Кезінде Сүйінбай ақын өлеңдерінде де дүние қуған пендешілікі, кісіліктің парқын малмен өлшейтін бейшаралық, кедей сорлының жалғыздықтан көрген жаутаңкөздігі, даңқ кеуде, жер дауын, ж есір дауын қоздырып, арасынан пара алып, ел көзіне көсемсіп көрінетін екіжүзді билер мен зорлықшыл бектер қатар сыналды. М әселен, ақын «Әділеттік орнаса...» атты өлеңінде: Жау басынар халықты,
Басқарушы оңбаса.
Малша айдап адамды,
Орынсыз күштеп зорласа.
Ауға түскен балықтай,
Шыға алмассың бұлқынып,
Әділетшің болмаса.
Күннің көзін жасырар,
Аспанды бұлт торласа,
Елдің бағы ашылар,
Әділеттік орнаса, -
деп орынды жырлайды (С. Аронүлы, Акиық. 1976. 33 б.). «Сөз асылы сөзде болады», - деп нақыл сөз қалдырған Сүйінбай ақын «Жақсы менен жаманның айырмасы» атты өлеңінде: Жақсының сөзін эркім пайдаланар,
Миуалы алма-өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі көр, көзі сокыр,
Жүрер жолдан талтүсте адасып-ай! -