жарияланып, орыс тілді азаматтарды қазақтың жер атауларын орыс тіліне лайықты етіп атауға шақырады. Автор Алма-Ата деген атаудың «Алматы» деп өзгертілгенін ұнатпайды. О л былай жазады: «...Город Усть-Каменогорск основали русские. Со временем здесь стали жить казахи. И по законам своего языка стали называть его Оскемен...». Сонда Г. Черкасовтың пікірінше, қазақтар өз жерінің аттарын қазақша, ал, орыстар орысша атай беруге тиіс. Оның ұсынысы мынадай: «И давайте в казахских текстах, речах писать и говорить по-казахски - Кокшетау, Костанай, Оскемен, Алматы, в русски х- по-русски - Кокчетав, Кустанай, Усть-Каменогорск, Алма-Ата» (Казахстанская правда. - 1994. - 7 апрель. Черкасов Г. Давайте уважать родной язык). Жалпы, көпшіліктің адами құндылықтарын сыйлау міндеттері журналистен арандатушылықтың кез келген түрімен айналыспа- уын, қырғиқабақ соғысты жақтамауын, қару-жарақтың эсіресе ядролық бомбаның үстемін көтермеуін, кез келген зорлық түрі- мен айналысуға, жеккөрушілік пен кемсітушілік, оның ішінде нэсіпшілдікке ден қоймауын талап етеді. Сондай-ақ, езушілік тәртіпке, жаңгырган отаршылдыққа, кедейшілік, аштық, ауру- лар сияқты адамзатқа зиян келтіретін басқа да апаттарға қарсы тұруға шақырады. Осындай жұмыстың нэтижесінде журналист халықтар арасындағы түсініспеушілік пен жанжалдың тамыры- на балта шабады. Басқа елдердің қажеттіліктері мен тілектеріне отандастарының көңілін аудартады, жынысы, жасы, тілі, ұлты, діні мен діліне қарамастан, барлық ұлттар мен адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін арттыруға ықпалдасады. 7. Ацпарат аймагындагы жаңа халыцаралъщ тәртіпке ьщ- палдасу.