«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының


«Ана тілім» Несіпбек Айтұлы. 7- сынып оқушысы Мухамбеткалиева Аружан



бет2/3
Дата07.08.2023
өлшемі61,43 Kb.
#105084
1   2   3
Байланысты:
өзге тілдің бәрін біл Сагатова Г

«Ана тілім» Несіпбек Айтұлы. 7- сынып оқушысы Мухамбеткалиева Аружан

Ана тілім, жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім, егер сені ұмытсам.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім, алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!
3. Ана тілі Ысқақ Әкім. 7-сынып оқушысы Сатымова Санжар
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік.
4.Үйрен ана тіліңді Оразақын Асқар . 9-сынып оқушысы Имангалиева Самал
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.
Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың менен ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.
5. АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ Мұзафар Әлімбаев. 6-сынып оқушысы Тулеушева Айнамкөз
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет