Өзбекстан республикасы жоғары жəне орта арнаулы бιЛΙм министрлιГΙ



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8451
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Сұрақтар мен тапсырмалар

 

1. «Алпамыс « қайсы халықтарға ортақ жыр 



2. Жырдың жиналуы, зерттелуі туралы не білесің 

3. Жырдағы жағымды образдар қалай жасалған 



4. Ауыз əдебиетінің үлгісі ретінде қайсы образы алынған 

5. Жырдың құрылысы мен тілінің өзіне тəн ерекшеліктері туралы айт. 



 

Əдебиеттер: 

1. Ə.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991. 

2. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алм. 1981. 

3. Жинақ. Батырлар жыры. Ақсауыт.  Алм. 1989.  

4. Қазақ əдебиетінің тарихы. I-том. Алм. 1990. 

 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» 



 

Жоспары: 

 

1. Лиро-эпостық жырлар. 

2. Жырдың варианттары, зерттелуі. 

3. Жанақ жыры. 

4. Қорытынды. 

Тірек  сөздер:  Лиро-эпостық  жырлардың  сипаты,  батырлар  жырынан  айырмашылығы, «Қозы  Көрпеш - Баян 

сұлу»  жырының  ел  арасынан  жиналып,  зерттелуі.  Жырдың  варианттары  жəне  олардың  өзара  ұқсастықтары  мен 

ерекшеліктері. Жырдағы образдардың жасалу жолдары. Жырдың халықтық сипаты. Жанақ жырының тілі, көркемдік 

ерекшелігі. 

Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетке құрылған жырлардың бір бөлегі лиро-эпос деп аталады. 

Егер  батырлар  жырының  басты  тақырыбы - ел  қорғау  жайы  болса,  лиро-эпостық  жырлардың  одан  біраз 

айырмашылығы бар сияқты. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы əдет-ғұрпына, 

үйлену  салтына  байланысты  туған.  Онда  көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен 

арман-мұңы,  қайғы-шері  суреттеледі.  Жəне  де  өткен  заманда    жастардың  бас  еркі  болмағандығы,  олардың  арман-

мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылу жолында көптеген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр 

аза,  зор  қасіретке  ұшырағандары  жырға  қосылады.  Бұл  ретте  халықтық  негізде  туған  лиро-эпос  жырлары  өткен 

заманның жастарға жасаған озбырлық əдет-ғұрпын əңгімелеп сынға алады. 

Лиро-эпос  жырлары  да  бір  дəуірдің  жемісі  емес.  Олар  талай ғасырмен бірге жасасып, əр түрлі жағдайлардың, 

таптық, қоғамдық тілектердің ыңғайына қарай өзгеріп отырған. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде көптеген 

өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен.  

Қазақ  ауыз  əдебиетінде  лиро-эпос  жырларының  ертеден  келе  жатқан  бірнеше  үлгілері  бар.  Солардың  ішінде 

бастылары деп «Қозы Көрпеш  - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз - Назымбек», «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», 

«Айман - Шолпан»  жырларын  айтуға  болады.  Бұл  жырларда  тек  ғашықтық,  махаббат  əңгімелері  суреттелмейді. 

Солармен қатар, халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мəні бар жайлары қамтылады. 

 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры 


 

43

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры тек қазақ арасында туып, қазақ еліне ғана тараған жыр емес. Ол ерте кезде 



бір-бірімен  қатнас  жасаған,  көшіп-қонып  көршілес  болған,  тұрмыс-салты,  тіршілігі  ұқсас  башқұрт,  барабын 

татарлары, ұйғыр, алтай елдеріне айтылып жүрген жыр. 

Соңғы  кезде  «Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  жыры  жайында  біраз  еңбектер  жазылды.  М.Əуезов,  Х.Жұмалиев, 

Ы..Дүйсенбаев  сияқты  ғалымдар  бұл  жыржы  арнайы  зерттеп,  бұл  жырдың  қазақта  он  алты  варианты  барлығын 

анықтады. Бұларды зерттеген ғалымдардың мəліметіне қарағанда, бұл жыр ел арасынан өткен ғасырдың бас кезінде-

ақ жинала бастаған. Бұл ретте игілікті жұмыстар жүргізген орыс ғалымдары болған. Мəселен, шығыс əдебиеті мен 

араб  тілін  зерттеуші  орыс  ғалымы  Саблуков  жырдың  бір  вариантын  1830 жылы  бұрынғы  Семей  губерниясына 

қарасты  Көкпектілік  бір  жыраудан  жазып  алған.  Омбыда  іс  жүргізуші  болып  істеген  Ғ.Дербісəлин  деген  кісі 1834 

жылы  жырдың  бір  үлгісін  хатқа  түсірген.  Аягөзде  тілмаш  болып  істеген  Андрей  Фралов 1841 жылы  жырдың  бір 

нұсқасын жазып алған. 

1856 жылы Шоқан Уəлиханов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір вариантын жазып алып, оның мазмұнын 

жазып алады. 

М.  Путинцев  деген  кісі 1865 жылы  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  бір  вариантын  жазып  алып,  оның 

мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған. Академик В.Радлов жырдың бір нұсқасын қазақ арасынан жазып алады да, 

оны өзінің үшінші томына (1870ж) енгізеді. 

Петербург  университетінің  профессоры  И.Н.Березин  өзінің  «Түрік  хрестоматиясы»  дейтін  кітабында (1876ж) 

«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  бір  вариантын  жариялайды.  Түркістан  өлкесінің  археологиясын  зерттеген 

ғалым И.Пантусов 1898 жылы Қозы мен Баянның моласы дейтін ескерткішін зерттейді, ол осы жолда ел арасынан 

жырдың бір нұсқасын жазып алады да, «Орта Азияның ескі заманы» дейтін кітабында бастырады. 

Мұнымен қатар, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының кейбір үлгілері, үзінділері газет беттерінде жарияланды 

деген  атпен  Қазанда  Ш.  Хұсайыновтар    бастырып,  оны 1890, 1894, 1896, 1905 жылдары  қайта  шығарған. «Қозы 

Көрпеш - Баян  сұлу»  жыры 1925 жылы  Москвада, 1936 жылы  М.Əуезов  Алматыда  шықты. 1939 жылы  шыққан  

«Батырлар  жыры»  жинағына  енді.  Жырдың  бір  вариантын  А.Твертин  орысшаға  аударып  «Песня  степей»  атты 

жинақта  жарияланды.  Мұнымен  қатар  жырдың  сюжетін  пайдалана  отырып,  жазушы  Ғ.Мүсірепов  пьеса  жазды, 

кинофильм шығарды. 

Жырдың  зерттелуі.  Өткен  ғасырдың  өзінде-ақ  «Қозы  Көрпеш - Баян  сұлу»  жырына  талай  ғалымдар    көңіл 

аударып, бірсыпыра пікірлер айтқан болатын. Мəселен, Г.Н.Потанин бұл жырды аса жоғары бағалап, дүние жүзілік 

эпостық  шығармалардың  қатарына  қояды. «Бұл  жыр-дүние  жүзіндегі  ең  қымбат  əдебиет  мұраларына  жататын 

шығарма», - дей отырып, Потанин оны Ромео мен Джулиеттаға теңейді. 

Академик  Радлов  пен  профессор  Березин  де, «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жырының  ертеден  келе  жатқан 

əдебиеттік мұра екендігін атап көрсетеді. 

«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  жыры  жайында  пікір  айтқан  ғалымдардың  екінші  тобы  Қозы  мен  Баянның  моласы 

дейтін моланы зерттеген. Орыс ғалымдары Н.Абрамов, Н. Пантусов, И.Кастанье т.б. өткен ғасырдың аяқ кезінде бұл 

моланы зерттей келіп, оны ерте заманның архитектуралық өнерін көрсететін  белгі деп қарайды. 

Қазақ  ғалымдары  С.Мұқанов,  Х.Жұмалиев,  Ə.Марғұлан,  М.Ақынжанов  т.б.  өз  еңбектерінде  бұл  жырдың 

халықтық сипаттағы жыр екендігін дəлелдейді. 

Бертін келе «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырына арналған ғылыми еңбектер жазылды. Бұл ретте М.Əуезов пен 

Ы.Дүйсенбаевтың зерттеулерін атауға болады. Мұқтар  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақ арасына тараған 

варианттарын  зерттеп,  жырдың  əдебиеттік  жағына  талдау  береді.  Ол  бірсыпыра  деректер  келтіре  отырып,  жырдың 

XV-XVI  ғасырлар  шамасында  шыққандығын  айтады.  Қазақтың  лиро-эпостық  жырларын  зерттеген  Ы.Дүйсенбаев 

«Қозы  Көрпеш-Баян  сұлуды»  арнайы  тексерді.  Ол  бұл  жырдың  қазақ  арасында  сақталған  варианттарын  башқұрт, 

ұйғыр,  барабын  татарлары  мен  алтай  елінде  айтылатын  түрлерімен  салыстыра  зерттейді.  Олардың  «Қозы  Көрпеш-

Баян  сұлуды»  қалай  жырлағанын,  қандай  айырмашылық,  ерекшеліктері  барлығын  көрсетеді.  Мұнымен  қатар,  ол 

Шоқан  мен  Потаниннің  жəне  басқа  да  ғалымдардың  пікірлеріне  сүйене  отырып,  жырдың  оқиғасы  халықтың  аңыз-

əңгімелерінен туған дейді. Қозы мен Баян тарихи адамдар емес, олар халықтың аңыз-ертегілері жасаған кейіпкерлері 

деген қорытынды жасайды. 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қазақ халқының ерте заманда шығарған ескі жырының бірінен саналады. Бұл жырды 

көптеген  ақын-жыршылар  біздің  заманымызға  жеткізген.  Ол  өзінің  қалыптасу,  даму  жолында  талай  таптық 

тілектердің елегінен өткен. 

Жанақ  жыры.  Жа  нақтың  өмірбаянын,  ақындық  қызметін  баяндайтын  деректер  өте  аз.  Шоқанның    айтуына 

қарағанда, жанақ ірі ақын жəне асқан қобызшы болған. 

Жанақ  жырлаған  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  негізінде  халықтық  жыр.  Сюжет  құрылысы,  оқиғаны  дамыту 

жағынан болсын, көркемдік шеберлігі, образ жасау жағынан болсын, бұл-күрделі шығарма. Мұнда да жырдың басты 

тақырыбы-ескі  əдет-ғұрып,  тұрмыс  салттан  алынады.  Ескі  рушылдық,  феодалдық  қоғамда  туып,  белгілі  праволық 

нормаға,  дəстүрге  айналған  заң  болып  қалыптасқан  салтты,  яғни  жастарды  үйлендіру  салтын,  жырдың  басты 

тақырыбы етеді. Жырдың басты идеясы да, халықтық сипаты да ондағы образдар арқылы беріледі. 

Жырдың  бас  кейіпкері  Қозы  Көрпеш  кіршіксіз  таза  махаббаттың  иесі  болып  бейнеленеді.  Ол  Баян  жайын 

Айбастан  естіп,  атастырып  қойған  қалыңдығы  барлығын  біледі.  Баянның  өзіне  тең  екендігін,  оның  Айбас  арқылы 

жіберген сəлемдемелерінен-ақ аңғарады. Сондықтан да ол Баянды көрмей жатып ғашық болады, құмары арта түседі. 

Жатса  да,  тұрса  да  ойынан  Баян  шықпайды,  ғашық  жарын  көруге  асығады,  оны  іздеп  сапар  шегуге  дайындалады. 

Баян үшін Қозы ел-жұртын жəне артында қалып бара жатқан қарт анасын Тайлақ биге тапсырып, алыс сапарға жол 

тартады. Жолшыбай көптеген қиыншылықтар көріп, Аягөзге келеді. Баян үшін қандай қасіретке де шыдамақ болып, 

Қарабайдың қойын бағады. Осында ауыр халде жүрсе де, есі-дерті Баян болады. Өзіне-өзі қайрат беріп: 


 

44

Сенен басқа хор қызы, 



Болса да көңіл салмаспын. 

Шашы күміс, басы алтын, 

Болса-дағы алмаспын... 

Сені алмасам осы жол, 

Тірі де жүріп оңбаспын,- 

деп  ант  етеді.  Сол  сертіне,  мақсат  еткен  арманына  жете  берген  шақта,  Қозының  алдынан  тағы  да  көп  бөгет , 

қиыншылықтар  кездеседі.  Соның  ішінде  басты  бөгет - Қарабай  мен  Қодар  болады.  Өзгеден  құтылса  да,  Қозы  бұл 

екеуінің опасыздығы мен жауыздығынан құтыла алмай, ағыры аянышты өлімге ұшырайды. 

Жырда  Қозы  ер,  батыр  жігіт  болып  суреттеледі.  Ол  Қодардың  батрандай  балтасын  асықша  түсіреді.  Қодарды 

аттан аударып алып, қабырғасын күйретеді. 

Қозының  жақсы  мінездері  де  жырға  қосылады.  Ол-ақ  көңіл,  əділ, аңғал, қулығы жоқ, адамгершілігі мол жігіт. 

Қодар  мен  Қарабай  Қозыны  өлтірмек  болып,  Сасан  биге  ақылдасады,  олар  Қозыға  у  бермек  болып,  оны  қонаққа 

шақырады.  Бұл  шақыруды  Қозы  қарсы  алады.  Бірақ  мұндай  шақырудың  соңында  бір  сұмдықтың  барын  Баян 

аңғартады: 

Баян айтты: ал, қалқам, қапы қалма, 

Бұларды дос болар деп ойыңа алма. 

Ептеп-септеп н иеті өлтірмекте, 

Қауіпсіз үйлеріне тіпті барма,- 

дейді. «Барамын»  деп  уəде  еткен  Қозы  екі  сөйлегенін  өлімге  тең  көреді.  Ол  жұрт  алдында  өзінің  беделін 

түсірмеу үшін,  «қорықты» деген сөзге ілікпеу үшін барады. Қодармен сыйыса алмаған Көсемсары да Баянға ғашық 

болатын. Бұл ретте ол Қозының бақ таласы еді. Бірақ Көсемсарыны Қозы өзіне тартып, дос санайды, оның Қодармен 

қақтығысуын    бағалайды.  Сондықтан  да  сүйкімді  болып  жасалады,  жырды  айтушының  да,  тыңдаушының  да  бар 

тілегі арманына жете алмай, қазаға ұшыраған Қозы жағында болып отырады. 

Жырда  Баян  бейнесі  де  сүйкімді  берілген.  Жырдағы  барлық  оқиға  құрылысы,  тартыс  талас  Баян  жайынан 

басталып,  Баянмен  аяқталады.  Қозы  секілді  Баян  да - адал  ниетті,  ақ  жарқын,  кіршіксіз  таза  махабатты  көксеген, 

өзінің сүйген адамына қосылуды арамн еткен адам. Баян да Қозыға ғашық. Ол өзінің Қозыға атастырылып қойғаннын 

жəне Қозының кім екендігін апалары мен Айбастан біледі. Осыдан былай Қозыға деген құмарлығы, махаббат сезімі 

күшейе  береді,  оны  өзінің  теңі  деп  түсінеді.  Бұған  бір  жағынан,  Ай,  Таңсық,  Айбастардың  сөзі,  Қозыны  мақтауы 

себеп болса; екіншіден, Қарабай мен Қодардың опасыздығы, жауыздығы түрткі салады. Өзінің туған əкесі дүниеқор 

Қарабайдың  бата  бұзуы,  артынан  тануы,  адамгершіліктен  безуі  жəне  сүймеген  Қодарға  зорлап  қосам  деуі  Баянды 

өжеттендіре,  ызаландыра  түседі.  Сондықтан  да  ол  осындай  ауыр  халден  құтқарып  алатын,  қайғы  қасіреттен  азат 

ететін адамды, яғни Қозыны іздейді. Бұл ретте де ол Қозыдан көп үміт күтеді. Ол Айбасқа айтқан сөзінде: 

Сəлем де ініңізге іздеп келсін, 

Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін. 

Көңілім кетті Қозыға, жаным мұнда, 

Айтқан сөзді ініңіз қабыл көрсін,- 

деп, Қозыға деген сүйіспеншілік сезімін білдіреді, ғашық жарын көруге асығады. 

Баянның  деген  махаббаты,  адалдығы,  айтқан  серт,  берген  уəдесінен  танбайтындығы,  əсіресе  Қозының  өлгенін 

естіртіп, Баянға: «Cені Қозыдан артыққа қосамын» - дейді. Əкесінің бұл сөзіне қаны қайнап, ыза болған Баян, кекті 

ашумен: 


Етегімді жел ашып жүрген емен, 

Қозыкеден басқамен күлген емен, 

Əке, неке қи - дағы енді өзің ал, 

Елден бура салғандай інген емен,- 

деп жауап қайырады, қара жүрек опасыз əкені қайғылы, қатал, сөздерімен туйреп салады. 

Ауыр  қазаға  душар  болған,  сүйген  жарынан  айрылған  Баян  Қозының  өлімі  үстінде  қайғы  тартып  отырып 

қалмайды. Сүйген ғашығының өлімі ерлік, өжеттік тудырады. Ол қапыда кеткен Қозы үшін кек алады. Ол айламен  

Қодарды  құдыққа  түсіріп,  жарып  өлтіреді,  қанды  қанмен  жуады.  Сөйтіп  ол  Қозыны  адал  көңіл,  шын  ниетімен 

сүйгендігін білдіріп, ғашық жарының жас қабірін құшақтай өзі де өліп кетеді. 

Жанақ  жырында  аса  айқын  суреттелген  жанның  бірі-Қарабай.  Жырдың  алғашқы  əңгімелерінің  өзінен-ақ 

Қарабайдың сараң, пейілі тар, мал құмар, мейірімсіз жан екендігін аңғарылады. Бұл ретте, ол дара бейнеде алынса да, 

өзі сияқты адамгершіліктен айрылған сасық байлардың жиіркенішті кескінін, жағымсыз мінез-құлық, іс-əрекеттерін, 

топастық ой-санасын жинақтап көрсеткендігі болады. 

Жыр оны: 

Тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, 

Үйінде сілкіп киер шапаны жоқ, -  

деп суреттейді. 

Қарабайдың малдан басқа арманы жоқ. Мал дегенде ар-ұятын, адамгершілігін аяққа басуға дейін барады. Оған 

бала - шағасынан да қымбат болып көрінетіні - мал. Сексен беске келгенше бала көрмеген Қарабайдан Баян туады. 

Бұл қуаныш хабарды айтып, сүйінші сұрай келген əйелге сыйлық берудің орнына, Қарабай айып тағып, сөзіне құлақ 

аспайды.  Əлгі  əйелді  сүйінші  сұрадың  деп  жазалайды,  сегіз  өрме  бұзау  тіс  қамшының  астына  алып,  сабап,  тəнін 

қатты жаралайды. Бұл Қарабайдың кісілігі жоқ жай екендігін айқындай түседі. 



 

45

Қарабайдың  мейірмсіздігі  Сарыбайға  біраз  маралды  атқызынуынан  да  көрінеді. «Буаз  маралды  ату  обал  ғой, 



əйелім  екі  қабат  еді,  буаз  маралды  атуым  өзіме  қырсық  болып  жабысар», - деген  Сарыбайға, «буаз  маралды  атып 

бермесең,  құдалықтан  кетемін», - деп  Қарабай  өкпе  сөзін  айтады.  Сарыбай  маралды  атқанда  Қарабай  маралдың 

өлген,  өлмегеніне  қарамастан  ішін  жарып,  екі  бұзауын  тірідей  мөңіретіп  алып  шығады  да: «Үйге  апарып  бір  тоя 

жейін». - деп тарта жөнеледі. Сол жерде тіл тартпай өліп кеткен құдасы Сарыбайға да бұрылмайды. 

Қарабай жиырма шапан, тоқсан саба қымыз алып, құдасына бата қылуға шығады. Бірақ ол Сарыбайдың үйіне 

бірден барып түспейді, алдымен салт барып біліп қайтады. Жөргекте жатқан Қозыны көре салып: 

Мені жұтар жалмауыз туыпты деп, 

Таптық шал Бақа айғырға міне қашты,- 

дейді. Осыдан кейін ол тоқсан сабасын пышақпен жарып тастайды, ақты төгеді, Сарыбайға берген антын бұзады 

да: «Жетім ұлға қызымды бермеймін», деп көше жөнеледі. Ақты төгіп кесапаттық жасаса, антын бұзып адамгершілік 

ар-ұяттан айрылады. 

Қарабайдың  мейірімсіздігі,  пейілі  тарлығы,  қара  жүретілігі  Баянға  жасаған  жауыздығымен  көрінеді.  Ол  балам 

екен деп Баянға əкелік жылы мейір білдірмейді, қайта одан мал артық деп түсінеді. Ел-жұртынан безіп Қозыдан қаша 

жөнелген  Қарабай,  жолда  көп  қиыншылық  көреді,  Бетпақтың  шөліне  кезігеді,  малы  қырыла  бастайды.  Осындай 

жағдайда оған Қодар жолығады. 

Ол: 


Қареке-ау, іздеп едім, кез келесің, 

Қодар батыр мен едім, сен көресің, 

Мен шөлдетпей Бетпақтан алып шықсам, 

Қанекей, ақысына не бересің, -  

дейді. Бұған қуанған Қарабай: «Қалың малсыз, борышсыз қыз берейін»,-деп айтып салады. Қодар: «Асыранды 

қыздарыңды алмаймын, тек Баянды бересің»,- деп Қарабаймен саудасын шегелей туседі. Еңбегіне мал алмай, Баянды 

ғана сұрап отырғанына іштей көңілі толған жəне Баяннан да малды жақсы көрген Қарабай Қодарға Баянды бермек 

болып уəде етеді. 

Ел-жұртынан  безген,  адам  баласын  сүймеген,  мінез-құлқы  іс-əрекеті  тұрпайы  Қарабайды  жыршы  ақын  аса 

айқын  етіп  суреттейді,  оның  жиіркенішті  бейнесін  ешбір  əлсіретпей  үсті-үстіне  күшейте  түседі.  Ақыр 

аяғындаҚарабай  екі  жастың  өліміне  себепкер  болады.  Сондықтан  да  халық  жыры  Қарабайды  осындай 

адмгершіліктен тысқары, азғындық қылықтары үшін ауыр жазаға бұйырады, бұл Қарабай сияқтыларды жек көрген 

халықтың ой-санасын білдіреді. 

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының барлық варианттарында айрықша орын алған жағымсыз кейіпкердің бірі - 

Қодар. Баянның сұлулығын естіген Қодар Баянды іздеп шығады. 

Бұл кезде Қарабай бұрынғы ел-жұртынан көшіп кетеді. Бірақ Қодар олардың соңына тұседі. 

Арқадан қызы сұлу бай көшті деп, 

Торғауыттан бедеумен Қодар салды,- 

дейді.  Қодар  Қарабайды  шөл  далада  кездестіреді. «Малын  шөлден  аман  алып  шыққаныма  Баянды  бересің»,- 

дейді.  Малдан  басқа  ойы  жоқ  Қарабай  разы  болады  жəне  қызын  айттырып  қойған  күйеуі  бар  екенін  жасырады. 

Қарабайдың  Баянды  бермек  болғанына  сенген  жəне  Баянның  басы  бос  деп  ойлаған  Қодар  қатты  алданады.  Шөл 

даладан құдық қазып, Қарабайдың тоқсан мың жылқысын қауғамен суарады. 

Антұрған, білдірмейді Қодар жасып, 

Əр жерден  жүз кісілік құдық аршып, 

Су шыққан су шығар құдығының 

Суы жоғын толтырар меспен тасып,- 

дейді. Бойы он кез, жауырыны үш жарым кез, сыңар жұдырығы қол ағаштай болған алып Қодар Баянды аламын 

деп асыра қимылдайды. Ол белгілі мөлшерге дейін жырда қайраты мол, қара күш иесі ретінде суреттеледі. 

Қодардың  Баяннан  дəлелі  болуын,  сырттай  тон  пішіуін  жыршы  ақын  өткір  əжуа,  мысқыл  етеді.  Қыс  бойы 

Қозымен  бірге  жылқы  баққан  Қодар  көктем  шыға  ел  шетіне  келеді.  Сонда  ол  қасындағы  жолдастарына  мақтана 

отырып: «Ауылға  барып,  жеңгеңнен  сендерге  құрт-май,  өрік-мейіз  алып  келейін», - дейіді.  Ауылға  барған  Қодар 

Баянмен  сөйлеспек  түгіл,  онымен  кездесе  алмай,  қосқа  қайтып  келеді.  Бірақ  ол  мұнысын  жасырады  да: «Баянның 

сендерге  берген  сəлемдемесін  ауылда  ұмыт  қалдырыппын»,-  деп  өтірік  айтады.  Оның  бұл  сөзін  Қозы  да 

жылқышылар да мазақ етеді.  

Қодар  Баяннан  күдер  үзбейді,  оған  өзін  тең  санайды.  Бірақ  Баян  Қодарды  жек  көреді.  Қозыдан  басқа  ешбір 

адамда  көңілі  жоқтығын  білдіреді.  Осыдан  былайғы  жерде: «Сені  əйедікке  алмасам,  дүниеде  тірі  жүрмейін», - деп 

серт  еткен  Қодар  Баянды  қорқытып  та,  жалынып  та  көреді.  Мұның  бірде-бірі  Баянға  əсер  етпегеннен  кейін,  Қодар 

кектене қатулана бастайды. Қозыны өлтіру жайын қарасытарады. Қодар қанша кү шті болса да, өзіне бақталас болған 

Қозыны  жекпе-жекке  шақруға  батылы  бармай,  тайсалақтай  береді,  қорқақтыққа  салынады.  Бірде  ол  Қозымен 

қақтығысып  та  қалады.  Қозығы  əлі  жетпей  Қодар  жеңіледі,  жан  сауға  сұрайды,  дос  болайық  деп  жалынады.  Бірақ 

Қодар достық антын бұзады да, ұрланып келіп Қозыны өлтіреді. Екі жастың арасына тікендей қадалған Қодар оларға 

үлкен қиянат жасайды. Сонысы үшін оны халық жыры жиіркенішті бейнеде алып суреттеледі, ауыр жазаға тартады: 

жауыздық жасағандардың жазасы осындай болмақ деген халықтық сананы аңғартады. 

Жанақ айтқан «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сюжет құруы, оқиға желісін тізбектей отырып баяндауы жəне адам 

образдарын айқын етіп жасауы жағынан, өзі тектес басқа жырлардан əрі күрделі, əрі көркем екені байқалады. Жанақ 

жырының  ең  алдымен  көзге  түсетін  ерекшелігі-оқиғаны  реалистік  өмірден  алуында.  Себебі  жырдың  басқа 



 

46

варианттарында ертегіге тəн, фантазиялық халге құрылған əңгімелер басым келеді. Жанақ жырында Қозы мен Баян 



да, Қарабай мен Қодар да шындықта болған типтік бейне болып суреттеледі. 

Жыр  оқиғасын  дамытуда,  адам  образын  жасауда  жыршы  өз  кезіндегі  қазақ  поэзиясының  əр  түрлі  үлгілерін 

барынша  мол  пайдаланғандығын  аңғартады.  Ретіне  қарай  ол  өлеңің  айтыс  түрінде  де,  тұрмыс-салт  өлеңдерінің 

естірту,  жоқтау,  қоштасу  т.б.  түрлерін  де  қолданады.  Жəне  басқа  жырларға  қарағанда,  мұндағы  өзіне  тəн  бір 

ерекшелік - оқиғаны диалог арқылы дамытуында.  

Жанақ жыры тіл көркемдігі жағынан да шебер жырдың бірі болып табылады. Мысалы: 

Балталы, Бағаналы ел аман бол, 

Бақалы, балдырғанды көл аман бол. 

Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, 

Ойнап, күліп, ер жеткен, жер аман бол,-  

деп  басталатын  қоштасу  осы  жырдың  аса  бір  əсерлі,  көркем  айтылған,  ақындық  шабытпен  суреттелген  жері 

болады. Ақынның тіл байлығы оқиғаны суреттеуімен ғана көрінбейді. Ол, мұнымен қатар, əрбір кейіпкердің мінез-

құлық, іс-əрекеттеріне қарай түрлі бояу таба білуінен де байқалады. Қарабай мен Қодар жайына  келгенде жырдың 

бояуы да күңгірттене түседі. Қозы мен Баянды айтқанда жырдың əр бір сүзі жүрекке жылы тиіп, өзіне тартып əкетеді. 

Қорыта келгенде, жауыздық пен əділет дүниесінің тартысын суреттеген, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры қазақ 

халқының ертеден келе жатқан көркем шығар масы болып табылады. 



 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

 

1. Лиро-эпос жырлары дегеніміз не, жəне оның эпостық жырлардан ерекшелігі неде

2. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын кімдер зерттеген



3. Жырдың варианттарының өзіндік ерекшелігі неде

4. Жырдың халықтық сиапты дегенде нені түсінесің



5. Жырдағы образдардың жасалу жолдарын айт. 

6. Жанақ жырының көркемдік, тіл ерекшеліктері жəне композициялық құрылысы дегенде не айтуға болады

 



Əдебиеттер: 

 

1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алм. 1981. 



2. Ə..Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991. 

3. Қазақ əдебиетінің тарихы. I-том.  Алм. 1991. 

4. Қазақ эпосы. Алм. 1987. 

5. М.Əуезов. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». Алм. 1986.                                                                                                                

                                                                               Қыз Жібек 

Жоспар: 

 

1. «Қыз Жібек» жырының зерттелуі. 

2. Жыр туралы ғалымдардың пікірлері. 

3. Төлеген мен Қыз Жібек бейнесі. 

4. Сансызбай образы. 

5. Жырдағы жағымсыз кейіпкерлер. 

6. Жырдың ерекшелігі. 

7. Қорытынды. 



Тірек сөздер: Лиро-эпостық жырларына жататын «Қыз Жібектің» жиналып, зерттелуі, жыр жөнінде əдебиетші, 

тарих шы ғалымдардың қайшылықты пікірлері, жырдың халықтық сипаты, жырдың идеясы мен образдардың жасалу 

жолдары. Жырдың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, тіл байлығы. 

Лиро-эпос жырларынан ел арасына ауызша да, баспа арқылы да ертерк тарағаны - «Қыз Жібек» . 

М.Əуезовтың  айтуына  қарағанда, «Қыз  Жібек»  жырының  бір  варианты  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы 

жылдарында Қазанда басылды. Бірақ ол күні бүгінге дейін қолға түскен емес. Ы.Дүйсенбаевтың зерттеуінде былай 

делінеді: «XIX ғасырдың екінші жартысында Зайсан жағында Валиалла Тухватуллин деген мұғалім болыпты. Ол ел 

арасынан «Қыз Жібек» жырын жинайды да, 1894 жылы Қазанда бастырады. Кейіннен бул вариант 1896, 1897, 1905, 

1909, 1911 жылдары қайта шығарылады. Жырды осы варианты 1925, 1933, 1939 жылдары да басылды. 1958 жылы 

«Қазақ эпосы» деген жинаққа енді. 

«Қыз  Жібек»  жыры  қазақ  елінен  көптен  таныс  жəне  оны  бірнеше  ақындар  жырлаған.  Мəселен,  орыс  ғалымы 

В.Карлсон  осы  ғасырдың  бас  кезінде  жазған  бір  мақаласында  «Қыз  Жібек»  жырын  Қазақбай  жəне  Көшілен  деген 

ақындардың айтып бергенін хабарлайды. Қазақтың халық ақындары Нүрпейіс, Айса, Мұрын жырау да жас шағында 

бұл жырды айтып жүрген. Халық ақыны Омар Шипин де бұл жырды жырлаған. 

«Қыз  Жібек»  жырының  Валиолла  варианты  орыс  тіліне  де  аударылып  басылды. («Песни  степей». 1940) жəне 

жаузышы  Ғабит  Мүсірепов  либреттосы  бойынша  композитор  Е.Г.Брусиловский  «Қыз  Жібек»  атты  опера  жазып, 

сахнаға шығарды.  

Кейіннен бұл жыр туралы зерттеулер жүргізілді. Бұл жөнінде С.Сейфуллин, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, 

Х.Жумалиев,  Е.Исмайылов,  М.Ақынжомов,  Б.Кенжебаев,  Ы.Дүйсенбаев  т.б.  бірсыпыра  пікірлер  айтты.  Олар 


 

47

жырдың  қай  дəуірді  суреттейтіндігін,  халықтың  сипатын,  қайшылықтары  мен  кемшіліктерін,  көркемдік 



ерекшеліктерін қарастырды. 

Сəкен: «Қыз  Жібек»  жыры  ноғайлы  рулары  ыдырап,  бөлініп  кеткен  заманды  суреттейді,-дейді.  Мұқтар  мен 

Сəбиттің айтуына қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың шамасында туған секілді. Өйткені жырда ат алатын рулар 

сол  кезде  Жайық,  Қара  теңіз  бойларын  мекендеп,  сол маңда көшіп жүрген. Ал тарихшы М.Ақынжанов бұл пікірге 

қосылмайды. Оның айтуынша, «Қыз Жібек» жыры кіші жүздің Россияға қосылуынан кейін туған. Оған дəлел жырда 

аталатын  жерлерді  қазақтар  кіші  жүздің  Россияға  қосылғанына  дейін  мекен  еткен  емес.  Екіншіден,  жырдағы  кісі 

аттары,  Базарбай,  Төлеген,  Қорен  қалмақ,  Шеге  т.б.  дегендер  бертінде  пайда  болған.  Мұнымен  қатар,  жырдың  тілі 

бүгінгі тілімізге жақын дейді. 

Əдебиетшілер  мен  тарихшылардың  екінші  бір  көтерген  мəселесі  «Қыз  Жібек»  жырының  халықтық  немесе 

халыққа  жат  шығарма  екендігін  анықтау  айналасында  болады.  Сəкеннің,  М.Ақынжановтың  соларды  мадақтап 

суреттеген жыр болып табылады. Жырда халықтық элементтер аз»,- дейді. 

Жыр жайында пікір айтқан ғалымдардың екінші тобы бұл жырдың халықтық негізде шыққандығын дəлелдейді. 

Олар  жырдың  халық  тілегіне  үйлесетіндігін  айта  келіп,  жырға  көптеген  өзгерістер  енгендігін,  жырды  үстем  тап  өз 

мақсатына  пайдаланбақ  болып  өңдегенін,  халықтық  əңгімелерді  феодалдардың  мүддесіне  қарай  бұрмалағандығын 

айтады. 

«Қыз  Жібек»  жыры  екі  бөлімнен  құралған.  Біріншісінде  Төлеген  мен  Жібек  жайы  суреттеледі.  Жыр  əңгімесі 

Төлегеннің  өлімімен  аяқталады.  Екінші  бөлімі  Сансызбайға  арналады  да,  оның  істерін  суреттейді.  Екі  бөлімнен 

тұрған  бұл  жырдың  əңгімесі  халықтың  əдет  ғұрып  салтынан  туады.  Жырдың  алғашқы  бөлімінің  негізгі  идеясы - 

жастардың бас еркі болуын көксегендіктен шығады, ескі мен жаңаның тартысын бейнелейді. Екінші бөлімінде, бұл 

идеялар басты кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-əрекеттері арқылы суреттеледі. 

Жырдағы  басты  кейіпкерлердің  бірі - Төлеген.  Ол  өзіне  тек  жар-жолдасқа  ескі  салт  бойынша  ата-ананың 

айттыруымен,  қосылуды  көздемейді.  Сүйген  жарын  өзі  таңдап  алуды  мақсат  етеді.  Бұл  ойын  ол  Жайыққа  алғаш 

аттанып бара жатып, шешесіне білдіреді. 

Бір сұлу алмай, шешеке-ау 

Сірə да, көңілім тояр ма. 

Талап қылған ісінен 

Ат басын ерлер бұрар ма,- 

деп,  өзінің  еркін  махаббатын  іздеген,  бір  асыл  жарға  қосылу  жолында  қандай  іске  болса  да  шыдауға  бел 

байлаған адам екендігін айтады. 

Ойына  алған  асыл  жарда  өз  елінен  таба  алмаған  Төлеген  саудагерден  Қыз  Жібек  жайын  естіп,  оған  сырттай 

ғашық болады. Оның Қыз Жібекке деген махаббаты арта тұседі, жол жүрегін ғашықтық сезімі билейді. Қыз Жібекке 

тез жетіп көрісуді, ұғысып білуді асыға аңсаған Төлеген: 

Атына қамшы басады, 

Тұлпарды туған көк жорға ат 

Аузынан көбік шашады. 

Жер талпынып, жануар, 

Ауыздықты болады. 

Алдындағы белестен 

Орғытып келіп асады- 

Сырттай ғашық болып, алыстан аңсап келген Төлеген Қыз Жібекті көріп көңілі толады. Екі жас бір-бірін ұнатып 

қосылады да, аз уақыт қызық дəурен сүреді. Бірақ олардың өміріндегі бұл бір тəтті кез ұзаққа созылмайды. Төлеген 

қазаға, Жібек қайғыға ұшырайды. 

Төлегеннің ізгі мақсатына жете алмай, арманда кетуіне жырдың алғашқы бөлімінде бірнеше себептер келтіреді. 

Рушылдық-феодалдық құрылыс заманында, ескі əдет-ғұрып дəуірлеп тұрған шақта жастардың еркін махаббат іздеуі, 

бас  бостандығы  болуын  көздеуі  жүзеге    аспайтын  қиял  екендігін  көрсетеді.  Ондай  жастардың  өмірі  ұзаққа 

бармайтынын, қайғы-қасіретке душар болатынын қаншама əрекет жасаса да, ескі салтты жеңіп шыға алмайтындығын 

суреттейді.  Сол  жастардың  өкілі  ретінде  алынған  Төлеген  аңсаған  арманына  жету  жолында  көптеген    кедергі, 

бөгеттерге  кездеседі,  соңында  қаза  табады.  Осындай  ауыр  халге  душар  болған  Төлегенге  жыршы  көпшіліктің 

аяшылық сезімін білдіре: 

Айтып айтпай немене, 

Сол секілді асылдар. 

Кебіні жоқ, көрі жоқ, 

Ит пен құсқа жем болып, 

Мұратына жете алмай, 

Арманда болып кетіпті,- 

деп жас жігіттің өліміне өкінеді. 

Жырдың халықтық негізі кейіннен феодалдық қауым тілегіне сəйкес өзгертілген де, Төлеген ата жолын аттап, 

теріс бата алған адамның жолы болмайды, оған ешкім көмектеспейді, қайта қалың қырсыққа жолығады дейді. Бұған 

бірнеше мысалдар келтіреді. 

Басында  еркін  махаббат  іздеп,  ескі  салтқа  қарсылық  білдіре  шыққан  Төлеген  кейін  өзінің  əлсіздігін  сезіне 

бастайды. 

Осы  тұста  жыршы  рушылдық  феодалдық  салттың  түрі - əмеңгерлік,  жесірлік  дегенді  əңгімелеп,  оған  Төлеген 

мен  Жібекті  көндіреді.  Түлеген  еліне  қайтарда: «Олай-бұлай  болып  кетсем  артымнан  іздеп  шығар  інім  Сансызбай 


 

48

бар, ол сені жылатпас, сені əмеңгер етіп алар»- дегенді Жібекке ескертіп кетеді. Жəне бұл ойын ол Сансызбайға да 



айтады: 

Олай-бұлай боп кетсем, 

Асыл туған Жібекті 

Еш жаманға қор қылмай, 

Өзің бір алып сүйгейсің,- 

дейді. Сөйтіп, жыршы ақын Төлегенді де ескі салтты құптаған адам етіп бейнелейді. Мұнысы феодалдық сананы 

дəріптеген ақынның жырдың халықтық нұсқасын бұзып, үстем тап тілегіне қарай пайдаланғандығын аңғартады. 

Жырдағы ең басты кейіпкердің бірі - Қыз Жібек. Төлеген сияқты, Жібектің де - ерекше мінезі бар. Талай байдың 

мырзасына  айттырмақ  болғанда,  Жібек  оның  бірде-біреуіне  көңіл  бөлмейді,  сүйген  жігітке  өз  еркімен  қосылуды 

арман  етеді.  Жібектің  мінез-сипатын  əсірелеп  көрсету  үшін  жыршылар  əр  түрлі  əдіс  қолданады.  Сырттай  ғашық 

болып, алыстан іздеп келген Төлегенге Жібекті бірден жолықтырмайды. Жібектің басқа қыздардан артық екендігін 

байқатпақ болып, Төлегенді қалың көшке кездестіреді. Əр көшті бастап бара жатқан сұлу қыздар бірінен-бірі өтеді. 

Көш алдына қараса, 

Бір қыз кетіп барады. 

Таң мезгілі болғанда 

Шолпаннан туған жұлдызы, 

Кигені атлас қырмызы, 

Бейіштен шыға келмесе, 

Бұл жалғанда хор қызы 

Сондай-ақ болып туар да 

Адамзаттың бір қызы,- 

деп  суреттесе,  келесі  қыздар  одан  да  əдемі,  сұлу  көрінеді.  Оларды  көргенде  Төлеген  «Жібек  осы  болар»  деп 

қалады.  Бірақ  ол  Жібек  болмай  шығады.  Көш  соңында  Жібектің  шешесі  келе  жатады,  оның  сұлулығы  алдыңғы 

қыздардан да асып түседі. Бұларды көрген Төлеген: «Жолдас қыздары мен шешесі мынадай сұлу болғанда, Жібектің 

өзі қандай екен», деп таңданады. Жібекті көруге асығады, оның осы сəттегі барлық арман-мүддесі Қыз Жібек болады.  

Төлеген  мен  Қаршыға  Қыз  Жібектің  күймелі  арбасына  кездеседі.  Қаршыға  Жібекке: «Өзіңе  тең  ер  жігіт  ертіп 

келдім», дейді. Бұл сөзге ашуланған Жібек менмендік білдіреді, паңдық көрсетеді. «Бай тауып кел дегенім жоқ», - деп 

Қаршығаға тосын жауап қайырады. Бірақ Қаршығаның жақсылықтан басқа ойы жоқ екендігін білген Жібек қадірлі 

ағаның  көңілін  қалдырмайын  деген  оймен  күймесінен  шығып  амандасады  да,  қайтадан  күймесіне  еніп  кетеді. 

Жібектің сұлулығына көзі түскен Төлеген таңдана қарайды, тұла бойын махаббат сезімі билеп кетеді. Жыршы ақын 

Төлеген сияқты жігіттерді көрмей жатып өзіне ғашық еткен Қыз Жібектің сұлулығын суреттей келіп: 

Қыз Жібектің ақтығы 

Наурыздың ақша қарындай 

Ақ бетінің қызылы 

Ақ тауықтың қанындай 

Екі беттің ажары 

Жазғы түскен сағымдай, 

Білегінің мүсіні 

Айбалтаның сабындай..., 

дейді. 


Жібек  Төлегенмен  жүздесіп  сөйлескен  де  ірілік  білдіріп,  тəкаппар  мінез  көрсетеді.  Жас  жігітті  сынау 

мақсатымен  оған  біраз  əзіл-оспақ  ащы  сөздер  айтады,  өзін  жоғары  ұстап: «Мен  де  сенен  кем  емеспін,  асылмын, 

танысаң  кел , танымасаң  жолың  əне  жұре  бер»,-  дейді.  Ақындар  айтысында  қолданылатын,  бірақ  кешірім  етілетін 

тұрпайы  сөздерді  айтуға  дейін  барады.  Жібектің  сынау  тұрінде  айтқандарын  көңіліне  алмастан  Төлеген  қыз  сөзіне 

орай  жауап  қайырады.  Сөзбен  қағыса  отырып  екі  жас  бір-бірін  ұғыса  бастайды,  сүйіспеншілік  сезім,  ұғысу  пайда 

болады. Мұның арты махаббат, ғашықтыққа ауысады. 

Бір кездегі тəкаппар, паң Жібек енді Төлегенді көрмесе, тұра алмайтын болады. 

Үйден шықты Қыз Жібек... 

Атқан оқтай жылысып, 

Ор қояндай ығысып, 

Қылаң етіп қылт етіп, 

Сылаң етіп, сылт етіп... 

Буындары былғылдап, 

Отауға қарап жөнелді, 

Ғашық жарын көрмекке,- 

дейді.  Ескі  дəстүр  бойынша  қызды  іздеп  баратын  жігіт  болатын.  Ал  Қыз  Жібек  бұл  салтты  бұзады  да,  оңаша 

отауда жатқан Төлегенге өзі барады. Мұнымен жыршы Жібектің Төлегенге ғашық екендігін аңғартқысы келеді. 

Жібектің  Төлегенмен  өткізген  аз  күндері  аса  бір  қызық  дəурен  еді,  бір-біріне  сүйісіп  қосылған  екі  жастың 

өмірндегі  ең  бір  əдемі  кезі  болған  еді.  Бірақ  бұл  дəурен  ұзаққа  созылмай,  ақыры  ауыр  қайғыға  əкеп  соғады.  Жау 

қолынан  қаза  тауып,  Төлеген  өлгеннен  кейін  Жібектің  басына  екінші  қайғы - Бекежан  жауыздығы  тап  болады. 

Бекежаннан  құтыла  бергенде  қылышынан  қан  тамған  Қорен  келеді,  ол  шаңыраққа  қобыз  тарта,  айбынды  ызғарын 

білдіре,  күш  көрсете  келеді.  Осындай  жағдайда  азалы  Жібек  қиын  халге  килігеді.  Есіне  Төлегенді  жəне  оның 

қоштасуда айтқан сөзін түсіреді. 


 

49

Төлегенді жоқтай отырып: 



Тағы да бас қосқаным Жағалбайлы, 

Жылқысын көптігінен баға алмайды, 

Сол елде сіре жігіт жоқ па, тəңірі-ай 

Жесірін іздеп келіп неге алмайды,- 

деп  зарланады.  Бір  кезде  ескі  салтқа  қарсылық  білдірген  Жібек  енді  сол  салтқа  бас  иеді,  жас  қайны 

Сансызбайдың əмеңгері болып баруға разылық білдіреді. 

Осыдан  былай  жырдың  екінші  бөлімі  басталады.  Жыршы  рушылдық  салтты  дəріптей  отырып,  соны  идеялық 

нысанаға айналдырады. Басында жан-тəнімен Төлегенді сүйген Жібек кейіннен: 

Тұлпардың қалған тұяғы, 

Сансызбай іздеп келіпті: 

Тілекті берсе құдайым, 

Қосылайын деп тұрмын 

Басында қосқан теңіме,- 

дейді. 


Сансызбай  келген  кезде  Жібек  əрі  ақылды-айлалы,  əрі  өр  мінезді  сипатта  көрінеді.  Ол  Сансызбайға  əмеңгер 

болып қосылу үшін алдымен жолда тұрған күшті жаудың бірі Қалмақ ханы Қореннен құтылу жайын қарастырады. 

Жыршы Жібектің Қоренге істеген айласын сүйсіне жырлайды. 

Жырдың  Төлегенге  қарсы  қол,  жағымды  кейіпкер  ертінде  суреттейтіні - Сансызбай.  Ол  феодалдық  қауым 

тудырған  əдет-ғұрып,  саттың  қорғаушысы  жəне  қолдап  құптаушысы  болады.  Сондықтан  да  оған  батырлық  тұлға 

беріледі. Жайықтың бойына екінші рет аттанып бара жатқан Төлеген: 

Алтын балдақ, ақ семсер 

Соған арнап соқтырып, 

Салдырып қойдым қынапқа. 

Аш беліңе ілгейсің... 

Бадама көзді кірейке 

Тоғыз қабат көк сауыт, 

Саған арнап соқтырып, 

Будырып кеттім кілемге 

Оны үстіңе кигейсің,- 

дейді Сансызбайға. Оған арналған тұлпар да, қару-жарақтар да басқыншы жаудан ел-жұртын қорғау үшін емес, 

ескі салтты қолдау үшін даярланған болады. 

Ескі салтты жақтаған, атадан бата алып шыққан, əмеңгерін іздеп аттанған, «аға өлсе іні мұра « дегенді қолдаған 

Сансызбайдың  жолы  болып  отырады.  Ол  кездескен  бөгеттердің  бəрін  жеңеді.  Қонемен  кездескенде  Сансызбай 

батырлық қимыл көрсетеді. Кейіннен ол Сансызбайдың еліне қайта оралып келеді де, жау əскерлерін қырып-жойып, 

қайын жұртын құтқарып алады. Сөйтіп, жыршы ақын Сансызбайға батырлық тұлға бере, көтере жырлайды. 

«Қыз  Жібек»  жырында  ұнамсыз,  жек  көрінішті  бейнеде  алынғандар - Бекежан  мен  Қорен.  Мұның  біреуі  ішкі 

жау,  екнішісі  сыртқы  жау  болып  суреттеледі.  Олар  тек  ғашықтарды  айыруды  ғана  көздеген  жандар  емес,  сонымен 

қатар,  олар - ел-жұрттың  мазасын  алған,  жауыздық-зұлымдық  əрекеттер  жасаған  адамдар.  Бұл  жағынан  олар  бір-

біріне  ұқсас.  Бірақ  екейінің  мінезі,  ісі  екі  түрлі.  Бекежан - іші  тар,  қызғаншақ,  жасық  адам.  Ол  Жібекке  сырттай 

ынтық,  қызға  сырттай  тон  пішіп  өзіндік  санайды,  бөтен  адамға  бермеймін  деп  əрекеттенеді.  Қыздың  сүймесін, 

тимесін білген Бекежан зорлық, қиянет жасайды. Бақ талас адамы Төлегенге қарсы жекпе-жек күреске бара алмайды, 

қарақшылық  əдісін  қолданады,  бір  қурайды  тасалап  келіп  төлегенді  атып  өлтіреді.  Осындай  жауыздық  жасаған 

Бекежанды: 

Атаңа нəлет қарақшы, 

Құдайым сені қарғасын, 

Қатын-балаң зарласын, 

Басыңа қиып іс түссе, 

Қасыңа досың бармасын

!- 

деп қарғайды Жібек. Осы жауыздығы үшін Бекежан өлім жазасына бұйырылады. 



Жау бола тұрса да қалмақ ханы Қореннің мінезі, іс-əрекеті Бекежаннан басқаша, ол алдына қойған мақсатына 

жету  үшін  ашық  күреске  шығады;  намысын  күшпен  қорғаған  батыр  болып  суреттеледі.  Жібектің  Сансызбаймен 

кеткенін  біліп,  Қорен  олардың  соңынан  қуып  шығады.  Сансызбайды  жекпе-жекке  ұрысқа  шақырады.  Қорен  қанша 

күшті  болғанмен  Сансызбайдан  жеңіледі.  Бұл  арада  зорлықшыл,  əділетсіз  жау  қаншама  күшті  болғанмен  жеңіледі 

деген халық санасы аңғарылады. 

Қорен  қаншама  ашушақ,  содыр,  ожар  мінезді  болғанмен  жас  білмейтін  тентек  емес.  Жібек  келіп,  Қореннің 

тұлпарын  сұрап  алады.  Ертеңіне: «Тұлпарымды  беріп  жіберіңдер»,-  деп  Сырлыбайға  хабар  салады. «Тұлпарыңды 

алған да, көрген де емеспіз»,- деген жауапты естігенде Қорен ашуланады, əскерін жинап алып, Сырлыбайдың аулын 

шабуға  аттанады.  Сонда  алдынан  қаршыға  шығып: «Тұлпарыңның  сырын  білесің,  біле  тұрып əйеліңе неге бересің, 

енді  жұрттың  зəресін  алма»  дейді.  Сөзден  ұтылған  Қорен  қаҳарын  айтады.  Əйтсе  де  ол осал жау емес. Ол Жібекті 

сырттай иемденіп, өзіндік етіп жүреді. Қореннің осы мінезін жырда күлкі, мазақ қылады, оны топас, ақымақ адам етіп 

суреттейді.  Қыздың  өзі  келіп  тұлпарды  алуын  жақсылыққа  жорыған  жəне  Жібектің  мұнысы: «Мені  ұнатып,  тимек 

болғандығының белгісі»,- деп ойлаған Қорен тұлпармен сырғытып бара жатқан Жібекке қамқорлық білдіре: 

Иə, пірім-ау, иə, пірім... 



 

50

Көксандалды жүгіртер, 



Қыз Жібек менің қатыным, 

Басы қатты Сандалкөк 

Тастап кетіп жүрмесін, 

Айналайын, Жібек-ау, 

Ақырын шапшы, ақырын,- 

дейді. Бұл сөздер Жібектен дəмесі болған Қоренді кекету, мазақтау ретінде айтылады. 

«Қыз  Жібек»-  сюжет  құрылысы,  көркемдік  шеберлігі  жағынан  да  көркем  жырдың  бірі.  Жырдың  өзіне  тəн 

ерекшеліктеріне  айрықша  көңіл  бөліп  тексерген,  құнды  пікірлер  айтқан  М.Əуезов  пен  Х.  Жұмалиев  деуге  болады. 

Жыр оқиғасын айтып беруде үш түрлі əдіс аралас жүреді, олар: хикаялау, сипаттау, сөйлету,- дейді Мұхтар. 

Тақырыбы мен мазмұны ескі əдет-ғұрып салттан алынған «Қыз Жібек»- бір оқиғаны екіншісімен байланыстыра 

баяндауы, оларды көптеген тартыстар арқылы суреттеуі жағынан əрі тартымды, əрі əселі жыр. Жыр оқиғасы желісін 

үзбей  тізбектеле  айтылады.  Жырда  əсіресе  оқиғаны  сипаттау  арқылы  баяндау  əдісі  мол  қолданылады.  Көш 

картинасы,  Жібектің  сұлулығы,  оның  отауға  барғандығы  келбеті,  Сандалкөктің  шабысы  т.б.  сипаттау  түрінде 

беріледі. Мəселен, 

Табан жолмен тартысып, 

Ауыздықпен аласып, 

Екі қолы қарысып, 

Ұшқан құспен жарысып, 

Малдай мойнын созады. 

Тарта-тарта Жібектің 

Алақаны тозады. 

Тамаша жерден орғытып... 

Ұйтқытып, заулап келеді,- 

деп суреттейді. 

Жыршы ақын оқиғаны сипаттау арқылы баяндай отырып, күрделі образдар жасайды. Əрбір кейіпкердің мінезі, 

іс-əрекеттері бір-бірне ұқсастығы жоқ бояулармен безенеді, əр түстес əдемі портреттер жасалады. 

Жыр оқиғасын айтып беруде жыршы ақынның қолданған тағы бір əдісі -сөйлету. Оқиғаны ақын кейіпкерлерді 

сөйлету  арқылы  да  дамытып  отырады.  Кейіпкерлердің  ішкі  ойы,  сезім  дүниесі,  қуанышы  мен  кұйініші,  арман  мен 

тілегі,  т.б.  сөйлету  түрінде  яғни  монолог  жəне  диалогтар  ретінде  баяндалады.  Сөйлету  əдісін  оқиғаны  сезімге  құра 

айтып берудің бір түрі деуге болады. Жібектің түсі, Төлегеннің алты қазға айтқаны, Жібектің жоқтауы жыр əңгімесін 

бірсыпыра  дамыта  түсумен  қатар,  олардың  сезім  дүниесін  арман-мұңын  білдіреді,  тыңдаушыны  тебірентіп 

егілдіргендей  əсер  қалдырады.  Мұнымен  қатар,  жыршы  ақын  сөйлету  əдісін  қолданғанда  ертедегі  халық 

поэзиясының  əр  алуан  үлгілерін  (естірту,  жоқтау,  қоштасу,  жалбарыну,  айтыс,  т.б.)  ретімен  пайдаларып  отырады. 

Солар арқылы да кейіпкерлердің хал-жайын аша түседі. 

«Қыз-Жібек» - ақындық  тіл  жағынан  да  əдемі  жырдың  бірі.  Неше  түрлі  əсірелеу,  көріктеу,  кейіптеулер,  əдемі 

теңейлер, сұлу сөз саптастары жиі ұшырайды. Жыршы ақын халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, аз сөзге көп 

мағына  сыйғыза  біледі.  Жібектің  сұлулығын,  тұлпарлардың  шабысын  немесе  кейіпкерлердің  көңіл-күйін 

суреттегенде ақын тілінің əдемілігі де, байлығы да көрінеді. 

Қорыта келгенде, «Қыз Жібек» жыры қазақ ауыз əдебиетінің көрнекті бір үлгісі болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет