циясына сэйкес ж үзеге асырылады. 6- бап. Кәсіби шығармашылық қызмет Азаматтардың кэсіби шығармашылық қызметі ұжымдық түрде де, үшінші адамдарды тарта отырып та дербес немесе жеке-дара негізде ж үзеге асырылады. 7- бап. Шығармашылық қызмет нәтижелерін еркін іске асыру Азаматтардың шығармашылық қызмет нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңдарына сэйкес еркін іске асыруға құқығы бар. 8- бап. Мәдени қазыналардан сусындау қуқығы Азаматтардың мәдени қазыналардан сусындау құқығы қамтамасыз етіледі. Бұл құқықты шектеу тек мәдени қазыналардың ерекшелігімен ж эне олардың сақталуын қамтамасыз етудің ерек- ше жағдайларымен ғана белгіленуі мүмкін. 9- бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы міндеттері Азаматтар:
218 Ж а қ сы л ы қ б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңдарының талаптарын орындауға; - тарихи жэне мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға; - қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да халықтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғүрпын, дәстүрін құрметтеуге міндетті. 3-тарау МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ 10- бап. Кәсіби шығармашы қызметкер Қазақстан Республикасының азаматы, не шетелдік азаматтығы жоқ адам мына факторлардың бірі болған жағдайда: - өз туындыларын басып шығару, оку, кино-, теле- немесе бейне туынды жасау, көрмелер ұйымдастыру және сол сияқты шығармашылык қызметіне сәйкес келетін әдістермен жүртшылық назарына ұсынғанда;