Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Интонация дегенiмiз не?
2. Дауыс кiдiрiстерi дегенде ненi түсiнесiң?
3. Психологиялық кiдiрiске мысал келтiр.
121
4. Грамматикалық кiдiрiс пен логикалық кiдiрiске мысал келтiр.
5. Ырғақ дегенiмiз не?
6. Белгiлi бiр ақындардың өлеңдерiнен үзiндiлердi мәнерлеп оқу.
КӨРКЕМ ШЫFАРМАЛАРДЫ ЖАНРЫНА ҚАРАЙ ОҚУ
Көркем шығармалардағы мәтiндi үйрену алдымен дұрыс, келiстiрiп оқудан
басталады. Көркем шығармаларды келiстiрiп оқу мәнерлеп оқудың негiзiн құрайды.
Әдеби шығарманы оқып, оны ауызша баяндап беру шығарманың мазмұнын толық
түсiнiп
алуға мүмкiндiк тудырады.
Әдеби шығармаларды оқудан алдын олардың жанрлық ерекшелiктерiне көңiл
бөлген жөн. Жанр әдеби шығармалардың жеке түрлерi, көркем әдебиеттiң салалары. Жанр
сөзi негiзiнде француз тiлiнен алынған болып, түр, тек деген мағынаны бiлдiредi. Көркем
әдебиет негiзгi үш түрге бөлiнедi, яғни проза, поэзия, драматургия. Олар да өзара бiрнеше
түрлерге бөлiнедi. Бұл ретте В.Г.Белинскийдiң «Поэзияны тегiне, түрiне қарап бөлу»
деген еңбегiнде әдебиеттi алдымен эпостық поэзия, лирикалық поэзия, драма деп үшке
бөледi. Бейнелерiне, өзiндiк ерекшелiктерiне қарай жанр түрлерi бiр
-
бiрiнен ажыралып
тұрады. Ал көркем әдебиетте бұлай бөлiну әдеби жанр деп аталады. Әдеби жанрды
белгiлеп алғаннан кейiн ол шығарманың қай жанрға жататындығын анықтап алуға
болады. Себебi, шығарманың қайсы жанрға жататындығын анықтағаннан соң келiстiрiп
немесе мәнерлеп оқуда оның өзiндiк ерекшелiктерiн ескере оқу мүмкiндiгi туады.
Әдебиеттiк шығарманы келiстiрiп оқуда оның эмоциялық жақтарын дұрыс бере
бiлiп оқу маңызды орын алады. Бұл мақсатты толық орындау үшiн көркем сөз мәтiнiн
оқыған уақытта, ондағы автордың және кейiпкерлердiң ой
-
сезiмiн бiлдiре оқу керек.
Жазушының ой
-
сезiмi өмiрдегi шындық болмысты бағалауы оның эпитет, метафора,
теңеу, метонимия сияқты көркем сөз құралдарын қалай қолданылуынан байқалады. Сонда
келiстiрiп оқудың эмоциялық жақтары дегенiмiз
–
автордың мәтiнге айтпақ болған ой
-
пiкiрiне сай, сезiмнiң түрлi реңкiн сазына келтiрiп оқи бiлу. Шығарманың мазмұнына
қарай мәтiннiң бiр жерi
–
жәдiгөйлiк, жарамсақтық мiнез
-
құлықпен, үшiншi бiр ызғарлы,
ашулы дауыспен т.б. оқылады. қорқыныш, сүйсiну, таңданушылық сияқты сезiмдер де
дауыс реңкi арқылы берiледi.
I.Жансүгiровтiң «Қазақстан», М.Өтемiсұлының «Махамбеттiң Баймағамбет
сұлтанға айтқаны», С.Торайғыровтың «Шәкiрт ойы», «Бiр адамға» атты өлең
-
жырларын
оқығанда да, алға қойылатын негiзгi мақсат сазына келтiрiп оқу арқылы, осы
шығармалардың идеялық
-
көркемдiк қасиеттерiн айқындау болады.
Әдеби шығарманы оқыған уақытта сөздiң логикалық және эмоциялық жақтарын
тиiстi кiдiрiс, екпiн, ырғақ арқылы берiлумен қатар, оқу қарқыны, яғни сөздi не жылдам,
не жай оқу арқылы да берiледi.
Поэзия кең мағынада сөз өнерi дегендi бiлдiредi. Өлең жолымен жазылған
шығармалар (поэма, өлең т.б.) поэзия деп аталады. Поэзияның объектi адам және оның
әлеуметтiк өмiрi мен күресi болып табылады. В.Г.Белинский айтқандай: «Бүкiл әлем,
барлық түс, рең, бояулар, табиғат және өмiр көрiнiстерi поэзия құбылыстары бола алады».
Демек, әрбiр оқиғаның өз поэзиясы бар. Сол нәрсенi айтып өту қажет, яғни әрбiр
шығарманың, әрбiр өлеңнiң өз поэзиясы, өз эстетикасы бар. Мәнерлеп оқу үшiн таңдалған
шығармадан сұлулықты таныту қажет болады.
Қазақ поэзиясында Абайдан кейiнгi дәуiрде Шәкәрiм, Сұлтанмахмұт, Ахмет
Байтұрсынов, Мiржақып, Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен, Iлияс поэзиясы сөз өнерiн
жаңа идеялық мазмұнымен де, көркемдiк бояу
-
нақышымен де байыта түстi.
Өлең сөздi оқудың қара сөзге қарағанда өзiне тән ерекшелiктерi бар. Ол
ерекшелiктер өлеңнiң буын, бунақ, тармақ, ұйқас, шумақ, ырғақ сияқты құрылыс
жақтарындағы өзгешелiктерiмен байланысты.
122
Өлеңдi келiстiрiп оқудың бiр шарты
–
оның ырғағын, ұйқасын келiстiрiп оқу.
Жоғарыда айтқанымыздай ырғақ өлең сөзбен қара сөздiң сөйлемдерiнде дауыс
толқынының бiрде бәсең, бiрде көтерiңкi айтылуы ғой, олай болса, өлеңдi оқыған уақытта
оқушылар ондағы дауыс ырғағының түрлi әуенiн толық меңгерiп, дұрыс сақтап оқуға тиiс.
Ал, екiншi шарты
–
оның тармағымен байланысты. Әдетте өлеңдi оқығанда тармақтың
соңынан тиiстi кiдiрiс жасалады да, сол арқылы әрбiр тармақтың өз алдына тұтас бiр бүтiн
екендiгi аңғарылып тұрады.
Мәселен:
Достарыңызбен бөлісу: |