1-мысал. Екі велосипедші арақашықтығы 76 км екі ауылдан бір-біріне қарама-
қарсы бағытта біруақытта шығып, 2 сағаттан кейін олар кездесті. Егер бір
велосипедшінің жылдамдығы екіншісінен 3 км/сағ-қа кем болса, олардың
жылдамдықтарын табыңдар.
Шешуі. Есептің мәтініне талдау жасаймыз.
Жүрген жол, жылдамдық және уақыт өзара қалай байланысқан?
Әр жағдайда қандай шамалар белгілі?
Бір велосипедшінің жылдамдығы екіншісінен қаншаға артық?
Велосипедшілер 2 сағатта қандай қашықтық жүріп өтеді?
Есептің шартында қандай белгісіз шама ізделінді болады?
Есептің шартында қандай шамалар берілген.
Есептің шешімін аналитикалық іздеудің негізі екі кесте болады: берілгендер мен
белгісіз шамалар кестесі және есептің шешімін іздеу кестесі (модель).
Есептің мәтініне талдау жасап, берілгендер мен белгісіз шамаларды келесі кестеге
енгіземіз.
Шама
Велосипедші
бірінші
екінші
Қозғалыс жылдамдығы, км/сағ
? < ? 3-ке артық
Қозғалыс уақыты, сағ
2
2
Жүрген жол, км.
? + ? = 76
Бірінші велосипедшінің жылдамдығын х км/сағ арқылы белгілесек, онда есепті
шешу моделі келесі түрде болады:
Шама
Велосипедші
бірінші
екінші
Қозғалыс жылдамдығы, км/сағ
х < х + 3
Қозғалыс уақыты, сағ
2
2
Жүрген жол, км.
2х + 2(х+3) = 76
Ізделінді теңдеу:
76
)
3
(
2
2
=
+
+ х х , осыдан
5
,
17
=
х .
Жауабы: 17,5 км/сағ; 20,5 км/сағ.
Егер есептің шешімін іздеу стратегиясын өзгертсек, яғни бірінші велосипедшінің
екіншімен кездескенге дейінгі жүрген жолын х км арқылы белгілесек, онда есепті
шешу моделі келесі түрде болады:
Шама
Велосипедші
бірінші
екінші
Қозғалыс жылдамдығы, км/сағ
2
х <
3
2
+
х Қозғалыс уақыты, сағ
2
2
Жүрген жол, км.
х < 76 - x қаншаға?
Ізделінді теңдеу:
х х −
=
+
76
2
3
2
, осыдан
35
=
х .