Өзбекстан Республикасы Жоғарғы жəне Орта арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6754
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланылған əдебиеттер` 
1. М.Қаратаев. Iзденiс iздерi. 
2. Р.Бердiбаев. Биiк парыз. 
3. Т.Сыдықов. Мұрат пен мiндет. 
4. Т.Тоқбергенов. Қос қағыс. 
 
 
 

 85
Ə.ƏЛIМЖАНОВТЫҢ «ЖАУШЫ» РОМАНЫ 
Жоспары: 
1. Ə.Əлiмжановтың «Жаушы» романының тақырыбы. 
2. «Жаушы» романындағы тарихи шындық жəне көркемдiк шешiм. 
3. Романдағы образдар жүйесi. 
4. Романның тiлi мен көркемдiгi. 
Тарихи тақырыпта туындылар жасау үшiн күрделi өмiрлiк проблеманың 
бiрi-шығарма  идеясына  сай  оқиғалар,  кейiпкерлер  таңдау.  Осы  уазипаның 
үдесiнен  «Жаушы»  романының  авторы  шыға  бiлген.  Мұндай  тарихи 
романдардың  таңдаулыларында  қалыптасқан  игi  дəстүр-халықтың  қаһарлы 
күшiн,  қоғам  дамуындағы  шешушi  орнын  көрсету  нысанасы  көзделген. 
Жоңғар  басқыншыларына  қарсы  күрестiң  халықтық  сипатын  ашуы 
«Жаушының» атап көрсетерлiк ұнамды белгiлерiнiң бiрi. 
«Ə.Əлiмжановтың 
романы 
«Жаушыны» 
мен 
мұндай 
термин 
əдебиеттануда  əлi  қолданылмайтын  болса  да, «көркем  жылнама»  деп  атар 
едiм» (М.Қаратаев. Талант рухымен. А.1989.260 б) 
Əлiмжановтың «Жаушы» романының қайталанбас, аса көркем шығарма 
екендiгiне  кiтапты  бiр  оқып  шыққанннан  кейiн  терең  ойға  қалдыратыны, 
туған  халқыңның  тарихын  бiлуге  деген  құштарлығыңды  арттыратындығы, 
өткен  мен  бүгiнгi  өмiрдiң  арасынан  байланыстар  iздеуге  ұмтылдыратыны 
сөзсiз. 
Романның  негiзгi  қаһармандары  халық  бұқарасының  өкiлдерi  болып 
келуi  шығарманың  сара  идеялық  бағытын  айқындайды.  Мейiрiмсiз  жау 
соққысын  көрiп,  азабын  арқалаған  көбiнесе,  қатардағы  момын  малшылар 
болып  көрiнедi.  Бес  ұлының  төртеуiнен  айрылып,  сергелдеңге  түссе  де, 
мойымаған,  жiгерi  жасымаған  Манай  қарт,  оның  батыр  ұлы  Кенже, 
жылқышы  Малайсары,  Жанатай  батыр,  ақсақ  бақташы  Орақбай,  жоңғармен 
алғашқы  ұрыста  мерт  болған  Сейiт,  қарапайым  ауыл  қызы  Сəния,  жаудың 
сырын  жеткiзiп  жəрдемдескен  Нақжан  мен  Томан,  Сарыарқада  алғашқы 

 86
азатшыл  жасақты  ұйымдастырушылар  Саңырақ  пен  Тайлақ  батыр,  Лаубай, 
Мерген  секiлдi  сарбаздар  iсi  мен  ерлiгi  романда  алғы  кезекке  шыққан. 
Кейiпкерлердi  осылайша  iрiктеу 1723-31 жылдардағы  жоңғарға  қарсы  ауыр 
күрестiң  негiзгi  салмағын  бұқара  көтергенiн  қапысыз  аңғартады,  азаттық, 
бостандық үшiн қозғалыстың терең демократиялық сипатын ашады. 
Қазақтардың Жоңғар шапқыншылығына жөндi қарсылық көрсете алмай, 
əлсiз  соғысуы – ел  билеген  хандардың  билiкке  таласып,  өзара  қырқысып, 
жауласып келуiнiң салдары едi. Тек қалың бұқараның қысымымен ғана 1728 
жылы үш жүздiң хандары бiрiгiп, соның нəтижесiнде үлкен жеңiстерге жете 
бастады…  Қазақтар 1716 жылдың  өзiнде  ақ  Тəуке  хан  арқылы  орыстармен 
əскери  одақ  туралы  келiссөздер  жүргiзе  бастады  да, 1731 жылдың 10 
октябрiнен бастап, Россияға өз еркiмен қосыла бастайды. «Жаушы» романы - 
-  Жоңғар  шапқыншылығы  жайлы,  қазақтар  мен  орыстардың  арасындағы 
достықтың басталу кездерi хақында жазылған көркем жылнама. Мұнда 1723 
жылдан 1731 жылдар аралығындағы қазақ халқының өмiрiндегi тарихи кезең 
қамтылады.  Ұлан-ғайыр  материалдар  көркемдiк  тұрғыдан  игерiлiп,  шағын 
көлемге  сыйғызылған – бұл  əрине,  үлкен  шеберлiктi  қажет  ететiн  қиын 
жұмыс. 
Жазушы  жаушы  Кенженi  оқиғаның  барысында  кедейлермен  де, 
хандармен  де  қатыстыра  отырып,  сол  кездегi  қоғамдық  ортаның  түрлi 
жақтарын  жан-жақты  көрсете  алған.  Шығарманың  басында  Кенженi 
жақындарының  қасында  көремiз.  Олар:  жоңғарлар  талан-таражға  салған 
ауылдан  бастап,  қауiпсiз  жер  iздеп  жүрген  ақылды  да  адал,  қарапайым  кiсi 
Манай; Манайдың сенiмдi досы Алпай; Кенженiң сүйiктi қызы Сəния; оның 
əкесi,  нағыз  ауыл  кедейiнiң  өкiлi  жылқышы  Орақбай;  Малайсары,  Мерген, 
Саңырақ,  Таймаз  тағы  басқа  да  кейнiнен  рулардың  игi  жақсылары  ретiнде 
емес, қалың бұқара арасынан шығып, патриоттық ерлiктерiмен елге танылған 
батырлар, қарапайым халық өкiлдерi. 

 87
Сонымен  бiрге,  ел  iшiнде  жасырынып  жүрген  Қаражал,  Томан  сияқты 
Жоңғар  тыңшыларының,  жансыздарының  образдары  да  ақылды,  айлакер 
дұшпан ретiнде дəл бейнеленген. 
Кiтапта Əбiлқайыр, Əбiлмəмбет, Барақ, Болат хан, Сəмеке т.б. хандарды 
да  кездестiремiз.  Бұрынырақта  өткен  хандардың  бiр  де  бiрi  сол  дəуiрдiң 
тынысын,  даму  бағытын,  бағдарын  бiлдiрушi  болып  көрiнбейдi.  Ал,  ХҮIII 
ғасырдағы қазақтың даласын хандарсыз көрсету мүмкiн емес. Есенберлиннiң 
тарихи  романдарынан  Əлiмжанов  кiтабының  түбiрлi  айырмашылығы  сол, 
мұнда  басты  герой  орнында  хан,  не  сұлтан  емес,  халық  арасынан  шыққан, 
бұрын елеусiз болып келген жас жiгiт жаушы алынады. Ол сыртқы жауларға 
қарсы  соғыстарда  бiрнеше  рет  көзге  түсiп,  содан  кейiн  барып  «жаушы» 
атанады. Бұл – адамға туа келмейтiн, мұра ретiнде берiлмейтiн, тек қана адал 
еңбекпен жететiн сенiм, атақ. 
Шығармада əрекет жасайтын адамдардың iшiнен ең алдымен ер көңiлдi, 
сұлу  қыз  Сəнияның  образы  ерекшеленедi.  Манай,  Орақбай,  Малайсары, 
Сейiт,  Мерген  бейнелерi,  екiншi  планда  көрiнетiн  персонаж  Бопай  ханша 
бейнелерi сəттi жасалған. 
Мынадай  эпизодқа  тоқтала  кетейiк:  Бiр  бiрiне  қарама  қарсы  тұрған 
жоңғарлар  мен  қазақтардың  əскерлерi.  Қанды  қырғын  басталуының  сəл  ақ 
алды. Өгiз терiсiнен жасалған барабанның дауысы даланы жаңғырықтырады.. 
Кенеттен  жоңғардың  бiр  батыры  атын  ойнақтатып,  ортаға  шыға  келдi  де, 
қазақтардан  жекпе  жекке  шақырды.  Ердiң  ерi  сыналар  эпизод.  Қазақ 
батырлары  ақылдасып, iшiнен  бiреуi  қасқиып  қарсы  шықты.  Жекпе  жек 
басталып кеттi. Қазақ батыры жоңғар батырының иығын  жаралы еттi. Бiрақ, 
ашынып  алға  ұмтылған  жаралы  жоңғар  қарсыласын  өлтiре  соққыға  жығып 
кеттi… 
Балқашқа  қарай  босып  бара  жатқан  қазақ  ауылдарының  iшiне  жоңғар 
жансызы, ақылды, сұлу қазақ жiгiтi Қаражал кiредi. Сəния сұлу оған аз уақыт 
қызыққандай  да  болады.  Бiрақ  өрт  кезiнде  Қаражал  жоңғар  туралы  мəлiмет 
əкелген  жiгiттi  атып  өлтiредi.  Өлген  жiгiттiң  денесiне  қадалған  жоңғар 

 88
садағының  алты  қырлы  оғы  күдiк  туғызады.  Сəния  осы  жəйiттi  өзiнше 
тексерiп,  өлтiрген  Қаражалдың  қанды  қолы  екенiн  анықтайды;  оған  қарсы 
шаралар қолданады. 
Ұланғайыр тарихи оқиғалар аумағын қандай шығармаға да тiзiп сыйғызу 
қиын. Олай ету көркем əдебиетке қажет емес. Оқиғалармен байланысты адам 
тағдыры,  өмiрi,  оның  күйiнiш-сүйiнiшi  арқылы  көрсету  шарт.  Ə.Əлiмжанов 
«Жаушы»  романында  осы  принциптi  мықтап  ұстанған.  Бүкiл  романда 
ондаған  кейiпкерлер  қатарын  көрсек  те,  солардың  iшiнен  автордың  екшеп 
«үлкен  планмен»  бейнелегiсi  келген  адамдарын  айыру  қиын  емес.  Олар 
Манай  мен  оның  ұлы  Кенже,  Кенженiң  сүйген  қызы  Сəния,  қыздың  əкесi 
Орақбай.  Осы  екi  семьяның  сергелдеңi  мен  сарсаңы,  бейнетi  мен  арманы 
қалың  оқиғалардың  арасында  көзге  шалынып  отырады.  Осылардың  басына 
түскен тауқымет бүкiл жұрттың ортақ тағдырындай елес бередi. 
Бейбiт жатқан Манай аулының тез уақытта дауыл соққандай алай-түлей 
күйге ұшырауы, қиындық атаулының ес жидырмай үйме-жүйме келуi, сондай 
халде қарапайым ауыл ақсақалының сабырлы, салқын ақылмен өзiне қараған 
үйлердi соңына ертiп, соғыстан толас жердi iздеуi табиғи, шыншыл көрiнiс. 
Бұл ауылдың теңiздегi қайықтай кең даладан таяныш, пана таппаған ақуалы 
аса  шеберлiкпен  берiлген.  Бұл  арада  жазушы  жеке  адамның  басына  түскен 
зiлдей  ауырлықты  барша  бояумен  əдiл  көрсете  алған.  Манай  тұлғасы  көп 
ақиқатты аңғарта алатын, анық iрi тұлғалардың бiрi болып саналады.  
Манай  осы  ауылдың  тыныштығын  қызғыштай  қорғау,  тар  жерде  ақыл 
табу, жол көрсету үстiнде өзiнiң кең тұлғасын танытады. Оның əрбiр қимыл, 
əрекетi,  ойы  бейнесiн  толықтыра,  анықтай  түседi.  Тiрi  қалған  жалғыз  ұлы 
Кенженi қасына серiк етiп, Малайсары батырдың қарауына жiберуi оның өз 
қамынан  гөрi  ел  мүддесiн  көбiрек  ойлайтындығын  сипаттайды.  Кенженiң 
хабарсыз  кеткендiгiн  өлдiге  жорыған  шақта  да  Манай  ұстамдылығын 
жоғалтпайды.  Манай  бойынан  қазақ  адамының  ең  жақсы  мiнездерi 
табылғандай.  Ол  аулына  келiп,  тыңшылық  жасап  жүрген  Қаражалдың  да 
жымысқы,  жауыз  iстерiн  көпке  дейiн  аңғармайды.  Дүиенiң  бəрiне  кең 

 89
пейiлмен,  қанағатпен,  қарапайымдылықпен  қарайтын  Манай  тұлғасы 
тартымды. 
Тарихи романдардың үлкен бiр сонылығы-тарихи оқиғалардың, iстердiң 
таптық,  əлеуметтiк  жiгiн  ажыратып  көрсете  бiлгендiгiнде.  Адамзат  тарихы 
таптар тартысының тарихы дейтiн қағида басшылыққа алынған жерде ақиқат 
тұтас  аумағымен  сараланып  көрсетiлуi  мүмкiн. «Жаушы»  романында  осы 
талап  та  ойдағыдай  жүзеге  асқан.  Жоңғарға  қарсы  күрестiң  бүкiл  халықтық 
сипатын аша отырып, жазушы сол күрестiң қозғаушы күштерi, олардың өзара 
бiрлiгi  мен  қайшылығы  қандай  дегендi  шебер  айыра  бiледi.  Кейiпкерлердiң 
диалог,  монологтарынан  да,  авторлық  баяндаулардан  да  үстем  таптың 
халыққа  мақсаты  жат  екенi  тек  жау  шапқан  кезде  ғана  амалсыз  ынтымаққа 
келгенi  айтылып  отырады.  Жоңғарға  қарсы  стихиялық  аттаныс  күшейiп, 
Бұланты  өзенi  бойында  қазақ  қолы  алғақшы  жеңiске  жеткеннен  кейiн  ғана 
хан,  сұлтандар  «ел  басқаруды»  қолға  алады.  Түркiстан  төңiрегiндегi 
Ордабасы  деген  жерде  үш  жүздiң  бас  билерi,  сұлтандар,  хандар  бас  қосқан 
жиында  да  үстем  тап  мүддесiнiң  мүлде  бөлектiгi  байқалады.  Жалшыларға 
əдетте  жасап  қалған  зорлығын  жауға  аттанар  алдында  көрсетпек  болған 
Садақбайдың  дегенi  болмайды.  Сарбаз  жiгiттер  байлардың  үйiрiнен  жақсы 
жараулы  аттарды  өздiгiнше  барып  ұстап,  мiнiп  кете  бередi.  Бұл  əрекеттердi 
көрген  байлар  iштей  тынып,  қарсылық  жасай  алмайды.  Бiрақ  бұл  олардың 
жалшылармен  мүдделесiп  кеткендiгiнен  емес.  Мiне,  осылайша  жазушы 
«қазақ  сарбаздары»  деген  айбарлы  əскердiң  iшiндегi  əлеуметтiк  топтар  мен 
қызығулар ерекшелiгiн нанымды аңғарта бiледi. 
«Жаушы» романының ашқан бiр тың мəселесi-қазақтың жоңғарға қарсы 
соғыста  жеке  болмай,  өзге  көршi  елдер  жасақтарының  көмекке  келгенiн 
көрсетуi.  Қазақ  қолының  құрамында  башқұрт,  орыс,  қарақалпақ  адамдары 
соғысқаны  шығармада  сенiмдi  аңғартылған.  Башқұрт  Таймас,  орыс  Егор 
өздерiнiң  ерлiк  iстерiмен  ерекше  дараланып  көрiнедi. «Саңырақ  батырдың 
туы  астында  жүзден  астам  орыс  бар».  Ал  ақсақалдар  кеңесiне  қатысқан  бiр 
қарт` «Ер  жiгiттiң  ерлiгi  мен  өжеттiгiн  ұрыс  даласында  көрсетер  кезi  келдi. 

 90
Мынау  ел  басына  сын  болар  қасиеттi  айқасқа  алты  алаштың  ұлдары  ғана 
емес,  бауырлас  жатқан  қырғыз  бен  қарақалпақ  та,  өзбек  пен  башқұрт  та 
қатысқалы  отыр.  Жонымызды  жау  көрмесiн,  бауырын  бауыры  жауға 
қалдырмасын»-дейдi. Бұлар жел сөз емес, тарихи шындық. 
Ə.Əлiмжанов  романында  қазақтан  шыққан  жауыз  тыңшы  Қаражал 
дегеннiң жексұрын бейнесi бар. Дүниенiң жылтырағына қызыққан адамдарда 
белгiлi  принцип,  адамшылық  парыз  шарттарын  ұстау  деген  болмайды. 
Жоңғар  ханының  уəдесiне  елiгiп,  мансап  көздеп,  өз  халқын  қыруға 
көмектесiп  жүрген  Қаражал  тұлғасы  да  тың  тұлға.  Сөзге  де, iске  де  əбжiл, 
арамдығын жасыра бiлген, тəуiр жiгiт санатына кiрiп жүре аларлық қабiлетi 
бар  Қаражал  бейнесi  оқушыны  ойландырарлық,  өз  iшiнен  шыққан  жаудың 
сырттағы  дұшпаннан  анағұрлым  қауiптiрек  екендiгiн  ұқтырарлық  бейне. 
Сырттай қарағанда, бiртұтас қазаққа ұйымының iшiнде қандай қайшылықтар 
жатқандығын  тануға  мұндай  тұлғалар  көмектесе  алады.  Сол  сияқты 
Жоңғарияда  болып  жатқан  жаңалықтар  мен  жаудың  жоспарын  жеткiзген 
қазақ адамдары Нақжан мен Томанның бейнелерi мүсiнделулерi орынды. 
Романда  көркемдiк  шындық  деңгейiнде  берiлген,  анық  айшықталған 
адам  тұлғалары  жасалған.  Табанды,  момын  Манай,  өжет,  қайратты  Кенже, 
намыс  пен  кектен  жаралғандай  Малайсары,  көрiктi  де  əдептi  Сəния,  ақ 
жарқын,  алаулаған  оттай  Тайлақ,  парасатты  батыр  Бөгенбай,  ақылды  да 
айлалы  хан  Əбiлқайыр  бейнелерi  оқушы  жадында  қалады.  Жазушы 
портреттiк  сипаттаманы  сараң  қолданғанымен,  қаһармандарды  iс-əрекет 
үстiнде мiнездеуге көп көңiл бөледi. 
Қазақ  əдебиетiнiң  жанрлық,  тақырыптық  жаңа  сипаттар  табуына,  кең 
тыныспен  алға  өрлеуiне  өз  шығармаларымен  белсендi  ат  салысып,  қомақты 
үлес  қосып  келе  жатқан,  халықаралық  əдебиет  қозғалысының  көрнектi 
қайраткерлерiнiң  бiрi  жазушы,  публицист  Ə.Əлiмжановтың  мақалалары  өз 
алдына бiр төбе. Бiз жазушының дарын ерекшелiгiн, қазақ əдебиетiне əкелген 
сонылығын  айқындайтын  күрделi  шығармаларына  ғана  тоқталдық.  Бiлiмi, 
таланты,  тəжiрибесi  мол    жазушы  оқушы  жұртшылықты  алдағы  кезде  де 

 91
жаңа  да  жақсы  туындыларымен  қуантатындығына  сенiм  зор  едi.  Ондай 
табысқа  жетудiң  кiлтi-ұдайы  iзденгiштiкке,  шеберлiк  ұстартуға,  халықтың 
көркемдiк  сауалдарына  зерек  құлақ  түрiп  отыруға,  еңбек  пен  дарынды 
ұштастыруға байланысты.   
Пайдаланылған əдебиеттер` 
1. Ə.Əлiмжанов. «Жаушы» романы. 
2. Р.Бердiбаев. Қазақ тарихи романы. 
3. М.Қаратаев. Əдебиет рухымен. 
4. Т.Тоқбергенов. Ай мүйiз. 
 
CƏБИТ МҰҚАНОВТЫҢ «ӨМIР МЕКТЕБI» МЕМУАРЛЫҚ 
ТРИЛОГИЯСЫ 
Жоспары: 
1. Тарихи-мемуарлық жанр туралы. 
2. С.Мұқановтың «Өмiр мектебi» мемуарлық романы, оның тақырыбы. 
3. «Өмiр мектебi» романындағы дəуiр шындығы жəне көркемдiк шешiм. 
 
Сəбит  Мұқановтың  «Өмiр  мектебi»  романындағы  өмiр  шындығы  əке 
мен  шешеден  жетiм  қалып,  балалық  шағын  ауыл  арасында,  ағайын  iшiнде 
өткiзген адамның өз өмiрiмен тiкелей байланыста. 
Белгiлi  қаламгер  Сəбит  мемуарлық  шығармалармен  шұғылданды  да. 
«Менiң  мектептерiм», «Өмiр  мектебi», «Есею  жылдары»  атты  үш  кiтап 
жазды.  Бұл  жанр  қазақ  əдебиетiнде  Сəкен  Сейфуллиннiң  «Тар  жол,  тайғақ 
кешуiнен»  басталса,  орыстың  классикалық  əдебиетiнде  ерте  кезде 
қалыптасқан  болатын.  Л.Толстойдың  өз  өмiрi  мен  əлеуметтiк  тарихи 
жағдайларды  ұштастыра  суреттейтiн  «Балалық  шақ»  повесi,  М.Горькийдiң 
«Кiсi есiгiнде», «Менiң университетiм» атты кiтаптары осыны танытады. Бұл 
дəстүр көп ұлтты ел əдебиетiнде кең өрiс алды. 

 92
Трилогияның  бiрiншi  кiтабында  жас  Сəбиттiң  «Азапты  өмiрi»,  екiншi 
кiтабында «Азатты өмiрi», «Үшiншi кiтабында «Есею жылдары» сөз болады. 
Автор  өзiнiң 36 жылдық  өмiрi  арқылы  қазақ  халқының,  ауылының  жай-
жағдайын,  ел  өмiрiндегi  өзгерiстердi  көркемдiкпен  бейнелеп  бередi.  Мұнда 
да  жер  дауы,  жесiр  дауы,  ағартушылық  проблемалары  көтерiлiп,  өз  кезiнiң 
уақыт тынысына сəйкес көркемдiк шешiмiн тауып отырады. 
Трилогияның  алқғашқы  кiтабында  күн  көрiс  кəсiбi  тек  қана  аң  мен 
малшылық болған қазақ ауылының ауыр тұрмыс-тiршiлiгiн көремiз.Кiтаптың 
«Күйреген  ұя»  атты  бiрiншi  тарауындағы  «Менiң  туу  тарихымнан». «Өрт», 
«Саятшы  Ораз», «Бақытсыз  Бағила», «Жаман  шұбар», «Дос», «Зарлы 
жоқтау» атты эпизодтарында осы жайлар баяндалған. 
Кiтаптың үшiншi тарауындағы «Дау»  Бағиланың қалың малына келген 
бурыл  биеден  туған  бурыл  құлыннан  басталады.  Атқа  мiнудi  армандаған 
Сəбит желi басындағы құлынның қасынан шықпай қояды. Ол құлын енесiмен 
сатылып кетсе де, бала құлынның қасына баруын тоқтатпайды. Баланың бұл 
қылығы биенi сатқан Мұстафаға да, оны сатып алған Ыбырайға да ұнамайды. 
Оның  үстiне  Мырзағазының  азғыруына  ерiп,  Сəбит  Мұстафаның  үйiнен 
бiржолата  кетедi.  Сөйтiп  он  бiр  жасар  жетiм  баланың  ендiгi  тұрағы 
Нұртазаның  үйi  болады.  Сəбиттiң  Нұртазаның  үйiндегi  күйi  де  оншалықты 
болмайды.  Бар  байлығын  өзге  түгiл  өзiнен  де  қызғанатын  Нұртаза  асқа 
жарытпайды… 
 Мұстафаның үйiне қайтып баруға ары шыдамай, кəсiп iздеуге əлi жас он 
бiр  жасар  Сəбиттiң  алғашқы  кəсiбi  өлген  адамға  құран  оқу  болады.  Бiрақ 
одан  тапқан  табыс  та  тамақ  асыраудан  əрi  аса  алмайды.  Сəбитке  тағы  да 
басқа  кəсiп  iздеуге  тура  келедi.  Оның  ендiгi  тапқан  кəсiбi  қисса-жырларды 
жаттап  алып,  ауыл  арасындағы  жиын-тойларда  айтып  жүру  болады.  Бұл 
кəсiп жас Сəбиттiң атын шығарып, ел iшiнде абыройын асыра түседi. Оның 
қисса  айтатынын  естiген  Мақан  жылқышы  өзiне  бақыршы  бала  етiп  алады. 
Бiрақ  Сəбит  онда  да  ұзақ  тұрақтай  алмайды.  Тұртай  бай  оны  бiр  биесiн 
қасқыр жегенiн сылтау етiп, жылқыдан қуып жiбередi. 

 93
Сəбит ауылға келгеннен кейiн жаңа молда Идристен оқып, тағы да бiраз 
сауатын  ашады.  Талапкер  жас  бұл  оқуға  да  тұрақтамай,  ауылдан  кеткiсi 
келедi. Ол жəмшiк тарта жүрiп, Спандияр Көбеев, Жанпейiс Омаров сияқты 
жақсы  адамдармен  кездесiп,  тағы  да  оқу  қажеттiгiн  түсiне  бастайды.  Осы 
мақсатпен қалаға келген Сəбит Құтырлаған қаласының сиырын бағады. Бiрақ 
Сəбитке  қала  жатағының  өмiрi  де  ауыл  кедейiнiң  өмiрiнен  артық  болып 
көрiнбейдi… 
Сиыр  соңында  жүрген  Сəбит  қалаға  келiп,  орыс  халқының  өмiрiмен, 
қала тiршiлiгiмен таныса бастайды. 1914 жылы бiрiншi дүние жүзiлiк соғыс 
басталған кезде қалада тұратын орыс жiгiттерi соғысқа аттанады. Ел iшi тағы 
да бүлiне бастайды. Егiн шықпай, асырайтын азаматтары соғысқа кеткен ел 
күйзелiске  ұшырайды.  Тағы  да  ауылға  қайтып  келген  Сəбит  Нұртазаның 
баласы  Мырзағазының  қайын  жұртына  барып  қайтады.  Жазушы  осы  тұста 
қазақтың  ескiден  келе  жатқан  қайынға  ұрын  бару,  қалың  мал  төлеу  сияқты 
ырымдарын түгел дерлiк баяндап шығады. 
Екiншi  кiтаптағы  оқиға  Сəбиттiң  оқуға  баруынан  басталады.  Омбыда 
танысы  жоқ  жас  жiгiт  сол  кездегi  алашорданың  мүшесi  Қази  Торсановтың 
жатқан  үйiне  барады.  Қазидың  көмегiмен  Ғазизбай  деген  кiсiнiң  үйiне  қора 
тазалаушы  болып  орналасқан  Сəбит    Алашорда  үкiметi  ұйымдастырған 
курске  түсiп  оқиды.  Бiрақ  бұл  оқуы  да  ұзаққа  созылмайды.  Курс  жабылып, 
Қызылжар арқылы елiне қайтқан Сəбит жолда Жабай қартпен кездесiп, өзiнiң 
ата-бабасының  тарихымен  танысады.  Тағы  да  қайтадан  ауылға  келiп, 
бұрынғы  бала  оқыту  кəсiбiне    кiрiседi.  Сəбиттiң  оқытушы  болған  Балтабай 
ауылы  да  қазақтың  көп  ауылдарының  бiрi  сияқты  едi.  Ол  осында 
Қыстаубайдың Жақыбы дегенмен танысады. 
Трилогияның  үшiншi  кiтабы – 1924 жылдан 1936 жылға  дейiнгi 
оқиғларға  құрылған. 1924 жылы  Сəбит  Қазақ  Республикасының  сьезiне 
қатысып, үкiмет мүшелiгiне сайланады. Сол жылы жазда Рахила есiмдi қызға 
үйленедi.  Бұл  кiтапта  Сəбит  Москва  қаласында  оқиды,  орыс  ақыны 
Маяковскийдi  көрiп  танысады..  Москвадан  Орынборға  келген  соң  ел 

 94
қызметiне  белсене  араласады.  Қазақстан  орталығы  Қызылорда  қаласына 
көшкен кезде «Еңбекшi қазақ» газетiнiң тiлшiсi есебiнде Қызылордаға келген 
сапарында  ол  əншi  Əмiре  Қашаубаев,  ақын  Иса  Байзақов,  балуан 
Қажымұқанмен бiрге болады. 
Сəбит 1936 жылы  Москвада  өткен  Қазақстан  өнерi  мен  əдебиетiнiң  он 
күндiгiне  қатынасады.  Елге  қайтып  келiп,  сол  кездегi  қоғам  əрi  əдебиет 
қайраткерi Сəкен Сейфуллиннiң əдеби-творчестволық қызметiне 20 жыл толу 
мерекесiн  үлкен  көтерiңкiлiкпен  тойлап  өтедi.  Осылайша  ақын  өзiнiң 36 
жылдық өмiрiн баяндап беру арқылы 1900 жылдан 1936 жылға дейiнгi қазақ 
халқының  басынан    кешiрген  үлкен    оқиғалар  мен  елеулi  жағдайларды 
баяндап  шыққан.  Қазақстанда  əдебиет  пен  мəдениеттi  дамытуда  елеулi 
тарихи  орындары  бар  С.Сейфуллин,  Б.Майлин, I.Жансүгiров,  Ə.Тəжiбаев, 
М.Əуезов, Т.Жароков, Ғ.Мүсiрепов, Ж.Сыздықов, М.Дəулетбаев, Е.Бекенов,, 
Б.Iзтөлин сияқты ақын-жазушылар өмiрi кеңiнен қамтылған.. 
«Менiң  мектептерiмде»  С.Мұқанов  өз  өмiр  өткелдерiн  əңгiмелей 
отырып, сол кездегi халық басында болған ауыртпалықтарды
 с
өз еттi. Қазақ 
аулының тұрмысын суреттеуде жазушы балалық шағын бiр шолып өтедi де, 
Мұқан  мен  Тұрағұлдың,  Мұстафа  мен  Нұртазаның  араларындағы 
қайшылықтардың бетiн ашады. 
«Менiң  мектептерiм»  мен  «Өмiр  мектебi»  мемуарлық  шығарма 
болғандықтан,  басынан  аяғына  дейiн  сюжеттiк  желi  үзiлмей,  бiрiнен  бiрi 
өрбiп  отыра  бермейдi.  Алайда,  əңгiмеге  тiкелей  қатынасып,  əр  iстiң  басы-
қасында  жүретiн  негiзгi  кейiпкердiң  типтiк  образы  арқылы  белгiлi  бiр 
дəуiрдiң оқиғасын шығармадан айқын көруге болады. 
Мұның  өзi  шын  мəнiнде  өмiрбаяндық  шығармалардың  жанрлық 
ерекшелiгiнен  келiп  туады,  өмiр  фактiлерi,  тарихи  оқиға  басты 
кейiпкерлердiң  көз  алдынан  өтедi.Сондықтан  да  белгiлi  бiр  кезде  оқиға  да, 
əдет-ғұрып,  салт-сана  да  бұл  романда  əңгiмешiнiң  өмiрге  қоян-қолтық 
араласуы  арқылы  көрiнген.  Осыған  орай  шығармада  жаңа  адамдар,  тың 
оқиғалар пайда болып отырады. 

 95
Шығармаларда  өмiр  күнделiгi  басты  геройдың  бiр  жүрiп,  бiр  тұрған 
еңбек  адамдарының  тұрмыс  тiршiлiктерiнен  де  танылады.  Бет  қаритын 
шыңылтыр  аяздар  да,  боранды  күндерде  бай  малының  соңында  жүрген 
жалшылар  мен  еңбегi  еш  болған  кедей  шаруалардың  ауыр  тұрмысы 
тебiрендiрмей  қоймайды.  Орыс  крестьяндарынан  көргендерiн  тұрмыс-
тiршiлiктерiне пайдаланып, егiн егiп, өз беттерiнше күн көрмек болған кедей 
шаруаларды  бұра  бастырмай  жайқалған  астықты  жылқыға  жегiзiп,  таптап 
отыратын Тұртай сияқты байлар да романда əшкереленедi. «Малы бағылмай 
бос жүретiн кең жайлауға егiн сеппе деп едiм, тыңдамадыңдар, өз обалдарын 
өзiңе» деп қарап тұратын Нұртаза би де сол Тұртай, Тұрағұлдардан асып кете 
алмайды.  Қараңғылық  жайлаған  қазақ  ауылында  дүмше  молдалардың 
тигiзген кесiр-кесепаттары да аз емес. Сол бiр ауыртпалықтарды өз басынан 
кешiрген  басты  герой  үнемi  кедей  жалшылардың  арасынан  көрiнедi  де, 
болашаққа  зор  сенiм  артып  отырады.  Романның  екi  кiтабында  да  жазушы 
алдымен  елдiң  рухани  төл  байлығын  кеңiнен  суреттейдi. Iсмер  əнш  Қасен 
жəне  əңгiмешi  Қабанбайдың  Қабдолы,  сөзге  зергер  Ақан  серi,  əрi  əншi,  əрi 
ақын,  əрi  цирк  артисi  секiлдi  өнерпаз  Балуан  Шолақ,  көркем  сөзге  қойма 
сияқты  əңгiмешi  Жабай  т.б.  халықтың  рухани  байлығын  молайтып  жатқан 
қалыпта көрiнедi. 
«Менiң  мектептерiмде»  айрықша  көзге  түсетiн  өзектi  мəселе-басты 
кейiпкердiң  жүрген,  тұрған  жерiнде  болған  оқиғаларды  Тоғанастың  Нəзiрi, 
Махамбет, Садуақас болыс, Жуанышбай, Сұраған, Молдағазы сияқтылардың 
iс-əрекеттерi  мен  айналысқан  кəсiбiн  суреттеу  арқылы  танытып,  əлеуметтiк 
теңсiздiктi қала мен ауылдан бiрдей көрсетуiнде. 
«Өмiр  мектебiнде»  қала  мен  ауыл  өмiрi  қатар  суреттеледi,  негiзгi 
кейiпкерлер  тап  күресiн  жүргiзушiлер  болып  келедi.  Жазушы  «Менiң 
мектептерiмде»  кiсi  есiгiнде  жүрген  кедей,  жалшылардың  айғағы  ретiнде 
көрiнсе,  екiншi  кiтапта  сол  жалшыларды  оқу  оқып,  əлеумет  iсiне  араласып 
жүргендiктерiн  елестетедi.  Шығармада  автор  əрбiр  iстiң  басы-қасынан 
көрiнiп, не сол жұмысты атқарушылардың бiрi болғандығын үнемi аңғартып 

 96
отырады.  Романда  əрбiр  эпизод  əлеумет  өмiрiнде  болған  үлкен  оқиғалар 
тынысын  аңғартып  отырады.  Кооператив  ұйымдарын  ашу,  оқу-ағарту 
жұмыстарын  жандандыру  iстерi  шығармада  да  өзектi  мəселе.  Боржабай, 
Шегеннiң  Айсасы,  Қазыбайдың  Сұлтаны  сияқты  байлар  мен  алаш 
партиясының  мүшесi  Абылай  тəрiздiлердiң  бет  пердесi  ашыла  түскен.  Ел 
атынан  сенiм  хат  жазып,  кооперацияға  берiлген  товарлар  мен  ауыл 
шаруашылығына  деген  заттарды  талғамай  жұтып  жататын  олар  қазақ  елiне 
қарсы зиянкестiк əрекеттерiн жан таласа жүргiзедi. Жаңа дүние құрушыларға 
кес-кестеп көлденең тұратын Абылай тəрiздiлердiң құбылмалы екi жүздiлiгi 
де, бандиттердiң зұлымдық əрекеттерi де терең ашылған. 
Жаңа өмiрдi құрушылардың тап жауларына қарсы күресi əрi тартымды, 
əрi  əсерлi  суреттелген.  Соколов,  Угар,  Владимир  Иософович  Гозак, 
Қыстаубайдың  Жақыбы,  Баймағанбет  Iзтөлиндердiң  бандаларға  қарсы 
жүргiзген  жер  бөлiс  кезiндегi  саяси  науқанды  сипаттайтын  эпизодтардан 
мұны  айқын  көруге  болады.  Дегенмен,  кейбiр  эпизодтарда  да  көз  көрген 
фактiнi талғамай тiзбектеушiлiк те бар. 
Бұл  шығармалар  өз  дəуiрiнiң  шежiресi  есептi.  Станция  жұмыскерi 
Бексейiт пен Нүркиннiң Омбыдағы колчактар ұясын талқандауға қатынасуы 
да бiр кездегi тарихи жағдайдың айғағы. Романда халықтың мəдени тұрмысы 
мен  өнерге  деген  құмарлығы  кең  суреттелген.  Көңiл-күйiн,  жүрек  сезiмiн 
ақтара жазған қыз бен жiгiттiң өлең хаттарында өмiр сынағының iздерi жатса, 
Оспан  мен  Махметтi  мұқату  үшiн  шығарылған  өлеңде  поэзияны  құрал 
ретiнде  жұмсаушылық,  əн  мен  күй,  өлеңге  деген  құмарлық,  ұлттық  дəстүр 
шығармадан өзектi орын алады. 
«Алуа басында нелер бiр əдемi түндер болады. Кейбiр айлы, жұлдызды 
немесе  алашабыр  бұлтты  тымық  түндерде  ауылдан  қалаға  қарай  беттеп 
шығып,  жар  қабақтана  бiткен  жағадағы  жұпар  иiстi  жасыл  шалғынның 
арасында  бауырлай  жата  кетiп,  жан-жағына  көзiңдi  тiксең  де,  құлағыңды 
тiксең де нелер бiр көркем суреттердi, нелер бiр көркем дауыстарды естисiң... 
Əлде  қайдағы  ауылдардан  кейде  екi  əйел  қосылып,  кейде  бiр  əйел  мен  бiр 

 97
еркек  қосылып,  кейде  екi  еркек  қосылып,  кейде  əйелдердiң  я  еркектердiң 
бiрнешеулерi  қосылып,  кейде  бiрнеше  еркектер  мен  бiрнеше  əйелдердiң 
дауыстары  сапырылып  кетiп  тынық  түнде,  жұлдызды  аспанға  биiктеп 
көтерiлген  əн  құлағыңа  шалынса,  ол  алтыбақан  тепкен  қыз  бозбалалардың 
əндерi  екенiн  айтпай-ақ  шамалайсың...  Əлдеқайдағы  сайлардан  кiсiнеген 
жылқылардың, əн салған жылқышының дауыстары да кейде шырқала, кейде 
баяулап естiлiп жатады.  
Жазушы  елдiң  рухани  өмiрiн  жеткiзе  суреттеу  үшiн  тасқындаған  əннiң 
тоғыса  келiп,  арнасынан  асып  жатқандығын  ауыл  өмiрiнен  алып  нақтылы 
суреттейдi. 
«Өмiр  мектебiнде»  халықтың  рухани  тұрмысы  басты  геройдың  күрес 
жолдары арқылы көрiнедi де, «Есею жылдары» атты үшiншi кiтапта тамырын 
тереңдете түседi. 
«Есею  жылдарында»  жазушы  бұрыннан  көтерiп  келе  жатқан 
тақырыбына  қайта  оралып,  ұлтшыл,  байшыл  ақын-жазушыларға  қарсы 
жүргiзiлген күрестердi өмiр фактiсiне сүйене отырып баяндайды. 
Елiмiздегi  мəдени  төңкерiс  кезiнде  əлеуметтiк  зор  iстер  атқарған  қоғам 
қайраткерлерi қатарында Сəкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Əбiлқайыр 
Досов,  Белан,  Зiкiрия  Мұхеев,  Ораз  Исаев,  Жанайдар  Садуақасов,  Ораз 
Жандосов, Сейiтқали Мендешевтер есiмi аталады. Негiзгi кейiпкерлердiң бiрi 
болып отыратын жазушы шығарманың басынан аяғына дейiн көрiнiп, үлкен 
тартыс,  зор  оқиғаға  тiкелей  араласып  жүредi.  Солай  бола  тұрса  да,  автор 
кейде көргеннiң куəсi болудан əрi аса алмай қалады. 
Романда  сөз  болатын  кейiпкерлер  саны  өте  көп,  олардың  көпшiлiгi 
жиын,  митинг,  мəжiлiстерде  көрiнiс  бередi  де,  шығарма  өрiсiнен  шығып 
қалады.  Бұл  салада  жазушының  кейiпкерлерге  деген  субьективтiк  қатынасы 
да  бiраз  əсер  еткен.  Ел  бiлiп,  жұрт  таныған  тарихи  адамдардың  қайсы  бiрi 
шығармадан өз орнын таппай жататындығы да бар. Дегенмен, бұл роман өз 
жаңалығымен,  өзiндiк  өзгешелiгiмен  танылған.  Шығармада  елiмiзде 
жүргiзiлген  мəдени  шаралар  адам  санасына  əсерлi  нақтылы  характердi  ашу 

 98
үстiнде  көрiнген.  Жазушы  бiр  жүрiп,  бiрге  болған  адамдар  жайын  сөз 
еткенде,  олардың  характерлерiн  ашудан  көрi  өмiрбаяндарына  көбiрек 
тоқтайды. Романда қаһармандардың арасында өзара кикiлжiң, атақ мансапқа 
таласу  жолдары  көп  айтылған.  Бұл  ұнамды  образдардың  саяси,  əлеуметтiк 
мəселелерде атқарған зор iстерiн көрсетуге көлеңке түсiрген. 
Романда  айрықша  көрiнетiн бiр жай-əдебиеттi жасау жолындағы күрес. 
Бұл салада Сəкен Сейфуллин бастаған ақын-жазушылардың қызметi ерекше 
екенi  айтылған.  Отызыншы  жылдардың  көп  оқиғаларын  қамтыған  бұл 
шығармада дəуiр шындығынан маңызды мағлұматтар мол.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет