Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева


МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ ХАРАКТЕРI МЕН МАЗМҰНЫ ЖАЙЫНДА



Pdf көрінісі
бет51/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ ХАРАКТЕРI МЕН МАЗМҰНЫ ЖАЙЫНДА
 
Сөйлеу 

мұғалiмнiң негiзгi құралы. Мұғалiм өзiнiң
мазмұнды, анық, түсiнiктi 
сөзiмен студенттерiне әсер етедi. Мұғалiмнiң сөзiн ешбiр оқулықпен теңестiруге немесе 
басқа нәрсемен айырбастауға болмайтындығы белгiлi. Өйткенi мұғалiм қандай пән болса 
да өз атынан сөйлеп түсiндiредi. Сондықтан мұғалiм ойын мазмұнды етiп құрумен қатар, 
әрбiр сөйлемдi өз әуенiмен түрлендiрiп, сазына келтiрiп айта бiлуi қажет. Студент 
мұғалiмнiң не сөйлегенiнен гөрi қалай сөйлегенiне көңiл аударады. 
Демек, мәнерлеп, тиiстi дауыс ырғағымен сөйлеу, оқу 

мұғалiмнiң негiзгi құралы.
Ол тек тiл мен әдебиет сабағының мұғалiмiне керектi жағдай деп қарауға болмайды., бұл 
барлық мұғалiм атаулыға тән қасиет болуы керек. Онсыз қандай пәндi болса да оқыту да, 
тұсiндiру қиын, өйткенi мұғалiмнiң ойын студенттер толық қабылдай алмайды. 
Студент мұғалiмнiң сөйлеу мәнерiне қарай оның ойын толық түсiнедi. Сондықтан 
А.М.Пешковский: «Бiз өз сезiмiмiздi сөзден не интонация арқылы түсiндiремiз», 

десе, 
В.Н.Всеволодский
-
Гернгросс та «адамның жан
-
дүниесiнiң қанша құбылысы болса, соның 
бәрiн интонация арқылы беруге болады», 

деп көрсетедi. Демек, мұғалiм сөзi мәнерлi 
дауыс ырғағымен айтылғанда ғана студенттiң құлағына жағымды тиiп, оның сол сабаққа 
деген ынтасын оятып, қабiлетiн күшейте түсетiндiгi белгiлi нәрсе.
Профессор құдайберген Жұбанов 
– 
қазақ тiлiндегi сөйлем сазына тоқтай отырып, 
адам көңiлiнiң түрлi күйiне сөздiң түрлi әнi сәйкес келедi. «Адам көңiлiнiң қобалжуының 
түрi көп, ұшы
-
қиыры жоқ десек те болады. Бұларды бiлдiруге арналған амалдың 

дауыс 
сазының да түрi көп», 

деген болатын. 
Мәнерлеп оқитын кiсiнiң даусы ашық, дикциясы анық, әрбiр сөздi өз әуенiмен 
айтатын, әдеби тiлде дұрыс сөйлей бiлетiн болуы керек. Бұған қосымша оқитын 
материалды жақсы түсiнiп, оның идеясын, мазмұнын толық меңгерумен қатар, оны 
мұғалiм барлық жан
-
дүниесiмен, сезiмiмен (қуанып та, қиналып та, тебiренiп те, 
қобалжып та) айта алатын болуы керек. Қазiргi кезде сөзге талап күшейдi, өйткенi 
мәдениеттi сөйлеу бұрынғыдай бiрлi
-
жарым кiсiнiң ғана құралы болып қалмай, жалпы 
қалың бұқараның күштi құралына айналды. 
Қазақ халқы қай заманда да терең ойлы, көркем тiлдi, ауыздыға сөз, аяқтыға жол 
бермейтiн дүлдүл шешендердiң есiмiн көздiң қарашығындай қастерлеп, бiздiң дәуiрiмiзге 
жеткiзген. қазақ халқы табиғатынан әндi, әсерлi, сұлу сөздi қадiрлеумен қатар оны майын 
тамызып айта да бiлген. 
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Өнерлi тiлдiң үлгiсiн бiзге Абай бердi. Абайдан 
үйренейiк. Онан соң сынаптай таза, күмiстей кiршiксiз қазақтың ауыз әдебиетiнен , 
бұрынғы сөз тапқыр шешен сөздерден үйренейiк», 

деп орынды айтқан. 
Сұлтанмахмұттың «Өнерлi тiл» деп отырғаны тiлдiң сан қырлы функциясы. Ол көркем 
сөздi қастерлей бiлумен қатар, оның айтылуына да аса көп көңiл аударған. 
Мәнерлеп, ырғағына түсiрiп айтып немесе оқып берудегi негiзгi шарттың бiрi 

оның мазмұны. Мұғалiм немесе дауыстап оқушы кiсi сөйленетiн мәтiннiң мазмұнын 
егжей
-
тегжейiне дейiн толық меңгерген болуы керек. Сол тақырыпқа байланысты 
қосымша деректермен де танысып, өзiнiң ойын студентке терең, толық, сенiмдi етiп 
түсiндiрудi мықты ойластырғаны жөн. Мұғалiмнiң көп бiлетiндiгi, әсерлi, мағыналы, 
мазмұнды сөйлеуi студентке күштi әсер етедi. 
Мәнерлеп оқу үшiн, сол тақырыпты жақсы бiлу, түсiну керек. Олай болмаса, жалаң 
құрғақ
-
сылдыр сөз қанша ырғағымен айтылса да, ешкiмге әсер етпейдi. Өйткенi оны түйiп 
алар түгi жоқ, құлаққа қонбайды. Ал, көркем әдебиеттен өтiлетiн материалдарды түсiндiре 
келiп, кейбiр әсер етерлiктей жерлерiн оқып беруге тура келедi. Бұндай материал алдын 


111 
ала дайындалып, ырғағына түсiрiлiп, оқылып шыққан болу керек. Өйткенi таңдалып 
алынған үзiндi өзiнiң мазмұны, көркемдiгi жағынан тыңдаушысының сезiмiне дәл тиiп, 
түсiндiрген ойының дәлелi сияқты болып көрiнедi. Әлбетте, бұндай жағдайда мәнерлеп 
оқу мазмұнды тереңдете түседi, оның экспрессивтiгiн арттыра түседi. 
Сөйлемдегi сөздердiң дұрыс қолданылуы өз орнымен орналасуының да маңызы 
күштi. қазақ тiлiндегi қара сөз жүйесiнiң белгiлi орын тәртiбi бар. Олардың орнын ретсiз 
өзгертсең, буынсыз жерге пышақ ұрғандай үйлесiмсiз болып шыға келедi. Ондай 
сөйлемнiң айтылуы да құлаққа қонымды болмайды. 
Ең алдымен мұғалiмнiң тiлi бай болсын, ол студенттен де соны талап етуi керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет