мүмкіндік беретін ақпарат керек» (Егемен Қазақстан. - 2003. - 25 сәуір. Н.Ә. Назарбаев, Түсінісу, үн қатысу жолын табайық). Жалпы, журналист адам өміріне жақын болуы тиіс. М эселені тереңдеп зерттеген, оның оңтайлы шешілуіне ықпал ете алған жанды эрі қызықты жазылған публицистикалық еңбек қана журналистің абыройын көтереді. Сондықтан да публициске қойылатын негізгі талаптар төмендегідей: Біріншіден, қажымай-талмай еңбек етуге дағдыланып, қандай да мәселеге болсын немқүрайды қарамау. Екіншіден, мэселенің қоғамдык-саяси, экономикалық, мораль- дық жэне тәжірибелік маңызын бағалай отырып, нағыз шығар- машылық қабілетін таныта білу керек. Үш інш іден, дерек, материалдарды көптің ізденісі мен сұранысына сәйкестендіріп, қызықты эрі тиімді тэсілмен тартым- ды жаза білу.