шындықты бетке айтатындарды ұнатпайтындар да, олардан өш алғысы келетіндер де бар. Сондықтан да, журналистерді қудалау, тілшілердің заңды кәсіби қызметіне бөгет жасау, ақпаратқа қол жеткізуді шектеу әрекеттері элі тиылмай келеді. Осындай әрекеттердің салдарынан Қазақстанда да журналистиканың қа- уіпті мамандыққа айналып бара жатқаны шындық. Журналистер- ге өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқаруларына жағдай жасап, шындықты айтуға, ізденуге, ақпаратты табуға мүмкіндік беру керек. Бұл жағдайда мемлекет коғамдық міндетін адал атқарып жүрген журналистердің еңбегін ұдайы назарда ұстап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Қызметінің қоғамдық маңызын еске- ре отырып, қалам иелерін түрлі қауіп-катерлерден қорғап, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендерді қатаң жазалау қажет. Егер