Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата27.03.2017
өлшемі0,67 Mb.
#10370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

1. Аңыз-əңгіиелердің алғашқы үлгілері қалай пайла болды 

2. Алдар көсе туралы қандай аңыздар тараған  

3. Асан неліктен «қайғы» атанған 

4. Жиренше туралы қандай аңыздар таралған 

5. Аңыз-əңгімелердің өзіне тəн ерекшеліктері туралы айт 

  

Əдебиеттер: 

 

1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. 

2. Қазақ əдебиетінің тарихы. I-том. 

3. Н.Төреқұлов. Қанатты сөздер. 

 

 

 

 

Ертегілер 

 

Жоспары: 

1. Ертегілердің жиналып, зерттелуі. 

2. Ерптегілердің құрылысы. 

3. Ертегілердің түрлері. 

4. Ертегілердің мəні. 

 

Тірек  сөздер:  ертегілердің  сипаты,  ертекші,  қиял-ғажайып  ертегілері,  тұрмыс-салт 

ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілер, ертегілердің тəрбиелік мəні. 



 

Барлық  елдің  ауыз  əдебиетінен  мол  орын  алған  жəне  халықтың  жазу-сызу  өнері 

болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі-ертегілер.  

Ертегілер  көбінесе,  қара  сөз  етінде  айтылғандықтан,  оны  халықтың  ерте  заманда 

шығарған көркем əңгімесі деп қараймыз.  

Халық  əдебиетінің  басқа  түрлері  секілді,  ертегілер  де  адам  баласының  еңбек-кəсіп 

ету,  тұрмыс-тіршілік  құру  тəжірибесіне  байланысты  туған.  Жаратылыс  құбылыстарын, 

табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі 

адамдар əр нəрсені қиял еткен: өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. 

Осы  негізде  ертегі-əңгімелердің  алғашқы  үлгілері  туған.  Ертегілердің  алғашқы  үлгілері 

экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың алға басуы, адам баласының 

дүние танудағы ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі нəтижесінде əр түрлі өзгерістерге 



 

34

ұшыраған.  Мұнымен  қатар,  жаңа  ертегілер  туа  бастайды  жəне  онда  адам  баласының 



арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттеледі.  

Қазақ ертегілерінің ер арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы XIX ғ. 2 

жартысынан  басталады.  Бұл  ретте  Шоқан,  Г.Н.Потанин,  В.В.Радлов,  Ə.Диваевтан  басқа 

А.Алекторов,  А.Василевич,  Т.Сейфуллин,  М.Ибрагимов,  Ж.Айманов,  О.Əлжанов  т.б. 

Олар  сол  кезде  Орынбор,  Омбы,  Қазан,  Астрахань  мен  Ташкентте  шығатын  газет-

журналдар бетінде үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, 

не қазақша бастырады, кейде бір тілдер ғана шығарады. 

Қазақ  ертегілерін  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу  ісі  кейінгі  уақытта  қолға  алынды.  Бұл 

жөнінде  академик  М.Əуезовтыңеңбегін  атауға  болады.  Ол  қазақ  ертегілерінің  идеялық-

көркемдік  ерекшеліктерін  мүмкін  болғанынша,  тарихи  даму  жолдарын  қарастырады, 

ертегілердің  əдебиет  тарихынан  алатын  орнын  анықтайды, «Ертегілер»  атты  ғылыми 

еңбек жазады. 

Ертегіден  халықтың  əр  кездегі  тұрмыс-тіршілігі,  қоғамдық  өмірі,  ой-арманы,  дүние 

танудағы  түсінігі  мен  көзқарасы  т.б.  көрініп  отырады.  Сондықтан  ертегіні  Белинский 

«Халық жанының айнасы» деген болатын. Шынында, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-

күйін,  мінез-əрекеттерін  білу  үшін  аса  керекті  материал  болап  табылады.  Халық  өзінің 

ертегілерінде,  қиял  түрінде  болса  да,  қоғам  өмірінің  көптеген  мəселелерін  қамтиды. 

Оларды  халық  тілегі,  көпшілік  мүддесі  тұрғысынан  əңгімелейді.  Ертегілерде  айтылатын 

əңгімелердің  қайсысына  болса  да  халық  өзінше  қорытынды  жасап,  əділ  бағасын  беріп 

отырады, нені ұнатандығын, нені жек көретіндігін суреттейді. 

Ауыз  əдебиетінің  басқа  эпостық  түрлері  секілді,  ертегілердің  де  өзіндік  құрылысы, 

көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, 

өзінше басталуы, аяқталуы болады. 

Ертегі  ауызша  айтылатын  көркем əңгіме болғандықтан, оған əрбір ертекші айрықша 

мəн  береді,  əңгімесін  мəнерлеп айту, тыңдаушыны қызықтыра түсу жағын қарастырады. 

Кейде ертекші əңгімесін: 

Ертек-ертек ерте екен, 

Ешкі жүні бөрте екен, 

Қырғауыл қызыл екен, 

Құйрық жүні ұзын екен,  

деп, немесе: 

Бар екен, жоқ екен, 

Бөрі бөкеуіл екен, 

Түлкі жасауыл екен...- 

деп  тоқпақтай  бастай  жөнеледі.  Кейде  ертекшілер  айтатын  əңгімесіне  бірден  кіріседі, 

ертегіге  қатысатын  басты  кейіпкерлерімен  бірден  таныстырады. (Баяғыда  бір  кедей 

болыпты,  оның  үш  баласы  болыпты...  т.б.)  Ертегілерді  осы  негізде  баяндау  ертегінің 

құрылысына тəн басты ерекшелік болып табылады.  

Ертегінің  оқиғасын  тартымды  етіп  құру,  бір  əңгімеден  екіншісін  тудыру 

ертекшілердің  шеберлігіне  байланысты  болған.  М.Əуезов  пен  Е.Ысмайылов  қазақ 

ертекшілерінің  айтыстық  өнеріне  айрықша  мəн  береді.  Олар  ертекші  де  үлкен 

твортчествоның адамы деп көрсетеді жəне бұл ретте ертекшіні дарынды ақынға теңейді. 

Неше  түрлі  ғажайып  оқиғаға  құрылған  ертегілерді  жəгін  бұзбай  өрістете  айту,  əрбір 

эпизодты  арасынан  қыл  өтпестей  байланыстыру,  оқиғасын  қызғылықты  етіп  баяндау, 

ертегілердің  əрбір  кейіпкерлеріне  лайықты  мінездемелер  беру,  олардың  образдарын,  көз 

алдыңа  елестетерлік  сөздік,  тіл  таба  білу  т.б.  ертекшіден  мол  өнерді,  шеберлікті  керек 

етеді.  М.Əуезовтың  «Абай»  романында,  С.Мұқановтың  «Өмір  мектебінде», 

Е.Исмайловтың «Ақындар» атты монографиясында қазақ ертекшілерінің твортчестволық 

қызметін көрсететін аса қызықты материалдар берілген. 


 

35

Ертегінің  түрлері.  Қазақ  ертегілерін  мазмұнына,  əр  алуан  ерекшеліктеріне  қарай 

бірнеше  түрге  бөлеміз.  Солардың  ішінде  бастылары:  а.  қиял-ғажайып  ертегілер;  ə. 

хайуанаттар жайындағы ертегілер; б. тұрмыс-салт ертегілері жəне аңыздар. 



Қиял-ғажайып ертегілер. Бұл топқа кіретін ертегілер ескі заманда туып, содан бері 

қарай  келе  жатқандығын  аңғартады.  Ертедегі  адамдар  табиғат  жəне  оның  құбылыстары 

туралы,  адамның  еңбегі,  тіршілік-кəсібі  күресі  жайында,  дүние-жаратылыс,  қас  пен  дос, 

неше  түрлі  керемет  күштер  туралы,  ғиял-ғажайып  ертегі-əңгімелер  тудырған.  Олар 

өздерімен алысқан жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолдары туралы да əр түрлі 

ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дəу, жын-пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті 

басты айдаҳар, əбжылан т.б. бейнесінде алған. 

Экономикалық  дамудың  төменгі  дəрежеде  болуы  себебінен  ертедегі  адам  баласы 

табиғат сырын жəне оның құпыя құбылыстарын жетік түсіне алмаған. Сондықтан да бұл 

құбылыстарды  артықша  жаратушы  күш  бар  деп  ұғынған  да,  соларға  нанып,  сенген.  Сол 

күштерді  танып  білу  жəне  меңгеріп  алу  жайында  да  қарастырған,  оны  қиял  еткен.  Бұл 

қиялдары, арманы ертегі-əңгімеге айналған. 

Олар  ауыр  еңбекті  жеңлідетсек  екен,  жақсы  шат  өмірге  жетсек  екен  деп  арман 

қылған, соны көксеген. 

Қиял-ғажайып  ертегілерінің  жағымды  кейіпкерлері  қарапайым  адамдар  болып 

отырады.  Олар  алдына  қойған  мақсатына  жету  үшін,  жауларын  жеңу  үшін  күреседі, 

жағымды  кейіпркерлерге  көмектесетін,  жəрдем  беретін  дос-жолдастары  есебінде  алып 

қарақұс, тұлпар ат жүреді. Кейде оларға неше түрлі таусоғарлар, көлжұтарлар, желаяқтар, 

саққұлақтар  жолдас  болып,  жақсылық  жасайды,  басты  кейіпкерлердің  мақсат-мұратына 

жетуіне  көмектеседі.  Бұлармен  қатар,  жағымды  кейіпкерге  неше  түрлі  қару-жарақтар: 

қырық  құлаш  семсер,  ұшқыш  кілем,  тоқпақ,  кездік,  қазан,  жүзік,  дастарқан  т.б.  жəрдем 

беріп,  əрекет  етеді.  Ал  бұларға  қарсы  қиял-ғажайып  ертегілерінің  нағыз  жауыздық,  қара 

күш  бейнесінде  алған  кейіпкерлері:  жалғыз  көзді  жалмауыз,  жеті  басты  жылан,  мыстан 

кемпір, жезтырнақ, айдаҳар, қорқау қасқыр т.б. күреседі.  

Ертедегі  қиял-ғажайып  ертегілерінің  жағымды  кейіпкерлері  аңшы-мергендер, 

бақташы-малшылар десек, олардың бəрі еңбек адамы болып суреттеледі. Бұларды халық 

ертегісі  ақыл-айласы,  асқан  күші  бар  батыр  етіп  бейнелейді.  Бірақ  олардың  өздері  де, 

ерлік  істері  де  «Батырлар  жырының»  немесе  аңыз-ертегілерінің  адамына  ұқсамайды. 

Олардың  жаратылысы  да,  іс-əрекеті  де  басқаша  ғажайып  жағдайда  болады.  Ең  алдымен 

олар  жердің  үстін  ғана  мекен  етпейді,  қиялдан  туған  дүниені  кезіп  жүреді:  кейде  жеті 

қабат  жер  астына  түсіп  кетеді,  кейде  алып  қарақұс  немесе  самұрықпен  тоғыз  қабат  көп 

үсігін  аралйды.  Олар  кеіде  адамзат  білмеген  от  дариясының  ар  жағында  болмаса  неше 

түрлі сырлы адамдар ішінде сайран салады. Қысқасы, жердің астын-үстін аралап шығады, 

талай-талай теңіз дүниесін кезеді. Соның бəрінде алуан-алуан ғажайып күйге ұшырайды. 

Бірақ ол қиыншылықтарды жеңіп мақсатына жетіп отырады. Бұл айтылғандардың мысалы 

ретінде, «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілер 

келтіруге болады. 

Хайуанаттар жайындағы ертегілер. Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері 

өте  ерте  заманда  туған.  Ертедегі  адамдар  өздерінің  күн  көрісі  үшін  төрт  аяқты 

хайуанаттарды  пайдалану,  оларды  үйрету,  асырау  жайын  қарастырған.  Жəне  де  əрбір 

хайуанаттар туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. 

Ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындағы əр түрлі мифке байланысты туған ескі 

ұғым-түсініктері,  бертін  келе,  экономикалық  дамудың,  қоғамдық  сана-сезім  өсуінің 

нəтижесінде  жоғала  бастайды.  Адамдар  хайуанаттарды  өздері  бағындырып  алған  кезде, 

мифтік  ұғымға  негізделіп  туған  жəне  ертегі-ғңгімелеріне  қосылған  ұғым-түсініктері, 

көзқарастары  өзгере  бастайды.  Олар  өздерінің  ертегілерінде  хайуанаттарды  реалистік 

түрде  алып,  адам  баласына  келтірген  пайда-зиянын,  атқаратын  қызметін  көрсетуге 

талпынады. 


 

36

Бұл айтылғандарды хайуанаттар жайында шығарылған қазақ ертегілерінен де көруге 



болады.  Хайуанаттар  жайындағы  ертегілердің  ерте  кезде  туған  үлгілерінде  кейбір 

хайуанаттарды  жаратушы,  жарылқаушы,  керемет  күш  бейнесінде  алғандығы,  ертедегі 

адамдардың  оларды  ие  тұтып  табындағы  байқалады.  Мұны  «Ақ  қасқыр», «Жігіт  пен 

қасқыр», «Сиқыршы», «Сырттандар» т.б. ертегілерден көреміз.  

Бергі  заманда  шығарылған  халық  ертегілерінде  хайуанаттар  бұрынғы  керемет 

бейнесінде  алынбай,  жаңа  кейіпте,  реалистік  болмысқа  байланысты  алынады.  Осы  ретте 

хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың 

бір  тобы  (төрт түлік мал, үй хайуандары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын  

қызметімен  суреттеледі.  Хайуанаттардың  екінші  тобы  (жыртқыш  аңдар)  адам  баласына 

жасаған  жауыздығы,  қаскүнемділігімен  бейнеленеді.  Бұл  соңғысы,  кейде  халықтың 

сатираға  айналады  жəне  сол  арқылы  қоғамдық  жайлар  үстемдік  еткен  қауымның 

жағымсыз  халықтары  мінеледі,  бұлар  халықтың  ащы  мысқылы,  келеке-күлкісі  түрінде 

келеді, таптық тартыс, күрес жайы сөз болады. 

Төрт  түлік  мал  жəне  үй  хайуандары  қазақ  ертегілерінің  көлеміне  енгенде,  ең 

алдымен,  олардың  адам  баласына  келтірер  пайдасы,  атқарар  қызметі  қандай  екендігі 

суреттеледі.  Өйткені  бұлардың  шаруашылық  үшін  мəні,  адам  өмірінде  алатын  орны  аса 

зор еді. Төрт түлік мал жайындағы қазақ ертегілерінде халықтың айрықша ардақтайныты-

жылқы  мен  түйе.  Оның  мəні  осы  екі  түліктің  халық  тұрмысында  ерекше  қызмет 

атқаратындығында.  Мұны  «Алтын  сақа», «Тепен  көк», «Бозінген», «Жақсылық  пен 

жамандық» ертегілерінен көруге болады. 

Төрт  түлік  малдан  басқа  үй  хайуандарының  ішінен  халық  ертегісіне  ит  пен  мысық 

енеді.  Бұлар  да  адам  баласы  үшін  жасаған  əр  алуан  жақсылық,  достық  қызметімен 

алынады. 

Үй  хайуандары  жайындағы  ертегілердің  кейбіреулері  жеңіл,  күлкілі  əңгіме  түрінде 

балаларға арналған болады. Мысалы,  «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Күшік 

пен мысық», «Құйыршық» т.б. ертегілерді атауға болады. 

Хайуанаттар жайындағы ертегілердің екінші тобы хайуандарды өз бейнесінде алады. 

Əрқайсысының  өзіне  тəн  мінезі,  қылығы,  ісі  суреттеледі.  Бұл  ретте  қазақ  ертегілеріне 

жыртқыш  аңдардан  молырақ  енгені  арыстан,  қасқыр,  түлкі,  аю  болады.  Арыстан-асқан 

күштің,  зорлықтың,  қасқыр-қомағайлық  пен  қорқаулықтың  иесі  болып  кейіптеледі.  Ал 

түлкі - айла  мен  аярлықтың  бейнесі.  Бұлармен  қатар  отарлық,  аңқаулық  кескінімен  аю 

жүреді. Жұрттың бəріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. 

Бұл  топтағы  ертегілердің  оқиға  құрылысына  дəнекер  жəне  ертегіге  оқыстан 

қатысатын  аңдардың  басын  қосып,  оқиғаның  дамуына  себепкер  болатын-түлкі.  Бұған 

мысал ретінде «Арыстан, қасқыр, түлкі жəне түйе», «Маймыл мен түлкі», «Түлкі, тасбақа, 

кене», «Түлкі, аю, қойшы», «Түлкі мен бөдене» секілді ертегілерді алуға болады.  

Аталған тақырыптағы ертегілердің барлығы бірдей, аңдар мен хайуандарды тура өз 

мағынасында  əңгімелеп  қойған  жоқ.  Осылар  арқылы  қоғамдық,  таптық  жайларды 

суреттеген.  Бұған  мысалы,  «Үш  жігіт», «Түйе  неге  артына  қарайды», «Түлкі  мен 

арыстан», «Қасқырдың қойдан қорыққаны», т.б. ертегілер жатады.  



Тұрмыс-салт ертегілері. Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбының көптігі жағынан 

болсын,  оқиға-əңгімелерінің  молдығы  жағынан  болсын,  аса  молы - тұрмыс  пен  салтқа 

байланысты туған ертегілер. 

Бұл  топқа  кіретін  ертегілерді  ескі  заманнан  бастап,  соңғы  кезге  дейінгі  халық 

өмірінің  əр  алуан  жақтары  қамтылады.  Оларда  халықтың  қоғамдық  өмірі,  тұрмыс-

тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана-сезімі, арман-мүддесі суреттеледі. Жəне 

де ертегінің  оқиғасы реалистік болмыстан алынады. 

Халықтың  тұрмыс-салтына  байланысты  туған  ертегілерінде  басты  тақырып  еңбек 

адамдарының  өмірі,  ісі  болып  келеді.  Бұл  ретте  қарапайым  адамдарды  халық  ертегілері 

қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен 



 

37

байлардан əлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде 



əрі көркем, əрі терең идеясы «Аяз биден» көреміз. 

«Аяз би» - қазақ халқына ертеден таныс, мазмұнды, көркем ертегінің бірі. Ертегінің 

негізгі  идеясы-шаруа  адамының  ісі  мен  ақылын  ардақтау.  Бұл  ертегіден  халықтың  нені 

арман еткенін, нені көксегенін көреміз. Басқа ертегілерге қарағанда, «Аяз бидің» өзіне тəн 

ерекшелігі-оқиғаны  жұмбақ  түрінде  құруында  деуге  болады.  Бұл  əдіс  тыңдаушының 

ынтықтырып, қызықтыра түсу үшін қолданылған. 

«Үш ауыз сөз», «Қарттың ұлына айтқан өсиеті» т.б. ертегілер жұмбақ түрінде адамға 

пайда келтіретін ақыл-өсиет түрінде келеді. 

Тақырып  жағынан  алғанда,  қазақтың  тұрмыс  салт  ертегілерінің  айрықша  əңгіме 

еткені-ақылды жігіт, ақылды қыз жайы,- дейді М.Əуезов. Себебі қой халықты алсақ та, ол 

жастардан  көп  үміт  етеді,  қоғам  өмірінде  болсын,  жеке  тұрмыста  болсын  жастардың 

атқаратын  қызметі,  орындайтын  міндеті  орасан  зор  екендігін  біледі.  Бұған  мысалы, 

«Жақсы əйел», «Қарт пен тапқыр жігіт», «Ханның кесір қызы  мен тазша», «Жолайдар мен 

Сағат» т.б. ертегілерді атауға болады. 

Тұрмыс  салттан  туған  ертегілердің  тағы  бір  тақырыптары-үй  іші,  семья,  жақсылық 

пен  жамандық,  ұры  мен  аярлар  жайында  болып  келеді.  Үй  іші,  семья  жайын  ертегі 

еткенде  халықтың  көздейтіні  татулық  болады.  Жарасқан  ынтымақ,  тəтті  татулық  бар 

жерде  жақсы  семьяда  құрылады,  ондайдың  жоғы  табылып,  өткені  жанады  дейді. 

Халықтың  осы  ойы  «Жігіт  пен  сиқыршы  əйел», «Ақылды  етікші»  секілді  ертегілерден 

көрінеді.  

Жақсылық  пен  жамандық,  қиянат  пен  зұлымдық,  қомағайлық  пен  сараңдық 

жайларына  да  қазақ  ертегілері  айрықша  көңіл  бөледі.  Жақсылықтан  басқасының  бəрін 

жиіркеніш  сезіммен  суреттейді.  Адамды  мұратқа  жеткізетін  жақсылық  деп  бейнелейді. 

Жақсылық  деген  ұғымның  мағынасы  терең,  мазмұны  көп  екендігі  «Жақсылық  пен 

жамандық», «Хан мен дəуір», «Айлалы тазша» секілді ертегілерден көрінеді. «Малынбай 

мен жеті қарақшы», «Ұры мен аяр», «Үш ұры» деген ертегілерді халық ұрыларды жазалап 

отырады. 

Тұрмыс-салт ертегілерінің оқиғасы, құрылысы жағынан өзіндік ерекшелігі бар түрі-

күлдіргі ертегілер. Бұл топтағы ертегілер, - дейді М.Əуезов, - үлкенге де кішіге де бірдей 

ортақ,  тапқыр  күлкіге,  қызықты  жеңіл  түйіндерге  құрылған  əңгімелер  болады.  Мұндай 

ертегілердің  аты,  басты  кейіпкерлерінің  өзі  ерекше  күлкілі  болып  келеді.  Ертегілердің 

«Қаңбақ  шал», «Ұр  тоқпақ», «Ши  бұт,  қағанақ  бас,  қыл  тамақ», «Тоғыз  тоңқылдақ,  бір 

шеңкілдек» т.б. болып аталуының өзі-ақ күлкілі жайларды аңғартады. 

Күлдіргі  ертегілердің  өзіндік  ерекшелігі-оқиғаны  шындық  өмірден  ала  отырып, 

тапқырлыққа  құруында  жəне  оқиғаға  қиыннан  қиыстырып,  өмірде  болғандай  етіп 

фантастикалық əңгімелерді шебер түрде қосуында. 

Қазақтың  күлдіргі  ертегілерінің  ішінде  өркеші  биік,  оқшау  тұратыны-тазшалар 

жайындағы əңгімелер. Бұл ертегілерде тазшаның халық арасынан шыққан алғыр, ақылды, 

айлалы,  тапқыр-талапкер,  ер  көңілді  өжет  жігіт  екендігін  аңғарылады.  Ол  өзінің  ақыл-

өнері,  қайраты  арқасында  нешелеген  қиын-қыстау  жағдайдан,  ауыр  халден  аман-есен 

құтылып  жүреді.  Өзі  жалғыз  атты  кедей  болса  да,  хан,  уəзірлермен  арпалысқа  түседі, 

оларды ел алдында күлкі, əжуа, мазақ етеді. Оның осындай істеріне сүйсінген халық «Қу 

тазша», «Ақылды  тазша», «Айлалы  тазша»  деп  ертегісінен  қосады.  Əсіресе, «Тазшаның 

қырық  ауыз  өтірігі»  ертегісі  өте  шебер  құрылған,  тапқырлық  əрекеттерге  бай  болып 

келеді. 

Қорыта  келгенде,  ертегілердің  халық  өміріне,  еңбек  процесіне  байланысты 

туғандығын, қоғамдық даму жағдайларына сəйкес өсіп ұлғайғандығын, халықтың арман-

мүддесін, дүние танудағы ой-өрісін, таптық көзқарасын, тұрмыс-тіршілік жəне қоғамдық 

салт-сана жайларын т.б. бейнелегендігін байқалады. 


 

38

Халық  ертегілері  сюжет  құру,  образ  жасау,  тіл  байлығын  қолдану  жөнінде  жазба 



əдебиетінің алғашқы үлгілеріне көп əсер етті. Сондықтан ертегілердің əдебиет тарихынан 

алатын орны да, мəні де үлкен.  

 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

1. Ертегілердің пайда болуы. 

 2. Қазақ ертегілерінің жиналуы жəне зерттелуі. 

3. Ертегілердің халықтық сипаты. 

4. Ертегілердің құрылысы. Ертекші. 

5. Ертегілердің түрлері. 

6. Ертегілердің мəні. 

 

Əдебиеттер: 



 

1. М.”абдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. 1984. 

2. А.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. 1991 

3. М.Əуезов. Қазақ əдебиетінің тарихы. I том, 1981. 

 

Батырлар жыры 

 

Жоспар: 

 

1. Батырлар жырының жиналуы жəне зерттелуі. 

2. Батырлар жырының тарихқа байланыстылығы. 

3. Батырлар жырының варианттары. 

4. Батырлар жырының өлең құрылысы. 

5. Образ жасау жолдары. 

 

Тірек  сөздер:  батырлар  жырының  сипаты,  қызылбастар  мен  қалмақтар  туралы, 

батырлар жырының халықтық сипаты, батырлар жырының мəні. 



 

Қазақ ауыз əдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі-батырлар жыры. 

Бұл  жырлардың  көпшілігі  халықтың  отанды  сүю,  басқыншы  жаудан  ел  қорғау,  халық 

үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына 

қарсы  аттанған,  одан  ел-жұртын  қорғап  қалған  батырларды,  олардың  ерлік  істерін 

ардақтап  халық  аңыз-əңгіме  жырына  қосқан.  Сондай-ақ,  халық  адал  еңбекті,  еңбек 

адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін дежырлаған, оған да ерлік сипат берген. 

Əрине,  батырлар  жыры  бір  ғасырдың  ғана  жемісі  емес.  Ол  халықтың  ертедегі 

тұрмыс-тіршілігіне,  тарихына,  қоғамдық  өміріне  байланысты  туып,  солармен  бірге 

жасасқан. 

Батырлар  жыры XIX ғасырдың  ішінде  ел  арасынан  жазылып  алына  бастады.  Бұл 

жөнінде  айрықша  еңбек  еткендер  В.Радлов,  Ш.Уəлиханов,  Н.Ильминский,  Г.Потанин, 

А.Васильев, Ə.Диваев т.б. 

Батырлар  жыры  кейінгі  дəуірде  кеңінен  зерттелді.  Газет,  журналдық  мақалдардан 

бастап,  кандидаттық,  докторлық  диссертацияларға  дейін  еңбектер  жазылды,  орта 

мектепке  арналған  оқу  құралдары  көлемінде  зерттелді.  С.Сейфуллин,  М.Əуезов, 

С.Мұқанов,  Х.Жумалиев,  Ə.Марғұлан,  Б.Кенжебаев,  Г.Орлов,  Н.Смирнова  секілді 

əдебиетші-ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді. 

Батырлар жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда, патриоархтық-рулық 

құрылыс  кезінің  өзінде-ақ  туа  бастаған.  Сол  кездің  тарихта  аттары  мəлім  рулары:  үйсін, 

қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ т.б. өздерінің ру тəуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. 


 

39

Мұндай  күрестер  кезінде  əр  рудың  батырлары  өз  руларын  қарсы  жақтың  шабуылынан 



қорғап қалу жолында ерлік жасаған. Олардың бұл жолдағы ерлік істері ру арасында өлең-

жырға, аңыз-əңгімеге айналған. 

Қазақта  батырлар  жырының  көбірек  туған  кезі XIV-XVIII ғасырлардың  арасы 

секілді.  Осы  аталған  кезеңдерде  бүгінгі  қазақ  халқының  көне  тарихында  бірнеше  елеулі 

оқиғалар болып өтті. Бұлардың ішінен бастылары төмендегілер еді: 

XIII  ғасырдың  басында  монғолдардың  Шыңғыс  хан  бастаған  шапқыншылары 

Қазақсатн мен Орта Азияға жорық жасайды. Əскери күші мығым құрылған Шыңғыс хан 

жергілікті  халықтардың  қанын  судай  ағыза  отырып,  оларды  өзіне  күшпен  бағындырып 

алады.  Монғолдар  Иран  мен  Иракқа,  Кавказ  елдеріне,  Европаның  оңтүстік  шығысына 

қарай  шабуыл  жасайды.  Бұл  жерлерді  бағындырған  Шыңғыс  хан  оларды  туған-

туысқандарына,  нояндарына  бөліп  береді. 1240 ж  Жошы  ұлысы  құрылып,  мұны тарихта 

Алтын Орда деп атайды. 

Алтынордалықтар еңбекші бұқараларды қанауды күшейтіп, көршілес орыс елдеріне 

де  жорық  жасап  отырады.  Мұндай  шапқыншылыққа  төзе  алмаған  орыс  халқы  күреске 

шығып,  өзінің  ер  жүрек  батыр  ұлы  Дмитрий  Донскойдың  бастауымен 1380 ж 

Алтынордашыларды талқандап жеңеді.  

Алтын Орда хандығы ыдырап, оның орнына үш хандық (Қырым, Қазан, Астрахань 

хандықтар) құрылады. Бұлардың арасында да феодалдық талас-тартыстар, шабуыл жасап 

ел талаушылық əрекеттер күшейе түседі. Бұған халық көндігіп отырмай, қарсы күреседі. 

Бұл келтірілген тарихи фактілер батырлар жырының тууына əсер етеді.  

Қазақта  батырлар  жырының  тууына  зор  əсер  еткен  екінші  жағдай-қазақтар  мен 

қалмақтардың арасында болған қарым-қатнастар, көз заманға созылған күрестер еді. 

Тарихи  деректерге  қарағанда XVII ғасырдың  қарсаңында  қазақпен  көршілес 

қалмақтар  күшті  мемлекетке  айналады.  Қалмақтың  шонжарлары,  феодалдары  əскери 

күштерін  біріктіріп,  өздерімен  көршілес  елдерге  талай  рет  шабуыл  жасайды.  Олардың 

шабуылына душар болғандардың бірі қазақ елі. 

Қалмақтың қалың қолы 1723 жылдың көктемінде қазақ еліне шабуыл жасайды. Олар 

Жетйсуды, Талас, Қаратауды тартып алады да, Сырды өрлей Аралға дейін аттанады. Олар 

қазақ  ауылдарынг  қырғынға  ұшыратады.  Қазақтар  ата-мекенін,  қонысын  тастап  жер 

ауады,  ата  баладан,  аға  қарындастан  айрылады:  бұл  қайғылы  кезеңді  қазақ  халқы 

«Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деп атайды. 

Бірақ  қазақ  халқы  басқыншылардан  бұға  бермейді,  күш  біріктіріп,  жауға  қарсы 

күреске аттанады. Олар алғаш рет қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында қатты тойтарыс 

беріп, жауды жеңеді. 

Бұл  жеңіс  қазақ  халқын  рухтандырып,  қазақ  жігіттері  ел-жұртын  қорғауда  тамаша 

ерліктер жасайды. Қазақ халқы 1729 жылы қалмақтарды қазақ жерінен аластайды.  

Əрине,  қазақ  халқы  қалмақтардың  қайта  шабуыл  қаупінен  мүлде  арылып  кетпейді. 

Сондықтан да олар өздеріне қорған болатын Россия мемлекетінің қарамағына енеді. 

Мінекей,  осы  негізде  халықтың  батырлық  тұлғасын  ерлік  күресін  елестететін 

батырлар жыры туады. 

Ертеде  туған  батырлар  жырында  ел  қорғаған  ерлердің  алысатын  жаулары 

қызылбастар немесе қалмақтар болып келеді. 

Қызылбастар кімдер

?  


Шыңғыс ханның əскерлері 1256 жылдан бастап бүкіл Кавказдық елдер, Иран, Ирак 

жəне Кіші Азияның бірсыпыра жерлері Хұлагу хан құрған монғол мемлекетіне бағынады. 

Бұл  мемлекет  бүкіл  монғолия  державасының  бір  бөлегі  есебінде  саналған.  Монғол 

хандары  Хұлагу  мемлекетін  нығайту  үшін  əскер  күшін  нығайтып,  жергілікті  елдерден 

əскерлікке адам алады. Монғол хандары атты əскерден жасақтар құрады. Олар көінесе ат 

үстінде  соғысады.  Осындай  жағдайда  жауларынан  өздерін  айыру  үшін  ирандық 

монғолдар бастарына қызыл бөрік киеді. Сондықтан олар «қызылбастар» атанған. 


 

40

Монғолдарға  қарсы  күресіп,  қарсылық  көрсеткен,  ерлік  жасап  соғысқан  ел 



қыпшақтар болған. Қыпшақ батырларының ел қорғаудағы ерлік істерін халық жыр еткен.  

Мұндай жырлар бір жағынан тыңнан шығарылса, екіншіден, ертедегі жырлар соңғы 

кездің  оқиғасын  суреттеп  көрсету  үшін  қайта  өңделеді.  Демек,  ерте  заманда  туған 

батырлар  жыры  тарихи  жағдайлардың  негізінде,  соларды  əдебиет  арқылы  əңгімелеу, 

жырлау ретінде шықты. 

Халық  тудырған  батырлар  жыры  қоғамдық  мəселелерді,  ең  маңызды  тарихи 

оқиғаларды  көпшілік  бұқарасының  тұрғысынан  бағалап  жырлайды.  Бұл  жырлар  халық 

бұқарасының  күш-қуатын,  арман-мүддесін,  күресін  бейнелеуге  мəн  береді.  Халықтық 

жырлардағы батырлар қара басының даңқы үшін емес, көпшілік үшін, халық үшін қызмет 

атқарады.  Халықтық  жырлар  ел  менелдің  арасында  достық-қатнас  орнауын,  тыныштық 

болуын көздейді, соны аңсап арман етеді. 

Бұл  айтылғандар  халық  тудырған  батырлар  жырына  тəн  қасиеттер,  олардың 

халықтың сипаты да осыған байланысты. 

Ауыз əдебиетіне тəн ерекшеліктің бірі-бі жыр бірнеше вариантта болып келуі. 

Батырлар жырын шығарушылар өздерінің əңгіме-жырын оқушыға емес, тыңдаушыға 

арнайды. Олар тыңдаушы көпшіліктің ықлас-орайымен санасып отырады. Егер тыңдаушы 

көпшілік жырды қызыға тыңдаса, онда жыршы ақын əңгімесін молынан айтуға тырысады. 

Əрбір  ақын  өздерінің  жырын  жұрттың  жиналған  жерінде  айтқанда  бұрыннан  таныс 

əңгімелерді  қайталай  бермей,  тыңдаушыны  сүйсіндіріп  қызықтыратын  жаңадан  тың 

əңгімелер қосады. 

Əрине,  жырды  ұзағынан  айту,  бір  оқиғадан  екіншісін  тудыру,  əңгіменің  жалпы 

желісін бұзбай молынан қамти жырлау əрбір ақыннан асқан шеберлікті, ақындық өнерді 

керек етеді. Кейбір дарынды ақындар ондай жырлардың мазмұнын ғана алып, сөзін өздері 

шығарған, бұрынғы айтылуындағы стилін, сөз саптасын, өлеңдік өлшемін сақтап отырған. 

Мұнымен  қатар  ондай  ірі  айтқыштар  ақындар  бір  батыр  жайында  ұзағынан  айтылатын 

жəне  батырдың  барлық  өмірін,  ісін  қамтитын  көлемді  жыр  шығару  үшін,  сол  батыр 

жайында  əр  жерде  бұрыннан  айтылып  жүрген  жырларды  жинастырған,  оларды 

қиыстырып  редакциялаған.  Сөйтіп,  бір  жырдың  əр  түрлі  варианттарынан  құрап  көлемді 

ұзақ жыр тудырған. 

Батырлар  жырының  варианттары  əдебиет  тарихынан  айрықша  орын  алады. 

Варианттар  əрбір  жырдың  қалай  туып  жəне қай бағытта дамығандығын түсінуімізге көп 

материал  бола  алады.  Сонымен  қатар,  ол  жыршы  ақындардың  твортчестволық 

ерекшеліктерін, ақындық шеберліктерін жəне олардың көзқарастарын ашуға көмектеседі. 

Батырлар жырының қайсысы болса да оқиғаға құрылады, сюжетсіз жыр болмайды. 

Жырдың  сюжеттік  құрылысы  жырдағы  басты  кейіпкер  жайын,  оның  ағайын-жұрты, 

жолдас-жоралары жəне олардың бір-бірімен қатысы, қуанышы мен күйініші, алыс-тартыс 

жорықтары, жау адамдарының іср-əрекеттері жайын суреттеуден туады. 

Қазақтағы  батырлар  жырының  құрылысын  сөз  еткенде  оның  көпшілігіне  тəн 

ерекшеліктің бірі-жырдағы оқиғалардың басты кейіпкерлер төңірегінде болатындығында 

сияқты. Кейбір жырлардың оқиғалары көбінесе басты кейіпкерлерге байланысты алынады 

да,  солар  арқылы  дамитындығы  көрінеді.  Бұған  мысал  ретінде  «Қобыланды  батыр»  мен 

«Ер  Тарғын»  жырын  келтіруге  болады.  Жырдың  оқиғалары  басты  кейіпкер  арқылы 

дамытылуы--оқиғаны тізбектеп жырлау əдісі деп аталады. 

Қазақтың  батырлар  жырында  оқиғаның  басталуы  əр  түрлі  болып  келеді.  Кейбір 

жырлар («Ер  Тарғын», «Қамбар»)  əңгімені  басты  кейіпкердің  ер  жетіп,  есейген  кезінен, 

содан  былайғы  жерде  жолаған  ерлік  істерін  сипаттаудан  бастайды,  жырдың  сюжетін 

осылай  құрады.  Ал  енді  бір  жырларда («Алпамыс», «Қобыланды  батыр»)  жырдың 

сюжеттік  жемісі  əріден,  яғни  басты  кейіпкердің  дүниеге  келмей  тұрған  шағынан, 

тартылады. Осыдан былай жырдың əңгімесі өрістей, сатылап өрлей, дами береді. 

Батырлар  жыры  өлеңнің  жеті-сегіз  буынды  жыр  түрімен  айтылған.  Өйткені  ерлік 

қимылды  көтеріңкі  пафосты,  атыс-шабыс  жорықтарды  түйдектете,  асқан  шапшаңдық 


 

41

шабытпен  айту  үшін  өлеңнің  оралымды  түрі-жыр  болған.  Мұның  үстіне  өлеңді  суырып 



салып айту үшін де қолайлысы жыр деп танылған. Жырда ұйқасымнан гөрі буын сонына, 

ырғақ  екпінге  айрықша  мəн  берілген.  Ал  он  бір  буынды  өлең  жорық,  аттаныс,  соғыс 

картиналарын  беруде,  оқиғаны  үсті-үстіне  түйдектете  айтуда  жыр  секілді  жеңіл, 

оралымды ұшқыр келе бермеген. 

Əрине, батырлар жырының барлығы жеті-сегіз буынды жыр түрінде айтылған жоқ. 

Кейбір жырлар өлеңнің жыр түрін сақтаса, енді біреулерінде он бір буынды өлең де, тіпті 

қара сөз де кездеседі. Оның себебі-жырдың оқиғасына байланысты болса керек. 

Өлеңнің  жыр  түріне  тəн  негізгі  шарт-буын  соны  мен  ырғақ,  екпіннің  бір  қалыпта 

болуында секілді. 

Батырлар  жырында  дыбыс  қайталаудың  алатын  орны  үлкен.  Ол  жырдағы 

оқиғаларды  дамыта  жəне  көркемдеп  айту  үшін  қолданылады.  Жыршылар  дыбыстарды 

қайталағанда  өлең  жолдарын  қатарынан  бір  дыбыстан  бастайды.  Кейде  бір  тармақтағы 

барлық  сөздерді  не  дауысты  (ассонанс),  не  дауыссыз  (аллитерация)  дыбыстан 

құрастырады.  Кейбір  жырларда  кісі  аттарының  өзі  бір  дыбыстан  басталандығы  бар. 

(«Қобыланды  батыр»  жырындағы  кісі  аттары:  Қараман,  Құртқа,  Қарлыға,  Қазан  болып 

келеді). 

Қобыланды  батыр  Алшағырдың  тұтқынынан  ел-жұртын  құтқарып  алады.  Осы 

картинаны жыршы:  

Қаладан шығып көп қыпшақ, 

Қойдай маңырап шуылдап, 

Қозыдай маңырап дуылдап, 

Қобыланды ерге қосылды. 

Қабыл болды бұл сапар, 

Қобыланды ердің тілегі,-деп суреттейді. 

Жыршы  ақындар  дауысты  дыбыстарды  қайталағанда,  көбінесе,  жырдағы 

адамдардың портреттерін жасау үшін қолданады. Мысалы,  

Қара қасқа ат мінген, 

Ат құйрығын шарт түйген. 

Алдына дабыл төңкерген, 

Артына сауыт бөктерген. 

Аламанға дем берген, 

Азды-көпке тең көрген,- деп сипаттайды. 

Қазақ  ауыз  əдебиетінің  поэзия  түрінде  адам  образын  жасаудың  алғашқы  үлгісін 

салған батырлар жыры деуге болады. Ел қорғау жолында ерлік көрсеткен, аңдыған жауға 

қарсы  аттанғанбатырлардың  образын  жасау  үшін  жыршы-ақындар  бірнеше  əдістер 

қолданады.  Ең  алдымен  батырларды  халық  ұғымына  аса  күшті  көрінетін  жаратылыс 

құбылыстарына  салыстырады.  Батырлардың  жаумен  кездескен  жерін  суреттегенде 

«қабағынан  қар  жауып,  кірпігіне  мұз  қатып, ... жауар  күндей  күркіреп»  деп  бейнелейді. 

Немесе  арыстандай  айбатты,  жолбарыстай  жүректі»  деп  көрсетеді.  Осындай  теңеулер 

арқылы батыр образы жасалады. 

Мұнымен  қатар,  жыршы  ақындар  батыр  образын  оның  өз  сөзімен  жасайды. 

Батырлардың  монолог  түрінде  айтатын  сөздері  арқылы  оның  ерлік  істерін  суреттеледі. 

Мысалға, Қобыланды, Тарғынның монологы сөздерін алуға болады. 

Кейде  жыршылар  батыр  образын  оның  ағайын-туыстарының,  достарының  сөзі 

арқылы  суреттеледі.  Мысалы,  Ақжүністің  монологынан  Қарт  Қожақтың,  Тоқтарбай, 

Аналық,  Құртқалардың  жоқтау  сөзімен  Қобыландының,  Қаражанның  сөзі  арқылы 

Алпамыстың батырлық тұлғасы суреттеледі.  

Ал  батырлар  жырында  адамның  ішкі  ой  дүниесі,  психологиясы,  қуанышы  мекн 

қайғысы, көңіл-күйі, көзқарасы т.б. толығынан ашылмайтындығы байқалады. Жыршылар 

адамның психологиясымен байланысты моменттерді табиғаттағы əр түрлі құбылыстармен 

немесе  жануарларда  болатын  мінездермен  байланыстырады.  Мəселен,  Тарғынның 


 

42

мертіккендігі  күйзелісі,  психологиясы  тікелей  суреттелмей,  оны  түрлі  пернелеу  арқылы 



білдіреді. «Айды, күнді бұлт қоршайды, күн жауарға ұқсайды, көлде құлар шулайды, көк 

тұйғын  түйілгенге  ұқсайды»  деген  сияқты  параллель  жасалынып  барып,  адамның  көңіл-

күйін бейнелейді. 

Өзінің  ел-жұртын,  халқын  сүйген,  оларға  жан-тəнімен  беріле  адал  қызмет  еткен  

жəне бұл жолда тамаша ерлік жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың халық 

əдебиеті тарихынан алатын орны үлкен. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет