Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі Отан ұғымының мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының ашу
Сабақтың міндеттері І. Білімділік Оқушыларға Отан үғымы туралы түсінік бере отансүйгіштік қасиетін ұғындыру
ІІ. Дамытушылық : оқушыларды Отанға сүйіспеншілікке баулу арқылы жауапкершілік қасиетіне дамыту.
ІІІ.Оқушыларды Отанды құрметтей отырып отансүйгіштікке, жауапкершілікке, татулыққа , бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қолдаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Күнделікті қызықты
Сабақты біз бастаймыз.
Топ ережесін қайталап, еске түсіру
Алтын балық.
Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».
Қане, бәрімізкөзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін
|
|