Жүргізуші: Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.
Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көркем кейіп көкдөнен,- дей отырып, Алтынай Кубесқызы сізді қошеметтеріңізбен сахна төріне жайғасуыңызды сұранамыз.
Жүргізуші: Ендеше, бүгінгі «Әркімнің өз дара жолы бар» салтанатты кешті ашып беру үшін мектеп-гимназия директоры Сандыбаева Гульхан Турсыметқызын және мектебіміздің ұстазы Абдрашева Бәтес Жұнысбекқызы және туған – туыстары,отбасын сахна төріне шақырамыз.
( Сый көрсетіледі)
Айбек: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
Ендеше әнге кезек берейік.
Алтынбекова Гаухар апайдың орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне. Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем, Бар байлығын әлемнің бір сіздерге, - дей келе ортаға директордың орынбасарлары Нұрлан Маханұлын, Раушан Әзімқызын, Қарлығаш Ақтайқызын, Назым Балтабайқызын, Ләззат Бектібайқызын, Айгул Тасболатқызын Камила Толықбекқызы Аманкүл және Гүлнұр Шадымұратқызын, кәсіподақ төрайымы Сартаева Калима Жанайбекқызын ортаға шақырамыз.
( сый көрсетіледі)
Жүргізуші: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған, - деп ортаға Базарбай Дәуіт және Әмірхан Маратұлын шәкіртері болған оқушыларын ортаға шақырамыз.
( сый көрсетіледі)
Жүргізуші: Әдептілік іздеп салдар себебін,
Дейді олар әр жүрекке егемін.
Әріптестер көп мұнда,
Аямайтын көмегін-деп ортаға Алтынай Кубесқызының әріптестерін ортаға шақырамыз.
( сый көрсетіледі)