Бөкейхановпен бірге ақылдаса отырып, Ресей астанасындағы бай кітапхананың қорын пайдалану барысында Конституция жобасын жазып бітірген деп тұжырым жасауға әбден негіз бар», - деген пікір айтады ғалым. Барлыбек Сыртанов 1910-1913 жылдар аралығында қүпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің ішкі колониясынан шығарып, оны тәуелсіз республика статусы бар мемлекет қылып құру ж өнінде Устав жазды. Оның қаламынан туған «Қазақ елінің Уставы» небәрі 28 баптан тұрады жэне соған қарамастан, мазмұны осы күні де білгір заңгер ғалымдарды қайран қалдырады. Уставтың ең негізгі идеясы - Қазақстанды Ресей отарынан шығару ж эне дер- бес тәуелсіз мемлекет құру. Бұл идеяны ол төңкеріс жасау неме- се құрылу күрес арқылы емес, керісінше, парламенттік жолмен, съезд шақыру, халық сайлаған депутаттардың шешім қабылдауы