Өзен кен орнында штангалы терең сорапты қондырғының


  Ұнғымаларды  пайдалану  кезіндегі  қиындықтармен  күресу  және



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата09.05.2022
өлшемі1,97 Mb.
#33795
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
3.3  Ұнғымаларды  пайдалану  кезіндегі  қиындықтармен  күресу  және 

оны алдын-алу жөніндегі салтанатты іс-шаралар 

 

3.3.1  Штангілі тереңдік сорапқа газдың әсері 

Өзен кенорнында мұнай өндіру және кеніштерді игеру кезінде кездесетін 

бірнеше қиыншылықтар бар. 

Газ  тереңдік  сораптың  жұмысына  кері  әсерін  тигізеді.  Мұнаймен  ілесіп 

келген  газ  цилиндрдің  белгілі  бір  көлеміне  еніп  алады.  Сондықтан  цилиндрге 

сұйық  аз  мөлшерде  толады.  Газ  айдау  және  сору  клапандар  арасындағы 

кеңістікте қалыптасады. Бұл кеңістікті зиянды  кеңістік деп атайды. Ол барлық 

тереңдік  сораптарында  болады.  Сұйықтың  цилиндрге  толу  коэффициенті 

орналасқан  газдың  көлеміне  байланысты.  Неғұрлым  зиянды  кеңістік  көлемі 

кішкентай  болса,  соғұрлым  сорапқа  сұйықтықтың  толу  коэффициенті  көп 

болады. 

Газдың кеңістікке енуін алдын алуға болады. 

1) Зиянды кеңістік көлемін анықтау. 

2) Плунжердің жүріс ұзындығын ұзарту. 




39 

 

3)  Сораптан  газды  шығаруға  арналған  арнайы  газды  якор  құрылғысын 



орнатамыз.  

Ұңғыны  пайдалану  кезінде  күрделі  жағдайлардың  туындауы:  әлсіз 

цементтелген  қабаттардан  құмның  ұңғыға  түсуінен;  көп  мөлшердегі  еркін 

газдың  сорапқа  енуінен;  құбыр  қабырғаларына  парафинді  қабыршақтың 

шөгуінен;  тұтқырлығы  жоғары  мұнайды  және  сумұнайгаз  эмульсияларын 

сорып  шығарудан,  әдетте  тұтқырлығы  жоғары  ортада  пулнжер  мен  штангілер 

тізбегінің  кепетліп  қалуы  нәтижесінде  мұндай  сұйықтарды  шығару  қиынлық 

туғызады;  ауытқыған  және  көлбеу  ұңғыларындағы  штангінің  муфталы 

байланысқан  жері  мен  құбырдың  қажалуынан  және  үйкеліс  күшінің  өсуінің 

туындауынан;  көтергіш  құбырларында  тұздардың  шөгуінен  және  т.б. 

әсерлерден болады.     Осы  күрделі  жағдайларға  қарсы  көп  жылдар  бойғы 

зерттеулер  нәтижесінде  көптеген  құрылғылар  жасалынды.  Тереңдік  сорапты 

қондырғының  жұмысына  газдың  зиянды  әсері,  оған  қарсы  технологиялық 

әдістер қолданамыз.  

Олар: 

- тереңдік сораптағы зиянды кеңістігін азайту; 



- плунжердің жүрісін ұзарту; 

- скважинаның құбыр аралық кеңістігінен газды сорып алу. 

Қорғаныш құрылғы 

Зиянды газ әсеріне және құмға қарсы қондырлатын якорлар.  

ЯГ – 1 газды якор. Бұл якор концентрленген 2 құбырдан тұрады және бір-

бірімен  аудармалармен  жалғанады.  Якор  сораптың  төменгі  муфтасымен 

жалғанған. Якор корпусының жоғарғы жағында 12 түтікше болады. Корпустың 

төменгі  жағы  тығындалған.  Мұнай  мен  газ  осы  түтікше  арқылы  сақиналы 

кеңістікпен  құбырдың  төменгі  жағына  жылжиды.  Содан  сұйық  бағытын 

өзгерітп  сораптың  сору  құбырына  барады.  Ағыс  бағытын  өзгерткенде  газ 

мұнайдан бөлініп якор корпусындағы түтікше арқылы ұңғыға кетеді, ал мұнай 

ішкі  құбыр  арқылы  сорапқа  бағытталады.  Якор  екі  секциялы  және  төрт 

секциялы  болады.  Газ  құмды  якор  ЯГП–1  –  екі  камерадан  тұрады:  1.  Газды 

камера;  2.  Құмды  камера.Екі  камера  бір-бірімен  муфта  арқылы  жалғасады. 

Якордың  жоғарғы  жағында  жұмысшы  құбыры  орналасқан.  Якор  сорапқа 

аударма  арқылы  жалғанады.Жұмыс  кезінде  сұйық  А  саңылаулар  арқылы  газ 

камерасына  еніп,  газ  бөлініп  шығады.  Газдан  бөлінген  мұнай  Б  саңылаулары 

арқылы  құм  камерасына  еніп,  құмнан  айырылады.  Тазарған  мұнай  сақиналы 

кеңістікпен қозғалып сораптың сору құбырына жетеді.Газды якордың тағы бір 

түрі.  Якорь  зонт  корпустан,  диаметрі  42,  48  және  73мм  құбырдан,  сору 

клапаннан  диаметрі  18мм,  бұрышты  құбыршадан  диаметрі  12мм,  тығыздауыш 

манжетінен,  шайбадан  тұрады.  Мұнай-газ  сұйығы  түтікшелер  арқылы  якор 

корпусындағы  сақиналы  кеңістікке  енеді.  Сұйық  өзінің  қозғалысын  1800-қа 

өзгерткенде  мұнайдан  газ  бөлінеді.  Тазарған  мұнай  төмен  қарай  жүріп 

бұрышты  құбырдан  өтіп  сорапқа  енеді.Якорьзонттың  басқа  якорларға 




40 

 

қарағанда  газ  айырғыштығы  жоғары  болады.  Қататтан  мұнаймен  құм  ілесіп 



келіп  түп  маңында  құм  тығыны  қалыптасып  скважинаға  мұнай  ағыны 

тоқтатылады.  Құм  сұйықтық  арқылы  сорапқа  еніп  детальдар  желініп  істен 

шығады. Осылардың алдын-алу үшін мынадай шаралар қолданамыз: 

- арнайы құм қырғыш, ойықтары бар плунжерді қолданамыз; 

- құбырлы штангіні қолданамыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет