күнделікті жолығып, сөйлесіп, жақын сырласудың аркасында ғана шығармашылық туындыларын жасайды. Сондықтан адам дармен тіл табыса білетін, ақылды, байсалды, мінезі жайлы болтаны дұрыс. Сонда гана адамдардың сеніміне кіре алады, ой-
ІІІтарау. Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
121 пікірлерін айтқызады, өзіне қажетті ақпараттарды табады. М ундай қабілеттерді игеру үшін де этикалық үлкен жауапкершілік, тәлім- тәрбие керек. Ешкімге тіс жарып айтпаған, жақын-жуық туыс- тарына ашпаған сырларын адамдар журналистке ғана сеніп жеткізетіндей ахуалды қалыптастыру - журналистің шеберлігі мен дарындылығының сыртында оның этикалық деңгейіне, қарым- қатынасының биік мәдениетіне тікелей байланысты. Ол үшін өзі де біреуге сене алатын, сол арқылы өзгенің де сенімін ақтай білетін этикалық қастерлі қасиетті игерген болуы абзал. Егер журналистің қылығынан білгірсу, мақтаншақтық, кеудем- соқтық секілді жағымсыз эрекеттер байқалып жатса, онда оның моральдық жағынан азғындай бастағанының белгісі жэне оның салқыны әзірленген теле-радио бағдарламасына да, жариялатқан шығармасына да тиері зандылық. Сонымен қатар, мұндай кері мінез журналистің дарынын да тежейтіні сөзсіз. Нағыз ақылды эрі білімді жэне этикалық тэрбиелі журналист сапалы жақсы жа- рияланымдар жасаған сайын сабырлы да салмақты кейпін сақтай біледі, одан да артық туынды жасауға талаптанып, іздене түседі. Үлы ойшыл Абай өзінің отыз екінші қара сөзінде: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауаты бар. Сол мінез бұзылсын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі,