Сэлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - шырай. Онда сэлем беруші мен сэлем алушының қас-қабақ, бет-жүз қүбылысы, дау- сы маңызды қызмет атқарады. Қабағы түнеріп, жүзін суытып не- месе сүйкімсіз тыржитып, естілер-естілмес етіп ернін жыбырла- та салу шынайы сәлемдесуге еш жатпайды. Өйткені, мұның бэрі адамның өзіне емес, өзгеге бағытталған. Сәлем алушы үшін бұл маңызды. Осы қағидалардың барлығы журналист әдебінің бастауы деп есептейміз. Қазақтар амандасқанда: «Мал-жан аман ба?» - дейтіні бэрімізге белгілі. Ал орыс халқы: «Как здоровье?» - десе, ежелгі гректер бір-бірін көргенде: «Шаттан!» дейтін көрінеді. Ал, бүгінгі грек тер: «Аман бол!» десе, арабтар: «Тыныштық болсын!» қытайлар амандасқанда: «Сен тамактандың ба?» десе, қоштасқанда: «Сау болыңыз!» дейді екен. Американдықтар сөйлесіп түрғанда үнемі