ды», - деп жазылған (www.intemews.kz). Грузияда осындай тыйым телеарналарға сағат 7-ден 24-ке дейін салынған. Ондағы мақсат, 18-ге толмаған грузин азамат- тарын олардың көруі мен естуіне арналмаған қандай да болма- сын хабарлар мен фильмдерден сақтау (w w w .intem ew s.kz). Ал, Украинада 2003 жылы қабылданған «Қоғамдық моральды сақтау жөнінде» Заң бар. Оның өнімдерді шығару жэне таратуға тыйым салу жөніндегі 2-бабында: «Ұлттық жэне діни құндылықтарды жоюды, бүлдіруді, қадірлемеуді насихаттайтын, адамдарды кемі- тетін, мүгедек және қартайған адамдарға қиянат жасалатын, нашақорлық, токсикомания, алкоголизм, темекі шегу жэне басқа да жағымсыз қылықтарды насихаттайтын көріністер мен хабарларды көрсетуге тыйым салынады», - деп жазылған (w w w .intem ew s.kz). Ұлы Абайдың: «Осы күнде, хайуаннан да жаманбыз. Хайуан