Өзін-өзі бағалау тексеру парағы: Өзін-өзі бағалау тексеру парағы



бет31/35
Дата11.10.2024
өлшемі135,42 Kb.
#147741
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Бағалау парағы (1)

2020-2021 оқу жылында шағын орталықта және мектепалды даярлық сыныбында тәрбие-білім беру процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), «Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығының 1-қосымшасы, ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 мамырдағы № 90 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына» сәйкес қамтамасыз етілді.
2021-2022 оқу жылында шағын орталықта және мектепалды даярлық сыныбында 2021-2022 оқу жылының оқу жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.10.2018 ж. №604 бұйрығымен (05.05.2020 ж. №182 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) бекітілген «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекетттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.12.2012 ж. №557 бұйрығы (12.05.2020 ж.№195 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығы.
«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаухатын негізге ала отырып құрылды.
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, соның ішінде:
оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;
қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру;
тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында
оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;
тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау;
креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
Негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы.
Сондықтан, баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру біздің міндетіміз болып табылады.
Баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал ету мақсатында бағдарламаны басшылыққа алып жұмыстанамыз.
Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша (бағаланатын кезеңде ұйымдастырылған оқу қызметінің (арнайы түзету оқу қызметі) бөлінуін растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
Балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,толардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау алға қойған мақсатымыз болып табылады.
Міндетіміз: - әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып,
жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта
құруды;
- балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды;
- баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану;
- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды;
- мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы);
- әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Ұлттық дәстүрлер мен адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру мақсатында күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммалар, перспективалық жоспарлар, жылдық жоспарлар көшірмелері берілді.
3) МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру (жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүкқұжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері қоса беріледі);


Мектепалды даярлық сыныбында 12 оқушы.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес,білім берудің бес саласы бойынша жүзеге асырылады. Баланың мектепке дайындығы тек бастапқы біліммен ғана емес,соныменен қатар ынтасымен,талабымен,құрдастарымен достық қарым-қатынас жасау дағдыларын танытумен дене дамуымен,эмоционалдық көңіл-күйімен анықталады.Соныменен қатар баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне назар аударуды қажет еттім.Балалардың еркін ойнауына мүмкіндік берілді. Білім беру салаларын кіріктіру арқылы балалардың оқуға деген ынтасы дамы бастады. Қатынас саласы бойынша балаларға түрлі ертегілер,жұмбақтар енгізіп сюжетті қойылымдар көрсетілді. Тіл байлығын жетілдіруде тақпақтар,жаңылтпаштар айта бастады. Дамытушы ойындар,қимылды ойындар,дидактикалық ойындар ойната отырып, ұйымшылдыққа татулыққа баули білді. Жазудың қарапайым дағдыларын карандаш,қалам ұстауды сызықтар сызуды,сурет салуды, бастыруды меңгерді.Кітаптың қағаздың бетіне бағдарлауды үйренді.Дұрыс мәнерлі сөйлеуге қалыптасты.Таным саласы бойынша геометриялық пішіндерді танып атай біледі. 1-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санап реттегі сандық қатынасты білді. Пішіндерден үй құрастыруды меңгерді. Заттардың ортақ қасиеті бойынша біріктіруді түсінді.Берілген тапсырмаларды ықылас қойып орындады.Апта күндерін,жыл мезгілдері бойынша айларды ретімен атауды үйренді..Түрлі материалдардан заттарды құрастыруды,олардың атауларын атай білді. Шығармашылық саласы бойынша сурет салу,жапсыру,мүсіндеу сабақтарында балалардың шығармашылық деңгейін дамытып жан-жақты тәрбиелеуді мақсат еттім.Бір қалыпты бояуды,акварельмен жұмыс жасауды,елестету бойынша өз ойымен сурет салуды дағдыланды. Сыни тұрғыдан ойлауды,топпен жұмыс жасауды үйренді.Саусақ моторикасын дамыту мақсатында үстел-үсті ойындарын жие қолданып отырады. Денсаулық саласы бойынша қимылды ойындарды ұйымдастыру дағдыларын игерді. Спорттық ойын ұйымдастырдым онда балалар белсенділік танытты. Атап айтатын болсам кегельдерді доппен құлату,шеңберге қос аяқпен секіру,секіртпе жіппен жарысу,жалаушаға дейін кім тез жетеді,ат жарыс ойындарында қызығушылық танытты.Сонымен қатар ұлттық ойындары ұйымдастырылды.Балаларды ұлтжандыққа,татулылыққа бірлесіп ойнауға баули білді. Әлеумет саласы бойынша балалар жақсы мен жаман әрекеттерді ажырата білді. Үлкендерді сыйлап мейірімділік танытуды түсінді. Өз отбасы мүшелерін біледі және атайды. Құрдастарына өз көңіл күйлерін білдіруге дағдыланды.Серуен кезінде табиғатқа қызығушылық танытты. Қажетті жағдайларда көмек сұрай алады.Балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығы арта түсті. Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты әнұранмен басталды.Балалар ән айтып,би билеп,тақпақтар айтып өз өнерлерін ортаға салды. Отан туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтылды. Рәміздер туралы балаларға мағұлмат берілді.. Елбасымызға арнап балалар өздерінің жүректерінен шыққан жақсы тілектерді айтып өтті. .Негізгі мақсатым туған жерін,елін сүюге патриоттық сезімдерін ояту. Осы ұйымдастырылған жұмыстың нәтежесінде балалар жақсы жетістікке жетті.
Шағын орталықта оқу жылының басында бекітілген жылдық жұмыс жоспары үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. Ортаңғы топ бес білім беру саласымен Кіші топ төрт біліс беру саласымен жұмыстанылды. Екі топта барлығы - 30 бала. Білім салаларын қамти отырып,түрлі оқу қызметтері мен ертеңгіліктер,тәрбие -танымдық сағаттар өткізіліп тұрады. Оқу қызметінің ұзақтығы оқу жоспары мен жас ерекшеліктеріне сәйкес. Топ балалары шығармашық конкурстарға белсене қатысып отырады. Осы ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде балалар өлең тақпақтарды жатқа айтуға машықтанды,оқу іс әрекетіне қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытып бір бірімен қарым-қатынастары нығая түскенін байқадым.
Денсаулық саласы бойынша балалар жеке бас гигиенасының ережелерін біледі және сақтай алады. Негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгерді. Бірлескен ойындарда қарапайым ережелерді сақтайды. Қатынас саласы бойынша ересектердің сөзін түсінеді, сұрақтарды тыңдайды, оларға жауап бере алады. Қажетті сөздермен сөз тіркестерін қолданады. Сөздердің қалай айтылуын тыңдап, оларды анық айтады.Таным саласы бойынша салыстыру,қатар қою, беттестіру тәсілімен заттарға тән айырмашылықтарды таниды және атап айтады. Әрбір тәсілдерді қолдана отырып, құрылыс материалдарын қолдана Шығармашылық саласы: төртбұрышты пішіндегі заттарды бейнелей алады, оларды дөңгелек пішіндегілермен үйлестіреді. бірнеше тік және көлденең сызықтардан заттарды салу (дуал, ағаш) Жануарлардың суретін салу , салынған пішіндерін бояуды (мақталы таяқшаларымен бояу) Әлеумет саласы ауа райының жағдайларын анықтай алады, табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылайды.
5) жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды әзірлеу кезінде баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспары мен жеке бағдарламаның көшірмелері қоса беріледі);
2020 – 2023 оқу жылдарында шағын орталықта және даярлық сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар болған жоқ.
6) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің болуы (мектепалды жасындағы тәрбиеленушілердің жеке даму жоспарларының (карталарының) көшірмелері, олар болмаған жағдайда, ересек жастағы тәрбиеленушілер жоспарларының (карталарының) көшірмелері қоса беріледі);
Мектепалды даярлық сыныбының және шағын орталық тәрбиеленушілерінен "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" бес білім саласы бойынша диагностика жүргізілген. Баланың даму мониторингі және оның жеке дамуын бақылау парағы қағаз түрінде кезең – кезеңімен жасалған.
7) "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асыру (бағаланатын кезеңге перспективалық жоспар көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік, спорттық, шығармашылық және көркемдік конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет