қатысты біраз ойды ортаға тастайды. Автор студияға шақырылған бақсы-балгердің телефон шалған көрермендерден туған жылын, айын жэне күнін сұрап, сол жерде карта ашып, элі келгенше ай тып беруге тырысатынын біздің мұсылмандық ұстанымымызға қайшы келетін дүние екендігін айтады. Автордың ойынша, мұндай
98 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
бағдарламалардың пайдасынан зияны көп, осындай жүрдім- бардым дүниелерге, көшірме хабарларға жол бермегеніміз жөн. Ә сіресе, қазіргі жаһандану заманында халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін, менталитетіміз, салт-дэстүрлеріміз, жалпы, руха- ни құндылықтарымызды сақтап қалуымыз керек. Есей Жеңісұлының «Жас қазақ» газетінде жарық көрген «Кімге «кызық», кімге шұжық?» (2 ақпан, 2007) атты мақаласында