Өзіндік жұмысты жазуға қойылатын талаптар
Өзіндік жұмыстарға арналған барлық тапсырмалар «Өрлеу»білім беру платформасында орналастырылған.
Өзіндік жұмыс тапсырмаларының тізімінде оқылатын модуль бойынша тапсырманы орындау және оны орындағаннан кейін тьюторға тексеруге жіберу.
Орындалған жұмыстар MS Word, MS PowerPoint форматында рәсімделеді.
Мәтіндік материалдарды ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар:
қаріп - 14,TimesNewRoman;
материалдың максималды көлемі 5 бетке дейін;
азат жол -1,25;
аралық шегініс - бірлік.
Бет параметрлері:
қағаз өлшемі - А4(21смх29,7см);
бағдар-кітапша;
шеттері: жоғарғы - 2,4 см, төменгі - 2 см, сол - 3 см, оң - 2 см.
Құжаттың жоғарғы жағында көрсету керек:
автор туралы мәліметтер (толық аты-жөні, білім беру ұйымы);
өзіндік жұмыстың орындалған тапсырмасы.
Таныстырылымдық материалдарды ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар:
қаріп - 14,TimesNewRoman;
ең көп слайдтар саны - 15;
әр слайд таңдалған тақырыпқа сай болуы керек;
слайдтарда аз мәтінді, көп графикалық ақпаратты пайдалану керек (инфографика, фото, суреттер, сызбалар, бейнефайлдар және т.б.).
Бірінші слайдта көрсету керек:
автор туралы мәліметтер (толық аты-жөні, білім беру ұйымы).
ТӨЖ тапсырмасында болу керек:
тыңдаушының жеке өзі орындауы немесе ұжымдық жұмыстың дербес орындалған бөлігі болуы;
белгілі бір тақырып және оның жеке аспектілері бойынша өзекті мәселелер қарастырылып, талданатын аяқталған жұмыс (игерудің аяқталған кезеңі) болып табылады;
қарастырылған мәселелерде автордың жеткілікті құзыреттілігін көрсету;
оқу, ғылыми және практикалық маңыздылығының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |