Өзектілігі: «Заттың үш түрі» жобасы: жалпы адамның күнделікті өмірінде қолданатын заттары әр түрлі күйде, яғни қатты, сұйық және газ тәрізді болады. Бүгінгі жобада заттың үш күйі туралы түсінік қалыптастыратын боламыз. Жобаның тақырыбы



бет3/5
Дата12.11.2022
өлшемі226,21 Kb.
#49578
1   2   3   4   5
1.2 Фазалық ауысулар
Өзінің физикалық қасиеттері жағынан баска тепе-тең күйлерде болатын заттардан мүлдем өзгеше, термодинамиканың тепе-тең күйдегі затты фаза деп атаймыз. Мысалы, егер жабық ыдыстың ішінде су болса, онда ол жүйе екі фазадағы зат деп есептеледі: сұйық фаза - су және газ тәрізді фаза - ауаның су буымен араласқан қоспасы. Егер суға бір мұз бөлшегін тастасақ, онда бұл жүйе үш фазалы болады, себебі мұз қатты фаза деп есептеледі. Әдетте, фаза деген ұғымды, заттардың агрегатты күйін сипаттайды деп атайды, бірак оның физикалық мәні тереңірек. Мысалы, бір зат бір агрегатты күйде өзінің қасиеттерінің өзгешелігі, құрамы және құрылысы жөнінен әр түрлі фазада бола алады. Сонымен, заттың бір фазадан екінші түріне фазалық ауысуы, сол заттын касиетінің сапалык өзгеруімен байланысты.
Фазалық ауысудың екі түрі бар. Бірінші текті фазалық ауысу (мысалы, балқу, кристалдану, т.б.) жылудың фазалық ауысуы деп аталатын белгілі бір мөлшердегі жылудың жұтылуы мен немесе бөлінуімен жүреді. Бірінші текті фазалық ауысу температураның тұрақтылығымен және энтропия мен көлемнің өзгерістерімен сипатталады. Мысалы, тордың кристалдануы үшiн, оның балқуы кезiнде белгiлi бiр мөлшерде жылу мөлшерiн беру керек болады. Ал бұл жылу мөлшерi денені қыздыру үшiн емес, атомаралық байланысты үзу үшін берілетіндіктен, балқу процесі тұрақты температурада жүредi. Олай болса, термодинамиканың екінші бастамасына сәйкес заттың реттелген кристалдық күйiнiң ретсіз сұйық күйiне осылайша ауысуының өсу дәрежесі жүйе энтропиясының артуымен байланысты. Егер ауысу кері бағытта өтетін болса, онда жүйе жылуды бөледі.
Екінші текті фазалық ауысу деп, жылудың жұтылуына немесе бөлiнуiне және көлемнің өзгеруіне байланыссыз болатын фазалық ауысуды айтамыз. Осы фазалық ауысу көлем және энтропияның тұрактылығымен және жылу сыйымдылықтың секірмелі өзгерісімен сипатталады. Екінші текті фазалық ауысуды бiрiншi рет совет ғалымы Л.Д.Ландау (1908-1968) айтқан болатын. Екiншi текті фазалық ауысуға белгілі бір қысым мен температурада ферромагниттi заттардың парамагниттi күйiне өтуі, металдар мен кейбiр қорытпалардың 0 К жақын температурада аскын өткiзгiштiк күйде болуы, электрлік кедергісінің секірмелі азаюының сипаттамасы, сұйык гелийдің (бiрiншi турдегi гелий) Т = 2,9 К температурада өзiнiң басқа түріне өтуі (екінші турдегi гелий), сөйтiп асқын аққыштық қасиетiнiң пайда болуы сиякты мысалдар жатады.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет