Қозу, мембраналық
потенциал, әрекет
потенциалы. Нерв
талшықтары
Орындаған:Кудайбергенов Д.
Топ:112А
Жалпы Медицина
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қозу, мембраналық потенциал,
әрекет потенциалы
Қорытынды
Жоспар:
Кіріспе
Жасуша ішілік процестерді реттеу механизмінде, жасушалардың қозуы,
нерв талшықтарының бойымен импулстердің таралуы, сыртқы
тітіркендіргіштерге жауап реакцияларында, бұлшық ет жиырылуы
механизмінде, энергия түрленуінің әртүрлі жағдайларында электрлік
потенциал дардың пайда болуы мен таралуы тұрғысындағы электрлік
үрдістер үлкен роль атқарады. Тірі жүйелерде биоэлектрлік потенциал
дардың пайда болуына жеке ұлпалардың арасында, жасушалық
қосылыс пен қоршаған сұйық жасушасының арасында, жеке жасушалық
органоидтардың арасында белгілі бір физика- химиялық градиенттердің
болуы себепші.
Қозу – бұл физиологиялық,
биофизикалық, биохимиялық
және құрылымдық
өзгерістермен сипатталатын
тіндердегі күрделі үрдіс.
Қозғыштық – бұл тірі тіндердің
тітіркендіргіштерге қозу
үрдісімен жауап беруі.
Қозу
Адам денесіндегі көпшілік тірі
клеткалардың тітіркену қасиеті
болады. Тітіркену деп сыртқы және
ішкі орталардың түрлі әсерлеріне
жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы
және ішкі орталардың әсерін
тітіркендіргіштер деп атайды.
Тітіркендіргіштерді төртке бөледі :
физикалық, химиялық, физико-
химиялық, биологиялық.
Тітіркену
Мембраналық потенциал – бұл
жасуша мембрана беті мен оның
протоплзамасы арасындағы
потенциалдар айырмасы.
Мембрананың сыртқы беті «+»
зарядталған ; Мембрананың ішкі
беті «-» зарядталған. Бұлшықет
талшығының мембраналық
потенциал мөлшері : – 60 - – 90 мв.
Мембраналық
потенциал
Әрекет потенциалы– бұл қозу
кезеңіндегі мембраналық
потенциалдың тербелісі
(мембрана зарядтары өзгереді
) Әрекет потенциалы
Әрекет
потенциал
Қорытынды
Бұл заңдарды қарастырмастан бұрын қозғыш тканьдерде қозу қалай жүретіндігін, әрбір
тканьнің қозуға қаблеттілігін көрсету үшін қозғыш тканьдерде қандай жағдайлар пайда
болуы қажет екендігін елестету керек.Ал мембраналық потенциалдың деполяризация
процесі критикалық деңгейге дейін төмендеу қажет. Мембраналық потенциалды
төмендете алатын кез-келген әсер бір уақытта тканьдерді қоздыра алады. Мысалы :
мембраналық потенциал-70мв; деполяризацияның критикалық деңгейі-50мв. Қозуды
шақыру үшін мембрананы-50мв – ке дейін деполяризациялау қажет, яғни бастапқы
тыныштық потенциалын 20мв-ке төмендету керек. Мембраналық потенциал
деполяризацияның критикалық деңгейіне жеткенде, әрі қарай бұл процесс өздігінен
жалғасады да барлық Ν а каналдарының ашылуына келіп соғады. Егер мембраналық
потенциал осы деңгейге жетсе, онда жергілікті потенциал туады.
Достарыңызбен бөлісу: |