Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет71/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
 
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1. Өлеңдердi мәнерлеп оқу және жатқа айту.
2. 
Әрбiр ақынның өлеңдерiнiң тақырыбы мен мазмұнын ашып бер.
3. Ақындардың өлеңдерiнен қандай әсер алғаныңды түсiндiрiп бер.
4. Ақындар өз өлеңдерiнде ненi айтқан және идеясы не?
Ә Ң
 
Г I М Е Л Е Р Д I О Қ
 
У 
 
Қыпшақ Сейiтқұл
 
Қыпшақ Сейiтқұл отыз үйлi тобырымен

жұрттың тегiс аттаныс 
барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейдi қалайынша етсем байытып, 
халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен 
мал алсам, бiр күндерде жау да бiзден қуып алады, ақырында 
бұрынғылардың айтып кетуiнше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның 
бәрiн де шамалап қарап, ақыр бiр қиялға түсiп, Сейiтқұл әуелi мекен 
еткендей бiр орын iздедi. Көп жерлердi кезiп жүрiп, ақырында Торғай 
төсiндегi қабырға деген өзен
-
судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргенiш, 
қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетiрек және жаманшылық болса, қалың 
қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жердi ұнатып қайтқан соң, 
қысты өткiзiп, жаздың жылы уақытында кедейлердi жалаңаш
-
жалпы көшiрiп, 
қабырға бойына алып келдi. Сейiтқұлдың бiр ағасы бар едi, жол жүрiп, 
ұрлық, барымтаны әдет еткен; iнiсiнiң қанша айтқан ақылына болмай, үш
-
төрт үймен жалғыз
-
ақ сол
көшпей, ескi орны Түркiстан жағында қалды. 
Қабырғаның бойына келген соң, Сейiтқұл қолына кетпен алып, отыз 
үйлi кедейiне де кетпен берiп, жер тегiстеп, егiн егуге кiрiстi. Түркiстан 
жағында көрген үлгiсiмен судан арық қазып шығарып, егiнге су жiбердi. 
Егiнi пiскен соң орып, жиып алып, артығын төңiрегiндегi көшпелi елге 


146 
сатып, мал еттi. Жаңа мекен еткен жерiне орныққан соң, Сейiтқұл егiндi 
жылдан
-
жылға күшейтiп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, 
астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егедi) артығын төңiректегi елге малға 
айырбас етумен, бұлардың малдары көбейiп, бай болды. Мұны көрiп әрбiр 
көшпелi елдегi жарлы
-
жақыбайлар да келiп, Сейiтқұлға қосылып келiп, бес
-
алты жылда Сейiтқұл елi деген төрт жүз үйге таянды дейдi. 
Қош, Сейiтқұлдың өзi де, жиылған халқы да малдары көейiп, бай 
болды, ел жиылып Сейiтқұл ағасы болды, ендi сол жұртының адал бейнет, 
табан ет, маңдай терiмен тапқан дәулетiн аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы 
бөрiден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшiн, 
Сейiтқұл
жұртын жиып кеңесiп, судың бiр қолайлы жерiне шымнан биiк 
қорған салдырды, малдарына ретпен бақташы, қару
-
жарақты қарауыл 
шыңдауыл жүргiздi. Бұлардың былайша бiр ауызға қарай бекiнген халық 
екенiн байқаған соң малға қызыққан сырттағы көшпелi халықтар батып келе 
алмады. Бұл жағынан көңiлi тыныш болған соң, Сейiтқұл ендi Бұхара, 
қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әр түрлi тауар алдырып, 
жылда егiн пiскен уақытта манағы қорғанда жәрмеңке реуiштi базар болды. 
Көшпелi халық белгiлi уақытта малын, жүн
-
жабағысын, терi
-
терсегiн 
келтiрiп, егiншiлер оларға астығын, тауарын айырбас етiп, осы қалыпша бiр 
жағы егiн, бiр жағы саудамен Сейiтқұлдың жұрты жұрттан асқан бай 
болыпты. Манағы Сейiтқұлдың ағасы жұрттың малын ұрлап бай боламын 
деп жүргенде, қоңырат жағында қолға түсiп, кiм екенi де белгiсiз, бiреу 
өлтiрiп кетiптi; қалған мал
-
жанын ұрының малы деп Түркiстан әкiмдерi талап 
алып, жамағаттарын Сейiтқұл көп жылдар iздетiп, таптырып, қасына алыпты
-
мыс.
Сейiтқұл, құрметтi Тiлеу Сейдалин сұлтанның айтуы бойынша, 1830 
жылдарда өтiптi
-
мiс. Сол данышпан кiсiнiң ақылымен егiндi әдет еткен 
халық қабырға суының бойында әлi көп. Жарлы болып, бөтен кәсiбi жоқ 
кiсiлер Торғай жағында дереу егiнмен айналысады, ерiнбей азаптанса, 
бiрнеше жылда түзелiп, халық қатарына қосылады. 
Ыбырай Алтынсарин
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет