Пайдаланылған əдебиеттер:
1. С.Мұқанов. Өмiр мектебi.
2. Т.Нұртазин. Жазушы жəне өмiр.
3. Т.Кəкiшев. Сəбең өткелдерi.
99
ҒАБИДЕН МҰСТАФИННIҢ «КӨЗ КӨРГЕН» ТАРИХИ-
МЕМУАРЛЫҚ РОМАНЫ
Жоспары:
1. Тарихи-мемуарлық роман, оның жанрлық белгiлерi.
2. Ғабиден Мұстафиннiң «Көз көрген» романындағы тарихи кезең.
3. «Көз көргендегi» кейiпкерлер образдары. Олардың жасалуы.
4. «Көз көрген» романының идеялық көркемдiгi.
Жазушы Ғабиден Мұстафиннiң «Көз көрген» романында мемуарлық
жанрдың сыр-сипаты айқын көрiнедi. Ол «Қарағанды», «Дауылдан кейiн»,
«Шығанақ», «Миллионер» романдарында өмiр құбылыстарын көркемдiк
шындыққа көтере бейнелеп, замана жайы мен кейiпкерлер характерiне типтiк
түйiндеу жасаса, «Көз көргенде» дəуiр сипаты мүлде басқаша қырынан
алынып суреттелген.
Жазушының соңғы шығармасы-«Көз көрген» атты мемуарлық романы
1963-жылы жарыққа шықты. Бұл шығарманың бiрқатар оқиғасы, əсiресе,
екiншi жартысы «Дауылдан кейiн» атты романда суреттелген дəуiрдi
қамтиды. Жаңа шығармасында алпыстың асуынан асқан жазушы өзiнiң жəне
өзiмен бiрге туған елiнiң, халқының iшi-тысы қалай өзгергенiне көз жiберiп,
бастан кешкендерi мен байқағандарын көрiп, көңiлге түйгендерiн қиянатсыз,
қисайтпай суреттеп, ұмытқанын еске түсiрудi, сөйтiп болашақ ұрпаққа өткен
өмiр елестерiн көзбен көрген куəгер ретiнде баяндап берудi мақсат тұтқан.
«Көз көрген» романы-жазушының творчестволық жоспарына осы мақсатпен
енген мемуарлық трилогияның алғашқы кiтабы.
Қазiр қазақ əдебиетiнде шағын повестен бастап роман-эпопеяға дейiнгi
салқар көш - үлкен прозаның iшiнде мемуардың да өзiне лайық үлесi бар.
Мемуарлық əдебиетке күнделiктер, естелiктер өмiрбаяндық туындылар,
автордың өз өмiрiнiң келелi-келелi кезеңдерiн, сондай-ақ қоғам өмiрiнiң əр
алуан бел-белестерi мен қиян-қилы құбылыстарын бейнелейтiн əдеби
жазбалар т.б. жататыны мəлiм. Алайда, мемуар автордың басынан кешкенiн
100
əйтеуiр баяндау үшiн жазылатын ерiккеннiң ермегi емес. Көптеген
мемуарлық шығармалар белгiлi бiр маңызды тарихи оқиғаларға байланысты
жай-жағдаяттарды айқындау үшiн қажеттi документ болып табылады.
Олардан автордың қоғамдық күрес мəселелерiне көзқарасы, таптық тұрғысы
мен саяси бағыт-бағдары, əр алуан тарихи оқиғаларға байланысты қарым-
қатынасы айқын аңғарылады. Мемуардың айқын əдебиеттегi классикалық
үлгiлерi осылай болып келедi. Мысалы, Жан-Жак Руссоның «Өсиетiн»,
В.Гетенiң «Менiң өмiрiмнен. Поэзия жəне шындығын», А.Герценнiң «Бастан
кешкендерi мен ойларын» т.б. көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлерiнiң,
əдебиет пен өнер өкiлдерiнiң, əскери қолбасшыларының əр алуан естелiк
жазбаларын атауға болады.
Бұл салада қазiргi қазақ əдебиетiнде де ауыз толтырып айтар жетiстiк,
салынған iз, үлгi-өнеге бар. Сəкен Сейфулиннiң «Тар жол, тайғақ кешу»
романы мен Сəбит Мұқановтың «Өмiр мектебi» атты трилогиясын,
Бауыржан Момышұлының, Мəлiк Ғабдулиннiң кешегi Отан соғысына
арналған
документальдық
шығармаларын
қосқанда,
едəуiр
тiзiм
құрайтындығы даусыз. Соңғы жылдардағы Əбдiлдə Тəжiбаевтың
«Жылдар,ойлар»,
Мұхаметжан
Қаратаевтың
«Көргендерiм
мен
көңiлдегiлерiм», С.Қирабаевтың «Өмiр тағылымы» т.б. еңбектердi қазақ
мемуарлық романдары қатарына қосса болады.
Қазақ əдебиетiнде де мемуар арнайы ғылыми зерттеудiң обьектiсi
болып, сын көтерерлiк дəрежеге жеттi. Жоғарыдағы тiзiмге келiп қосылған
Ғ.Мұстафиннiң «Көз көрген» атты романы да жанр табиғатына лайық
қойылатын талап-тiлектердi ақтай алатын, сонымен бiрге өзiндiк iзденiс,
табыс көрсеткен туынды. Бұл да тек жазушының өз басынан кешкендерi
жайлы есеп берген естелiк қана емес, түптеп келгенде, оның өз өскен ортасы
жайындағы ой толғаныстары, жалпы замана, уақыт жайындағы шығарма.
Мұнда автор бастан кешкендi бiрыңғай баяндай бермей, өзiнiң суреткерлiк
борышын да əрдайым есте сақтайды. Романда суретке құрылған небiр
қызықты эпизодтар мен бас кейiпкердiң баяндау тəсiлi өзiнше бiр көркемдiк
101
үйлесiм, жарастық тауып, алма-кезек ауысып отырады, мемуарлық баяндау
мен көркемдiк бейнелеу астарласып келедi. Мұның өзi жазушы iзденiсiнiң
жаңа бiр қырын аңғартады.
«Тар жол, тайғақ кешуде», «Өмiр мектебiнде» тарихи оқиғаларға толы
документалды фактiлер басым болып келсе, «Көз көрген» романында
мемуарлық шығармаға тəн осы бiр өзгешелiктер өзектенiп келедi де, əңгiме
тақырыбы көбiнесе көркемдiк түйiндеу арқылы ашылады. Шығарманың
сюжеттiк желiсi мен композициялық құрылымы əрi тартымды, əрi
қызғылықты. Жиырма бес əңгiмеден құрылған романда бiр эпизодтан екiншi
эпизод өрбiп, тың тартыс, жаңа оқиға өрбiп отырады да, қазақ даласында
болған iрi өзгерiстер мен жаңалықтар көркемдiк шешiмiн табады.
Автор көрген, бiлгендерiн жалаң баяндап тiзе бермейдi, сол тұста
қажеттiлiгi болып, көңiл аударған мəсəлелердi ғана екшеп алған.
«Романдарымда материалды еркiн пайдаланғам. Ал, мынада ерiк фактiге
бағынды, қисайсаң қиянат. Кiтаптағы қиянат – қиянат атаулының ең ауыры.
Сондықтан шындықты, тек шындықты жаздым» («Көз көрген» 5 б) – дейдi
жазушы.
С.Мұқанов пен С.Сейфуллиндер өз мемуарларында өмiрбаяндарын,
творчестволық жолдарын, сəттi, сəтсiз сағаттарын өз аттарынан баяндап,
əрбiр оқиғаның айғағы ретiнде көрiнсе, Ғабиден Мұстафин «Көз көргенде»
əлеуметтiк өмiрдiң iшкi қайшылықтарын, ескiнiң күйреп, жаңаның жеңуiн
замандастар характерiнiң өзгеруiнен аңғартып, жазушының өзi Сарыбала
бейнесi арқылы көрiнедi.
Сарыбаланың бойындағы жақсы қасиеттердi де, кем түсiп, олқы соғып
жатқан жақтарын да қалтқысыз ашып, шындыққа жүгiнген. Сол себептi
Сарыбаланың балалық мiнездерi мен байыпты, сезiмталдығына да, қайыспас
қайсарлығына да сенесiң.
Сарыбала балалықтың қызығына батып, өзiмен өзi болып жүргенде,
Махамбетше, Ыбыш, Мекештер шығарға жол таппай, тұйыққа тiрелiп, ауыр
ойға шомған.
102
Романның тынысы кең, оқиғасы мол. Батыраштың Жүнiсiне тiсiн
басып, бүкiл Сиқымбайға қарсы шығуға бекiнген Махамбетше неден болса
да тайынар емес. Жүнiс болса: «Жерiн алса, орыс алды, Сиқымбай алған жоқ,
Ұшан-теңiз дүниеден қоныс таппағандай, ағайын баса көктемесiн,
қызықпасын»…» деп бет қаратар емес. Қоныс iздеп, ауылдас
жамағайындарды арқа тұтып, салмақ салғанда, Жүнiстiң аза бойы тiк тұрып,
бет бақтырмауы Махамбетше, Ыбыш, Құттыбай, Мекештердi ашынған үстiне
ашындырады.
Өз бетiнше жер шолып, қоныс iздеп жүрген екi орысты Ақтентектiң
өлiмiне кiнəлi деп тауып, жағадан алған Мекештi еңгезердей бiреуi жақтан
ұрып, ұшырып түсiргенде, бойын тез жинап алған Мекеш ол орысты шауып
өлтiрiп, екiншiсiн де сұлатып салады.. Осыны өз көзiмен көрген Сарыбалада
ес қалмаған. Қоныс аударған елдiң ашынған қалпын бiрден сезген көк сақал
жанындағы жолдасын жайратып салса да, Мекештi кiнəлаудан аулақ. Ол
патшаның жүргiзiп отырған саясатының терiс екенiн түсiнiп, Мекеш əрекетi
сол халық басына төнген ауыртпалықтың салмағы деп түйедi.
Сарыбала əке тəрбиесiн көп көрген. Əкесi Мұстафа Сарыбалаға
«құдай бiр, пайғамбар хақ, құран шын» деп құлағына құйып отырады да,
сайып келгенде, оны тек адалдыққа, адамгершiлiкке, ғайбат сөйлемеуге, бiр
сөздi болуға, мейрiмдiлiкке баулиды. Мұстафа қажының өзi əлсiзге ара түсiп,
əдiлдiктi сүйетiн жан, сол қасиеттерiмен ел құрметiне бөленген..Жеккен
көлiгi қалжырап, жолда адасып қалған Əмiрбектiң ауыр халiн кiрекештерден
естiген заматта тағат таппай, өзiн бiлмесе де, танысы болмаса да, үскiрiк
боранда жалғыз iздеп шығып, əлсiреп жатқан жерiнен тауып алып келiп,
Əмiрбектi ай бойы үйiнде сақтап бағатын да осы – Мұстафа. Жұмыссыз
қаңғып жүрген Жүнiске жалғыз атын мiнгiзiп, Тұрлыбай мектебiне орыс
тiлiнен мұғалiм етiп ораластыратын да Мұстафа қажы. Шодыр жайында да
осыны айтуға болады. Сейткемелдiң Əубəкiрi əркiмнен бiр қағажу көрiп,
қайын жұрты «қаңғырған сартқа қыз бермеймiз» деп бiржола бас тартқанда,
Мұстафа оған да ара түсiп, қалыңдығын алып бередi. Əубəкiр Қарағандыда
103
сиыр бағып, жұмыскерлерге су тасып, күн көрiспен жүрген кезiнде
кедейлiгiне, келiмсектiгiне қарамай, онымен құдандалас болып, қызын
Сарыбалаға айттырады. Өзiнiң күн көрiсi болып отырған жағыз биесiн жоқ
қылған ұрыны арашалап, оған сiлтеген қамшы өзiне тиiп, ағасы
Махамбетшеден таяқ та жейдi. Шығармадағы Мұстафа осындай жаны таза,
қайырымы мол адам.
Мұстафа он жетi жылдай ағасының жылқысын бағып, одан алған
еншiсiн түгелдей дерлiк сатып, отыз екi жасында қажыға барған. Ел iшiндегi
ұрлық-зорлық, озбырлық қиянаттарға жаны төзбей, Мекке, Мединенiң
бiрiнен топырақ бұйырса деп жүрген кезiнде Жолжан байдың өсиетi
бойынша бедел қажыға барып қайтады. Əйелi Қадиша наразы болғанда:
«Хажы маған парыз емес, рас. Бiрақ маған құдайдың үйiн, Мұхаммет
ғалайыссаламның қабiрiн тек байлар көрсiн деген де жоқ. Егер жолымда
дариялар болмаса, мен сонда жаяу баруға жалықпас едiм»,-дейдi. Дiн жолына
шын ниетiмен берiлген. Өз бiлгендерiн баласына үйретiп, құдай сөзiн,
пайғамбар сөзiн оның құлағына құюмен болады..
«Көз көргеннiң» өмiрбаяндық сипаты осы бiр жақтарынан да
таныларлықтай. Жазушы Мұстафа қажының образын ешбiр өзгертпей,
өсiрмей, нақтылы танытуға тырысып отырған. Қаракесек, Сармантай,
Мұраттың Мұстафа қажыны бiлмейтiнi кемде кем.
Мұстафаның оқығаны аз болғанымен, тоқығаны мол., əрбiр сөзi –
нақыл, өсиет. Оның бiр жағы дiнмен ұштасып жатса, бiр жағы өмiр
тəжiрибесiнен алынып, философиялық ойға мегзейдi. Ол бiлiп, тауып айтып
отырады. Сарыбала, мiне, осының бəрiн көрген, əке сөзiнiң небiр асылын
ойына түйген. Əкесiмен бiрге орыс поселкасын аралап қайтқан Сарыбала
«қазақтар неге егiн екпейдi?» деп сұрағанда: «Ерiнедi, ерiншектiң бiр мiнезi
емiншек. Емiншек бола көрме, шырағым. Емiнiп алғаның, арыңды
айырбастап алғаның. Арсыз қалғаның – жалаңбұт қалғаның»,- деп үйретедi
Мұстафа..
104
Сарыбаланың Спасскiде жүргенде көргендерi мен түйгендерi көп.
Қазақ жұмыскерлерiнiң ауыр тұрмысымен алғаш осы жерде танысады. Отпен
алысып, мыс құйылған үлкен шелектi үздiксiз көтерiп, жан терге батып
тұрған жұмыскердi аяп кетiп, болысқысы да келедi. Заводты билеушiлер –
ағылшындар. Тым қатал, жұмыскерлердiң еңбегiн сүлiкше сорып, ауыр
бейнеттен бас көтертпейдi. Ағылшындар қазақ жұмыскерлерiн мəдениеттен
де аулақ ұстайды. 12-14 сағат жұмыс iстетiп қояды. Оның үстiне саудагерлер
мен алыпсатарлар да əбден басынып алған. Малын жетелеп, терi-терсегiн
артып келген ауыл адамдарын бiр тонаса, бұрыларға мұршасы жоқ
жұмысшылардың тапқан тиындарын құтайтпай, арзанын қымбатқа сатып,
қағып алып отырады.. Қазақ байларынан тепкi көргенде күн көрiстiң қамын
iстеп заводқа келiп тығылған кедей байғұстардың тұрмыстары ауыр- бұрылар
жер жоқ. Былай жүрсең арба сынады, былай жүрсең ат өледiнiң керi. Завод
жұмысшыларының халы тым ауыр. Осыны шебер суреттеген жазушы
Сарыбаланы өмiрдiң қайнаған ортасына апарып, көп нəрсенi аңғартып, көп
нəрсенi танытқан. Жазушының «Көз көргенде» көргендерiмдi, бастан-
кешкендерiмдi көрсеткiм келдi. Олар көп екен, кiтапқа сыймады. Сонсоң
iрiктеп алдым»- деуi дұрыс.
Шығармада айрықша сипатталатын образ – Сейiткемелдiң Əубəкiрi.
Ол ауыл мен өндiрiстi бiрдей жайлаған iрi саудагер. Сарыбаланың қайын
атасы, Мұстафа қажының құдасы.Əубəкiрдiң əкесi Сейiткемел бiркезде
Қыдырдың жолдасы болған. Əкеден жастай қалған Əубəкiрдi Мұстафаның
жақын тартып, оған қамқор болып жүретiнi де осыдан. Сөйткен Əубəкiр
басқаға да, бұларға да небiр арамдығын жасап бағады.
Қалыңдығы жөнiнде көп қағажу көрген Əубəкiр Қарағандыға кетiп,
сиыр бағып, су тасып жүрген кезiнде, Ахметжан деген ноғайдың приказчигi
болып iстейдi. Барлығын бiр өзi ғана басқарып жүрген Ахметжан өледi де,
Əубəкiр қолындағысын оның екi əйелiне «өткiзiп», өзi Спасскi заводына
келiп, дербес дүкен ашады. Осыдан бастап, Əубəкiрдiң байлығы дүрiлдеп
сала бередi, ауыл мен өндiрiстi бiрдей қамтып, iрi саудагерге айналады..
105
Байлықтың көзiн бiржола ашып алған ол жонын сыртқа салып, Мұстафаға
иек астынан қарайтын болған. Қызын жетi мың жылқысы бар Қаракесектегi
Тұрсынға беруге ынталы, бiрақ та оған ел дəстүрi жiберер емес. Намысқа
тисе, бүкiл Қуандық, Сармантай, Мұраттың көтерiлiп кетуiнен жасқанады.
Ретiн тауып қызын қашырып жiбермек, ұзын арқау, кең тұсауға салған ол
Мұстафадан бойын аулаққа салып, маңына жолатар емес. Осыны сезген
Сарыбала Əубəкiрге кектi, намысқа булыққан. Өрiс толған малдарына таңба
салып, Əубəкiр ауылы думанға айналып жатқан кезде де, Мұстафа мен
Сарыбала ол жаққа қадам баспайды.
«Көз көргенде» жер бөлiс мəселесiнде сахараға ауып келген орыс
переселендерi мен қазақтар арасында от тастаған патшаның Столыпин
реакциясының зардаптарынан бастап, екi ел еңбекшiлерiнiң тiл тауып
табысып, орыс шаруаларының қазақ аулының жер емшегiн емiп, бiлiм
жарығына ұмтылуына еткен игi ықпалына дейiн, сондай-ақ 1916-жылдың
оқиғасы, сол оқиғаның тұсында қарапайым халықтың көз жасы мен қасiрет
қайғысының үрдiсiнен мал тауып, пайда iздеген ел жуандары мен
пысықтарының iс-əрекетi, төңкерiс жылдарындағы таптық жiктелулер, iс
басынан шонжарлар мен алаяқтарды ығыстырып, ауылды кеңестендiруге
дейiн толып жатқан əлеуметтiк, саяси мəселелер қамтылады. Жəне бұл
оқиғалардың бəрi де шығарманың бас геройы Сарыбаланың əр оқиға
тұсындағы жас мөлшерiне лайық көкiрек көзiнiң сүзгiсiнен, сана-зердесiнiң
елегiнен өткiзiлiп, соның бiрлiгi, танымы тұрғысынан берiледi. «Мен есiмдi
бiлер- бiлмес кезiмде жерiмiздi переселен алып, алпыс үй Елiбай Жауырдан
көшедi. Спасск заводының шығыс жағында 17 километрде «Көктал-Жарық»
деген жерге келiп орналасады. Ата мекенiнен айрылған елдiң зары, жермен
қоштасқандары, келгендер мен тұрғын ел арасындағы ұрыс-жанжал, кiсi
өлiмдерi менiң көңiлiме өшпейтiн ғажап суреттер қалдырып кеттi. Қазiр
жазып жүрген «Көз көрген» атты көлемдi еңбегiме сол оқиғалардың
қайсыбiрiн пайдаландым»-деп жазды жазушы 1963-жылы.
106
Тек мемуар ғана емес, жалпы қандай көркем шығарма болса да, белгiлi
мөлшерде өз өмiрiнiң фактiлерiн, тəжiрибеде бастан кешкен жайларын
пайдаланбайтын жазушы болуы мүмкiн емес. Əңгiме тек қалай жəне қанша
пайдалануда. Көркем шығарманың басқа түрлерiнде автор өмiр фактiлерiн
творчестволық топтау, түйiндеу түрлерiнен өткiзiп, артық-кемдi қосымшалар
қосып, болған шындыққа болатын шындықты үйлестiрiп, барынша еркiн
пайдаланады. Ал мемуарда көбiнесе, жазушының еркi фактiге бағынады.
Сондықтан да өзiнiң творчестволық ожданының тазалығын ойлаған шын
суреткер шындықты, тек қана болған шындықты беруге тырысады.
Шығарманың бас геройы Сарыбаланың өмiрдегi прототипi-жазушының өзi.
Демек, жазушы роман оқиғасына қатысатын кейiпкерлердi жұрағатшылық,
жақындық жақтарына, туыстық белгiлерiне қарамай, өзiнiң таптық
позициясы тұрғысынан суреттейдi. Жалпы өркен жаяр келелi əдебиеттiң,
өскен əдебиеттiң салты ұнамды, ұнамсыз кейiпкердi бiрыңғай-ақ немесе қара
түстi бояумен алдын-ала сызылған схема бойынша көрсетпей жеке тип,
индивид ретiнде əр алуан бояумен нағыштап, өзiндiк характерiмен даралап
көрсету болса, Ғабиден романының бойынан бұл қасиеттер де молынан
табылады. Бұған романдағы өз туысы Махамбетше би мен қайын атасы,
саудагер Əубəкiр Сейткемеловтың əр кезде, əсiресе, 1916-жылдың оқиғасы
тұсында халықтан пара алып байыған жемқорлығын, сондай-ақ аталас
ағайындары Мекеш, Яқия сияқты ұрылардың əрекеттерiн суреттейтiн беттер
толық дəлел бола алады. Жазушы өз туысы Махамбетше бидiң, сондай-ақ
саудагер Сейткемеловтың жемқорлығы мен сараңдықтарын ел ақтап келген
Соқыр ақын Қақпанның ауызымен былайша əшкерелейдi.
«... Асыл ед əкең Қыдыр, Қуандықтан,
Қанекей шыққан мүйiз жуандықтан.
Аузыңды аждаһадай ашсаң-дағы,
Түйенi түгiменен жұтсаң дағы.
Ақиретке əкетерiң үш қабат бөз,
Жиғаның қалар бiр кез болып тоз-тоз.
107
Шығармада əсiресе, күштi шыққан - Мұстафа бейнесi. Мұстафа да,
Сарыбала да ұстанған, тұтқан жолын барынша берiк тұтынатын, өз
сенiмдерiн тiптi бұлжымас ережеге айналдыратын адамдар. Характерлердiң
жасалуы жағынан бұл екi образ бiрiн-бiрi күшейтiп, бiрiн-бiрi толықтырып
отырады. Бұл екеуiн бiрiнен-бiрiн ажыратып, екеуiн екi дүниеге жетелеп
тұрған заманы. Дiнге қалтқысыз берiлген Мұстафа қажы əдiлдiктi құдай
жолынан, құран сөзiнен, Мұхаммед пайғамбардың өсиетiнен iздесе, жаңа
өмiрге жаңаша талпынып өсiп келе жатқан Сарыбала кеңес заңынан iздейдi.
Беймезгiл уақытта үйде оңаша қалған əке мен бала бiрi Хожа Ахметтiң
«Хикмəтiн» алып оқып, құдайға мiнəжат қып күңiренсе, ендi бiрi мұқабасы
тозған Абай өлеңдерiнiң көшiрмесiн жаттаумен болады. «Кiтаптар екеуiн екi
жаққа` Хожа Ахмет-ахыретке, Абай-дүниеге тартады». Əкесi Құнанбайды
мақтаса, Сарыбала Абайды жақтайды. Демек, бұл екеуi екi алуан заманның,
екi түрлi сенiмнiң адамдары екенi осыдан-ақ көрiнедi. Өмiр арнасына көз
жiберiп, əр тараудың аяғында ойланып-толғанып, ертеңгi қоғамдық үлкен
өмiрге əзiрлiк жасап жүрген Сарыбаланың əр ойының соңғы ұшығы көбiнесе
Абай өлеңдерiне келiп тiреледi. Ауыл арасының құпия сырларына, ел iшiнiң,
ағайын арасының араздық-татулық т.б. көптеген мiнез-құлықтарына қатысты
түсiнiксiз сұраулардың жауабын Сарыбала əрдайым Абай өлеңдерiнен тауып
танығандай болады. Осының өзiнен-ақ шығарманың бас кейiпкерi болашақ
жазушы екендiгiнiң төбесi қылаң берiп қалады. Ал, Мұстафа болса,
табиғатында адал да ақылды, əдiл де батыл, құран сөзi, пайғамбар өсиетi
дегенге көзсiз берiлген фанатик адам. Ол тiптi əдiлеттiк жөнiнде құдай
жолымен кеңес заңының арасынан ортақ қасиет, ұқсастық iздеп əуреге түсiп
жүрген, қайшылығы барынша мол аса күрделi де қиын тұлға, яғни өзiнiң дiни
наным-сенiмдерiнiң шын ғашығы.
Шығармадағы оқиғалардың бəрi де бас герой Сарыбаланың төңiрегiне
топтастырыла өрбидi. Шығарма өзiнiң сырт көрiнiсi, формасы жағынан жеке-
жеке əңгiме-новеллалардан құрала тұрса да, оқиғаның бас кейiпкерi
Сарыбала айналасына құрылып, өрiле көрсетуiнiң арқасында, əр новелла
108
өзiнше бiр көркемдiк тиянақ тауып, əрi солай бола тұра, композициялық
дөңгелек бiр тұтастық бүтiндiкке жеткен. Ол бүтiндiк-бас кейiпкер арқылы
көрiнетiн заман шындығы. Шығармада барды бадырайта айтатын бұлтартпас
шыншылдық пен тонның iшкi бауындай оқушымен iштей ұғынысып,
сыбырласа шүйiркелесiп отыратын терең сыршылдық өлең шумағындағы егiз
ұйқастай қатар жүрiп отырады. Осы жайлардың бəрi де жазушының бұл жаңа
шығармада түр жөнiнде қатты iзденгендiгiнiң жəне осы үйлесiмдi таба
бiлгендiгiн көрсетедi. Шығарманың композициялық тұтастық қалпын
табуының тағы бiр себебi-жазушы мұнда өмiр фактiлерiнiң жетегiне, оқиға
өрбуiнiң барысына iлесiп, жай ғана сылбыр ерiп отырмайды, уақыт, мезгiл
шындығын көрсетуге жарайды-ау деген қатарларды екшеп, iрiктеп алып
отырады. Мысалы, 1916-жыл оқиғасының нағыз трагедиясы солдатқа бармас
үшiн өзiн-өзi жарымжан етiп, бiр көзiнен айрылып шыққан жас жiгiттiң
əкесiмен сөйлескен шағын ғана диалогынан айқын аңғарылса, азамат
соғысының тұсында Колчак үкiметiнiң халыққа қырғидай тиiп, құтырған
қасқырдай «жегенiнен жаралағаны көп» болған айуандығын жазықсыздан
жазықсыз жапа шегiп, ақтардың мазағы үшiн тұтқын боп бара жатқан 16
жасар жас қыздың трагедиясынан көремiз. Романда осындай шағын-шағын
жеке эпизодтардың өзiнен-ақ тұтас бiр кезеңнiң, белгiлi бiр тарихи
оқиғалардың шынайы картиналары бой көрсетiп отырады. Сол сияқты
төңкерiс жылдарындағы таптық жiктердiң ашылуын жазушы Пахрей деген
татардың семьясын суреттеген бiр ғана штрихпен өте нанымды бейнелейдi.
Ғабиден Мұстафин «Көз көргенде» «Сəкен Сейфуллин Спасскi заводына
келген бетiнде байлар тiккен үйге, байлар сойған құлынның етiне бұрылмай,
өзiн қарсы алған Орынбекпен бiрге жұмысшылар жатағында дайындалған
үйге ат басын бiр ақ тiредi» деп оны көтермелей түседi. Ал. «Көз көргендегi»
Орынбек, Бiлəл тағы басқа да аттары аталған кейiпкерлер өз ортасында
мəлiм, жазушының бiлетiн адамдары. Сондықтан олар жөнiндегi əңгiме бiр
басқа. Мемуарлық шығарма жазуды ойға алған жазушы өзiн ойландырып,
толғандырып тұрған жайларды бұра тартпай оқушы алдына жайып салады.
109
Романда бұл сияқты ұғымды берiлген суреттi эпизодтар мен штрихтар
мейлiнше мол ұшырасады. Мiне, жоғарыда аталған қасиеттер «Көз көрген»
романын жазушының iздену жолындағы тағы бiр табысы ретiнде танытады.
Тұтастай алғанда, осындай тамаша-тамаша жарқын бейнелерi, айшықты
суреттерi, өрнектi сөз кестелерi бар кiтапта «былай болар ма едi» деп
ойлайтын жайлар да жоқ емес. Сəкеннiң Спасск жұмысшыларына келiп,
халық арасында сөз сөйлеуi сияқты эпизодтардың тұсында автор тек көзбен
көрген фактiлерiмен шектелiп қалмай, творчестволық топшылаулар мен
жорамалдарға да, жазушылық қосымшаларға да тиiсiнше орын берiп,
əсiрелеп көрсетуiне мүмкiндiк бар едi. Əрине, мемуарда басты рольдi факт
атқаратыны даусыз. Дегенмен де, шығармаға көркемдiк, əдеби құбылыс деп
қарасақ, «Көз көргенде» кейбiр бiр көрiнiп, жоқ болып кетiп, немесе тiптi
жоғалып кетпесе де, оқушының ойында айтарлықтай iз қалдырмайтын
кейiпкерлер бар. Тек Сəкен бейнесi ғана емес, осы тұрғыдан Спасскiдегi ұста
Степан бейнесiнде əлдеқайда толықтаңқырап, сол арқылы еңбекшiлердiң
ереуiлiн, рухани өрлеуiн нəрлiрек етiп беруге, басқаша айтқанда оларды да
көркем образ дəрежесiне көтере көрсетуге болатын едi.
Екiншiден, романда сыңсу, беташар, қыз ұзату, келiн түсiру сияқты
қазақ халқының салттық-тұрмыстық жайларын башайлап, тəптiштеп
түсiндiру, сондай-ақ кейбiр ұлттық ұнамсыз мiнез-құлықтарға авторлық
ремаркамен берiлген анықтамалар мен түсiндiрмелер тым көп кездеседi.
Үшiншiден, романның жалпы стилiнде, көркемдiк келбет тынысында
авторлық ақыл, салқын қанды ойлылық басымдау да, эмоциялық iшкi
жылылық жайлары жетiңкiремей жатқан тəрiздi.
Шығармада əйел образдары солғындау шыққан. Осы тұрғыдан əсiресе,
қымызханадағы əншi қыздың таяқ жеу себебiн ашыңқырап, сондай-ақ
ақтардың қолында кетiп бара жатқан 16 жасар тұтқын қыздың тағдырын
толығырақ көрсете кетсе, терiс болмас едi.
Сонымен мемуарлық шығармаларды тұтастай алғанда көзге түсетiн бiр
жай заман өзгергендегi жаңалықтар мен замандастар характерлерiнiң де
110
өзгерiп отыруы. Өмiрбаяндық шығармалардың қай-қайсысын алсақ та, оның
авторлары, демек жазушының өз басы негiзгi кейiпкер болып табылдады.
«Тар жол, тайғақ кешудегi» Сəкен Сейфуллин, «Көз көргендегi» Сарыбала –
Ғабиден Мұстафин, «Өмiр мектебiнде» Сəбит Мұқановтың өзi. Тарихи
адамдардың күрес жолдары мен сəттi, сəтсiз сағаттары əрi əсерлi, əрi
тартымды суреттеледi де, негiзгi қаһарман психологиялық толғаныс,
тебiренiстерi арқылы өмiрбаяндық шығармаларда көп нəрсенi аңғартады.
«Көз көргендегi» Сарыбала да өз төңiрегi, өз ортасымен танылып, үлкен
күрес, зор оқиғаның айқын айғағы болған.
Əрине, «Көз көрген»-жазушы жоспарлаған үш томдық көлемдi еңбектiң
алғашқы кiтабы. Бiрақ жазушы болашақ кiтаптарын аяқтап бiтiре алмай, көз
жұмды. Соның өзiнде де осы бiрiншi кiтапта бас-аяғы бүтiн, оқиға желiсi бiр
тұжырымға келген жинақтылықты толық тани аламыз.
Пайдаланылған əдебиеттер`
1. Ғ.Мұстафин. Көз көрген. Алматы, 1964.
2. М.Хасенов. Ғ.Мұстафиннiң шеберлiгi. Алматы, 1997.
3. М.Қаратаев. Ғабиден Мұстафиннiң творчествосы. Алматы, 1990.
4. Б.Сахариев. Күрекер тұлғасы.
5. Р.Бердiбаев. Қазақ тарихи романы.
111
Мазмұны
ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ........................ 2
М.ƏУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ТАРИХИ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ-
ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ РОМАННЫҢ ҮЗДIК ҮЛГIСI ......................................... 10
СƏБИТ МҰҚАНОВТЫҢ «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ
КӨРКЕМДIГI......................................................................................................... 22
З.АҚЫШЕВТЫҢ «ЖАЯУ МҰСА», Ж.МОЛДАҒАЛИЕВТЫҢ «ТАЗА
БҰЛАҚ» ТАРИХИ-БИОГРАФИЯЛЫҚ РОМАНДАРЫ................................... 27
СƏКЕН ЖҮНIСОВТЫҢ «АҚАН СЕРI» РОМАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ
КӨРКЕМДIГI......................................................................................................... 33
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННIҢ «КӨШПЕНДIЛЕР» РОМАН-ТРИЛОГИЯСЫ,
ОНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖƏНЕ ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI..................... 39
СОФЫ СМАТАЕВТЫҢ «ЕЛIМ-АЙ» ДИЛОГИЯСЫ....................................... 54
Ə.КЕКIЛБАЕВТЫҢ «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫ ................... 59
МҰХТАР МАҒАУИННIҢ «АЛАСАПЫРАН» РОМАНЫНДАҒЫ ДƏУIРЛIК
МƏСЕЛЕЛЕР......................................................................................................... 71
Ə.ƏЛIМЖАНОВТЫҢ «ЖАУШЫ» РОМАНЫ.................................................. 85
CƏБИТ МҰҚАНОВТЫҢ «ӨМIР МЕКТЕБI» МЕМУАРЛЫҚ ТРИЛОГИЯСЫ
…………………………………………………………………………………….91
ҒАБИДЕН МҰСТАФИННIҢ «КӨЗ КӨРГЕН» ТАРИХИ-МЕМУАРЛЫҚ
РОМАНЫ ............................................................................................................... 99
112
Бердақ атындағы Қарақалпақ Мемлекетлик университетиниң баспаханасы
Өзбекстан Республикасының Баспа сөз комитети лицензиясы
№11-665. 28-февраль, 2001-жыл
________________________________________________________________
Көлеми 6 баспа табақ
Буйыртпа №__ Нусқасы 100.
Офсет усылында RISO 3105 машынында басылды.
Достарыңызбен бөлісу: |