Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет15/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Көрiп жүрiп жүздердi кiм қабарған 
Күн шуақты аңсауын - құрғақ арман 
Заман, қоғам, қайсысы?.. әлде екеуi, 
Бiр жерлерiн, әйтеуiр былғап алған!
* * * 
Бiр ғалам ашылып жыл, айында мА, 
Жаңлық боп жатсын ой-пайымда да. 
Бәрiбiр шегi болмас шексiздiктiң, 
Жетсек те бiз қиямет-қайымға да! 
* * * 

Мына өмiр аяз болып қақағанда 
Қадiрлiм қасқая бiл. қапаланба. 
Бұ Жалған жұмақ болып көрген емес. 


30 
Аз ба едi көрген аза пата-анаң да?! 
* * * 
Асып жүр амалдап шын бағаңнан, 
Нең қалды ендi алатын бұл ғаламнан?! 
Шықса мүйiз шығар-ау деп сен сұмға, 
аймандайғғып адалды былғағаннан!
Бұл шумақтар шынында да нағыз фәнилiктiң драмасын берудей
-
ақ берiп 
тұр. Бiрақ осы шумақтардың әлде бiреулерге жүгiне айтылуы жұмбақ күйiнде 
қалып қойған. 
Поэзия әлемiне алғаш келген албырт ақындар көбiнесе аптапта аптыққан 
күйi суға секiргендей көзiн жұмып, ойланбастан қойып кетедi. Кейбiреулер 
су жұтып, қақалып
-
шашалып жатады, ендi бiреулер иiрiмге батып, 
кейбiреулер бiртiндеп өзiнше малтауды үйренiп, құлаштап жүзiп кетедi. 
Жағаға жандармен қайтадан ытқып шығатындар да аз емес. Ақындардың бәрi 
де өлеңге солай келген сияқты. 
Ал өлең жырдың Жайығына өз мәнерiмен, өзiндiк ерен жолымен келген 
азғантай аяулы, ардақты ақынның бiрi 
– 
Ақұштап Бақтыгереева. Ол басқалар 
сияқты малтыққан да, шалдыққан да жоқ, өлең айдынында өзiн бiрден еркiн 
сезiндi. Өйткенi ол 

өлең өлкесiнiң қанатты ақ шағаласы болатын.
Ақұштап ақынның бүкiл шығармашылығын шолып шыққан адам оның 
жырларының ең басты екi тiрегiн байқар едi: ол 
-
ақынның туған ел мен 
жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмiрдегi қиыншылықтар мен 
әдiлетсiздерге, Адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлiгi. 
Оның алғашқы жарық
көрген жыр жиағында әдеби қауымды елең еткiзген 
«Өрiмтал» атты өлеңiнен бастап
-
ақ оқырмандар А.Бақтыгерееваны нәзiк 
лирик ақын деп қабылдаған болатын. Дегенмен, оның осы лиризмiнiң 
өзегiнде бiр өжет қайсарлық аңғарылатын. Өйткенi оның әр өлеңiнде 
боямасызөмiр тартысты тағдыр жатқан едi. 
Жұлқыса жер есiрiп, 
Майысқанмен сынбадың. 
Сыр айтпадың шешiлiп, 
Неше келiп тыңдадым. 
Қысты жеңiп, шуаққа 
Жайраңдаған кезiңде, 
Бойыңдағы қуатқа 
Қайран қалам өзiм де… 
Осы өлеңiнде тал
-
шыбықпен мұңдасқан өзi де өрiмтал ақын 

қыз 
шыншыл да сыршыл қалпымен жүректерде бiрден ұялап қалды. Ақ бантиктi 
ақынның сол нәзiк қайсарлығы келе
-
келе үлкен күрескерлiкке, 
қайраткерлiкке ұласты. Сол балғын шақта жазылған «Даламның 
қарлығаштары
-
ай» атты өлеңдi де бей
-
жай оқу мүмкiн емес: 
Кеудемдi жанап өттiңдер, 
Жүр едiм жырды бастамай, 
Азайып неге кеттiңдер, 
Даламның қарлығаштары-ай! 


31 
…Топтанып ұшқан үйiрiң 
Достардай едi-ау жаны iзгi
Адамнан кеткен мейiрiм, 
Сендерде қалған тәрiздi. 
Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзiне тартар жұмбақ 
магнитизмi бар.Оның қыр
-
сырын ашуды әдебиет зерттеушiлерiне, маман
-
сыншыларға қалдыра отырып, мен өз тарапымнан ақынның өлеңдерiнiң 
табиғат тамшысындай мөлдiр жаратылысын, өзен толқынындай ерке де еркiн 
үйлесiмiн, жан
-
жүрегiңе жетiп, жiлiгiңнiң майына дейiн жiбiтетiн ақ шуақтай 
симфониясын, бұлақтың сыңғырындай, жапырақтың сыбдырындай жанға 
жақын да беймәлiм әуенiн танып бiлу қай оқырманға да кәусар сезiм 
сыйлайтынын айтқым келедi. 
Ол махаббат мақамын да өзгеге ұқсатпай, өзiнше, Ақұштапша 
жырлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет