Тоғызнүктелі жүйе Айдау және өндіруші ұңғылар қатынасы 1:3, содан ω =1/3.
1-мұнайлылықтың шартты нұсқасы; 2-өндіру ұңғымалары; 3-айдау ұңғымалары.
Дипломдық жобаның тақырыбы бойынша технологиялық есебі
Өзімнің дипломдық тақырыбым бойынша мен үшқатарлы схемамен ұңғымалар орналасуымен, кенорынды игеру кезінде қабаттық қысымды, эквиваленттік фильтрациялық қарсыласу әдісімен есептедім.
Есепті жеңілдету үшін біртекті қабатта, мұнай сумен поршень тәріздес ығыстырылып жатыр делік. Су айдау процесі енді басталып, мұнай тек қана осы аймақтан, айдау ұңғымасынан радиусы rc- тен ығыстырылды. Үш қатарлы пайдалану ұңғымалары орналасқан жолаққа , q мөлшерде су айдалып жатыр. Қарастырып жатқан жолақтың ұзындығы L.
Қатардан айдалатын судың жартысы яғни , q/2 қарастырып жатқан оң жақта орналасқан блогымызға кетеді де, қалған жартысы сол жақтағы көршілес блокқа кетеді. Кенорын суарынды тәртіпте игеріліп жатқандықтан, қабаттық жағдайда, айдалған су, игерілген мұнайға тең . Бірінші қатардағы пайдалану ұңғымасының дебиті, екінші ( ортаңғы) қатардың дебиті .
- ҚШ жиналысына қатыспағандар жұмысқа қабылданбайды
- Жауапты адамның әрдайым байланыста болуы
- ҚГЖ жұмысын жасайтын бригаданың жауапты мастерінің болуы
- Бақылаушының болуы
- ҚГЖды жүргізетін бригада мастері ғана ысырманы ашға құқылы
Қорытынды
Игеру жүйесін талдау және оларды жобадағы көрсеткіштермен салыстыру нәтижесінде, кенорынның игеру жүйесін, қанағаттандырарлық деген тұжырым шығаруға болады. Жоғарғы бөлімдердегі кестеден игерудің технологиялық көрсеткіштерін көруге болады.
Кестеден жылдық мұнай өндіру көлемі жылдан-жылға жоғарылап келе жатқанын және қозғалыстағы ұңғымалар қорының толықтырылып, қабат қысымын ұстау мақсатында, қабатқа айдалатын жұмыс агентінің көлемі ұлғайып жатқанын, жылдық өндірілетін газ көлемінің ұлғайып жатқанын байқауға болады
Егер, кенорынды игеру тарихына үңілетін болсақ, 1989 жылы жылдық мұнай өндіру көлемі жобаға сәйкес болып, 1990 жылдан бастап көрсеткіш жылдан жылға тез қарқынмен құлай бастады.
Жобадағы технологиялық көрсеткіштердің көпшілігі орындалмады: жылдық сұйық өндіру жобадан төмен болды және тез қарқынмен төмендеді , жаңа ұңғымаларды бұрғылау жобасы орындалмады; ұңғымалар қоры жобадан аз болды, қабат қысымын ұстау мақсатында қарастырылған жобалық шешімдер әсіресе, суқұбыры жүйесі және айдау қысымдары сақталмады.
Ұңғымалардың көпшілігінде сұйықтықтың дебитінің азаюы , көбіне мына екі факторға байланысты болған:
бірінші, ұңғымадағы мұнай өндіретін жабдығының техникалық жағдайына байланысты ( ұңғыма көрсеткіштеріне сораптың сәйкес келмеуі, сорапта ақаудың болуы) , себебі өнім өндірудің көпшілігі механикалық тәсілге жатады;
екіншіден, ҚҚҰ жұйесіне байланысты , айдау ұңғымалардың көпшілігі қозғалыссыз қорда ұзақ тұрып қалуына және қабылдағыштықтың төмендеуіне байланысты , қабатқа әсер ету етпегеннен.