дап, тіліміз, дініміз қалай болады, болашағымыз қандай дәре- жеде дегендей тақырыптарды қаузайды. Солай бола тұра, біздің журналистердің әлеуметтік жағдайы шетел журналистерінің ахуа- лынан әлдеқайда төмен. Қазақ баспасөзінің рөлін бір-ақ нәрседен білуге болады. Қазір бізге шетелден тарайтыны бар, өзімізден шығатыны бар, тек қана газет-журналдың өзі 4 мыңнан астам. Оның 6-7 пайызы ғана - қазақ тілінде. Бұл цифрдың астарында қазақ тілді баспасөздің үлттың руханиятына, ұлттың зердесіне ықпалының қай деңгейде екенін байқауға болады. Бұл ретте жіберіп алған кемшілігіміз өте үлкен. Ақпараттық кеңістік ұлттың м үддесінде бел алмай, ұлттың көсегесі көгере алмайды. Жаңсақ пікірлердің жетегінде кетеді. Өзге, шетелдің зиянды зымиян ой-пікірлердің ықпалында кетеді.