қоғам алдындағы демократиялық міндеті болып саналады. Журналист Конституцияны қорғауға жэне қолданыстағы Хорватия мемлекетінің заңдарын, Халықаралық журналистер федерациясының құжаттары мен Жарғысын жэне адам құқы мен пікірін білдіру жэне ақпарат бостандығын қорғауға міндетті. Қүқық пен міндеттер 1. Өзінің кәсіптік қызметін атқару кезінде журналист өз кәсібінің негізгі принциптері мен этикалық нормаларын сақтауға міндетті. Егер демократиялық қоғамда баспасөз еркін ашық екенін ескерсек, тәуелсіз түрлі көзқарастарды баяндауға, журналистік зерттеулер жүргізуде журналист бұл үшін жалпы қоғам алдында, заң алдында жэне өз қоғамының алдында жауапты. 2. Кәсіптік журналистің ақиқатты іздеу жолындағы тэуелсіз жэне сыни тұжырымдары оның кэсіптік базалық принципі. Сондықтан да ол қоғамдық пікір тудыру мен қалыптастыруда, қоғам үшін едәуір мүдделі болып саналатын, ұжымдық пікір көтеру мэселесінде белсенді болуы тиіс. 3. Кез келген азамат ретінде журналист те саяси нем есе басқалай да құмарлықтарға ие болуы заңды. Алайда ол өз жұмысындағы жаңағының бэрінен кэсіптік тұрғыдан алғанда мүлдем шеттетіледі, өйткені болып жатқан оқиғалардан өзіңді саналы түрде аулақ ұстау, оқиғаны обьективті, кэсіптік түрғыдан көрсетудің кепілі саналады. 4. Журналист, толық сенімді, толық жэне әбден тексерілген ақпаратты жолдауы тиіс. Ол өз ақпарат көзінің ұясы саналатын ұйымның жэне жеке тұлғаның аты-жөнін толық көрсету керек. Ол конфиденциалдылық кұкығын қорғап ақпарат көзін айтуы мүмкін, алайда газеттегі ақпарат үшін моральдық, материалдық жэне қылмыстық жауапкершілікті мойнына алады. 5. Журналист барлық ақпарат көздеріне баруға құқылы, соны- мен қатар қоғамдық өмірді құрайтын барлық фактілерді зерттеуге