Журналист адамдардың адамгершілік жэне денсаулығына зиян жа- сайтын, қорлайтын айтылуларды қолданудан кашқақтауы міндет. Журналист соттың дәлелдеуінсіз кез келген адам айыпсыз деген принципті ұстанады. Өз хабарлауларында айыпталушының немесе қылмысы үшін айыпталған кісінің туыстары мен достарының атта- рын атауға тартынады - тек оқиғаның объективті баяндаулары үшін қажет болған жағдайлардан бөлек. Ол кылмыс құрбанының атын атауға, сонымен қатар оның атын анықтауға алып келетін матери- алдарды жария етуден тартынады. Кэмелет жаска толмағандардың м үддесіне зиян келтіретін ақпараттарға қатаң түрде айрықша назар бөледі. Адамның жеке өміріне қол сұғу бойынша журналистік тексеруді тек қана қоғам м үддесін қорғау ғана ақтай алады. Дәрігерлік жэне соған сэйкес мекемелерге орналастырылған адамдардың жеке өміріне қол сұғуға шек қоюлары міндетті. 6. Журналист өз кәсіби мэртебесін - мемлекеттік басқару ор- гандарында лауазымдық қызметімен, заң шығаратын немесе сот үкіметтің, сонымен катар саяси партиялардың басқару органдары- мен жэне саяси бағыттағы баска үйымдарымен үйлесімсіз деп ой- лауы тиіс. Журналист қолына қару алғанда кэсіпшілік қызметінің токтатылатынын ұғынады. 7. Журналист жарнамалық немесе коммерциялық хабарлар- ды таратуына өз абыройын, беделін, сонымен қатар өз кәсіби құқығы жэне арнайы мүмкіншіліктерің қолдануын лайықсыз деп есептейді. Журналистік жэне журналистік жарнамалық кызмет этикалық тұрғыда үйлесімсіз деп есептеледі. Журналист өз мамандығына байланысты алынған жасырын хабарды жеке м үддесі нем есе жақын туыстарының м үддесі үшін қолдануына болмайды. Журналист творчестволық қызметтен пайда болатын авторлық қүқықты сыйлайды жэне сыйлауды басқалардан