шыға бермей, қатарда жүрсең не етеді? - дейді. Сонда жарамсак билердің шағыстырып келе жатқанын сезіп қалған Исатай: - Алда сылаңдап келе жатқанда, артыңда карғылы төбеттей сүмеңдеп төрт биің келе жатқанда, сені көктен құдай, жерден құмай алар деп қорқып келесің бе? - деген екен» (Сөз тапқанға қолқа жоқ. 1988. 37 б.). Қазақ халқының моральдық-этикалық тэрбиесінің басқа халықтарға үқсамайтын өзіне тэн мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Біздің пайымдауымызша, моральдық-этикалық дэстүрлер дегені- міз - адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдык ережелер мен нормалар. Үлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында осындай халықтық эдеп, шынайы шындық мэселелері кеңінен орын алған. М эселен, Қарашоқыға жазықсыз жаламен Қодар мен Қамқаны өлтіруге алып келгенде, ашынған