2.Инцизия – осы ферментпен ДНҚ тізбегін зақымдалған жердің екі шетінен кесу;
3. ДНҚ зақымдалған фрагментін эксцизиясы –5'– 3' экзонуклеза кесіп алуы –геликаза ферментінің көмегімен ДНҚ тізбегі шешіледі.
Қараңғылық репарацияның сатылары
4. Ресинтез – ДНҚ полимераза 1 пайда болған бос аймақты (брешь) қайта қалпына келтіріп, ДНҚ-лигаза жаңа синтезделген тізбекті бұрыңғы тізбекпен жалғайды.
Мисмэтч-рапарация жаңа тізбекте комплементарлықтың бұзылуынан пайда болған қатені жөндейді. Бұл механизмнің ерекшелігі, ол аналық ДНҚ тізбегін жаңа тізбектен ажырата алып, жаңа тізбекті жөндеуі.
Аналық ДНҚ тізбегі метилденген, ал жаңа тізбек репликация соңына дейін метилденбеген. Осы уақыт аралығында негіздердің жұптасу қателігі жөнделуі тиіс.
Мисмэч репарациясы
ДНҚ посрепликативті репарациясы
Бұл репарация әдетте көп зақымдалулар экцизиялық репарация көмегімен жөнделмеген жағдайда жүреді.
Бір түрі – рекомбинативті репарация – рекомбинацияны генетикалық материалдың зақымдалмаған көшірмесін алу үшін қолданады.
ДНҚ посрепликативті репарациясы
Мутагенді фактордың әсерінен ДНҚ тізбегінің бірі зақымдалады. Онда тиминдік димер пайда болады. Репликация нәтижесінде сол тиминдік димерге қарама қарсы аймақта жаңа тізбекте бос аймақ (брешь) пайда болады.
Пострепликативті репарация барысында uvr А белогы синтезделеді, ол қалыпты ДНҚ тізбегімен байланысып, сол қуыс аймаққа сәйкес фрагментін кесіп алып, лигаза ферментінің көмегімен бос қуысқа жалғайды. ДНҚ жаңа тізбегі қалпына келеді.
Ал ескі тізбегі ДНҚ полимераза 1 ферментімен қалпына келеді.