адамгершілік, сыйлау - халқымыздың ертеден келе жатқан әдеті- ғұрпы. Бұлардың бэрі жасына қарамастан тэртіп, тәрбие жолына үздіксіз эрі үзіліссіз қызмет етіп келеді. Әдептілік - эр адамның бет-бейнесі, өзін-өзі таныту жолындағы үлгісі, игі қасиеті. «Сэлем түзелмей, элем түзелмейді», - дегендей, адамның эдептілігі сэлемінен-ақ көрініс табады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Қазақ дәстүрінде таныс, бейтаныстығына қарамай, жасы кішінің үлкенге бірінші бо- лып сэлем беруі - міндет. Сәлемдесудің түп негізі - жылы шырай, кішіпейілділік екенін, оған үлкендердің де лайықты жауап қатып, ықылас-пейіл көрсетуі жарастық нышаны болатынын ұмытпаған жөн. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп, кекірею, жақтырмаған кейіп таныту - инабатсыздық, тэкаппарлық белгісі.