(Теплюк В.М ., Этика журналистского творчества. 1980). Енді кұжаттармен жүмыс істеуде қойылатын этикалык талаптарға тоқталайық. Алдымен колға тиген құжатты пайдалан- бас бүрын, журналист оның растығына, түпнұскалығына, өмірге сай екендігіне көз жеткізіп алуға тиіс. С ебебі, кей кездерде мұндай қағаздардың қолдан жасалып, теріс ақпарат беруі мүмкін. Екіншіден, журналист кұжаттардың қай түрін болмасын шыншылдыкпен, объективтілікпен, өңін айналдырмай пайдалануға тиіс. Кей уақытта журналистер құжат мәтініндегі абзацты толык емес, бір сөйлемін үзіп алып жариялайды, сол аркылы мәтіннің мазмүны өзгеріп кетеді. Бұл - этикаға жатпайтын нәрсе. Үшіншіден, журналист қүжаттарды өзінің ойын дэлелдеп шығу үшін немесе бір адамның өмір жолын баяндау, тарихи окиға-