болған энші бұл газет үстінен сотқа арыз берді. Бірақ бұл дау екі жақтың келісімге келуімен шешілді. «Сан» газеті Элтон Джонга бір миллион фунт стрелинг айып төлеп, соттағы іс тоқтатылды. Тағы бір мысалға тоқталып кетейік. Теледидар актері Горден Кей боран кезінде қатты жарақаттанып, аурухана палатасына ес- түссіз жатқан кезінде екі журналист оны суретке түсіріп алып, жария етті. Емделіп болып, ауруханадан шыққан актер газет үстінен сотқа арыз беріп, істі ұтып шығады» (Англия. - 1992. №2. - 122 б. Лойд-Джоуиз А. Свобода слова). Осындай оқиғалардың себебімен баспасөз бен бұқара арасындағы қарым-қатынас нашар- лап, баспасөздің беделі түсе бастады. Журналистің кәсіптік мінез- құлығы Кодексінің қайтадан қабылдануы осыдан. Енді Америка Құрама Штаттарының тәжірибесіне тоқталайық.