия  мен  қазақ 
дипломатиясының  тарихи  көркем  шежiресiне  айналған.  Сырттай  қарағанда, 
дипломатияның қыры мен сырына қанық емес қазақ елшiлерiнiң қарапайым 
да қатал шындыққа көбiрек  жүгiнуiнiң өзiнде халқымызға тəн ұлттық мiнез, 
ұлттық  қасиет  жатқан  тəрiздi.  Қазақ  елшiсi  Құл-Мұхамед  дипломатиялық 
айла-тəсiлге  тақыс  Василий  Щелкаловпен,  Иран  елшiсi  Ғади-бекпен  əңгiме-
жауап тұстарында əсте кем соқпайды. 
«-Бiз  керуен  тартып,  мал  саудасымен  келгенiмiз  жоқ.  Ажар  сатып,  ар 
саудасымен  де  келмек  емеспiз.  Бөлiнбес  бауыр,  айырылмас  анда!  Төс 
түйiстiрiп табыссақ, ағайыннан аярымыз жоқ»,- дейдi Құл-Мұхамед Василий 
Щелкаловқа. 
«-  Сенiң  Аббас  шахқа,  қалса  бүкiл  қызылбас  жұртына  пайда  келтiрер 
iстен бой тартуға хақың жоқ!»- дейдi Құл Мұхамед Иран елшiсi Ғади-бекке. 

 76
Кiтаптың  екiншi  бөлiмi – «Хан  Керменде»  Ораз-Мұхамедтiң  Қасымлы 
патшалығына  хан  сайлануы,  соған  орай  Хан  Кермен  патшалығының  жай-
жапсары,  жер  –суы,  ел  жағдайы  көркем  баяндалған.  Сонда  жəне  тарих 
беттерiн  құр  аударыстырып  желе  шолу  емес,  сол  хандықты  мекендеген  ел-
жұрттың мiнез-құлық, ой-сезiм дүниесiн ашып салу арқылы суреттелген. Бұл 
бөлiмде  бiз  баяғы  Қадырғали  бекпен  қайта  ұшырасамыз.  Қадырғали 
Жалайыри  атанып,  бiраз  шежiренiң  басын  қайырған,  тарихымыздан  жақсы 
таныс  ғұлама  бұ  жолы  бiрiншi  кiтаптағыдай  емес,  едəуiр  ашыла  түскен, 
бедерлi  пiшiм  тауып, iшкi  сырын,  ой-сезiмiн  жаймалап,  арқа-басын  жаза 
түскен. «Елу жыл ел басында отырсам да, тындыра алмас iстерiм осы жерде 
мұрат  тапты»  деп  оның  өзi  айтқандай,  Хан-Керменге  қоныс  тепкелi  мүлде 
басқа  жолға  бет  бұрғанын,  ел-елдiң  тарихын  қозғап,  замана  сырын  баққан 
бөлек мiнезге көшкенiн аңдаймыз. 
Бұл  бөлiмде  Қадырғалидан  өзге  шырын  бегi  Есенеймен,  арғын  Шəш 
бекпен,  маңғыт  Саманай,  қыпшақ  Төбей  бекпен,  басқа  да  көптеген 
кейiпкерлермен танысамыз. Бұлардың iшiнде Есеней  бейнесi кесек мiнез, iрi 
тiрлiктiң адамы болып есептеледi. Ораз-Мұхамед алғаш Хан Керменге суыт 
бет  алған  жолда  iштей  де,  сырттай  да  қаржасып  қалған  тұста  ақ  Есенейдiң 
бөлiне  көшiп,  ауа  жайылары  сезiледi.  Мiне,  сол  Есеней  ақыры  Ораз-
Мұхамедпен  ұстасар  мықтының  өзi  болып  шығады.  Көп  көрiнбесе  де 
Саманай, Төбей бейнелерi де көңiлде қалып қояды. 
Үшiншi бөлiм «Бұлғақ» - Россиядағы бұлғақты жылдар тарихына,  Ораз-
Мұхамедтiң  сол  тұстағы  қиын  тағдырына  соғады.  Бұл  Россияда  Борис 
Годунов  иелiк  еткен  жылдардың,  басыбайлы  шаруалар  толқуы  күшейiп, 
артынша аштық жайлаған жылдардың оқиғасы. 
Ораз-Мұхамед  трагедиясының  шиеленiсер  тұсы  да  осы  жылдар.  Ақыр 
соңында  жападан  жалғыз  қап, «Тушинолық  кəззаптың»  қолынан 
опасыздықпен опат болу сəтiне дейiн мың толқып, мың шалқыған, жалындай 
алыс-арпалыспен  күн  кешкен  Ораз-Мұхамед  хикаясы  да  бiтедi.  Екi  кiтапқа 
созылған трагедия аяқталады. 

 77
«Аласапыран»  қазақ  əдебиетiнде  кейiншi  жылдарда  дүниеге  келiп 
жатқан  тарихи  романдардан  бөлекше  туынды.  Бұл  тiптi  арғымызды 
ақтаруымен ғана емес, тарихи романға қойылар көркемдiк талап тұрғысынан 
да баянды шығарма болып отыр.Кiтаптың тiлi көркем, сюжетi қою. Образдар 
жүйесi  ой  саларлық.  Психологиялық  талдау,  əлеуметтiк  талғам  да  терең, 
астарлы.  Романдағы  бар  оқиға  Ораз-Мұхамед  басына  тiрелiп,  сол  арқылы 
өрбiп отырады. Автор тарихи шындықты шым-шымдап суыртпақтай тартып, 
адам  тағдырын  уақыт,  замана  шындығына  орай  өрелеп,  өзгертуге  бейiм. 
Қасымлы  хандығына  келер  қарсаңда  Ораз-Мұхамед  басына  орнаған 
трагедиялық хал кiмдi болса да тұқыртып тастар едi… 
Өз елiн, туған жерiн шын сүйген, сол үшiн құрбан болуға əзiр, құрбан да 
болған Ораз-Мұхамед сондай жан. Арыстан жүрек, арыс кеуде, ойлы жiгiттiң 
көкiрегiнде  елге  жетсем  деген,  өз  елiмнiң  бiр  керегiне  жарасам  деген 
сағынышқа толы арман бар. Өкiнiштi бастан кеше- кеше  өксiкпен өткен өмiр 
бар.  Өзi  өкiне  отырып,  өзiнiң  ешкiмге  ұқсамас  тағдырымен  жұрттың  бəрiн 
өкiндiрерлiк  жалын  атқан  өксiк  сезiледi.  Жалпы, . айтпай  ақ  қоятын  арман, 
айтпай ақ қоятын тағдыр бар. Дилогияны оқып болғанда, осыны аңғарасың. 
Автордың  осылайша  ұқтырмақ  болғанын  жəне  сондайлық  ниет-ойының 
көркемдiк шешiм тапқанын көремiз. 
Ораз-Мұхамед  арманы  көкiректе  шер-шемен  болып  байланып, 
тұншығып  қала  берген.  Түптеп  келгенде,  адам  арманы  көкiрек  қуысында 
қамалып,  көбiне  көп  жол  тауып  сыртқа,  жарық  дүниге  шыға  да 
бермейдi.Өйтсе, ол арман болмас та едi. 
 Асылы,  тарихи  шындық,  сол  тарихи  шындықты  қайта  тiрiлтер 
көркемдiк  шындық  бар.  Мұхтар  Мағауин  сол  шындықтарды  түйсiнген, 
түйсiгi  мол  оқырманның  көңiлiнен  шыққан.  Қазiргi  əдебиетiмiзге  керек 
нышандарды жалғастыра бiлген. 
 Халқының  асыл  арман, iзгi  мұратын  арқалаған  жас  шыбық  бөтен 
топыраққа  шаншылып,  өнiп,  бұтағын  жайып,  тамырын  тереңге  жiберiп, 
сымбатты  шынарға  айналады.  Ол  тiлi  жат,  дiнi  бөлек  тəкаппар  қауымға, 

 78
айдынды ақ патша, асыл тектi боярлар əулетiне бұратана «жабайы», «бұлттай 
баянсыз», «жұрттың тағында отырған ханның мұрагерi есебiнде емес, оттай 
қызулы  қайрат-қажырымен,  өрттей  уытты  қимылымен,  кемел  ойы,  келiстi 
уəжiмен,  бастысы,  бекзат,  кең  ойлап,  шиелей  күрмейтiн  парасатымен  өзiн 
қадiрлi  етiп,  кекiрейген  ортадан  ойып  орнын  сайлай  алады.  Сəн-салтанаты, 
байлығы  мен  даңқы  жаһанға  жайылған  Иранның  жарық  күнi-Аббаз  шахтың 
елшiлерiне  қарағанда  Дештi  Қыпшақ  ханы  Тəуекел  ханның  Құл-Мұхамед 
бастаған  елшiлерi  айрықша  сый-құрметке  бөленiп,  көңiлге  алған  мақсатына 
бiртабан  болса  да  батыл  жақындай  түссе,  ол  жат  жердегi  жайсаң  ұлдың 
шарапатынан. 
Ораз-Мұхаммед  қолы  жетiп,  бойы  теңелгенге  мiсе  тұтпайды,  өз 
халқының  тағдырына  қатысты  жайларды  ұлы  елдiң  озық  үрдiсiмен 
салыстырып,  көрбалылық  пен  көсемдiктiң  парқын  көкейiне  түйедi.  Патша 
Борис  Годунов,  Дьяк  Василий  Шелкалов,  боярлар  Василий  Шуйский, 
Михайло Салтыков, Филарет лакей Романов, Мстисловский, Голучин, князь 
Трубецкой,  Федор  Андронов,  Речь  Посполитаның  королi  Жигимонт,  князь 
Роман Рожинский, шляхтич Ян-Петр Сапегалар алтын тəждi, не алтын тəжге 
таяу  билiкке  жетуге  жанын  салған,  керек  десе,  сол  жолда  арын  сатқан,  өзге 
түгiлi  туған  баласын  да  құрбандыққа  шалуға  шiмiркпейтiн  адамдар.  Олар 
сырты абыз, кiсiлiктi көрiнгенмен, iшi залым, Ораз-Мұхамед келе-келе азған 
заманның  аяр  жендеттерiмен  жақын  бiлiсiп,  олардың  iш  мерез  ниетiн 
аңдағанда,  алыстан  айбарлы,  əдiлеттi,  айбынды  сезiлетiн  патшалар,  батыс 
жұрты  жемсауын  күйiттеген  жыртқыштай  сұсымен,  қорқаулығымен 
жирендiредi.  Ең  ақыры,  өзiне  талай  жақсылық  еткен,  дəртiне-қуат,  дертiне-
шипа  болған,  ең  ғазиз  жан  саналатын.  Борис  Годунов  та  орыс  мемлекетiне 
сiңiрген  еңбегiн  есепке  алып,  өзi  отырған  тақты  өз  əулетiне  еншiлеп  кетуге 
арам тер болып жүр. «Жүз жыл, мың жыл бойы Россияны Годуновтар əулиетi 
билеуге  тиiс»-деп  ширығады  тақта  отырған  монарх.Россияны  Речь 
Посполитамен  қоса  өзi  дара  билейтiннiң,  мұрагерi  Владиславпен  сыбағасын 
бөлiспейтiнiн ашық мойындайды король Жигимонт. 

 79
Тiптi  Речь  Посполита  шляхтасының  атақты  адамы  Ян-Петр  Сопега 
өздерiн  орыс  халқының  қамқоршысы,  емшектес  бауыры  санай  отырып,` 
«Надан жұрт, жабайы халық»-деп қорлайды. Өздерi туралы, өз жұрты туралы 
ойлары  асқақ  болғанымен,  олардың  ағайын  қауым,  ел  туралы  түсiнiгi  тым 
тұрпайы,  арамза.  Бүлiнген  елден  бүлдiргi iздеп,  тонау,  талау,  азаптау-
тағылық мiнездерi Ораз-Мұхамедтi түршiктiредi. 
Елдiң жақсысы, ұйытқысы, береке-бiрлiгi ендi кiмдер деген сауал оның 
көкiрегiн  тiлгiлейдi.  Елдi  алудың  жолы,  билiгiңдi  бекем  етудiң  тəсiлi 
уақытша  елдi  салықтан  босатып,  садақа  үлестiрумен  шектелмесiн,  солай 
болар деп өзiн-өзi алдап, жұбатып келген тереңсiздiгiн, ақ патша Годуновтың 
да аяр, келешегiн ол үш дүниенi түгел көрген, байсалды парасат, тағдырдың 
бар  талқысын  тəрк  еткен  батыл  қайрат  иесi,  бар  тiрлiгiн  кек  жолына 
бағыштаған  холоптар  Иван  Болотников,  Хлопко  Косалаптармен  сөйлесе, 
таныса, қара қасқа тажал үстiнде табыса келе сезiнедi. Ойының балаңдығына, 
əрекет-амалдарының  арзандығына  кейидi.  Патша,  бояр,  бай,  хан,  сұлтан 
бiткеннiң  бəрi  беделсiз  əулет,  баққұмар  топ  екенiне  белуардан  қара  суды 
жалдап,  қан  кешкен,  астынан  сыз  өтiп,  хан  төсегi  көзден  бұлбұл  ұшқан 
қаралы  түндерде  айқын  сезiне  түседi  ол.  Ата-тегi  ақ  сүйек,  атағы  сұлтан, 
лауазымы-хан Ораз-Мұхаммед жетi ағайынды жат жұртты сiңiрiне сүрiндiрiп 
кеткенiн  түсiнедi.  Бiр  айналдырса  шыр  айналдыратын  қарғыс  атқан 
тағдырдың  бұйрығымен  iлесе  келген  тақ  таласы  жазықсыз  жандарды  бiр-
бiрiне  ата  дұшпан  етiп, «қан  тiлеген  қайқы  қылыштар  қайратты  қолда 
қамшыдай  ойнап,  бас  бауырдай  тiлiнген,  кеуде  торсықтай  сөгiлген»  он  екi 
жылда  сүргiннiң  өтiнде  жүрiп  ол  дүниеге  қайта  туып,  басқаша  сезiм  мен 
түсiнiктiң,  идеяның,  мұраттың  күрескерi  болып  шығады.  Халықтан  дана, 
халықтан iзгi, халықтан қуатты күш жоқтығына шүбəсi қалмайды. 
«Аласапыран» дилогиясының бiр кiтабы-эпикалық сипаты бар, мазмұны 
терең,  халықтық  зор  күрестiң  буырқанған  шындығын  мөлдiрете  мүсiндеген 
реалистiк туынды. 

 80
Əдебиет  тарихынан  белгiлi,  алпысыншы  жылдарға  дейiн  көне  дəуiрдi 
бейнелейтiн  кейбiр  тарихи  көркем  шығармаларда  патшалар  мен  боярлар, 
дворяндар  тұрмысы,  алыс-жұлысы,  қилы  əрекеттер  суреттелгенмен,  онан 
халықтық  мəнi  ашылмай,  қорытып-екшеленбеген  жасанды  оқиғалар  алдыға 
жайылатыны 
орынды 
мiнелетiн-дi. 
Осы 
тұрғыдан 
байқасақ, 
«Аласапырандағы»  халық-тарих  локомотивтi  екендiгiне  шек  келтiрмеймiз. 
Ұлы  Ресейдi  жат  жерлiктердiң  табанына  салып  бермек  болған  сатқын 
алпауыттардың көмейiне құм құйып, азуын көрсетiп, қылышпен келгендердi 
қылышпен  турап,  орыс  жерiнiң  тəуелсiздiгiн  сақтап  қалған  қара  халықтың 
сарқылмайтын  қайраты,  ортаймайтын  рухы,  жаңғырыққан  дабылы  екiншi 
кiтаптың  əр  бетiнен  өктем  естiлiп  жатады.  Иван  Болотников` «Халықтың 
қанын сорған алпауыт атаулы жер бетiнен тегiс аласталады. Кеңшiлiк заман 
туады. Теңдiк орнайды»-дейдi салмақпен.  
Елiнен, туған жерiнен шығандап шығып, орыс жерiнде өнiп-өсiп iзгiлiк, 
ел  мұраты  кiсiлiктi,  теңдiк,  бейбiт  өмiрдi  аңсап,  тағдырдың  қай  соқпағына 
түсерiн бiлмей, жарық дүниеге мың сауалмен үңiлген Ораз-Мұхамед тағдыры 
қандай  күрделi,  характерi  тұңғиық  десеңшi...  Жалған  патша  Кəззаптан 
досының кегiн ала отырып` «Қайткен күнде де өмiр бойы ақ патшаға қарсы 
алысып өлемiз» деп қалады қанына қарайған, алпауыттар жайлаған дүниенiң 
мерездi  сырына  жетiк  князь,  батыр  да  мəрт  мiнездi  Петр  Урусов.  Саманай 
батыр əлемдi жалмаған жемiт патша лаңына күйiнiп, халық қаһарының туын 
ұстап,  ақ  патша-аждаһа,  ордалы  жылан-алпауыт  боярларға  қарсы  күрескен 
Болотниковты Айсаның алғашқы хабаршысы-нəбиi десе, ал хан құтаймайтын 
Хан-Керменге  береке-бiрлiк,  теңшiлдiк  ала  келген,  бар  бақытсыздық, 
ауыртпалықтың өтiнде жүрiп, жұртын қызғыштай қорыған Ораз-Мұхаммедтi 
ол  Мəдiге  теңейдi.  Ораз-Мұхаммедтiң  халыққа  жақын  тұруының  жарқын 
мысалдары мол. Қазақ халқының бар ғұмыры сүргiнде өткен кемеңгерi, көне 
дəуiр  тарихын  келер  ұрпаққа  қалдырған  ұлы  Қадырғали  Жалайыри, 
Бөлексейiт  ерлiгi  мен  парасаты  бiрегей  Шаш  бек,  Нұрұзақ,  Саманай  батыр, 
Тамабектердiң оған қарауындағы жұртының тiзгiнiн тең ұстауға, ел iшiндегi 

 81
телi  мен  тентектi  тыюға  шектеулi  шеңбер,  есептеулi  еркiндiгi  бар 
патшалықтың  iшiндегi  парасаты  кемел, iскер,  көреген  ел  бiлушi  ретiнде 
танылуына шарапаты аз тимейдi. Мұхтар Мағауин сонау жетi атасынан берi 
уызы  арылмаған  ақсүйектiң  ұрпағын  қараша  жұртына  телiп  жiберуiнiң 
əлгiндей кемелдiкке лайық алғы шарттарын дəл тапқан. 
Тарихи  көркем  шығармадан  сол  бейнелеп  отырған  дəуiрдiң  салты, 
санасы,  мiнезi,  əдет-ғұрпы,  дəстүрi,  сөз    саптау  шеберлiгi,  психологиясы 
айқын  бедерленiп  тұруы  талап  етiледi.  Жазушы  «Аласапыранда»  оны  да 
қапысыз  орындаған.  Қазақ  елшiлерi,  онда  да  бас  елшi,  батыр  мен  би, 
қосшылары,  патша  мен  боярлар,  княздар  мен  стрелецтер,  шетелдiк 
қонақтардың,  тiптi  қыз-келiншектер  мен  егде  жастағы  əйелдерiн  де  киiм-
киiсi, жүрген жүрiсi, мiне-құлқы, хас iсмердiң қолынан еткен қалы кiлемдей 
құлпырып, қайталанбас бояуын табады. Тымырсық түн түнегiнде жат ортада 
ғұмыр  кешкен  Ораз-Мұхаммедтiң  досы  көп  те,  дұшпанын  өзiн  өкшелеп 
жүредi.  Жасы  жиырма  жетiге  ендi  келiп,  Хан-Керменге  ақ  киiзге  орап  хан 
сайланған  тұста  ол  өз  туған  халқының  тарихын,  ғұлама  Қадiрғали  бектiң 
«Тарихи-и-Чыңғыз-хани ве Сайынхани», «Тарих-и-Улус Джучи», «Тарихи-и 
Алаш», «Тарих-и  Хан-Кермендi»  ғажамдық  Тарих-Ата  Рəшид  əд-Диннiң 
еңбектерiн 
зəрдесiне 
түйген 
бiлiктi 
қарсыласын 
қысыр 
сөзбен 
тұншықтырмай,  кемелдiгiмен  пəтуаға  келтiретiн  даңғыл  едi.  Сондықтан  да 
бұрын  Хан-Керменде  билiк  құрған  хандардың  бəрiнiң  түбiне  жеткен,  ерлiгi 
мол, елдiгi одан да зор, көрiсте көсем, сөйлесте шешен Есенейдi мұның пысы 
басады,  адымын  алысқа  сiлтей  алмай  тұсалып,  жас  əмiршiнiң  ық  жағынан 
түтiн салып, төңiрегiн кемерлеп ор қазғанымен, күндердiң күнiнде арам ниетi 
өзiн құрбандыққа шалады. Демек, Ораз-Мұхаммед тұлғасы даралана түсуiне 
достары былай тұрсын, дұшпандары азулы да ақылды, қаһарлы да айқынды 
болып  келуi  де  аз  ықпал  етпеген.  Тағдыры  қыл  үстiнде  тұрған  Руссияны 
жаулап  алуға  Речь  Посполита  королi  келуi  жалған  Дмитрий  Иванович 
Кəззаптың  беделiн  түсiрiп, «ханымы  Марияны  тастай  безуге  мəжбүр  етедi. 
Төңiрегiнде  қошеметшiлер  аршылып,  соқа  басы  сорайып,  жұртта  қалған 

 82
сыңғыр  күлкi,  сынық  мiнез, «Царица  Московская»  колоға  жиналған,  не 
iстерiн  бiлмей  дүрлiккен  қарулы  жұртты  шешен  тiл,  нəзiк  айла,  жұғымды 
мiнез,  қайсар  қажырымен  қоғадай  жапырып,  ықтыра  алады.  Сол  ханым, 
сырлы  сазды  назымен  тiптi,  қаны  қарайған  кеселдi  қасыр,  қоқан-лоқы 
əмiрiмен  күмəндi  жолға  салмақ  ниетпен  Ораз-Мұхаммедтi  бiраз  əурелеп 
бағады. Əрекетi сұйық, қаны бұзық, сұм заманның құрқылтайлары астындағы 
тағының  еркi  өз  қолдарында  тұрғанымен,  ар-ожданының  еркi  ақыл-
парасатына  бағынышты  сахара  перзентiн  ақ  жолынан  адастыра  алмайды. 
Ораз-Мұхамед  жамандай  жанын  бақпай,  өмiрiн  арының  садақасы  еткен  ер 
едi. Не керек, абыройын пəтуасыз алтын тақтын «жылуына» сатқан өлермен 
шляхтянка  Ораз-Мұхамедтiң  түбiне  жетедi.  Тымырсық  түн  түнегiндегi 
алауды-сонау  ымырт  шақта  ер  жүрек  халықты  табыстырмақ  болған  пиғылы 
пəк,  көкiрегi  даңғыл  азамат  жүрегi  сөнедi.  Бiрақ  Петр  Урусов,  Алешка, 
Семенов  тəрiздi  қаһарман  қазақ  ұлының  қадiрiн  жiтi  ұққан  халық  өкiлдерi 
атын  аңызға  айналдырып,  жарқын  күндi,  қауышатын  күндi  жақындастыра 
түскенi  аян.  Дилогиядағы  Ораз-Мұхамедтiң  жаулары  осылайша  кейiпкердi 
бар қырынан жете танытып, оқырманмен етене табыстыра түседi. 
Кейде  тарихи  көркем  шығарма  оқығанмен,  суреттелiп  отырған  оқиға 
қазiргi күндегi ме деген екi ұшты ойда қалатыны бар. Əр заманның өзiне ғана 
сыйымды  түс  мiнез  адамы,  əдет-салты,  құлқы  болары  сөзсiз.  Ал  əлгiндей 
жете  зерттелмей,  долбармен  жасалған  əдебиет  көңiлiңдi  күптi  етпек, 
эстетикалық  талғамыңды  əлсiретпек. «Аласапыран»  дилогиясы  өз  дəуiрiнiң 
ауасымен  тыныстап  тұр.  Этнографиясы,  экзотикасы,  этикасы,  тiлi, 
идеологиясы,  дiнi,  сөз  саптасы,  кейiпкерлердiң  де  сөйлеу  сазы  да  тiптi 
суреткердiң  еңбеккерлiгi «тақуалығы»  сондай,  орыс  адамдары,  басқалар  да 
XV-XVI  ғасырлардағы  қоғамдағы  орнына,  əлеуметтiк  тобына  лайық  тiлдiк 
лексикасын қатаң сақтайды. Жазушы оны кез-келген жерге тықпаштамайды, 
көбiне кейiпкерлердiң диалогiн де пайдаланып, кiтап бетiнiң төменгi жағына 
жұлдызшамен  түсiнiктемесiн  берiп  отырады.  Тарихи  шығарманың  өмiр 
танымдық,  тəрбиелiк  мəн-мағынасымен  қатар  тiл  ұстартарлық  қасиетi  де 

 83
орасан.  Орыс  əдебиеттану  ғылымында V ғасырдан XVIII ғасыр  аралығын 
қамтитын  тарихи  сөздердiң  сөздiгi  шыққаны  қашан.  Бiздiң  ғалымдарымыз 
қазiргi көпке танымал бүгiнгi тiлдiң фразеологиялық, түсiндiрме сөздiктерiн 
қайта-қайта  бастыра  бергеннен,  осындай  ауадай  қажет  мұқтажға  назар 
аударса,  нұр  үстiне  нұр  болар  едi-ау.  Сөз  етiп  отырған  «Аласапыран»  оған 
пайдасын аз тигiзбесiне кепiлмiз. 
Дилогияда  назар  аударатын  болса,  ой  көзiмен  тағы  бiр  сүзiп  өтерлiк 
жағдай  да  баршылық.  Əрине,  патшаның,  боярдың,  хан,  сұлтанның,  байдың 
бəрi  зұлым,  қанiшер,  аяр  бола  бермейтiнi  де  заңды.  Əйтсе  де,  алпауыттар 
қоғамын  уысында  ұстап  отырған  патша,  ханның  бiрiншi  езушi,  қанаушы 
екенiн  естен  шығармаған,  кезi  келгенде  оның  қос  қыртысты,  жатып  атар 
мiнезiн  подтекстерде  айқындай  түсуден  шығарма  тұңғиықтанбаса, 
саязданбасы  белгiлi.  М.Мағауин,  Б.Годунов  пен  Ораз-Мұхаммедтi  тым 
«iзгiлендiрiп», «демократтандырып»  жiберетiнi  көкейге  күдiк  байлайды. 
Мемлекеттiң,  хандықтың  түсiмi-халықтан  жиналатын  алым-салық.  Əрбiр 
патша,  хан  жаңадан  тағайындалған  сайын  бағыныштыларынан  жиналатын 
алым-салықты  екi  жылға  дейiн  жинамауға  жарлық  шығарып,  патша 
қазынасын  үлестiрсе,  ертеңгi  күнi  патшалықтың  яки  хандықтың  күйi  не 
болмақ
?...  Патша  барды  шашпас,  байлық  құйылар  көздi  сарқып,  бiтеп 
тастамас болар. Ал Ораз-Мұхамед патшалықтың iшiндегi қолдан жасалынған 
патшалықтың «патшасы» яғни шектеулi билiк иесi. Сондықтан қуыршақ хан 
өзi  еркiмен  қарауындағы  жұртқа  ұзақ  мерзiмге  салық  төлетпеуге,  қазынаны 
үлестiруге  құқы  жете  берер  ме  екен
?  Патшаның  татарлар  төбесiнен 
бақылатып  қойған  саққұлақ,  адал  берiлген,  иiсшiл  воеводалары  қаланың 
қамалын  таспен  өруге  доңайбат  көрсеткенде,  жаңадан  тағайындалған 
«Ханға» қазынадағы қаражатқа шүлендiк жасауына жол бермеуi мүмкiн ғой.  
Ораз-Мұхаммед-iзгiлiктi,  кiсiлiктi,  адалдықты  сүйетiн  сырбаз  жан.  Өзi 
ұнатып,  не  өз  еркiмен  оған  қосылған  қалыңдықтарды  /Мөлдiр  бикем,  Елек, 
Орай  бикем,  Гулсифат-ханша/  қосақтап  жар  етуi  көне  дүниенiң  салтына 
көнбiстiктiң  бiр  көрiнiсi  дейiк,  ал,  арамды  көрсе  жүрегi  айнитын  ел  арысы 

 84
басы  қосақтаулы,  бiреудiң  тiгiлгелi  отырған  отауына  тиесiлi  қалыңдық-
Айсұлуды  əйелдерi  үстiне  зорлықпен  қосақтап  алуы,  оның  сүйген  жiгiтiнiң 
түбiне  жетiп,  өзiне  бауыры  бұрмаған  асау  сұлуды  өлiмге  мəжбүр  етуi-
түлкiнiң терiсiн жамылған көкжалды елестетпей ме
?         
Жас  ханның  Хан-Керменге  келе-сала  елдi  қара  күшпен  емес, 
адамгершiлiк,  биiк  санамен  тəрбиелеудi  мұрат  тұтып,  Ақ  Сарай  iргесiндегi 
ұры-қары,  ақ  патшаға  жау  тұтқындары  жоғарыдан  рұқсат  алмай,  еркiндiк 
берiп, зынданды жойып, орнын тегiстетiп тастауы, бiзiңше, сол заман тұрмақ, 
бүгiнгi күнi де күдiкпен iске асар гуманизм. 
Бəлкiм, сол дəуiр моралi үшiн бөрiнiң баласы бөрiлiгiн жасамай қоймас, 
қасқырдың  күшiгi  тоғайға  қарап  ұлитынына    да  келiсемiз.  Десе  де,  тар 
заманда  əке  орнына    əке  болған  нағашысын  артынан  ерген  жалғыз  жиенi, 
баласы  есептi  Мұрат-Мұхамед  /əпкесi  Асыл-Ханымның  ұлы/  өлiм 
шеңгелiнен  құтқармақ  болғаны  үшiн  оны  жауына  ұстап  беруi-көмескiлеу. 
Қорқақтық 
пен 
сұрқиялылықтың 
да 
себеп-салдары, 
заңдылығы, 
шошындыруы, лағнет айттыруы қажет қой.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет