Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


-тақырып. Бастауыш сыныпта мысалдарды оқыту



бет43/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97

6-тақырып. Бастауыш сыныпта мысалдарды оқыту


Балаларды адамгершілікке, еңбексҥйгіштікке тәрбиелеуде кӛркем шығарманық маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-қҧлқын қалыптастыруға, дҥние-танымын кеңейтуге кӛркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкердің ӛмірі мен іс-әрекеттері ҥлкен әсер етеді. Әсіресе, бастауыш сыныптың балалары ӛздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды, мысалдарды сҥйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, ӛзінше қорытынды жасауға тырысады.


Ана тілі сабағындағы мысалдарды оқи отырып, оқу-шылар мәнерлеп және тҥсініп оқуға тәсіледі. Дауыс ырғағына кӛңіл бӛліп, шығарманық мазмҧнын ҧғына білуге ҥйренеді. Мысалды мәнерлеп оқу мҧғалімнің шеберлігіне байланысты. Мәнерлеп жатқа оқу шәкірттерді қызықтырады, олар ӛз ҧстазына еліктеп, мәнерлеп айтуға ҧмтылады.
Әдебиеттің мысал тҥрінің арғы анасы - халық. Баяғы заманнан бері халық жасаған мысалдар оның керегіне жарап, кҥні бҥгінге дейін тозбай сақталып келеді.
Әдебиеттің бҧл мысал жанры - ең қысқа ықшам жанр. Ертегі ҧзақ, шытырман оқиғалы, сан қырлы, бҧлтарысты, қолтарысты болып келсе, мысал оқиғаны табан астынан, тӛтесінен туғызып, шҧғыл қайырады. Негізгі әдісі - меңзеу. Сондықтан кӛңілден тез орын теліп, ҧмытылмайды.
Бҧрынғы халық мысалдарында да, онан соң туған жеке авторы бар, жазба мысалдарда да айтайын деген кӛкейкесті, тҥйінді пікірін кӛбінесе аңдар, хайуанаттар, қҧстар, қҧрт-қҧмырсқалар, ағаштар, тастар тағы-тағыларды адамша шендестіру, адам дәстҥрінше сӛйлестіру, уаждастыру арқылы береді.
Мысал ҥрдісі ерте заманнан бар. Ежелгі грек әдебиетінде - Эзоп, Рим әдебиетінде Федр - әйгілі мысалшылдар. Ҥнді әдебиетінің белгілі шығармасы - "Панчатантара" да (ІІІ-ІV ғасыр) мысалдар жинағынан қҧралған. Орыс әдебиетіндегі мысал жанрын биік сатыға кӛтерген жазушы - И.Крылов. Оның кӛптеген ҧлы мысалдарын Ы.Алтынсарин, А.Қҧнанбаев, А.Байтҧрсынов қазақ тіліне аударып, Қазақ ӛдебиетінде мысал ҥлгісінің туып, ӛркендеуіне жол ашты. Қазақ әдебиетінде мысал жанрын дамытуда С.Дӛнентайҧлы, А.Тоқтамағанбетов, С.Кӛбеев, С.Жҥнісов, С.Торайғыров, Ш.Смаханҧлы және т.б ҥлес қосты.
Қазақтың реалистік әдебиеттерінде мысал жанрының ӛз алдына жеке жанр ретінде қалыптасып, дамуы Д.Бабатайҧлының есімімен байланысты. Ол ауыз әдебиетінің адамгершілікке ҥндеп, емеурінмен білдіретін ӛсиеттік жанры-мысалды ӛлеуметтік сатира дәрежесіне кӛтерді, оның кейіпкерлеріне реалистік, типтік сипат дарытты. Ы. Алтынсарин, А.Қҧнанбаев, XX ғасырдың бас кезіндегі демократ ақын-жазушылар: С.Кӛбеев, С.Торайғыров, С.Дӛнентаев, орыс әдебиетінен мысал ӛлеңдер аударып, қазақ халқына жеткізуде кӛптеген еңбек етті.
Осы аудармалар негізінде қазақ балалар әдебиетінде мысал ӛлеңдердің тӛл ҥлгілері пайда бола бастады.
Мысал ӛлеңдерде кӛбіне жануарлар немесе басқа да жансыз нәрселер арқылы адамдардың мінез-қҧлқы, іс-әрекеті. Осылайша астарлап, тҧспалдай суреттеуді аллегория деп атайды.
Мысалдарда еңбек сҥйгіштік, әділдік, адалдың, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл тҥрінде кҥлкі ете отырып, одан сақтандырады.
А.Байтҧрсыновтың И.А.Крыловтан аударып қҧрастырған, 1909 ж. Петербург қаласында жарық кәрген "Қырық мысал" кітабы ҧлттық сана- сезімін оятуға септігі тиді.
Абай аударған Крыловтың "Шегірткемен қҧмырсқа" мысал ӛлеңінің,
әсіресе тӛменгі сынып оқушылары ҧғымына сай болуымен қатар, олардың мінез-қҧлқын тәрбиелеуде маңызы зор. Мҧнда еңбек етуді сҥймейтін, той- думанның еркесіне айналған жалқаулар мен сәнқойлар, тоғышарлар ащы
сыналады. Шырылдауық шегіртке, Ыршып жҥріп ән салған. Кӛгалды қуып гӛлайттап, Қызықпен жҥріп жазды алған.
Крыловтың Абай аударған "Есек пен бҧлбҧл" мысалында дарынды ӛнер иелері дәріптеледі, мақталады, олардың ӛнеріне халық сҥйсінеді, қадір тҥтады. Ал ӛнерден тҥйсігі жоқ топастық сын садағына ілінеді. Ӛздерін
ӛмірдің билеп-тӛстеуші, кӛркі мен сәні деп ҥғатын ҥстем тап окілдерін ҧлы мысалшы есекке теңейді: Екенсің ән салуға сен-дағы епті, Сен біраз әтеш
әнін ҥйрен, - депті. Бҧл сыңылды сыншының созін естіп, Кӛз кӛрмеске бҧлбҧл да ҧшып кетті. Сондай-ақ, "Қарғамен тҥлкі" мысалы да ӛмірдің ащы шындығын арқау етеді. Сондықтан да ол әсіресе балалардың қызыға оқитын дҥниесіне айналды.
Ӛлеңде тҥлкінің қарғаны мақтаған айлакерлігі былай суреттелген: "Қарағым, неткен сҧлу ең!"
Деп тақырқап таңданды. "Неткен мойын, неткен кӛз, Осыдан артық дейсің бе, Ертегі қылып айтқан сӛз?
Қалайша біткен япырмай, Мҧрныңыз бен жҥніңіз!
Періштенің ҥніндей, Деп ойлаймын ҥніңіз.
Осы кәрікпен, Бҧл жҥнмен, Әншілігің білінді.
Ҧялмай, қалқам, бір сайра, Біз де алалық ҥлгіні.
Қҧс тәресі біздерге, Сіз боларсыз бір кҥні.
Қарғанық аузындағы ірімшігін алдап алу ҥшін тҥлкінің жасаған
мҧндай айлакерлігі мен зҧлымдығы балаларды мол кҥлкіге кенелдіреді. Ал, кҥлкі соқы оларды ҥлкен ойға шомдырады:
Басы айналды қарғанық Сҧмның айтқан сӛзіне. Қуанғаннан бҥтіндей Бір мастық кірді ӛзіне. Ӛзіне біткен ӛңешпен, Аямастан қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті,
Іс бітті, қу кетті.
Баланы ойға қалдыратыны - осы тҥлкінің айлакер-лігі, қарғанық мақтан сҥйгіш, аңғалдығы. Ал, ойлану -оларды мҧндай мәселелер айналасында белгілі бір қорытынды жасауға ҥйретеді. Мысалы, ӛлеңдердің балаларға эстетикалық тәрбие беруде пайдасы зор. Ондағы кӛркем образдардың нақтылығы, диалогтарының дәлдігі, оқиғаларының кҥлкілі тартыстарға қҧрылуы, тілінің ӛткірлігі мен кӛркемділігі – жас ӛспірімдерді ҥлкен қуанышқа кенелтіп, ой-санасын ӛсіріп, ӛзіндік кӛзқарасын қалыптастырады.
Абай сияқты Сҧлтанмахмҧт Торайғыров та мысал ӛлеңдер жазды. 1912 жылы Сҧлтанмахмҧт татардың халық ақыны Ғабдолла Тоқайдан "Екі тышқан" деген мысал ӛлең аударып, ӛзі "Арыстан мен тышқан" деген мысал ӛлең жазды. "Екі тышқан" атты мысал ӛлеңде бірліктің, ынтымақтың болмауы кімді болса да алған бағытынан адастырып, қолда барынан айырып, баңытсыздыңқа душар ететінін кӛрсеткен.
Мысал ӛлеңдер кӛбіне белгілі кейіпкерлері бар қызықты оқиғаларға қҧрылады. Кейіпкерлер арасындағы тартыстар Оқушыны еліктіре тартып, бірден ӛзіне баурап алады. "Екі тышқан" мысалындағы оқиғабылай басталған:
Даладан екі тышқан май тауыпты, Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Жанжалдасып бҧл майды бӛлісе алмай, Маймылға бӛлдіруге кӛңілі ауыпты.
Мҧндай оқай олжаға маймыл қалай қызықпасын. Майды бӛлуге кіріседі.
Ӛлшепті бір жағына майды салып, Ар жағы кӛтерілді босқа қалып.
Бос жағы мен май жағын теңгеруге, Маймыл тықты аузына майдан алып. Ақырын жеп бітіріп майлы басын, Безбеннің тегістепті екі басын.
Безбеннің бірдейлігін кӛзбен кәріп, Тышқан кетті ағызып кӛздің жасын.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан- жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп тҥсінесіңдер дегендей, сҧрақ қою қателік болар еді. Ӛйткені, жҧмыты мҧндай әдіспен жҥргізу - оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан
балалардың алған әсерлері әлсіремей, қайта кҥшейе тҥсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ҧғына тҥсуіне жағдай жасайтын әдіс- тәсілдер қарастырылады. Ол ҥшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, ӛмірде болғандай етіп тҥсіндіру керек. Ал мысалда суреттелгендер шындық, болмыс жӛнінде қате тҥсінік беретінінен, мысалы, баллардың қарға, тҥлкінің сӛйлемейтінін білетіндігінен қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сӛйлемейтінін балалардың ӛздері де жақсы біледі, сонда да оны шындың сияқты қабылдайды. Мысалы, балалар тіпті 4-сыныптың ӛзінде де қылыштасу, атысу ойындарын беріліп ойнайды. Олар таяқтың қылыш, найза еместігін әрине жақсы біледі, бірақ ӛздерінше шын найза, қылыш деп есеп-ейді. Немесе қыз балалардың кейбіреулері әлі де қуыршақпен ойнайды, оның сӛйлемейтінін біле тҧра, шын кісі деп есептеп, онымен сӛйлесіп отырады. Сол сияқты мысалдағы оқиғаны да бастауыш сынып оқушылары шын қабылдайды.
Бҧл айтылғаннан шығатын қорытынды: мысалдарды оқығанда кӛңіл қоятын жай - оқушыларға оның мазмҧнын қабылдату және ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетш талдау.
Мысалдардағы аллегорияны ашу жҧмысын 4-сыныпта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мҧнда мысалда суреттелген оқиғаға ҧқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И.А.Крыловтың "Қарғамен тҥлкі" мысалы оқылғаннан кейін, біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу ӛмірде кездесе ме дегендей сҧрақ қою керек. Сонда мысалдағы негізгі ойды тҥсіндіру жеңіл болады. Кейбір жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға ӛмірден қҧсас оқиға табу жҧмысы мысал оқылмас бҧрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жҥргізіледі.
Мысалдың басты ерекшелігі - онда белгілі бір ҥгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа тҥрде мәтіннің басында немесе аяғында беріледі. Мысалы, "Қарға мен тҥлкі" мысалынан шығатын қорытынды мәтіннің басында берілген:
Жҧрт біледі, кҥледі,
Сҧрқия тілдің жаманын.
Қошеметшілердің амалын, Сонда да солар қайда жоқ, Есептеп айтса, ересің,
Артынан ӛкінсең де пайда жоқ.
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдалану керек. Қҧрғақ сӛзбен "мҧндай жаман мінез -қҧлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек" деудің бастауыш сынып оқушыларына әсері шамалы. Ондай ҥгітті тіпті, сол оқылып отырған мысалдан ҥзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын ҥгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, ӛзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сӛздеріндегі ой ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды

  • пікірді оның мазмҧны талданып болғаннан кейін оқу керек.

Мысал оқытудың ҥшінші ерекшелігі - оны дауыстап оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сӛз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшеліктеріне қарай, дауыс сазы даңҥбылып отырады. Мысалы, "Шал мен малай", "Қарға мен тҥлкі" бір ырғақпен оқылмайды. Тіпті бір кейіпкердің сӛзін Оқу мәнері де оның қылығына қарай тҥрлене береді. Шалдың: "Бауырым, тҥгеншежан, айыршы!" дегені жалынышты ҥнмен оқыса, "Әумесер, ақылық жоқ, ит доқыз" - деген сӛздері жекіру, ҧрсу мәнерінде, ал малайдың:
Ҧрсасың, неге, шалым, маған, - деді. Сӛккендей не істедім саған? - деді.
Жазғаным менің сені аю жаудан.
Айырып алғаным ба аман? - деді сӛздері тақырқаған шарасыз дауыспен оқылады.
"Қарға мен тҥлкі" мысалында автор сӛзі бір әуенмен оқыла келе, тҥлкінің сӛзі, басталған кезде дауыс қҧбылып отырады. Кейіпкерлердің мінез-қҧлқы іс-әрекетіне орай, дауыс ырғағының қҧбылуы балалардың ынтасын
арттырып, мысалдың кейбір жолдарын бір-екі оқығанда-ақ жаттап алуларына жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда, мысалды тӛмендегідей жолдармен оқытуға болады:

  1. Оқылатын мысал жӛнінде мҧғалім алдын ала әңгіме ӛткізеді, онда балаларға тҥсінуі ауыр сӛздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.

  2. Мҧғалім мысалды әуелі нақышына келтіре ӛзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

  3. Мысалдың мазмҧны талданылады.

  4. Мысалдың кей жерлерінен ҥзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екенін қорытындылап әңгімелейді.

  5. Мысалдың мазмҧнына қҧсас ӛмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.

  6. Рӛлге бӛліп оқытылады.

Бҧл кӛрсетілгендер ӛзгеріссіз осы кҥйінде ҥнемі сақталып отырылсын деген ой тумау керек. Мысалдың мазмҧны мен сипатына қарай, бҧл айтылғандардың кейде қысқартылуы немесе толықтырылып отырылуы да мҥмкін. Дегенмен мысал оқытуда негізінен осы принципті ҧстаған жӛн.
Сабақтың тақырыбы: "Тҥлкі мен қырғауыл".
Спандияр Кӛбеев.
Мақсаты: I танымдық: Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиға, идеяны ҧғындыру. Тҥлкі, қырғауыл, (аңдар жайлы) білімдерін нығайту;

    1. дағдылық: Ой қорғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сҧрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға ҥйрету;

IIIдамытушылық: балалардың сын тҧрғысынан ойлауын дамыту, болжау стратегиясын пайдаланып, дәләлді сӛйлеуге, дискуссия жҥргізуге ҥйрету;
IVтәрбиелік: жаман адам мен жақсы адамды ажырата білуге, қҧлық пен арамдықтан бойларын аулақ ҧстауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ тҥсіндіру. Сабақтың тҥрі: дамыта оқыту.
Сабақтың әдісі: ассоциациялық әдіс, дӛңгелек ҥстел, дискуссия, ой қозғау стратегиясы.
Сабақтың кӛрнекілігі: сюжетті сурет кесте.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет