Мен жастарға сенемiн
Арыстандай айбатты,
Жұмсақ мiнез жiбектер,
140
Жолбарыстай қайратты, Сүттей таза жүректер,
Қырандай күштi қанатты, Қасиеттi тiлектер
–
Мен жастарға сенемiн ! Мен жастарға сенемiн !
Көздерiнде от ойнар, Тау суындай гүрiлдер,
Сөздерiнде жалын бар, Айбынды алаш елiм дер,
Жаннан қымбат оларға ар, Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн ! Мен жастарға сенемiн !
Жас қырандар
–
балапан, Қажу бар ма тұлпарға,
Жайып қанат ұмтылған.
Талу бар ма сұңқарға,
Көздегенi көк аспан, Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн ! Мен жастарға сенемiн !..
Өнер
-
бiлiм қайтсе табылар
Ер жiгiт өнер табар ерте тұрса,
Ерiнiп. шаршамаса, белiн буса.
Ыртың
-
жыртың, жоқ
-
барға көңiл бермей,
Перiште боп анадан қайта туса
«Жақын, туған, бауыр»
-
деп, айналмаса,
Қатын
-
сатын дегенге байланбаса.
Тынықбай, дамыл алмай, ертелi кеш
Iзденсе, кiдiрмесе, жайланбаса.
Дүниенiң қайғысына зарланбаса,
Көз қысып, күлгенiне алданбаса,
Қақ жарар қара қылды тура бөлiп,
Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.
Өсектен ат
-
тонымен алыс қашса,
Естiсе, ұялғаннан бетiн басса,
Жамандық
–
атты өшкiрге жақын жүрмей,
Аяғын күндiк жерден байқап басса.
Өзiнен басқа жанды кем көрмесе,
Құтырып, шағыстырып жел бермесе,
Табылмас аузына су тамызу үшiн,
Өзiнiң тар етiгiн кең көрмесе
Көзi ашық адамдарға жақын жүрсе,
Олардың әрбiр сөзiн үлгi көрсе,
Естiген сөз, көргендi бос тастамай,
Құлақ тiгiп, көз салып. жиып
-
терсе.
Көңiл көзi ашық жанды дос деп
бiлсе,
Мылқау, меңiреу адамды қас деп бiлсе,
Бейнеттiң мұнарланған шөл даласын
Жұмақта қорлар тiккен қос деп бiлсе.
Наданды қатқан жансыз тас деп бiлсе,
«Өнер
-
бiлiм
–
қарны ашқа ас»
-
деп бiлсе,
141
«Дүниенiң теңiзiнде адасқанға
Тура жол көрсетейiн, бас»
-
деп бiлсе,
Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,
Басқаға мойын бұрып көз салмаса
Өнер
-
бiлiм жер астында болса
-
дағы,
Iздесе оны талпынып, бос қалмаса.
Мағжан Жұмабаев
Достарыңызбен бөлісу: |